Заңды тұлғалардың меншік құқығы.
Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз заңды тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және билік ету жөніндегі заң құжаттарында танылған және қорғалатын құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншік құқығы, азаматтардың жеке меншіктерімен қатар, жеке меншік түрі болып табылады. Көбіне азаматтық-құқықтық мәміле мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымы заңды тұлғалардың меншік құқығының туындауына негіз болады. Бірақ меншік құқығы басқадай заңды негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Мысалы, өрндіру, құқық мирасқорлық, мерзім көнелігі, олжа табу нәтижесінде. Заңды тұлғаның меншік құқығы оны тіркеген кезден (тіркеу туралы куәлік алғаннан) бастап туындайды және заңды тұлға тарап, мемлекетік тіркеуден шығарылған кезден кешіктірілмей тоқтайды.заңды тұлғаның меншік құқығының объектілері оның дербес балансында көрініс табады. Сондықтан да, мүліктің балнста болуы оның меншік құқығында баланс иесіне тиесілі екендігін білдіреді.меншіктің туындауының әрбір тәсілі ерекше процедурамен ресімделеді. Мысалы, заңды тұлғалар қосылғанда, біріккенде және қайта құрылғанда мүлік (құқық және міндеттер) меншікке өткізу актісінің негізінде меншікке өтеді.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншік құқығының субъектілері болып табылады. Мемлекеттік заңды тұлғалар меншік иелері бола алмайды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мүліктің меншік иесі – мемлекет. Мемлекеттік меншіктегі мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Мемлекеттік емес мекемелер де мүліктің меншік иесі бола алмайды. Оларды меншік иесі (меншік иелері) қаржыландырады, олар мүлікке оралымда басқару құқы арқылы ие. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар коммерциялық (өз қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін) және коммерциялық емес (қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздемейтін және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін) болып бөлнеді. Коммерциялық заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және өндірістік кооперативтер жатады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар тізбесі толықтай аяқталған емес. Оларға жататында: қоғамдық және діни бірестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар және тек заң құжаттарында анқталуы мүмкін басқа ұйымдар.
Шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, кооперативте, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалардың бірлестіктері (қауымдасты, одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар – оралымды басқару және шаруашлық жүргізу.негізнде иемденеді. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығы. Құрылтайшылардың (қатсушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойнша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестігінің жарғы капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалыдқ қызмет нәтижесіне құқық, және басқа мүлік болуы мүмкін. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғы капиталына заттай формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісіміммен немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша түрінде бағаланады.