АУДИТТІ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

АУДИТТІ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
Аудиторлық тексеріске келісім-шарт жасаған кезде аудиторлық қызметінің құнын бағалау маңызды болып табылады. Ол жұмыс көлеміне және оның күрделілігіне сәйкес анықталады. Егер клиент соманың негізделгендігіне күмәнданса, оның шамасын сәйкес есептеулермен күшейту керек. Келісілген сома аудиторлық тексеріс жүргізуге келісішартта көрсетіледі.
Аудиттің көлемі клиентпен жасасқан келісім шарт және қолданыстағы заңдылықпен анықталады. Аудитор клиенттің қаржылық-шаруашылық қызметі жөнінде жан-жақты хабардар болуы керек.
Аудиторлық тексерісті жоспарлау алдын-ала талдау, ішкі бақылау және алдағы жұмыстардың масштабын бағалау негізінде іске асырылады.
Аудитор сарапшыларды іске тарту қажеттілігін, тексеріс барысында пайдаланылатын процедураларды анықтайды.
Аудитор қаржылық есеп беруге әсер ететін қателіктердің пайда болу мүмкіндігін анықтау үшін, ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесіне баға беруі керек.
Аудиторлық тексеріс – бұл құжаттарды жүргізу мен жасау тәртібі, аудиторлық процедураларды жүргізу тән қатаң ұйымдастырылған үрдіс, оған белгілі-бір кезеңдер, оны жүргізу бірізділігі және құжаттар рәсімдеу тәртібі тән. Практикада қаржылық есеп беруді аудиттаудың белгілі бір кезектілігі жасалады. Аудиттің келесі кезеңдері бар:
1. Аудитталатын субъектімен танысу
2. Аудитті жоспарлау
3. Аудиттің өзі
4. Аудит нәтижелері туралы есеп беруді жасау.
1-кезең. Аудитталатын субъектімен танысу. Танысу екі тәсілмен болуы мүмкін:
— субъектіге барғанға дейін
— барған уақытта (тікелей танысу)
Ең алдымен, аудитор аудитті жүргізуге клиенттің ұсынысын қабылдауға құқығы бар. Сондықтан ол клиент немесе оның бизнесі қаншалықты қатерлі екенін анықтау керек. Әдетте кейбір жағдайлар немесе оқиғалар алаяқтық немесе қателер қатері дәрежесі туралы ақпарат береді. Ондай жағдайлар:
— басқарушы тек бір тұлға, бақалау кеңесі мен комитетсіз;
— кадрлардың ағымдылығы, әсіресе бухгалтерлік, қаржылық қызметкерлердің, материалды-жауапты тұлғалардың;
— бухгалтерия штатының жинақталмағандығы;
— заң кеңесшілері мен аудиторлардың жиі ауысуы.
Кейде тек өкілетті тұлғалардың бір-бірімен келісіп алуы жеткілікті.
2-кезең. Аудитті жоспарлау 7 «Жоспарлау» стандартына сәйкес жүргізіледі. Аудитті жоспарлау бухгалтерлік есеп беру және ішкі бақылау тиімділігінің жағдайы туралы қажетті ақпаратты алуды және орындалуға тиісті бақылау процедураларының мазмұнын, өткізу уақытын және көлемін анықтауды қамтамасыз ету керек. Бұл аудиттің жалпы жоспарында және бағдарламасында көрсетілуі керек.
Аудитор аудиттің жалпы жоспарының элементтерін және аудит бойынша белгілі-бір процедураларды бухгалтериямен, кәсіпорын басшылығымен аудиттің тиімділігі мен нәтижелілігін жақсарту үшін, өзінің әрекетін субъект қызметкерлерінің жұмысымен шоғырландыру үшін талқылай алады.
Аудиттің жалпы жоспарын жасау үшін келесі сәттерді ескеру керек:
— клиент бизнесімен танысу;
— субъектінің бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесін түсіну;
— тәуекел және мәнділік;
— процедуралардың сипаты, мерзімі және көлемі;
— қызметкерлер жұмысын шоғырландыру, басқару, және тексеру (аудитті жүргізуге басқа тұлғаларды, аудиторларды, эксперттерді тарту, бөлімшелер аудитін жүргізу);
— басқа да сұрақтар тізімі.
Аудиттің жалпы жоспарында қарастырылған шаралар аудит бағдарламасында дамытылады.
Аудит бағдарламасы – бұл аудитке тартылған көмекшілер үшін нұсқаулар, сонымен қатар аудиторлық процедураларды орындауға бақылау құралы.
4-кезең. Аудиторлық қорытынды. Аудит есебінің қорытынды бөлімінде аудит қорытындысын жасау қажет Оның негізгі мақсаты субъектінің қаржылық есебінің дұрыстығын, оның мемлекет заңына, нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сәйкес жасалғандығын көрсету. Қаржылық есеп туралы басқа нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анықтамалар, сараптау қорытындылар арқлы көрсетеді. Аудит стандартының талабына сәйке аудит қорытыныдысының түрі мен мазмұны бір жүйеге келтіріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *