Лексика-семантикалық топтар туралы. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.

Лексика-семантикалық топтар туралы. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.

      Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы — тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік кұрамы /лексикасы) кұралады. Әрбір тілдің сөздік кұрамындағы сөз-қаншама көп және алуан түрлі болғанмен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөз-құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.
    Нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардын пайда болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар.   Сөз тудырудың бір тәсілі — сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тәсілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін. Бұл тәсіл, мысалы, басқа тілдерге қарағанда, көбінесе неміс тіліне тән және неміс тілі үшін ең өнімді тәсіл болып саналады. Омонимдер және олардың фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде, түбірге омонимдес аффикстердің жалғануы немесе сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде жасалуы түрлі тілдерде кездесе береді. Аталған тәсілдердің ішінде аффикстердің жалғануы арқылы туынды омонимдердін жасалуы әсіресе орыс тіліне өте-мөте тән болып саналады.

          Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді. Бұл мағыналардын арасында байланыс жоқ. Демек, аяқ деген сөз бірдей айтылғанмен әр мағынасы бөлек-бөлек сөз болып табылады. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздермен шатастыруға болмайды. Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сулу, келбетті, немесе қысқа, шолақ, келте, немесе күшті, мықты, берік т. б. сөздердің мағыналары бір-біріне жақын, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз — сұлу қыз, келбетті қыз немесе күшті жігіт, мықты жігіт, берік жігіт            Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Мысалы: Жоғары — төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987

3.Қалиұлы Б.  Тіл біліміне кіріспе. А.,1997

4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *