Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.

Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.

                 Әдеби процесс. Бұл ұғымның әлемдік ауқымды. Көркемдік даму заңдылықтары.

           Дүниежүзі әдебиеттеріне тән ортақ мезеттер. Салыстырмалы әдебиеттану ұстанымдары.Халықаралық әдеби байланыстар.

            Көркемдік бағыт.

           Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар.Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы.

                   

            Көркемдік әдіс.          

             Көркемдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы, жазушы дүниетанымы және көркемдік ойлау жүйесінің маңызы. Негізгі шарт – идеялық- эстетикалық мәселелер бірлі-

гі. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі:реализм мен романтизм.

              Стиль.  

              Суреткер талантының даралығына хас белгілер. Стиль – көркемдік форманың қа-

сиеті. Стильдік принциптер.

               Көркемдік тәжірибе.

               а) Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі.Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі.Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт – санадағы шектелушілік.Қасіретті адам.Бойкүйездік.Орта ғасыр-

лық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгі-

лік мұраттарын қалыптастырудағы мәні.Дара тұлға. Мінез бен әрекет.Тарихи көзқарас. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Барокко, ояну дәуірінің дағдарысын жинақтау. XII ғ. абсолюттік монархия тәртіптері. Классицизм қағидалары: әсіресе асқақтық, үш бірлік ұстанымдары.Шынайы өмірден алшақтау.

                   ә) XVIII  ғасырда іргесі қалана бастаған ағартушылық реализм. Білім, парасат-

ты дәріптеу. Тәрбиелік рухтағы романдар.Сентиментализмнің осы бағытпен байланысы.

                    Романтизм — әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Феодалдық дүниетанымға қарсылық. Айрықша жағдай, мінездер. Сезімшілік.

                    Сыншыл реализм өмір шындығын қамтуға мімкіндіктері. Талдау рухы. Әлеуметтік ұстанымдардың беріктігі. «Кішкене адам» мәселесі. Бейнелеу обьектісінің  кең-

дігі.

                     Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшіліктері. Батыс Еуропа әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихындағы ортақ жағдаяттар мен өзгешіліктер.

                      Социалистік реализм аталатын тұтас әдеби дәуірге мейлінше жан-жақты, шынайы көзқарас. Арзан ұраншылық пен талантты дүниелердегі айырмашылық.

                       Қазіргі кезеңдегі мифологиялық реализм аталатын бағыттың қыр-сыры.

Г. Маркес, А. Карпентьер, М. Астуриас,М.Льоса, т.б.

                        б) Қазіргі терминология бойынша реализмге жатпайтын әдеби бағыт,бағдар-

лар. Натурализмнің философиялық негізі – позитивизм. Тәжірибие, ғылыми дәлелділікті ұнатудың себептері. Э. Золяның «Тәжірибиелік роман» теориясы.

                         Модернизм ұғымындағы әдебиетке жататын экспрессионизм, сиволизм, фу-

туризм, сюреализм, абстрационизм, т.б. тенденциялары. Символизмнің үздік өкілдері. Дж. Джойс, Ф.Кафка, А.Камю, Ж-П. Сартр, А. Сент – Экзюпери сияқты дара талант иелерінің көркемдік ізденістеріндегі ой ағымын жеткізу , адамның жан дүниесін бедерлеудегі, уақыт пен кеңістік диалектикасын игерудегі табыстары.

                           в)Модернистік дүниетаным:

                          Импрессионизм. Ағайынды Гонкурлер мен Э. Зояның импрессионистік қиялдары . Көру , сезіну және оны жеткізудегі қаламгердің өз табиғатына адалдығы. Тек  қана  суреттеу , бірақ баға бермеу идеясы. Поль Верлен әуезділік туралы. Рене Гильдің ер-

кін  өлеңді қолдауы. Символизммен туыстық. Ішкі монологтың (Э. Дюжарден), «сана тасқынының» (М. Пруст) импрессионизм эстетикасынан өрбуі.Жан тарихы. Даралық сапалар, көріністерді іздеу.Естелік, әсерлер толқыны. Субъективтілікті дәріптеуші кубизммен (Г. Апполинер) үндестік.

                          Интуитивизм мен фрейдизм және романтизм мен символизм эстетикасы-

нан  өріс алған сюрреализм . Өмір шындығы емес, оны көру шындығының маңызы. 1924 жылғы «Сюрреализм» журналындағы манифест. П.Элюар үшін «сапырылыс пен ойсыздықтың» «ақиқаттығы» (А. Бретон).Екінші манифест (1929).Революциялар мен «ғажайыптарға» ғашықтық аңсары. Лирика – негізгі жанр.Антироман өкілдерінің (Ф. Сол-

лерс) сюрреализммен тамырластығы.

                             Экзистенциализм. Өмірдің мәнін мансұқ ету. Тіршіліктен мағына таппау.

Әдеттегі құндылықтардан жатсыну. Ар-ождан тазалығына сенбеу. А.Камдің «Бөгде адам», Ф.Кафканның «Өзгеру» романдарындағы қалыптасқан тәртіпке қарсылық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *