ІШКI БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРI

ІШКI БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРI
Аудиторлық көзқараспен ішкі бақылау жүйесі тиімділігін бағалау – бұл экономикалық субъектінің күшті және әлсіз жақтарын бағалау.
Ішкі бақылау жүйесі келесі жағдайларда тиімді болып саналады.
Ішкі бақылау жүйесі келесі жағдайларда тиімді болып саналады:
— ол сенімсіз ақпараттың пайда болуының алдын алады;
— сенімсіз ақпарат пайда болғанда, шектеулі уақыт шегінде сенімсіздігін анықтайды.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау аудиторлық бағалау мен жоспарлау үшін қажет. Егер ішкі бақылау жүйесі аудитормен тиімді деп бағаланса, онда ол тексеріс көлемңн төмендете алады, кейбір жағдайларда тексерісті өткізбеуге де болады.
Бухгалтерлiк есеп жүйесiне қатысы бар iшкi бақылау мынадай мақсаттарға жетуге жағдай туғызады:
1) басшылықтың жалпы және арнаулы өкiмiмен операцияларды iске асыру;
2) белгiленген талаптарға сай қаржы есептiлiгiн даярлауға мүмкiндiк беру үшін барлық операциялар мен өзге оқиғаларды тиiстi есептерде және тиiстi есептi кезеңдерде дәл сомада уақтылы есепке алу;
3) активтер мен жазбаларға тек басшылықтың өкiмi бойынша қол жеткiзу мүмкiндiгi;
4) есептелген активтердi қолда бар активтермен белгiлi бiр уақыт аралығында салыстыру, ал барлық сәйкессiздiкке қатысты тиiстi шаралар қабылдау.
Бухгалтерлiк есеп пен iшкi бақылау жүйесi, оларға тән шектеулердiң болуына байланысты, басшылыққа iшкi бақылаудың алдына қойылған мiндеттердiң орындалғанына сенiмдi дәлел бере алмайды. Ондай шектеулерге мыналар енедi:
1) басшылықтың әдеттегi талабы iшкi баәылауға жұмсалған шығынның күтiлетiн пайдалы тиiмдiліктен аспауына саяды;
2) ішкi бақылаудың процедураларының көбi әдеттен тыс сипаттағы емес, әдеттегi операцияларға бағытталған;
3) адамдық фактор салдарынан қате жiберу мүмкiндiгi (салақтық, алаңғасарлық, пайымдау қателiгi, кейбiреудiң нұсқауды дұрыс түсiнбеуi);
4) басшылық мүшесiнiң немесе қызметкерлердiң сыртқы жақтармен немесе субъектiнiң iшiнде өзара келiсу жолымен iшкi бақылау процедурасынан тайқақтау;
5) iшкi бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адамның өз қызмет бабын пайдалануы, мысалы iшкi бақылау процедурасын сақтауға мән бермейтiн субъект басшылығы мүшесi;
6) шарттардың өзгеруiнен процедуралардың талапта жауап бермеуi, содан барып процедураны сақтаудың бұзылу мүмкiндiгi.
удиттi жоспарлау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру мақсатында аудитор бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылау жүйелерi туралы түсiнiк ала отырып, бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылау жүйесiн ұйымдастыру, сондай-ақ олардың жұмысы жайында бiлiм алады. Мысалы аудитор есеп жүйесi арқылы бiрнеше операцияны тексеретiн толассыз тестi орындай алады. Егер iрiктеп алынған операциялар бухгалтерлiк есеп жүйесiне тән болса, онда бұл процедура бақылау тестiнiң бiр бөлiгi саналуы мЇмкiн. Аудитор орындайтын толассыз тестiң сипаты мен көлемi сондай, кейде олар iшкi бақылау қаупiн бағалау үшiн тиiстi, жеткiлiктi дәрежедегi аудиторлық дәлелдеменi қамтамасыз ете алмауы мүмкiн.
Аудитордың бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылау жүйелерi туралы түсiнiк алу мақсатында атқарған процедураларының сипаты, мерзiмi және көлемi өзге факторлармен қатар, мыналарға байланысты:
1) субъектiнiң құрылымы мен оның компьютер жүйесiнiң көлемi мен күрделiлiгi;
2) мәндiлiк түсiнiгi;
3) қолданымдағы iшкi бақылау типi;
4) субъектiнiң iшкi бақылау бойынша құжаттарының сипаты;
5) ажырамайтын қауiптiң аудиторлық бағасы.
Әдетте аудитордың аудит үшiн жеткiлiктi бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылауды түсiнуi алдын-ала тәжiрибе арқасында қалыптасады және төмендегiлермен толықтырылуы мүмкiн:
1) басшылықтың тиiстi мүшелерiнен, субъектiнiң бақылаушы және басқа ұйымдастырушылық дәрежедегi қызметкерлерiнен сұрап бiлу түрлi нұсқаулар, блок-схемалар сияқты клиент құжаттарына жүгiну;
2) бухгалтерлiк есеп және iшкi бақылау құжаттары мен жазбаларын тексеру;
3) компьютерлiк операцияларды ұйымдастыру, басшылық құрам және операцияларды өңдеу сипатына бақылауды қоса алғанда, субъектiнiң қызметi мен операцияларына бақылау жасау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *