1931 жылдан 1945 жыл арасындағы кезең

1931 жылдан 1945 жыл арасындағы кезең

Бұл кезең – туризм географиясының өркендеу кезеңі. Оның зерттеу тақырыбы біржолата анықталды. Еуропа мен Солтүстік Америкадағы кеңістіктік жоспарлаудың дамуы жоспарлау жұмыстарына туристік мәселелердің жиі енгізілуінің себебі болды. Осындай жағдай тиянақты түрде жүргізілетін географиялық зерттеулерді қажет етті.
Осы кезеңдегі туризм географиясының дамуында «туризм» ұғымының дәл анықталып бекітілуі маңызды рөл атқарды. Енді туризм «онымен байланысты теориялық, экономикалық, географиялық, статистикалық, заңгерлік, мәдени және әлеуметтік мәселелердің жиынтығы» деп түсіндірілді [60]. Осыған орай, туризмді әрбір ғылымға тән тану көлемі, зерттеу тәсілдері мен қолданылатын әдістемелігіне сәйкес ғылыми пәндері арасында «бөлу» мүмкіндігі пайда болды.
Туризмнің теориялық негіздерін қалыптастыру мен осы аядағы зерттеулердің дамуы туризм географиясының мағынасын анықтау әрекетін жасауға мүмкіндік берді. Туризм географиясы «ландшафтың туристік қасиеттерін ғылыми тұрғыдан анықтау, ландшафтың төл қасиеттерін сақтайтын және сонымен бірге тиімді экономикалық әсер тигізетін туристік қозғалыс мүмкіншіліктерін зерттеу» міндеттерін орындауға бағытталған ғылым болып табылады [57]. С.Лещицкийдің осы анықтамасындағы туризм географиясының зерттеу шеңбері «адаммен, географиялық ортамен, топырақты шаруашылық мақсатында пайдаланумен, және де адам істері мен мәдениетімен» тығыз байланыста болды [61]. Бұл бұрынғы, туризм географиясын туризммен байланысты тек қана таңдап алған элементтерін зерттеуімен шектелген осы ғылым проблематикасын анықтау әрекеттерімен салыстырғанда нағыз ілгері қадам болған-ды.
Туризм географиясы аясындағы зерттеулердің дамуы арқасында әралуан елдерде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық саясатында туризм маңызды рөл атқарған мемлекеттерде көптеген жаңа ғылыми мекемелер пайда болды. Алайда, бұрынғыдай, ең алғашқысында туризм саласындағы ғылыми жұмыс Германиядан басталды.
Әрине, бұған Берлиндегі жоғары сауда мектебінің жанында 1929 жылы ашылған, Роберт Глюксманн басқарған туризмнің зерттеу Институтының
(Forschungsinstitut für den Fremdenverkehr) белсенді іс-әрекеті өз септігін тигізді
[60, 61]. Осы ғылыми мекеме туризм мәселелерін «экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, құқықтық, географиялық, метеорологиялық және медициналық қырларынан»* қарастырып, қызу ғылыми жұмысын жүргізген. Институттың тоқсан сайын шығатын «Archiv für den Fremdenverkehr» журналында туризм географиясы бойынша көптеген маңызды материалдардары басылған. Осы журналдың көптеген авторларының бірі А.Грюнталь болған. Оның пікірінше, туризм туристік қозғалыс пен табиғи ортасының лайықты қасиеттерімен сипатталатын белгілі жер немесе аймақ арасындағы байланыс арқасында географтарды қызықтырады.
Грюнталь бойынша, туризм географиясы ең алдымен айналадағы орта жағдайындағы туристік қозғалыстың кеңістіктегі орналасуымен және туризмнің осы жағдайларға тигізетін әсерімен айналысуы қажет**.
Дегенмен, отызыншы жылдардың бірінші жартылығының туризм географиясының негізгі теория қалаушыларының қатарына ең алдымен А.Борманн мен алдында аталған Р.Глюксманнды жатқызу керек. Екеуі де туризмді ғылым ретінде түсіндіретін, сол кезде сирек кездесетін құралдардың авторлары болған.
А.Борманн өзінің ауқымды басылымында [17] туризм географиясының мәнін, көлемін және зерттеу міндеттерін анықтайды. Сонымен қатар ол туризмнің географиялық сипаттарын тиянақты талдайды. Ол туристік қозғалыс көлеміне әсер ететін факторлардың арасында бірінші орынға табиғи, әсіресе, климаттық және бальнеологиялық жағдайларын қояды.
Табиғи орта жағдайларына Р Глюксманн да ерекше көңіл бөледі [43]. Туристік мәселелердің үлкен көлемін қамтитын оның жұмысы туризм жөніндегі заманауи ғылымының басты шығармаларының бірі деп есептеледі. Физикалық географиялық зерттеулерге онша үңілмей, ол табиғи жағдайларының туризм дамуына жасайтын әсерінің заңдылықтарын дәлелдейді. Оның ішінде, Борманн сияқты, ол да ең маңызды рөлді климаттық жағдайға береді. Дегенмен, орман жамылғысының, жер үсті суларының __________
*R.Gluksmann. «Die wissenschaftlicheBehandlung des Fremdenverkehrs». – «Zeitschrift für Verkehrswissenschaft”». Jg..8,1930 # 1.
**A.Grunthal. «Allgemeine Geographie der Kurirte». – «Archiv für den Fremdenverkehr». Jg. 5, 1934/35, # 1.
ландшафтық қасиеттерді арттыратын элементтері ретіндегі маңызына ден қойып назар аударады. Тартымдылық қасиетін қарастырып, автор туристер демалысы үшін ең тартымды ландшафт өздері тұратын жерге ұқсамайтын ландшафт деген қарама-қарсылық заңы деп аталатын заңға назар аудартады. 1934 жылы гитлершілер Берлиндегі туризмнің зерттеу Институтын және оның басылымы «Archiv für den Fremdenverkehr» журналын жапты. Р.Глюксманн Швейцарияға қоныс аударып, өз жұмысын сондағы баспадан шығарады.
1937-1939 жылдары неміс географтарының нақты туристік аймақтар туралы жұмыстары: Гарц тауларының батыс бөлігі жөніндегі Х.Гассманның жұмысы [40], Мекленбург теңіз маңы сауықтыру орындары туралы
Х.Дэблердің* еңбегі және Крконошадағы туристік қозғалысты қарастырған Х.Позердің жұмысы [89] жарық көреді. Бірінші екеуінде авторлары табиғи ортаның талдауымен шектеледі. Позер болса, зерттелген аумақтағы туристік құбылыстардың жан-жақты сипаттамасын береді. Түсіндірмелері мен қолданған әдістеріне орай, жұмысының теориялық маңызы өте жоғары келеді. Автор туристік қозғалыстың кеңістіктік аспектін және туризм географиясының зерттеулерінде осы аспекті мүмкіндікше толық түрде ескеру қажеттілігін белгілеп атайды. Сонымен қатар, Позер туристік қозғалыс түрі (типі) мен экономикалық тиімділігі арасындағы тәуелділігін бірінші болып талдайды. Орталық Еуропа орта биік тауларындағы курорттық, саяжайлық, қысқы, жорықтық және транзиттік қозғалыстары сияқты туризм түрлерін бөліп, автор олармен бірге туристік жерлер мен туристік жабдықталуының дамуына себепші болған түрлерін де атап көрсетті. Өткізген зерттеулерінің нәтижесінде Позер әдетте туристік қозғалыстың бірнеше типтері туристік аймақты қалыптастырады, ал аталған аумақтағы туризмнің бір ғана формасының дамуы нәтижесінде туристік аймақ қалыптаспайды деген тұжырым жасады.
Осы кезеңде Франциядағы жергілікті және шетелдік туризм дамуы жоғары деңгейге жетсе де, туризм географиясы бойынша зерттеулер саны аз болған. Басталған зерттеулер тек бөлек аймақтарды, көбінесе, таулы жерлерді [16, 74] қамтыған, француз жағалауы туралы жұмыстар саны одан да төмен болған**. Зерттеулердің (өте жалпы түрде жасалған) тағы бір тобы Франциядағы туристік қозғалыс мәселелерін қарастырған***, оның ішіндегі кейбір жұмыстар оның тек қана экономикалық аспектілерімен шектелген****.
Теориялық зерттеулердің басты тақырыбы туристік қозғалыстың
кеңістіктегі орналасуындағы өзгерістер болған. Моторизация мен тысталған
__________
*H.Daebeler. «Die Fremdenverkehr der mecklenburgischen Ostseebader in geographischer Betrachtung». – Schwerin 1938 (Phil. Diss. Rostock, 1938).
**L.Papy. «La vie humaine sur le littoral entre Loire et Gironde». – Paris, 1941.
***P.Clerget. «Le mouvement touristique». «Revue Econ. Intern.», 1935, déc.; O.Pernikoff «Le tourisme en France». – Paris, 1938.
****Leveille-Nizerolle. «Le tourisme dans l′économie contemporaine». – Paris, 1939; G.Mortier. «Le tourisme et l′économie nationale». – Grenoble, 1941.
жолдар торының пайда болуына байланысты туристік келулердің шашыраңқылығы анықтала бастаған. Ұзақ уақыт бойы темір жол айналасында орналасқан саны көп емес жерлерге туристердің келуімен сипатталатын «нүктесызық» жүйесі басым келген. Айтылғандай, моторизация мен автомобильжолдарының құрылысы туристік қозғалыстың теміржолдан тыс жерлерге тарап кетуіне әкеліп соқты. Оның нәтижесінде функциялары анық жаңа құрылымдар қалыптасты [74].
Елдің көптеген, әсіресе таулы аудандарынан көшіп кеткендігінен ауыл аумақтарының экономикалық белсенділігін арттыру мәселесі көтерілді. Мәселені толығымен болмаса да шешу жолы ретінде француз географтары [16, 74] қала тұрғындарының ауыл аумақтарында «екінші үйлерін» (résidences secondaires) ұйымдастыру науқанын қарастырған. Осы үйлерді олар не сатып алған, не жергілікті жұрттан немесе биліктен жалға алған не меншікке берілген жер алқабында салған. Осы кезеңде көзге түсер шығармалардың ішінде ол кезде Альпілік география институтында (Institut de Géographie Alpine) қызмет еткен Ж.Мьеженің Савойя туристік проблемаларына [74] арналған зерттеуі болған.
Солтүстік Америка географтары бұл кезеңде ең алдымен туристік аймақты лайықты пайдалану (land use)* мәселелерімен айналысқан. Осы аядағы зерттеулер саны американ ғылыми әдебиетінде табиғи ортаны тиімді пайдалануға шақырған дауыстар естіле бастаған экономикалық дағдарыстан кейінгі жылдары көбейген. Осының нәтижесінде туризмге арналған ортаны қорғау жөніндегі географиялық әдебиеттегі алғашқы болған жұмыстар жарық көрді**.
Географиялық ортаны туристік мақсатта пайдалануға байланысты мәселелерімен бірге, туризмнің экономикалық аспектілеріне, әсіресе ауыл аумақтарында туризм әсерінен болатын шаруашылық үрдістеріне де үлкен көңіл бөлінген. Осы жұмыстарда демалыс аумақтарының кеңістіктегі жоспарлануындағы географияның орны мен рөлі анықталған***.
Осы кезеңде штаттар немесе аймақтар туралы шығармалардың саны
__________
* K.C.McMurry. «The use of land for recreation». – «Annals of the Assosiation of american Geographers», 1930.
** «A study of the Park and Recreation Problem of the Unitad States». – Washington, 1941, US Department of the Interior National Park Service; J.R. Stead. «Growth of Canada′s National Park System», «The Canadian Surveyor», vol. 7, 1942.
*** W.L.O.Joerg. «Geography and National Land Planning», «Geographical Review». vol. 25,1935.
көп болған. Жұмыстардың көбі Жаңа Англия, Мичиган мен Нью-Хэмпшир штаттары және Жартасты Таулардың канадалық бөлігі жөнінде жазылған. Құрама Штаттар немесе Канаданың бүкіл территориясын қамтитын зерттеулердің саны әлдеқайда аз келген.
Туризм географиясының ең маңызды шығармаларына үзінділері келтіріліп отырған К.С.Макмюрри мен Р.М.Браун жұмыстары жатады. Браун жұмысы көптеген ағылшын-американ зерттеулерінде жиі еске салынады, кейбір авторлар оны тіпті тек елуінші жылдары өркендеген қолданбалы географияның (géographie appliquée, applied geography) [20, 32] жаршысы деп есептейді. Туризм географиясы бойынша, зерттеулер басқа елдерде де өткізілген [69, 81, 83], бірақ алдында қарастырылған елдер мен Польшадағы жұмыстардан ауқымы бойынша әлдеқайда кем болған. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде біршама американ, француз және швейцар зерттеулерінен басқа бұл саладағы жұмыстар тоқтатылған. Қырқыншы жылдардың басында Швейцарияда өзінің белсенді ісәрекеті арқасында күні бүгінге дейін туризм туралы ғылымның теориялық негіздерін қалауда жетекші рөл атқарып отырған екі ғылыми мекеме дүниеге келді. 1941 жылы Берн университетінің заң факультетінің жанында көп жылдар бойы туризмнің атақты теоретигі Курт Крапф басқарған Туризмнің зерттеу институты (Forschungsinstitut für den Fremdenverkehr) құрылды. Дәл осы мезгілде Вальтер Унцикер де Санкт-Галленде ол кездегі Жоғары мектебі, қазіргі Экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың Жоғары мектебі (Hochschule für Wirtschafts und Sozialwissenschaft) жанында алпысыншы жылдары Туризм және көлік экономикасы институты (Institut für Fremdenverkehr und Verkehrswirtschaft) болып кеткен туристік қозғалыс Семинарын ұйымдастырды.
