Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.

Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.

Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі.        

Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік пен достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және обьективті, субьективті идеализм. Дүниетанымның тарихи-әлеуметтік, философиялық алғы шарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель (б.д.д. 384-322ж.ж.). Поэзияның табиғатқа еліктеушілік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк(б.д. 65-8 ж.ж.). «Пизондарға арнау» («Поэзия өнері») атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылық пен нанымдылыққа айрықша мән беру.

Орта ғасыр қайта өркендеу дәуірінің эстетикасы.

Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің (б.д.д.354-430ж.ж) абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский (1225-1274). Әсемдіктің обьективтік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: 1) тұтастық, 2) үйлесім, 3) айқындық. Құдай-абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ізі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. 6-9 ғасырлардағы орта түрік әдеби мұралары саналатын  «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында, 10-12 ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпы адамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері.    Әбунасыр әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлесі . Муыканың ұлы кітабы . Әуеннің үш түрі . Музыкалық қабілет . Дарын . Ұстаздық .

    Батыс Европадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі ілгері жаңалықтарға бастауы . Қоғам өміріндегі алғы шарттар . Адам тұлғасының асқақ орны . Ізгілік пафосы .

    Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы .

    Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы . Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсынуы . Үш бірлік туралы ереже . Әлемдік ұғымына уақыттан тыс мағына арту .

   Дидро мен Лессинг арқылы әдеби – көркем сынның өріс алуы. 18 ғасыр-әдебиет теориясының негізі қалану кезеңі. Лессингтің «Гамбург драматургиясы» , «Лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шек – жиегі» атты еңбектері .

   И.Г.Гердердің (1744 – 1803) ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық .

   И.Кант (1724 — 1804) . Табиғат әлемі мен адамзаттық (мәдениет, мораль) әлемі . Мәдениеттің ең жоғарғы көрінісі – эстетикалық көрініс .

   Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар . Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны . Лиризм .

   Г.В.Гегель (1770 – 1831) – эстетикалық ойдың алыбы , ғылымдағы диалектикалық ойлау принцптерін қалыптастырушы .

   Абсолюттік идея теориясы . Идеяның ең биік асуы – абсолюттік рух . Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері . Шығармашылықтың ескіні қиратпай – ақ , жаңаны тудыруы .

   Антикалық өнерді ардақтау . Дүниеге тарихи көзқарас . Көркем шығарманы қарастырудағы тарихи және логикалық тәсілдердің бірлігі .

   Артур Шопенгауэр (1788 – 1860) . «Өмір философиясы» . Интеллектінің ерікке бағыныштылығы . Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу . Суреткердің қабылдау әсеріне билігі . Обьективті сұлулықтың субьектімен сабақтастығы . Музыканың ерекшелігі .

   Серен Кьеркегор (1813 – 1855) . Қорқыныш философиясы . Құдайға баратын жол іздеу . Субьективтіліктің ақиқаттығы . Экзистенция .

   Ф.Ницше (1844 – 1900) . Әлем және «құдіреттікке еріктілік» .Мәдениет тілі . Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып , өзгерту .

   В.Дильтей (1833 – 1911) . Герменевтикалық зерттеудің бастауы . О.Шпенглер (1880 – 1936) . Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры . Мәдени полицентризм туралы .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *