ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ

Географтар баяғыдан туризм мәселелеріне көңіл бөлген, бірақ осы саладағы тиянақты зерттеулер тек ХІХ ғасырда, дәлірек айтсақ, оның екінші жартысында ғана басталған.
Туристік мәселелерді географиялық зерттеу шеңберіне енгізу бұл ғылымның XVIII ғасырдың соңына дейін жанама түрде ғана айналысқан әлеуметтік-экономикалық проблемаларына ден қоюына байланысты болды. ХІХ ғасырда өнеркәсіптің қарқынды дамуы, ірі қалалардың шоғырлануы, темір жол байланысының дамуы кезеңі басталды. Нәтижесінде көптеген елдер мен аумақтар аумақтық және құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Осы үрдістер үнемі өсіп келе жатқан ХІХ ғасырдың соңында кейбір елдерде өте үлкен көлемге жеткен, ал І дүниежүзілік соғыстан кейінгі оның «демократиялануы» оны одан сайын күшейткен туристік қозғалыс қосылды. Туризм дамуының нәтижесінде елдердің, аймақтардың және жерлердің жаңа әлеуметтікэкономикалық құрылымдары қалыптасып, кеңістікке өзгерістер енгізді, сондықтан бұл мәселелер географиялық зерттеулерді қажет етті. Осы зерттеулердің шеңбері кейбір елдер мен аймақтарда туристік құбылыстардың дамуымен бірге кеңейді және осы елдер мен аймақтардың әлеуметтікэкономикалық құрылымындағы туризмнің әсеріне тәуелді болды.
Туризмді географиялық зерттеулер нысаны ретінде дұрыс түсіну кеңістікте тараған туристік құбылыстарының даму кезеңдерін қарастыру арқылы мүмкін болады. Осы пайымдауға сүйеніп, туризм географиясының жетістіктеріне байланысты кезеңдерді:
— ХІХ ғасырдың соңына дейін;
— 1900-1930 ж;
— 1931-1945 ж.;
— 1946-1960 ж.;
— 1961 жылдан қазірге дейін деп белгілеуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *