Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау.

Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтары әртүрлі құқықтық салалармен: қылмыстық, әкімшілік, қаржы және басқа салалармен қорғалады. Мүліктік құқықтарды қорғау жүйесінде азаматтық құқық маңызды рөл атқарады, себебі мүліктік құқық құқықтың бұл саласының тікелей объектісі болып табылады. Сонымен қатар азаматтық құқықтың өзі меншік құқығы мен заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды. Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің, заттық құқық иесінің құқықтары деп қорғауды кең мағынада алсақ, ол азаматтық құқықтардың барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырылады. Меншік құқығы мен өзге заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық принциптеріне, қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективтік азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады. Азаматтық құқықтың тар мағынасында алсақ, меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз- азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары.Қорғаудың заттық –құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқытарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.Меншік құқығын, қорғаудың заттық –құқықтық тәсілі ретінде тану дегеніміз – меншік иесінің мүлікті қайтару немесе басқа кедергілерді жою туралы, иеліктен айырумен байланысты емес нақты талаптар қойылмаған даулы мүлікке меншік құқығының өзіне тиесілі екендігін басқа адамдардың алында түсіндіру керектігі туралы шарттан тыс талабы. Меншік құқығын тану туралы талапты құқығын өзімен міндеттемелік немесе басқадай салыстырмалы қатынастарда емес басқа адамдар даулаған, теріске шығарған немесе мойындамаған, жеке-белгілі бір заттың меншік иесі қоюы мүмкін.меншік иесінің талабы, бұл ретте, барлық азаматтардың меншік құқығын бұзбауын, оның ішінде ол құқықты тануын міндеттейтін абсолюттік құқықтың мәніне негізделуі тиіс.меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде тану туралы талап қоюдың қажетті шарттарының бірі-құқық бұзудың ұзаққа созылу сипаты. Құқық бұзушылық тоқтаған жағдайда меншік иесінің өз мүлкін пайдалану немесе оған билік ету құқығына кедергі келтірген басқа адамдардың заңсыз әрекеттерінен келген зиянды төлету әдістермен қорғалады. Сондықтан, меншік құқығын тану туралы талапқа ескіру мерзімі таралмайды.
Меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері әрқилы болып келеді. Әдетте, қорғаудың ұндай тәсілдері меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғағанда ғана емес, сонымен қатар, азаматтыр мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктін құқықтары мен мүдделерін қорғағанда да қолданылады (мысалы, азаматтық құқытарды қорғаудың меншік иесінің мүлкіне келген шығынды өеуге қатысты тәсілдері; мәмілені, меншік құқығын немесе өзге заттық құқықты тоқтатудың негізі ретінде заңсыз деп тану және т.б.)Сонымен қатар меншік иесінің және өзге заттық құқық иесінің құқытарын қорғаудың кейбір ерекше міндеттемелік –құқықтық тәсілдері бар, олар заттық-құқықтық тәсілдермен қатар меншік құқғын және өзге заттық құқықты қрғаудың міндеттемелік – құқықтық (міндеттемелік) тәсілдеріне жатады. Мысалы, меншік құқығын немее өзге заттық құқықты қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдеріне қорғаудың мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқығын бұзатын актілерін заңсыз деп тануға және мұндай актілерден келген шығынның орнын толтыруға бағытталған тәсілдері жатады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *