Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.
Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы.
ХІХ ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Шоқан Уәлихановтың (1835-1865) «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы.
Ы.Алтынсариннің ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдаулар.
«Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882), «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902), «Қазақ» (1913-1918), «Алаш» (1916-1917), «Сарыарқа» (1917-1918) газеттерінде, «Айқап» журналында жарияланған әдеби нұсқалар мен мақалалардың әдеби-эстетикалық талап-тілектердің өсіп толысуы үшін атқарған ролі.
М.Жұмабаевтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер.
Ахмет Байтұсыновтың «Әдебиет тынытқышы» (1926) – қазақ әдебиет тануындағы алғашқы теориялық кітап.
1920-30 жылдардағы әдеби сын. Зеттеу және айтыс-дау сарынындағы мақалалар. Пролеткультшілдер. Тұрпайы соцологизм. Ғ.Тоғжановтың Абай, Мағжан шығармашылығы жайлы кітаптарының мәні.
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нүрпейісов, Т.Ахтанов сияқты көрнекті қаламгерлер айтқан ой-тұжырымдардың шығармашылық әлемімен тығыз байланысы.
Е.Смайыловтың, Қ.Жұмалиевтың «Әдебиет теориясы» пәні бойынша дайындаған оқулықтарының «Әдебиеттану ғылымының негіздерін» танып-білудегі орны. З.Қабдоловтың әдебиет теориясын терең қамтып қарастаратын «Сөз өнері» атты жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттеріне арналған оқулығындағы жаңалықтар.
Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін З.Ахметов еңбектері. Поэзия және проза, драма поэтикасын, жанрлар сырын сарапқа салатын зерттеулер.
М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала зерттеулері. Лирика, поэма жанрларын таразылайтын С,Қирабаев, М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Ә.Нәрімбетов, Қ.Мәшһүр-Жүсіпов еңбектеріндегі ой-толғамдар, ТКәкішевтің әдеби-сын, Р.Нұрғалиевтың драмадағы поэтика, мазмұн мен пішін байланысына орай жазылған кітаптарындағы, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Н.Ғабдуллин, Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты ғалымдардың проза, роман болмысы жайлы еңбектеріндегі ғылыми-эстетикалық тұғырнама. Т.Қожакеевтың сатира жанрларына берген анықтама, талдаулары. Салыстырмалы әдебиеттану. Ш.Сәтбаев, Л. Әуезова, Н.Жуанышпеков, БМамыраев, М.Маданова т.б. еңбектері. Коммуникативтік поэтика мәселелері.
Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары. Салыстырмалы әдебиеттану.