АУДИТОРЛЫҚ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР
Аудитор аудиторлық пікір білдіруге негіз болатын қорытындыларды қалыптастыру мақсатында жеткілікті мөлшерде тиісті аудиторлық дәлелдер алуы тиіс.
Аудиторлық дәлелдер әдетте қаржылық есептегі әрбір ұйғарымдар бойынша алынады. Аудиторлық дәлелдердің сенімділігі жекеше жағдайларға тәуелді болатына қарамастан төмендегідей қорытындылар олардың сенімділігіне баға беруге көмек жасауы мүмкін:
— сырт көздерден (мысалы үшінші жақтан алынған бекітуші құжаттамалар) ішкі көздерден алынған құжаттамалардан әлдеқайда сенімді саналады;
— ішкі көздерден алынған аудиторлық дәлелдер, бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелері тиімді болған жағдайда өзгеден сенімді саналады;
— аудитордың тікелей өзі алған аудиторлық дәлелдер субъект тарапынан алынған дәлелдермен салыстырғанда әлдеқайда сенімді саналады;
— құжаттар қабылданғандағы және жазбаша ұсынымдар негізіндегі аудиторлық дәлелдер ауызша формадағыдан сенімді саналады.
Егер де аудиторлық дәлелдер әрқилы көздерден немесе әртүрлі сипаттағы көздерден жиналса және рет-ретімен жинақталса әлдеқайда сенімді саналады.
Аудиторлық дәлелдемелердiң белгiлi түрлерi өзгелерiмен салыстырғанда барынша сенiмдi болады, әдетте аудиторлық байқау тек сұрау салуға қарағанда барынша сенiмдi аудиторлық дәлелдемелер бередi. Мысалы аудитор бақылау процедураларын қолданушы адамдарды бақылау, немесе тиiстi қызметкерлерге сұрау салу арқылы мiндеттердiң дұрыс бөлiнуi туралы аудиторлық дәлелдемелер ала алады. Алайда байқау сияқты бақылау тестiнiң көмегiмен алынған аудиторлық дәлелдемелер тек процедураны қолдану сәтiне қатысты. Аудитор бұл процедураларды өзге уақыт кезеңдерiне қатысты аудиторлық дәлелдемелер беретiн басқа да бақылау тестерiмен толықтыруды қажет деп табуы мүмкiн. Аудиторлық дәлелдемелердiң сәйкестiгiн анықтау кезiнде iшкi бақылау қаупi туралы қорытындыларды растау мақсатында аудитор алдыңғы тексерулер барысында алынған аудиторлық дәлелдемелердi ескере алады. Жылдан жылға жалғасып келе жатқан жобада аудитордың бұрыннан алынған бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылау жүйелерi туралы мәлiметтерi болады, алайда оған алған бiлiмiн жетiлдiру және бақылаудағы кез келген өзгерiстер жөнiнде қосымша аудиторлық дәлелдемелер алу қажеттiгi туралы мәселенi қарау керек болады. Алдыңғы тексерулер кезiнде атқарылған процедураларға жүгiнбес бұрын, осы сенiмнiң пайдасына аудиторлық дәлелдемелер алу керек. Аудиторға өзiнiң алдындағы аудиторлар уақытына қатысты бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылау жүйелерiнiң кез келген өзгерiстерiнiң сипатына, мерзiмi мен дәрежесiне байланысты аудиторлық дәлелдемелердi алу және соларға сенiм дәрежесiн бағалау керек. Мұндай процедураларды атқарған кезден берi өткен уақыт қаншалықты ұзақ болған сайын олардың сенiмдiлiк дәрежесi де кеми түседi.