АУДИТОРЛЫҚ ТЕРМЕ
Аудиторлық тексерісті жүзеге асырғанда теріп бақылау кеңінен қолданылады. Бұл ең алдымен аудиторлардың уақытты үнемдеуге және жалпы тексеріс жүргізгеннен салыстырғанда жұмыс құнын азайтуға ұмтылғаннан болады. Теріп тексеру сонымен қатар мүмкін көрініп тұрған елеусіз нақтылықсыздар мен қателер болғандықтан абсолютті толық тексерісте қажеттілік болмағанда да қолданылады. Мұнда теріп бақылау әдісін қолдану аудит тиімділігін төмендетпеу керек. Теріп тексеру әдісі ықтималдықтар теориясы заңдарына негізделген. Оған сәйкес жалпы туралы оның кіші бөліктері бойынша нақты мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Термеге тек бас тексерілетін жиынтықтың объектілерінің тек бір элементтер немесе шоттар бойынша айналымдарды құрайтын операциялар кіреді. Әрі қарай бұл объектілерді тексергенде аудиторлық дәлелдемелер жинақталып, барлық жиынтық туралы ой жасалады.
Термені қалыптастыруда орындалуға міндетті ең маңызды талап – оның репрезентативтігін қамтамасыз ету, яғни зерттелетін жиынтықтың элементтерін тең ықтималдықпен таңдау. Аудитор келесі әдістердің біреуін қолдану керек:
— кездейсоқ таңдау кездейсоқ сандар кестесі бойынша жүргізілуі мүмкін;
— жүйелі таңдау элементтерді кездейсоқ таңдамалы саннан бастап, тұрақты аралықта элементтерді таңдау. Аралық элементтердің белгілі бір санынан (мысалы, белгілі бір категорияның барлық құжаттарының әрбір 10-шысы) немесе олардың құндық бағалауынан (әрбір 1000 тг келетін қалдық немесе айналым құрайтын элемент таңдалады) құралады;
— құрамдастырылған таңдау – кездейсоқ және жүйелі таңдаудың әртүрлі әдістерінің құрамы. (мысалы, терме тиімділігін арттыру үшін жиынтық алдымен топтарға (сегменттерге) құны бойынша біртекті элементтерге бөлінеді, содан кейін әр топтан жеке терме жүргізіледі.
Егер тексерілетін объект жинтығы кіші болып, терменің статистикалық әдістерін қолдану тиімсіз болса, аудитор жалпы тексерісті жүзеге асыру керек.
Аудиторлар жиі таңдаудың статистикалық емес әдістерін қолданады:
Терме көлемі аудиторлармен интуиция мен тәжірибесіне байланысты анықталады. Мысалы, Бас жиынтық мөлшеріне байланысты таңдалатын элементтер кезектілігіндегі белгілі бір қадам беріледі (50, 100, 150 және бір шот үшін бақылау сомасынан шыға отырып, шот сомасының шамасы бойынша ең көбі таңдалады. Құжаттарға қатысты аудитормен тексерілетін реестрден, папкадан қандай да болсын құжат таңдалады.
Термеге түскен элементтерді (құжаттар, операциялар, сальдо) зерттегенде құнына қарамастан барлық қателер жазылады, өйткені терме нәтижелері барлық жиынтыққа таралады. Термені қолданғанда, қатенің абсолютті мөлшері ғана емес, жиынтық элементінің қатесі мен шамасының ара қатынасы маңызды. Құжаттарды талдаған кезде дұрыс емес толтырылған немесе жоқ құжаттардың үлес салмағы анықталады. Термеге жататын операциялар бойынша құжат табылмау, қатаң бұзушылық ретінде қарастырылады.
Теріп тексерудің екі түрі бар:
— сәйкестікке (ішкі бақылау процедураларын тестілеу үшін теріп тексеру);
— мәні бойынша (есепте шоттар бойынша айналымдар мен сальдосын дұрыс көрсетуін теріп тексеру).
Сәйкестікке теріп тексерудің міндеті тексерілетін кезеңде ішкі бақылау нормалары қаншалықты бұзылғандығын анықтаудан тұрады. Тексеріс оның негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі. Мұндай тексеріс сапалы немесе атрибутивтік деп аталады. Сәйкестікке бақылау мысалдары ретінде басшылықтың материалдық құндылықтарды және шетел ұйымдарының қызметін төлеуге санкциялар, есепте өнімді өтеу бойынша операцияларды көрсетуді жазылған шот-фактураларға, тиеуге накладнойларды салыстыру жолымен толықтығын анықтау сияқты ішкі бақылау элементтерін тексеру бола алады.
Мәні бойынша теріп тексеру міндеті шоттар бойынша жеке операциялар, айналымдар мен қалдықтар бойынша нақты сомаларды есептеу дұрыстығын бағалаудан тұрады. Мұндай тексеріс сандық деп аталады. Мысалы, шоттар бойынша, алғашқы құжаттардағы жазулар бойынша айналымдар мен қалдықтарды растау, үшінші жақтан растау алу.
Терме көлемін анықтаған кезде аудитор терме тәуекелін және терменің мүмкін қатесін бекіту керек. Терме тәуекелі – аудитордың терме мәліметтері мен барлық тәуекелді зерттеу негізінде жасалған сұрақтары бойынша ойларында айырмашылық болуы мүмкін. Терменің мүмкін қатесі таңдалған мәнділік деңгейіне байланысты аудитті жоспарлау сатысында анықталады.
Терме мөлшері мүмкін қате шамасымен анықталады, оның көлемі кем болған сайын, қажетті терме көлемі жоғары болады.