Дебиторлық борыштардың есебі

Дебиторлық борыштардың есебі

Алынуға тиісті шоттарда ақшалай қаржыларға шағымдар, тауарлар және қызметтер және компанияның ақшасыз активтері жатады. Дебиторлық қарыздар ағымдағы және ұзақ мерзімді болады, яғни төленуге тиісті шоттардың төлеу мерзімінен және қарызды жоюдың күнінен тәуелді. Дебиторлық қарыздар шот-фактурамен расталады. Алынған вексельдер баланстық бабы арнайы қарыздық міндеттемелермен расталады.
Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары. Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Алынуға тиісті шоттар компанияның негізгі өндірістік қызметінің ағымында өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін клиенттің қарыз сомаларын көрсетеді. Бұл шоттар, сонымен қатар саудалық дебиторлық қарыздар деп аталады. Олар шот-фактуралармен ,кейбір жағдайларда жазбаша қарыз міндеттемелермен көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттарға жыл ағымында алынған келесі балнстық күн немесе компанияның операциялық циклі ағымында алынған сомаларды қамтиды. Көбіне қарызды жою мерзімі 30 күннен 60 күнге дейінгі кезең саналады. Алынуға тиісті кредиторлық сальдомен жеке шоттар қайта жіктелуі керек және олармен міндеттеме ретінде есеп беру қажет. Бұл кредиторлық сальдо дебиторлық қарызға жатпайды.Қаржылық талдаушыларды дебиторлық қарызды инкассациялау үшін қажетті күндердің орта саны қызықтырады. Дебиторлық қарыз онымен байланысты табыс болғанда ғана мойындалады. Ол алғашқы құннан күмәнді қарызға ақша жеңілдектері сатылған тауарлардың қайтарылуына түзетуге шегеруімен бағаланады. Нәтижесінде алынуға тиісті шоттардың таза құны анықталады. Проценттер сату және жою арасындағы мерзім қысқалығынан қабылданбайды.

2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы” және 2110 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы” шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша қарыздардың қалдығы және оның пайда болуы, ал кредитінен – жойылуы көрсетіледі.
Бұл шотта сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге көрсетілген және жөнелтілген өнімдер, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу құжаттары төлемге банкпен қабылданған есеп айырысулар туралы ақпараттар көрсетіледі.
Сатып алушыларға көрсетілген есеп айырысу құжаттарындағы сомаларға 1210 шот дебеттеліп, 6010, 6210 шоттар кредиттеледі. 1210 шот сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен қарыздарын өтеу кезінде ақша қаражаттары есебінің шоттарымен корреспонденциялана отырып кредиттеледі.

1210 шотта алынған вексельдермен қамтамасыз етілген сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар да есептеледі.
Ұйым сатып алушылар және тапсырыс берушілерден аванстар алуы мүмкін. Алынған аванстар сомасы 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар» шотының кредиті мен ақша қаражаты есебінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Тапсырысты орындаудан кейін немесе өнімді тиегеннен кейін алынған аванс сомалары есепке жазылады. Бұл кезде 3510 шот кредиттеледі.
Сатып алушыларға өнім тиелгенде: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320. Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде 1210 шот дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.
1210, 2110 тобының шоттары бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал-ордер тіркелді, ал бухгалтерияда сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдеме сатылған өнімдер бойынша шот-фактураларды жинақтау және топтау үшін және сатып алушылармен оларды уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі.

3. Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың дебиторлық қарыздарының есебі
Еншілес ұйым бас компанияның бақылауындағы ұйым болып табылады.
Тәуелді ұйым инвестордың ықпалынан тәуелді болады және оның еншілес емес, бірігіп бақыланатын заңды тұлға да болмайды.
Еншілес (тәуелді) серіктестердің қарыздарын есепке алу үшін 1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» және 1230“Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары», 2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» және 1230 “Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» шоттары арналған.
Бұл шоттарында еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі.
1220, 1230 шоттарда еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен ағымдағы есеп айырысудың барлық түрлері жөніндегі ақпараттар жинақталып қорытылады (балансаралық есеп айырысу). Бұл шоттар-негізгі, активті, күрделі; әрбір еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдар бойынша талдамалық есеп осы шоттардың көмегімен тізімдемелерде немесе машинограммада жүргізіледі. Кредиттік айналымдары №11 журнал-ордерде тіркеледі.

Кәсіпорын жұмыскерлерінің және басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздары туралы ақпараттарды бейнелеу үшін 1250 “Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары” және 2150 “Жұмыскерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары” шоттары арналған. Шоттың дебеті бойынша есеп беруге тиісті сомалар, жұмыскерлерге көрсетілген займдар, материалдық шығынды өтеу сомалары көрсетіледі.
Есеп беруге тиісті тұлғалар деп іс-сапар шығындарына немесе шаруашылық шығындарға ақшалай аванстар алған кәсіпорын жұмыскерлерін айтады. Нақты ақшаны кәсіпорын жұмыскерлері алдын ала берілген аванстар және пайданылмаған сомаларды кассаға тапсыру бойынша есептерді көрсеткеннен кейін алады.
Есеп беруші түлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.
Ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.
Қызмет бабымен іс-сапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиесілі соманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іс-сапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгіленген мерзімде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерімен расталады.

5. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі
Алдағы кезең шығындарының есебі дегеніміз есеп беру кезеңінде шығарылған бірақ келесі есеп беру кезеңінің шығындарына жатқызылатын шығындар. Оларға:
— алдын-ала төленген сақтандыру сомалары,
— келесі кезеңге жазылған газет-журналдар және басқа да ақпарат құралдарының құны,
— жалдық төлемдер,
— маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары
— алдын-ала төленген телефон төлемдері,
— коммуналдық төлемдер және т.б.
Алдағы кезең шығындарының есебі 1620, 2920 шоттарында жүргізіледі.
Мысалы, 15.11.2006 жылы кәсіпорын 2007 жылға басылымға 96000 теңге төледі. 96000 теңге төленгенімен, ол ағымдағы 2006 жылдың шығындары ретінде танылмайды, өйткені қызмет 1.01.07- 31.12.07 аралығында көрсетіледі.
15.11.06 жыл
Дебет шот 1620 96000
Кредит шот 1030 96000
2007 жылы ай сайын қаңтардан желтоқсанға дейін бірдей мөлшермен (1/12) келесідей жазбамен жойылып отырады:
Дебет шот 7210 «Әкімшілік шығындар»
Кредит шот 1620 «Алдағы кезең шығындары».
2007 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін бірдей үлеспен (1/12 бөлігі) алдағы кезең шығындарын 1620 «Алдағы кезең шығындары» шотының кредитінен 7210 «Әкімшілік шығындар» шотының дебетіне қажетсіздендіріп отырады.
Жылдың соңына дейін барлық алдағы кезең шығындары бірдей мөлшерде есепті кезеңнің шығындары ретінде танылады.
1620, 2920 «Алдағы кезең шығындары» шоттарының кредиттік айналымдары №10 журнал-ордерде тіркеледі.
Берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебі 1610 «Қысқа мерзімді берілген аванстар» және 2910 «Ұзақ мерзімді берілген аванстар» шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттарда тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізуге, тапсырыс берушілерден олардың ішінара дайын болуына қарай қабылданған өнімдер, жұмыс және қызмет бойынша төлем жасауға берілген аванстар бойынша көрсетіледі. Аванс берілген жағдайда 1610, 2910 шоттары дебеттеледі және 1030 және т.б. шоттары кредиттеледі. Пайдаланылмаған аванстарды қайтару 1010, 1030 шоттардың дебеті және берілген аванстар есебі бойынша шоттардың кредитімен бейнеленеді.
Алдын ала берілген аванстар есебінен жабдықтаушылар мен мердігерлер қарызының азаюы 3310, 4110 шоттарының дебетімен және берілген аванстар шоттарының кредитімен көрсетіледі.

6. Күдікті талаптар бойынша резервтер есебі
Күдікті қарыздар бойынша резервтер қайтарылуы сенімсіз берешек дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға байланысты болуы мүмкін шығындарды жабу үшін жасалады. Қорларды есепке алу 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер” шотында жүргізіледі.
Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде, ал егер мерзім белгіленбесе, онда бұл үшін қажетті уақыт ішінде өтелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар есептеледі. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғында дебиторлық қарыздарды тізімдеудің деректерінің негізінде жасалады. Ұйым күдікті қарыздар бойынша резервтерді басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ жекелеген жеке тұлғалармен есеп айырысу арқылы жасайды.
Резервтерді құру келесі шоттар байланысымен бейнеленеді:
Дебет шот 7440 «Резервтерді құру және сенімсіз талаптарды жою бойынша шығындар»
Кредит шот 1290 “Күдікті талаптар бойынша резервтер”.
Баланстан дебиторлық қарыздарды қажетсіздендіруде 1290 шот дебеттеледі және 1210, 2110, 1280, 2180 шоттар кредиттеледі. Резерв сомасын корректировкалауда ресерсивті жазба жасалады: Дебет шот 1290 Кредит шот 7440.
Салыстыру принципі күдікті дебиторлық қарыздардан зияндар стау болған кезеңде мойындалғандығын талап етеді.
Күдікті талаптарды бағалаудың екі әдісі бар:
1. Таза сатудан несиеге пайыз әдісі;
2. Төлем мерзімдері бойынша дебиторлық қарыздар есебі әдісі.
Бірінші әдісте несиеге таза сатудан және күдікті талаптардан зияндар арасындағы қатынастың орташа пайызын анықтайды, содан кейін осы пайызды күдікті талаптардың шамасын анықтау үшін есепті кезеңдегі іс жүзіндегі таза сатуға қолданады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *