Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу
.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. ҚР қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттік аса маңызды міндеттерінің біріне жатады. Әрі Қазақстанның бүкіл халқының ісі болып табылады. ҚР қорғау ұлтына және әлеуметтік тегіне, тұратын жеріне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, жұмысының түрі мен сипатына, саяси және өзге де нанымына, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге жататындығына қарамастан ҚР-ның жалпыға бірдей әскери міндеттілік мыналарды қамтиды: азаматтарды әскери қызметке даярлау; шақыру учаскелерін тіркеу; әскери қызметке шақыру; әскери қызметтен өту; запастағы қызмет; запаста жаттығу жиындарынан өту; соғыс кезінде азаматтарды жалпыға бірдей міндетті әскери үйрету. Осы заңның орындалуын ҚР азаматтарына, орталық мемлекеттік басқару органдарына, жергілікті өкімет пен басқару органдарына, оқу орындарына, қоғамдық бірлестіктерге, бағышыштылығымен меншік түріне қарамастан кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға жүктеледі. Әскери міндеттіліктен мына азаматтар босатылады: 16 жасқа толмаған және 50 жастан асқан ер адамдар; 18 жасқа толмаған және 40 жастан асқан әйел адамдар. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік ҚР аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жүктелмейді. Жалпыға бірдей әскери міндетке қатынасы бойынша ҚР-ның азаматтары мынадай категорияларға бөлінеді: шақыруға дейінгілер 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; шақырылушылар шақыру учаскелеріне тіркелген 18-ден 27 жасқа дейінгі жастар; әскери қызметшілер әскери қызметтен өтуші азаматтар; әскери міндеттілер запастағы азаматтар; әскери міндетті еместер; әскери есепке алынбағандар немесе одан шағарылған азаматтар; денсаулық жағдайына байланысты; денсаулық жағдайы мен жасы бойынша әскери қызметтен өтуге жарамды ҚР-ның азаматтары; осы заңмен белгіленген жасқа жеткенде шақырушылардың әскери есебіне тұруға; әскери комиссариаттық шақыру бойынша шақыру учаскелеріне тіркелу, медициналық куәландырудан өту әскери мамандық алуға арнап даярлыққа жідеру, әскери қызметке немесе жиынға шақыру үшін келуге; әскери қызметтен даярлықтан, әскери қызметтен өтуге және запастағы әскери міндетті орындауға. ҚР Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша тиісті әскери мамадыққа ұқсас мамандығы бар әйелдер әскери есепке тұруы тиіс. Әйелдер бейбітшілік кезінде әскери қызметке шарт бойынша ерікті түрде кіре алады. Әскери есепте тұрған немесе жалпыға бірдей әскери үйретуден өткен әйелдер соғыс кезінде ҚР Президентінің шешімімен әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Шақырушылар мен шақыруға дейінгілерді әскери қызметке даярлау мыналарды қамтиды: шақырушыларды әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау; жоғарғы оқу орындарының студенттерін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлау; моральдық-психологиялық даярлау; дене даярлығы; емдеу-сауықтыру жұмысы деңгейін арттыру; патриоттық тәрбие. Шақыруға дейінгілер мен шақырылушыларды әскери қызметке даярлау ҚР Үкіметінің басшылығымен ұйымдастырылады және оны ҚР министрліктері мен ведомстволары, жергілікті өкілді және басқару органдары жүргізеді. Республикада шақыруға дейінгілерді әскери қызметке даярлауды ұйымдастыруды, жүргізуді және олардың нәтижелерін бақылауды шақыруға дейінгілерді даярлықты бағдарламалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді ҚР Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және лқу орындарының басшалары шақыруға дейінгілер мен шқырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Шақырушыларға дейінгі даярлыққа 16 жасқа толған денсаулық жөніндегі әскери қызметке жарамды жасөспірімдер тартылады. «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР заңын орындауға байланысты шараларды қаржымен және материалдық жағынан қамтамасыз ету мемлекетке тапсырылады. Жергілікті өкіметпен басқару органдары азаматтарды тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде медициналық жағынан куәландыру шақырылғандарды әскери бөлімдерге жөнелту үшін әскери комиссариаттарды жабдықталған шақыру пункттерімен дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен, автокөлікпен қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға міндетті. Қажетті мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлер, сондай-ақ қызмет көрсетуші адамды бөледі. Соғыс кезі жағдайында жұмылдыру жоспарын орындау үшін жергілікті өкімет пен басқару органдары және солардың шешімі бойынша бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары бейбітшілік кезінде әскери комиссариаттармен бірге әскери міндеттілерге хабар берумен, оларды жинау учаскелерін, сондай-ақ техника пункттерін құрады. Олар жұмыс орнын міндеттерді орындаудан босатпай адам құрамымен жасақтайды және олардың кәсіптік мамандақ алуына жәрдемдеседі. Шақыруға дейінгілерді шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссияларына, шақыру комиссияларының мүшелеріне медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсетуші адамдарға осы міндеттерді орындаған барлық уақытқа жұмыс орнына атқарған қызметі және орташа табысы сақталады. Егер аталған міндеттердің орындау тұрғылықты жерінен кетуіне байланысты болса, онда әскери комиссариаттар оларды тұрғылықты жерінен жұмыс орнына барып, бару қайтуына, тұрғын жай жалдауына жұмсаған шығындарын өтейді және қызмет іссапары үшін белгіленген нормалар бойынша тәулікақы төлейді. Жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға және әскери қызметтен өтуге байланысты шараларды қаржымен және материалды жағынан қамтамасыз етуге міндетті. Ол ҚР Қорғаныс министрлігінің қаржысы есебінен жүргізіледі. ҚР Министрлер кабинеті «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР-ның заңын қолдану тәртібі туралы қажетті нормативті актілер қабылдап, әскери қызметте өту мәселелері жөніндегі нормативтік актілерді заңға сәйкес сәйкестендірді. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ҚР Президентінің Жарлығы негізінде жылына екі рет, сәуір- маусымда және қазан-желтоқсанда өткізіледі. ҚР жарлығы баспасөз бетінде жарияланады. Бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен оқу орындарының басшылар шақырушылардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтмасыз ету үшін оларды іссапардан кері шақырып алуға міндетті. Азаматтардың әскери комисариаттар белгілеген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеуіне: -еңбек қабілетін жоғалтумен байланысты науқастану; -жақын туысының нмесе азаматтың өзінің келу мүмкнідігін болғызбаған басқа да жағдайлар дәлелді себептер деп танылады. Келмеудің себептері тиісті құжаттармен расталуы тиіс. ҚР-ның уақытша шетелде тұратын ер жынысты азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды олардың кейінге қалдыру құқығы бар. Олар ҚР-дағы тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келген соң осы заң белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Әр жылы қаңтар-наурыз ішінде тіркелктін жылы 17 жасқа толатын азаматтар шақыру учаскелеріне тіркеледі. Тіркеуді тұрғылықты жер бойынша аудандық, қалалық комиссариаттар жүргізеді. Азаматтар мен лауазымды адамдардың жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылығы әскери комиссариаттың шақыруы бойынша дәлелді себепсіз көрсетілген мерзімде келмеген азаматтар әскери міндетті орындаудан жалтарған деп есептеледі және ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуға жатады. Азаматтар дәлелді себепсіз әскери есеп ережелерін бұзғаны үшін ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Жергілікті органдарының меншік түрі мен бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің, оқу орындарының лауазымды адамдары заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР заңдарына сәйкес материалдық, әкімшілк және қылмыстық жауапқа тартылады.
2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары. Ішкі істерді басқару – заңдарға, ҚР Президентінің жарлықтарына, Үкімет қаулыларына негізделген мемлекеттің құзыретті органдарының қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; азаматтардың , қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бағытталған атқарушылық-өкімдік қызметі Ішкі істерді басқару мен қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп арасында тікелей байланыс бар. Нормативтік-құқықтық актілерде көбінесе «қоғамдық тәртіп» деген ұғым қолданылатындықтан, қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіп арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет. Қоғамдық тәртіп тек қана құқық нормаларын емес, сонымен қатар мораль, дәстүр, салт нормаларын қолдану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады. Қоғамдық тәртіптің негізін азаматтық қоғам мен құқықтық нормаларда бекітілетін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары құрайды. Ал құқықтық тәртіп болса тек құқықтық нормалармен қамтамасыз етіледі. «ҚР Ішкі істер органдары туралы» ҚР заңына сәйкес аталған орагандардың қызметі қоғамдық тәртіпті қорғаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, құқық бұзушылықтарды және басқа да адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды ескерту және олардың алдын алумен байланысты. Ішкі істер аясында жалпы басқаруды Президент пен Үкімет жүзеге асырады. ҚР Президенті мемлекет басшысы бола тұра қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау бойынша шаралар көлемін анықтайды. ҚР Үкіметі мемлекет қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қызметін реттейді. Ішкі істерді басқарудың орталық атқарушы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады. Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі бірнеше ұйымдық-құқықтық нысанда жүзеге асырылады:: әкімшілік; жедел іздестіру; қылмыстық іс-жүргізушілік; бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды орындау бойынша қызмет. Жергілікті әкімшілік өз өкілеттігі шегінде: Ішкі істер органдарын басқаруды жүзеге асыру; Аталған органды жергілікті бюджет есебінен қаржыландырады; Ішкі істер күштерін табиғи апат тұсында пайдаланады; Қылмыстық-атқарушылық мекемелер мен органдар жүйесінің жұмысына көмектеседі; Жергілікті бюджет есебінен қаржы бөліп, қосымша ұйымдар ашуға көмектеседі; Бөлімше қызметкерлерін жұмыс орны, байланыс құралдары, жиһаз, көлікпен қамтамасыз етеді. Ішкі істер аясында жалпы басқаруды Президент пен Үкімет жүзеге асырады. ҚР Президенті мемлекет басшысы бола тұра қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау бойынша шаралар көлемін анықтайды. ҚР Үкіметі мемлекет қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қызметін реттейді. Ішкі істерді басқарудың орталық атқарушы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады. ҚР Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалаудағы шаралар» атты Жарлығына сәйкес Ішкі істер министрлігінің жанынан криминалдық және әкімшілік полиция ашылды. Криминалды полицияға жүктелген міндет: қылмысты ескерту, болдырмау, ашу үшін тергеу жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік полиция азаматтар қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау, ескерту, жасы жетпегендермен жұмыс, патрульді-бекеттік және т.б. қызметтерді жүзеге асырады. Ішкі қарулы күшті басқару ҚР Ішкі істер министрлігіне берілген. Ішкі қарулы күштітің мақсаты әскери міндетті атқарумен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді қорғау, еңбекпен түзету мекемелеріндегі жұмыс, азаматтардың құқықтарын қорғау.
3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару қоғамға, мемлекетке бағытталған ішкі және сыртқы қауіпті ескертуге және алдын алуға байланысты қоғамдық қатынастардың кең кешенін қамтиды. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі екі басқа түсінікпен тығыз байланысты, атап айтқанда: мемлекеттік қауіпсіздікпен және қоғамдық қауіпсіздікпен. Сонымен ұлттық қауіпсіздік – бұл қоғамдық және мемлекеттік институттардың әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы қауіптерден қорғалу жағдайы. Ұлттық қауіпсіздік элементтері – бұл онымен қорғалатын объектілер. Оларға жеке тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның саяси жүйесі, мемлекеттің егемендігі, аумақтық біртұтастық, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс потенциалы. Ұлттық қауіпсіздік элементтеріне келесі аса қауіпті қылмыстар қол сұғады: терроризм; ұлтаралық даулар (конфликттер); санкцияландырылмаған шерулер мен демонстрациялар; әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің заңсыз қызметтері; шет мемлекеттердің агрессорлық саясаты; үлкен табиғи апаттар; экологиялық проблемалардың ушығуы. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері (облыстық басқармалары және т.б.), әскери қарсы барлау органдары, арнаулы бөлімшелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері құрады. Берілген жүйенің басты органы болып Президентпен құрылатын және орталық атқарушы органдардың құрылымына кірмейтін Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылады. Комитет Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайтын төрағамен басқарылады. Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері болып: тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; барлаулық ақпаратты алу; шер мемлекеттердің барлау қызметінің алдын алу; террористік және т.б. Конституцияға қарсы қызметті болдырмау; қылмыстардың бөлек категорияларын ашу және тергеу; мемлекеттік органдарды арнайы байланыспен қамтамасыз ету табылады. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері (облыстық басқармалары және т.б.), әскери қарсы барлау органдары, арнаулы бөлімшелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері құрады. Берілген жүйенің басты органы болып Президентпен құрылатын және орталық атқарушы органдардың құрылымына кірмейтін Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылады. Комитет Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайтын төрағамен басқарылады. Заңға сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне отанға опасыздық жасау, шпиондық, террорлық актілер, контрабанда және т.б. қылмыстық істерді ашу және тергеу жүктелген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бүкіл қызметі әр түрлі басқару органдары, сонымен қатар құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты жүзеге асырады. Ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметін жүзеге асырған кезде мемлекет, адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тікелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртіппен ғана шектелуі мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік органдары мен олардың қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне Ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады. Ұлттық қауіпсіздік органдары заңмен белгіленген шектерде әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Ұлттық қауіпсіздікті құрайтын әрбір элементке мемлекеттің құзыретті органдары қызметтің белгіленген бағыты сәйкес келеді. Қарастырылған бағыттардан бөлек келесілерді атап көрсетуге болады. Шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен мекемелерінің барлаулық қызметін болдырмау. Берілген міндет тек қана мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша шаралармен шектелмейді, себебі шетелдік арнайы қызметтердің агенттерін белсенді және мақсатты ашуды талап етеді. Аталған қылмыстарды тергеу Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу аппаратымен жүзеге асырылады. ҚР мүдделері үшін барлау қызметі. Оны жүргізудің қажеттілігі әртүрлі мемлекеттердің мүдделерінің арасындағы қайшылықтарға байланысты. Халықаралық аренада мемлекеттің беделін және қауіпсіздігін нығайту мәселесі түрлі тәсілдермен шешіледі. Барлау қызметі халықаралық процестердің дамуын болжауға, ғылыми, экономикалық және т.б. салалардағы негізгі жетістіктерді білуге мүмүкіндік береді. Мемлекеттік шекараны қорғау. Қазіргі заңнама мемлекеттік шекараны қорғауды бұрынғы КСРО –дай Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттеріне жатқызбайды. Қазір шекара әскерлері арнайы комитеттің құрамына кіред, бірақ соңғысы ақпараттық және болжаулық көмек алу жолымен Ұлттық қауіпсіздік органдарымен қатынаста болады. Терроризммен күрес. Терроризм тұлға мен қоғамға қауіп төндіретін ең ауыр қылмыс болып табылады.сондықтан террористік актілердің алдын алу Ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген. Бұл міндетті орындау үшін органдар құрылымында арнаулы бөлімшелер құрылады. Ел ішіндегі Конституцияға қарсы құрылымдармен күрес. Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп тек қана сыртқы емес, сонымен қатар ішкі сипатта болуы мүмкін. Соңғы жағдайда қоғам мекемелермен және тұлғалармен істі болады. Аталғандардың қызметі ҚР конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталады. Саяси процестің қатысушыларының қызметіне тек қана олар Конституцияны және республика заңдарын бұзған кезде құзыретті органдар жедел түрде араласады.
4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Әділет министрлігі мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы, атқарушы орган. Әділет министрлігінің негізгі мақсаты: саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми, тәжірибелік істегі заң жобаларын бекітіп, орнығуына ықпал ету, құқықты, криминалды-сараптауды қамтамасыз ету, қабылдаған заңдардың, заң жобаларының болашақта іске асуын болжай білу. Әділет министрлігінің басты мақсатын ескере отырып, оның құрамына кіретін бөлімшелердің міндеттері мыналар: бақылау-ұйымдастыру; заңды тұлғаларды тіркеу; сот жұмысын ұйымдастыру; халықаралық құқықты қамтамасыз ету; заңды қызмет көрсету, құқықтық тәрбие беру; заң актілерін жүйелеу; норариат, АХАЖ, адвокатура жұмысын реттеу; атқару өндірісі және өтініштер мен шағымдарды қарау және т.б. болып табылады. Әділет министрлігінің жүйесіне кіретіндер: сот сараптау орталығы; Әділет министрлігінің заң шығарушы институты; Құқықтық хабарлаудың республикалық орталығы; Білім жетілдіру институты; Ұлттық заң комитеті; «Жеті Жарғы» баспасы; заң акционерлік компаниясы Адам өмірге келуі, өлуі, некеге тұруы, ажырасуы, бала асырап алу, аты-жөнін өзгерту – мемлекеттік органдармен тіркелген уақыттан бастап заңды маңызға ие болады. Мұндай оқиғаларды – хал актілерін тіркеу орындары жүзеге асырады, олар жергілікті атқарушы органдар құрамына кіріп, жергілікті әкімшілік-аумақтық әкімшілікке бағынады. Өз әрекетін жүзеге асыруда хал актілерін тіркеу органдары Әділет минстрлігі бекіткен ережені басшылыққа алады және мынадай міндеттерді жүзеге асырады: некеге отырғызу, туған баланы тіркеу, қайтыс болған адамды тіркеу; ҚР азаматтарының аты-жөнін өзгерту; Жоғалған куәліктерді қалпына келтіру; қажетті құжаттарды сақтауды ұйымдастыру; хал актілерін уақытында тіркеу үшін емдеу орындары мен есеп жүргізуші органдармен бірігіп қызмет жасайды. Азаматтардың хал актілерін тіркеу негізінде тиісті құжаттар беріледі. Мұндай функцияларды шет елдерде ҚР елшілік өкілдері жүзеге асырады. ҚР-ғы нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ «Нотариат туралы» ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру ға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі. Нотариат қызметінің құқықтық негіздері: ҚР Конституциясы; ҚР «Нотариат туралы» заңы; ҚР Азаматтық кодексі; Нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдар. Нотариус мынадай әрекеттер жасайды: мәмілелерді куәландырады; шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландырады; мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады; мұралық құқық туралы куәліктер береді; ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар адамдардың мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беріледі; мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды; құжаттардың көшірмелерімен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады; құжаттарға қойылған қолдың түп нұсқасын куәландырады; құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады; азаматтардың тірі екендігі фактісін куәландырады; азаматтардың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады; құжаттардың берілген уақытын куәландырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа және жеке тұлғаларға береді; ақша салымдары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды; орындау қағазын жазады; вексель наразылықтарын жасайды; сақтауға құжаттар қабылдайды; теңіз наразылықтарын жасайды; дәлелдемелерді қамтамасыз етеді. ҚР-ғы адвокатура азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясында баяндалған құқығын жүзегеасыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және т.б. істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарымен заңды қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөнінде адвокаттардың қызметін ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы. Жоғары заң білімі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, сондай-ақ босатылған күннен бастап бір жыл бойы – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін құқық қорғау органынан босатылған адам адвокат бола алмайды. Бақылау сұрақтары: Құқықтық тәртіп дегеніміз не? Қоғамдық тәртіп дегеніміз не? Ішкі істер органдарының жүйесі мен мақсаттары қандай? Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіптің қандай айырмашылығы бар? Нотариалдық қызметті ұйымдастыру. Адвокатура қандай қызмет атқарады?