Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері.
Жазу кезеңдері.
Қаламгердің еңбек тәртібіне тән еркіндік. Белгілі бір схема, ереженің болмауы.
Шығармашылық процестегі ой өзегінің ролі. Оның пайда болу, қызмет ету түрлері.Кездейсоқтық факторлар. Мақсатты ізденіс.
Шығармашылық үшін жазушы өмірбаянының елеулі маңызы.Өмір материалын іздеу,табу,қоршаған ортаны, адамдарды зерттеу.
Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау.Түптұлғаны таңдау, іріктеу. Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшіліктері.
Әдеби тек.
Бұл ұғымның күрделі болмысы. Тарихи сипаты.Терминді анықтаудағы шартты пікірлер.
Эпос, лирика, драманың шығу тегі.Тұрмыс-салт жырлары;өнердегі синкретизм.
а) Эпос. Өткенді баяндау. Уақыт алшақтығы.Автолық толғам.Адамның ішкі өмірі. Баяндаушы тұлғасы.Баяндаушы монолог.
ә) Драма.Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті.Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар.
Уақыт межесі.Театр шарттары.Сахна талаптарына бейімделу.
Актер ойыны, режиссер шешімдері.
б) Лирика. Жекелік сана мен сезім көріністері.Көңіл күй ахуалы.Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем.
Шағын формалар ұтымдылығы. Ықшамдылық. Толғану сәттері. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы.Әсер тұтастығы.Әнге ыңғайлас сипат.
Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер. Очерктер, колжазбалардағы шынайылық пен автор толғаныстары.
«Сана тасқынының»әдебиеті. Ой мен әсер хаосы.
Әдеби жанрлар.
Жанр жіктемесінің күрделі сипаты.Жанрды анықтайтын сапалардың неғұрлым тұрақтылығы.
Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт. Жанр мен композицияның төркіндестігі.
Роман. Кең тыныстылық. «Жүрек поэзиясы» мен «тұрпайы тіршілік» (Гегель) арасындағы тартыс.Қаһарманның жан-жақтылығы (Белинский).Романдағы адам мен тағ-
дырдың «сәйкессіздігі» (Бахтин).
Повесть – аралық жанр.Повестің тарихы. Тақырыбы. Баяндау ауқымы.Мазмұн тереңдігіне мән арту.
Повесть пен поэманың ұқсастығы һәм айырмашылығы.
Әңгіме және новелла. Алғашқы мағыналары мен қазіргі сипаты.Әңгімедегі көлем мен айтар ойдың жарасымды өрімі.
Лирика жанрлары.Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты.Сюжеттегі жаңалықты тыныс пен қуатты ширығыс.
Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау лирика, баяндау лирика.
Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің арасындағы шешілмес қайшылық. Көне дәуір шығармаларындағы тағдыр үкімімен күрес сарыны. Кейінгі дүниелерде мистикалық сипаттың жоғалуы.
Драмадағы қайшылықтың тұрмыстық, қарапайым тілек-мұрат ыңғайындағы мағына алуы. Қаһарманның әлеуметтік
белсенділігі.Өз дәуірінің рухани адамгершілік мәселелерін көтеру. Шектеулі дәрежедегі, ымыраға келетін қақтығыстар.М.Әуезов, Ж. Аймаутов,Т.Ахтанов, т.б. туындылары.
Комедияның дүниеге келуіндегі тарихи алғышарттар.Сахна өнері, сайқымазақ-
шылармен тығыз байланыс.