Еуропаның басқа елдері мен АҚШ–қа қарағанда, Польша туризм географиясын кейінірек, 1930 жылдан кейін ғана дамыта бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары және І дүниежүзілік соғыстың алдындағы кезеңде географтардың ең басты міндеті өлкетанушылық қозғалыс жариялаған өз елін зерттеу ұранын іске асыру болған. Кең ауқымда ойластырылған науқан поляктардың өз жерінде саяхат жасауға жаушылар қойған шектеулер нәтижесіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған. Осы науқанға географтар Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында белсене қатысты, олардың осы әрекеттері жиырмасыншы және отызыншы жылдардың басында күшейе түсті. Географ-өлкетанушылардың алдынғы қатарынан В.Налковски, С.Немцувна, Л.Савицки, Я.Смоленьски, С.Павловски, В.Ормицки, В.Милята көрінген. Осыдан кейін ғана, бұқаралық өлкетану қозғалысының негіздері құрылған соң, географтар туристік-курорттық қозғалысқа байланысты мәселелерге ден қоя бастаған. 1939 жылға дейін туризм географиясының негізгі, тіпті, жалғыз десек қате болмас, зерттеу орталығы Краков болған. Бір жағынан, бұл Краковтың туристік-курорттық қозғалыстың жүз жылдан асып кететін тарихы бар және осыған байланысты мәселелер ғылыми-зерттеу мен экономикалық талдау жұмыстарымен қамтамасызданған елдегі ең маңызды туристік аймақтың ортасында орналасқанына байланысты еді. Екіншіден, Краков қаласында туризм мәселелерін зерттейтін ең атақты географтар шоғырланған. Сонымен бірге, Ягеллон университеті мен оның География Институтының басшылары, шаруашылық және туристік ұйымдары осы саладағы зерттеулерді жүргізу үшін барлық жағдай жасап, осы тақырыпқа қатысты көптеген жұмыстарға өздерінің септігін тигізген [46].
Ягеллон университетінің География Институтының жанында 1936 жылы Туризм зертханасының құрылуы Краков орталығы беделінің одан сайын жоғары болуына ықпал жасады. Туризмді қолдау лигасы Краковта орналасқан Зерттеу комиссиясын құрып, Туризм зертханасының дамуына септігін тигізді. Мекеменің екеуін де С.Лещицки басқарған, сондықтан ынтымақтастық пен ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірілуіне жақсы жағдай туған. Туризмді қолдау лигасы Зертхананың дидактикалық және ғылыми іс-әрекетін қаржыландыруында да қатысқан. Осы мекемеге туристік мәселелермен 1930 жылдан бастап айналысқан Краковтың сауда-өнеркәсіп палатасы да қолдау жасаған. С.Лещицки осы палатамен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеген.
Зертхана іс-әрекетінің мақсаты туристік-курорттық шаруашылық мамандарын бір жылдық курс шеңберінде оқыту және туризм бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу тұғын. Осы Зертхана-студия тыңдаушылары ретінде философия мен құқық факультетінің және Ягеллон университетінің дене шынықтыру Зертхана-студиясының бітірушілері болған; оны жалпы есептегенде 64 адам бітірген.
Зертхана-студия қарқынды зерттеулік және баспалық іс-әрекет жүргізген, Ягеллон университетінің Туризм зертханасының еңбектерін (6 том шықтқан), Ягеллон университетінің Туризм зертханасының Коммюникелерін (23 шығарылым), «Польша туризмі» журналын 1938-1939 жылдары баспадан шығарған. Сонымен қатар, осы Зертхана-студияның көптеген еңбектері Туризмді қолдау лигасының Зерттеу комиссиясының Бюллетенінде басылған.
Зертхана-студия поляк географиясы, туризмі немесе аумақтық жоспарлауында келешекте маңызды рөл атқарған тұлғаларды (ол кезде тыңдаушылары немесе қызметкерлері болған) біріктірген. Олардың ішінде К.Бромк, Б.Гайдзик, В.Гетль, М.Климашевски, В.Лещицка, В.Милята,
М.Орлович, В.Ормицки, Я.Смоленьски, Я.Шаяларски, В.Вальчак, Т.Вильгат,
Э.Я.Зачыньски болған [46].
Ягеллон университетінің Туризм зертханасы Польшадағы туристік мәселелерді зерттеуде көп жұмыстар істеген. Осы мекеменің жетістіктері сол кездегі поляк туризм географиясының әлемдегі алдынғы қатарда болғанын мойындауға мүмкіншілік береді.
Сол кезеңде жүргізілген географиялық жұмыстардың ауқымы өте кең болған және түрлі мәселелерді қарастырған, дегенмен, олардың арасында туризм географиясының теориялық негіздерін қалау әрекеті болып табылатын зерттеулердің маңызы арта түскен [57, 60, 61]. Осы шығармалардың авторы С.Лещицки тұғын.
Алайда, туризм географиясы бойынша, жұмыстардың ең үлкен жігі туристік-курорттық қозғалыс мәселелерін, әсіресе, Карпаттағы туризм мәселелерін зерттеген. Туристік проблемаларын қарастырған жұмыстардың көпшілігі тамаша құрастырылған, дәл жиналған статистикалық материалдарға негізделген. Осы мәліметтер туристік қозғалыстың әртүрлі экономикалық аспектілеріне қатысы бар көптеген зерттеулерді өткізуге мүмкіндік берді [46].
Дамып келе жатқан туристік қозғалыс әсерінен болған құрылыс құрылымындағы және осының нәтижесінде, қоршаған ландшафттағы өзгерістер кері салдарларды алдын алу шараларын қажетсінді. Географтар реттеулік жоспарлар мен туристік-курорттық аумақтарының ландшафтын қорғау қағидаларын әзірлеуге ықпал етті [111]. Оларды қала құрушылары мен жоспарлаушылар сөзсіз қолдады.
Аталған жұмыстарда табиғи ортаның туристік қасиеттерін зерттеу лайықты орын алды. Осы орта элементтеріне (гипсометрия, экспозиция, минералды сулар, орман жамылғысы, шомылуға жарайтын сулар, климат, көріністер) талдау жасалды. Пункттер бойынша жасалған бонитировка (сатылар бойынша бағалау) арқылы өткізілген табиғи орта элементтерін жіктеу аумақтардың «табиғи жағдайлары» карталарын құрастыруға мүмкіндік берді [58, 59]. Туристік пайдалану жағынан аумақты бағалаудың поляк ғылымдары әзірлеген тәсілдері туристік-курорттық аудандастыру әрекетін әуелі аймақ көлемінде [58], кейін бүкіл Карпат пен Польша үшін жасау мүмкіндігін берді*. Карпат кешені ол кезде 36 курорттық-саяжайлық аймаққа, бүкіл ел территориясы алты негізгі туристік аймақ пен 10 курорттық-саяжайлық аймаққа бөлінген. Географиялық зерттеу орталығының туристік мәселелерді зерттеу тәжірибесі оны жоспарлау теориясы мен практикасында қолдануға мүмкіндік берген [46, 58, 59, 111].
Отызыншы жылдардағы поляк туризм географиясының аймақтық зерттеулерінде оңтүстік Польшаның, әсіресе, Карпат тауларының, атап айтсақ, Подхальдың және Краков воеводствосының зерттеулері басым [46]. Мүның себебі Краков қаласында ірі ғылыми орталықтың орналасуымен бірге географтардың (әсіресе, Краков географтарының) 1900-1938 жылдары ұйымдастырылған және Карпат территориясының экономикалық және туристік даму бағыттарын анықтаған съездерге қатысуы болған**.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Краков орталығы жұмысын тоқтатты. Оның қайраткерлері бүкіл Польшаға тарап кетті, олардың бірі өлді, бірі неміс фашистерінің қолынан қаза тапты, кейбіреулері қоныс аударды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі географияның елді қайта қалпына келтіруде маңызы зор басқа салаларында жұмыс істеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *