Өлең сөздің теориясы

   Өлеңтанудың негізгі бөлімшелері. Өлең сөздің ерекшелік мәселесі. Өлеңдегі ырғақ, бунақ, ұйқас мәселесі. Көркем прозаның ритмы. Өлең проза ұғымы Лирикада ( көне гр. lyra – сүйемелденуімен өлең оқылатын музыкалық аспап) бірінші кезекте адамның жеке бастық санасының ахуалы [761]: эмоционалды реңктегі ой толғам, ерік-жігер тынысы, әсер, бейрационалды сезінім мен талпыныс тұрады. Егер де лирикалық туындыда әлдебір оқиғалық қатар таңбалана қалса, онда ол (көп жағдайда) өте сараң, әлдебір ежегейлікпен детальдандырмайды (пушкиндік «Я помню чудное мгновенье…» тармағын еске алайық). «Лирика әрқашанда өздігінен тек белгілі бір ахуалды ғана суреттейді, мысалға, таңқалушылық, ашуға булығу, дерттілік, қуаныш құшағына бөлену және т.с.с., өз алдына жеке тұтастық болып табылмайтын әлдебір бүтіндік. Бұл жерде ең керегі сезімінің біртұтастығы» деп жазды Ф. Шлегель. Лирикалық поэзия тақырыбына деген бұл көзқарасты замана ғылымы мұрагерлікпен иеленіп отыр.  

Лирикалық күй кешу сөйлеушіге (сөз өкіліне) тән болып табылады. Ол тек қана сөзбен ғана таңбаланып қоймайды (бұл жеке жағдай), сондай-ақ, бірқатар әлеуеттілікпен көрініс табады. Лирикада (тек сонда ғана) көркемдік құралдары басы бүтін адам жанның қозғалысын ашу үшін бағындырылады.

Лирикалық айшықталған күй кешу кейбірде басымдыққа ие болатын тікелей өмірлік эмоциялы аморфтықтан, айқындықсыздықтан, бейберекетсіздіктен өзгешеленіп тұрады. Лирикалық эмоция дегеніміз – бұл өз кезегінде ұйыспа, адамның жани тәжірибесінің квинтэссенциясы. Лирика туралы Л. Я. Гинзбург: «Басқаларға қарағанда ең  субъективті әдеби тек жани өмірді жалпыға ортақтықтағы етіп суреттеуге құлшыныс танытады» деп жазды. Лирикалық туындының өзегінде жатқан күй кешу дегеніміз – бұл өз кезегінде жан-дүние арайлануы. Ол шындық өмірде адамның басынан кешкен күйін шығармашылықпен қайыра түзудің нәтижесі және көркемдікпен қайыра сомдау болып табылады. Пушкин туралы Н. В. Гоголь: «Тіпті ол құштарлықтың қойнына терең дендеп еніп кеткен шағында да ол үшін поэзия ең қастерлі, дәлірек айтсақ, әлдебір ғибадатханадай еді. Ол оған ешқашан ұсқынсыз және талғамсыз енген емес; ол оған өз өміріндегі ойланбастықты, құр елестілікті ешқашан енгізген емес; және болмыс әлемтапырық еткен жалаңаш күйінде бейпіл енбейтін. Оқырман одан тек хош иісті ести алды, осындай хош иіс сіңіру үшін ақынның кеудесі қандай күй кешкені ешкімге естілмейді» деп жазды.

Лирика ең бастысы шағын формада өзін табады. Осылай десек те, лирикалық поэма жанры да (В.В. Маяковскийдің «Ана нәрсе жайында», М.И. Цветаеваның «Тау поэмасы» және «Ақыр соңы поэмасы», А.А Ахматованың «Қаһармансыз поэмасы») бар, бірақ та лирикада сөзсіз шағын көлемді өлеңдер басымдыққа ие болып келеді. Әдебиеттің лирикалық тегінің принципі дегеніміз – бұл «барынша қысқа, барынша толық қамтушылық». Барынша жинақы, біршама «сығымдалушылыққа» тырысқан лирикалық мәтіндер кейбірде мақалдық формуларға, афоризмдерге, сентенцияға жуықтап, олармен бәскелеседі.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *