Екпін және оның түрлері

Екпін және оның түрлері

 

    Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз.Қазақ тілінде екпін сөздің   сонғы буынына түседі.Бұл-бізге мектептен таныс қағида.

Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.

   1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.

  2)  Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін  деп аталады.

   3)Басқа буындардың ішінен бір буын  өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті  екпін деп  аталады.

     Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.

Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады.

   Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр.

Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылатыны  бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.

             Әдебиеттер:

1.Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика).

 А., 1962, 1993.

2.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.

  1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *