Әкімшілік процессуалдық қызмет

 

Әкімшілік процессуалдық қызмет

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны ӘҚБтК-ке сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, снодай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі ӘҚБтК-пен реттеледі және айқындалады. Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі ӘҚБтК-тің ережелерімен және ҚР-ның Қылмыстық іс-жүргізу кодексі мен ҚР-ның Азаматтық іс-жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушы адамдардың, сол істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) міндетті түрде қарауына жататын өтініш мәлімдеуге құқығы бар. Өтініш жазбаша түрде мәлімденеді және дереу қаралуға тиіс. Өтінішті қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидаларға жататындар: әкімшілік іс жүргізуде азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және мүдделерінің басымдығы; құқық субъектілігін мойындау қағидасы; иматериалды (объективті) шындық қағидасы; заң алдында барлығының теңдігі; кінәсіздік презумпциясы; кінәлілік қағидасы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын субъектілерді бөлек атап көрсеткен жөн. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын тұлғалар: әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам; жәбірленуші; жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері; қорғаушы; жәбірленушінің өкілі; куә; куәгер; маман; сарапшы; аудармашы; прокурор.
2сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары. Әкімшілік өндірістің негізгі сатыларына мыналар жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау; ақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға: уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы; құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар; жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздеме болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады. ӘҚБтК-тің 246, 247, 461-487 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдары, кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін. Судья , алқалы орган мүшесі, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу кезінде мына мәселелерді: бұл істі қарау өзінің құзыретіне жататынын; бұл істі судьяның, алқалы орган мүшесінің, лауазымды адамның қарау мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың болуын; ӘҚБтК-те көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ істің өзге де материалдарының дұрыс рәсімделгенін; Іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкімшілік жауапқа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлардың болуын; өтініштердің жеке бас тартудың болуын; ӘҚБтК-тің 584-588 баптарында аталған адамдарға іс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бірін шығарады: әкімшілік жаза қолдану туралы; іс жүргізуді қысқарту туралы; істі осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауна беру туралы, сондай-ақ ӘҚБтК-тің 642-бабында көзделген жағдайларда істі көлік құралы (кеме, соның ішінде шағын көлемді кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы; айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға ӘҚБтК-ке сәйкес аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтіре алады. Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер ьбойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым беріліп, наразылық келтірілуі мүмкін.
3сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар. Мынандай мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады: әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы; әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның ішінде әкімшілік жауапқа тарту үшін жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде ӘҚБтК-те көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы; әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің күші жойылуы; ҚР-ның Конституциялық Кеңесі әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңды немесе оның кейбір ережелерін ҚР-ның Конституциясына сәйкес келмейді деп тануы салдарынан олардың күші жойылуы; әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі; әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қысқартылуы туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулының болуы; іс жүргізіліп отырған жеке адамның қайтыс болуы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-тің 580-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасында көзделген негіз бойынша және зиян келтіру заңды болып табылғанда немесе ӘҚБтК-тің 5-тарауына сәйкес әкімшілік жауаптылық шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу ӘҚБтК-те көзделген тәртіппен, ӘҚБтК-тің 67-68 баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгілері болуына байланыста материал прокурорға алдын ала тергеу немесе анықтау органына берілген жағдайда қысқартылуы мүмкін. ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да ҚР-ның Бас прокуроры жүзеге асырады. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік юрисдикциялық өндірістің негізгі белгілері мен қағидалары қандай? Кімдер әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысады? Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары қандай? Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға қандай фактілер негіздеме болады? Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) қандай қаулыларды шығарады? Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар қандай? Глоссарий: әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам; жәбірленуші; жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері; қорғаушы; жәбірленушінің өкілі; куә; куәгер; маман; сарапшы; аудармашы; прокурор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *