МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
1996 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген «Қаржылық есепті әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдық негіздемеде» міндеттеме дегеніміз – тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау, мәселен мүлікті беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және басқа белгілі бір іс-әрекеттен бас тартуы, ал несие берушінің борышкердің оның міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар деген анықтама берілген.
Міндеттеме өткен келісімінің немесе өткен оқиғаның нәтижесі болып табылады. Пайда болуына қарай ұзақ мерзімді және ағымдағы болып екіге бөлінеді. Ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге алынған несиелерде, займдарда белгілі бір мақсатты шығындарға алынады.
Ұзақ мерзімді банк несиелері тәртіп бойынша бір жылдан жоғары мерзімге, жаңа технологияны өндіріске ендіруге, күрделі құрылыс нысандарын салуға, өндірісті ұлғайтуға, өнімділігі жоғары қымбат жабдықтарды сатып алып, өндірісті қайта жарақтандыруға және басқа күрделі қаржы салымын талап ететін бағдарламалар бойынша мақсатты шығындарға беріледі. Қысқа мерзімді несиелер шаруашылықта уақытша қаржы тапшылығынан шығу үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Аудитор жалпы банк пен шаруашылықтың арасындағы несие беру және алуға байланысты қатынасты қамтамасыз ететін ережелердің сақталуымен танысқаннан кейін несие беру, оларды құжаттау, сөндіру мерзімі (қайтару) банк ережелерімен және несие шарттарымен реттелгендігіне, онда несиенің мақсаты, мерзімі, қойылатын талаптары, несиені беру, оны сөндіру (қайтару) тәртіптері, міндеттемені қамтамасыз ету жолдары, пайыздық қойылымдары, олардың төлену тәртіптері, тараптарының құқықтары мен жауапкершіліктері, құжаттарының тізімінің банкке тапсырылу кезеңдері және басқа да жағдайларының қаралғандығына назар аударуы қажет.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудитінің маңызды іс-әрекеттері несие және алынған ссуда үшін пайыздарының дұрыс төленуін тексеру болып табылады.
Аудитор, сондай-ақ шаруашылықтың банкке қайтаруға тиісті қайтарылмаған (сөндірілмеген) несиелердің (ссуданың) қалдығымен қосып несиенің пайызын көрсетуге (ол туралы есеп жүргізу саясатына жазылуы қажет) шешім қабылданғандығын анықтауға тиісті. Егер жоғарыда көрсетілген тәртіп қабылданса, онда несиеге жасалған шартқа сәйкес тексеруге тиісті. Есепті кезеңнің соңындағы пайызының сомасын ұзақ мерзімді міндеттемелер есебінің шоттарының кредиті бойынша банк несиелері және пайыздары бойынша пайыздарын төлеу шығындарының есебінің тиісті шоттарымен корреспонденцияда көрсетеді.
Банк мекемелерінен тыс басқа да шаруашылықтардан, мекемелерден және ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді займдарға тексеру жүргізген кезде аудитор уақтылы қайтарылмаған займдардың себебін анықтап, тараптарының жасаған шарттарындағы қаралған міндеттер және жауапкершіліктер орындалмаған жағдайда, жеке тармақтарға жіктеліп көрсетілгендігіне талаптардың мазмұнымен танысып, шаруашылыққа келтіретін оның салдарына талдау жасауға тиісті. Шартта қаралған міндеттемемен жауапкершіліктің орындалу себептерін пысықтай түсу үшін аудитор займ берушіге сұрау салып, олардан алынған мәліметтермен салыстырып, растығына көз жеткізу керек. Аудитор бір мезгілде шаруашылықтың басқа да шаруашылықтардан алынған займдарының заңдылығына, негізділігіне оларды мерзімінде өтеудің (қайтару) сақталуына назар аударуға тиісті.
Шаруашылықтың ағымдағы міндеттемелеріне, қысқа мерзімге алынған банк несиелері мен банктен тыс мекемелерден алынған мерзімді займдар, сондай-ақ ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі, төленуге тапсырылған шоттар мен вексельдер, алынған аванстар, есепті жылдың салық бойынша қарыздары, төленуге тиісті дивидендтер, негізгі шаруашылық серіктестіктері мен еншілес (тәуелді), бірлесіп бақыланатын серіктестіктер арасындағы өзара берген қарыздары, акционерлік қоғамдардың лауазымды тұлғаларының қарыздары, өзге де несиелік қарыздар, алдағы кезеңдердің табыстары, төтенше жағдайларга байланысты төлемдер және шығындарды төлеу жатады.
Қысқа мерзімді банк несиелері бір жылға дейінгі мерзімге беріледі. Яғни, есепті жылдың соңына дейін берілетін несиелер жатады, мәселен артылып жөнелтілген өнімдер мен тауарлар үшін, ол нақты құжат айналым уақытына тең болғандықтан, 30 күннен аспауға тиісті. Шаруашылықтың қысқа мерзімге банктен несие алуға ғана емес, сондай-ақ банктен тыс мекемелерден осындай мерзімге займдар алуына да кұқық берілген.
Банктің сенімді клиенттерге олардың шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығынан жоғары сомаға берілген қысқа мерзімді несие түрі — овердафт және мерзімінде өтелмеген банк несиелері жеке көрсетеді.
Қысқа мерзімді займдар көбінесе вексельдер түрінде коммерциялық несие және серіктестіктерге берешек қарыз міндеттеме сипатында болады.
Аудитор ағымдағы міндеттеменің негізгі бөлігін құрайтын әрі жиі кездесетін несиелік борыштар операцияларын тексеруге тиісті.
Несиелік борыш бұл — субъектінің заңды тұлғалардың жеке тұлғаларға, азаматтарға төлеуге тиісті міндеттемелердің сомасы.
Несиелік борыш қарыз сипаты бойынша дұрыс және ақталмаған деп бөлінеді.
Дұрыс несиелік борыштар деп шаруашылыктың жоспарының орындалу барысымен, сондай-ақ қолданыстағы есеп айырысудың нысандарымен белгіленген бөлігін айтамыз. Оған жататындар, мәселен, төлеу мерзімі жетпеген акцептелген есеп айырысу құжаттары, мерзімі өтпеген борыштар. Ақталмаған несиелік борыштар деп, қаржы органдарымен мерзімі өтіп кеткен борыш, бюджетпен есеп айырысу бойынша шаруашылықтың жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу бойынша жабдықтаушыларға мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары ж.б. бойынша.
Несиелік борыштардың нақтылығын анықтау үшін дебиторлық борыштардың аудитінің әдістемесін қолдану арқылы да жүргізілуі мүмкін.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуларды тексеруді ұйымдастыруды мынандай бағдарлама бойынша жүзеге асырудың маңызы зор:
— сатыланған тауарлы-материалдық қорлардың қолда барлығын және құжаттарының дұрыс толтырылғандығын тексерудің;
— алынған тауарлы-материалдық қорлардың саны және сапасы бойынша қойылған шағым-талаптың дұрыс дер кезінде құжатталғандығын, оның негізділігін тексерудің;
— құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыстың /қызмет/ толықтығын және дер кезділігін тексерудің;
— жабдықтаушылар мен мердігерлерге несиелік борыштың дұрыстығын, нақтылығын және заңдылығын тексерудің;
— вексельді қолданып жүрген жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың және жабдықтаушыларға қосылған құнға салынған салықты (ҚҚС) қайтару тәртіптерінің дұрыс жүзеге асырғанын тексерудің;
— шоттар корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін, аналитикалық есеп мәліметтерінің синтетикалық есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің.
Бюджетпен есеп айырысудың аудитін тиімді жүргізу үшін тексеруді талап ететін жөне қаралуға тиісті мынандай негізгі басты сұрақтардың шеңберін анықтап алу керек:
— салық салынатын базаны дұрыс жөне толық анықтау;
— салық және басқа да төлемдер қойылымдарының дұрыс қолданғандығын;
— салық төлеу кезінде шығарылып тасталатын шегерімдердің және берілген жеңілдіктердің заңдылығын және негізділігін;
— бюджеттен төленетін төлемдердің уақтылы, дер кезінде толық төленгендігін;
— есептеулер мен төленген төлемдер бойынша бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін;
— төлемдердің түрлері бойынша салық инспекциясына берілген қорытынды есеп үлгілерінің дұрыс толтырылып мерзімі сақталып, дер кезінде, уақтылы бергендігін;
— бюджетпен есеп айырысу бойынша аналитикалык және синтетикалық есеп жүргізудің дұрыстығын;
— аналитикалық және синтетикалық есеп жазуларының Бас кітаптағы, шаруашылықтың балансындағы жазуларымен сәйкестігін.