Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық нысандары
Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекттік басқару органдары қызметінің ауқымына, құзыреттік сипатына, құрылу тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді: 1.Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғары органдар. Мұндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар; агенттіктер ; мемлекеттік комитеттер; комитеттер; жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік –аумақтық құрылым – облыс; аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады. 2.Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары: жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылырдың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық — нақты салалар бойынша басқарылатын (минстрліктер) және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, фукнциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда – ведомстволар) органдар болып табылады. 3. Мемлекттік басқару огандарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Призедентінің Республика Премьер –Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады. Басқарушылық қызметтің нысаны дегеніміз атқарушы билік органның өзінің құзіретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс-әрекеті болып табылады. Мемлекеттік басқару аясында көптеген адамдардың, ұйымдар мен органдардың қызметі жүзеге асырылады. Атқарушы органдар (лауазымды адамдар) өзінің күнделікті практикалық қызметінде әр түрлі іс әрекеттер жасайды. Яғни, олар атқарушы биліктің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін жүзеге асырады. Басқарудың (мемлекеттік басқарушылық қызметтің) нысандары әр түрлі заңдық маңызы бар әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелінеді. Олардың кейбіреулері конститутциямен (мысалы, ҚР-сы Үкіметіне қатысты), басқалары заңға тәуелді актілермен (мысалы, нақты атқарушы билік органдары туралы ережелермен, лауазымдық нұсқаулықтармен) реттелген. Нысан (форма) жалпы ғылыми тұрғыдағы түсінігінде белгілі бір құбылыстың немесе белгілі бір іс-қимылдардың мазмұнының сыртқы көрінісі болып табылады. Атқарушы органдардың құқық қолдану, құқық тағайындау және құқық қорғау функцияларын жүзеге асырумен байланысты қызметтің нысандары неғұрлым толық дәрежеде құқықтық реттеуді қажет етеді. Соған сәйкес басқарудың құқықтық және құқықтық емес нысандары болып бөлінеді. Құқықтық нысандары әрқашанда сыртқы және айқын көрнісі бар заңдық салдарлар туғызады. Бұл атқыраушы билік субьектілерінің кез келген ір әрекеттері, оларды істеу міндетті түрде құқықтық салдарлардың пайда болуына әкеп соқтырады. Басқару қызметінің құқықтық нысандары мазмұны бойынша: Құқық шығару Құқық қолдану Шарт жасасу болып бөлінеді. Басқару қызметінің мақсатының бағдары бойынша: Ішкі Сыртқы болып бөлінеді. Құқықтық емес нысандар тікелей заңдық салдарларға әкеп соқтырмайды, өйткені оларды істеу басқарудың құқықтық актілерін шығарумен байланысты емес. Мәселен, олар құқықтық нысандарға тән болатын (жеке дара актілер шығару) әкімшілік құқықтық қатынастар туғызбайды. Бұл -құқықтық нысандарды қолдануға немесе оларды кейіннен іске асыруға көмектесетін әр түрлі ұйымдастырушылық іс әрекеттер істеу. Басқару қызметінің құқықтық нысандарының мазмұны бойынша жіктелген Құқық шығару дегеніміз: құқықтық нормалар жасау жөніндегі арнайы өкілеттік берілген субъектілердің (органдардың,лауазымды адамдардың) қызметі. Құқық шығару қызметінің өзіне тән сатылары болады: Нормативтік актінің жобасын жасау қажеттігі туралы органның шешімі шығады. Жобаның мәтіні дайындалады, алдын ала талқылау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі. Құқық шығару органында жоба талқыланады. Талқылаудан өтіп, қабылданған нормативтік акт жарияланады. Шығарылған нормативтік акт құқық қолдану сатысына өтеді. Құқық қолдану дегеніміз: мемлекеттік билік органдарының атқарушылық қызметінің аясында құқық қолдану актілерін шығара отырып жекелеген нақты істерді шешуді айтамыз.құқық қолдану процессінде істің нақты мән жайын анықтайды, таңдап алынған норманы түсіндіреді,істің мәні бойынша шешеді, жеке акт қабылдайды, қабылданған шешімді орындайды.
2сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы «Нормативтік құқықтық акт» ұғымы бұл жұмыста ресми заң құжаты ретінде қарастырылған. Құқықтық актілер әртүрлі, олар басарудан маңызды рол атқарады. Заң нормативтік құқықтық актілерді негізгі және туынды деп бөледі. Негізгілерге жататындар: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; Қазақстан Республикасы Призидентінің конституциялық күші бар жарлықтары және Президенттің басқа нормативтік құқықтық жарлықтары; Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары; Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары; маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері. Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады: 1) регламент; 2) ереже; 3) қағида; 4) нұсқаулық. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері Құқықтық актілер басқару органының басқару деңгейіне қарай былайша бөлінеді: жалпы; салалық (салааралық); аймақтық (жергілікті); локальдық (ұйымішілік). Жалпы нормативтік –құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес атқарушы билік органдарының құрылымын, билікті субъектілер мен орындаушылардың іс-әрекет ережелерін белгілейді. Жалпы нормативтік актілер арасында Республика Президенті актілерінің маңыздылығы басым. Оларда мынадай сипат болады: құрылтайшы сипат— Үкіметтің және атқарушы биліктің басқа органдарының құқықтық негізін құру және қызметінің тәртібі туралы; жүйе құрушы сипат, оны жүзеге асыру процесінде тек органдар ғана емес, заңнаманың салалары мен тармақтары да (мысалы, кеден ісі, салық туралы, т.б.) құрылады; үйлестіруші –реттеуші сипат – басқару функцияларын жүзеге асыру немесе мемлекеттік мәселелерді шешу үшін органдардың өзара келісімді іс-әрекетінің режимін белгілеу. «Нормативтік –құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы барлық құқықтық актілердің жасалу және көрініс табу тәртібін анықтамайды. Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін «Нормативтік –құқықтық актілер туралы» Заң басқа актілер реттейді. Көптеген атқарушы билік органдарында регламент болады, яғни ішкі пайдалану үшін бұл тәртіпті анықтайтын құжаттар болады. Көптеген мамандардың жұмыстарында құқықтық актілерді қабылдау процесі мынадай кезеңдерге бөлінеді: А) актіні шығарудың қажеттілігін анықтау; Б) акт жобасын дайындау; В) актіні қарау және қабылдау; Г) орындаушыларға жеткізу, жариялау. Актіні шығарудың қажеттілігін анықтау, немесе дәлірек айтқанда, оның жобасының тұжырамдамасын дайындау мына жағдайларда туындайды: ол жоғары тұрған нормативтік құқықтық актіде көзделсе; жаңа актіге мұқтаждық туындаса. Басқарудың жаңа құқықтық актілеріне мұқтаждық мына негізде анықталады: күшіндегі заңнаманың жайына, оның жаңа мәселелерді шешу мүмкіндігіне талдау жасау; басқа мемлекеттерде мұндай мәселелерді құқықтық құралдар көмегімен шешудің тәірибесін зерттеу; басқа актілерді өзгерту қажеттігін анықтау, жаңа актіні қабылдауға байланысты оларды келісімді жүйеге келтірудің қисынын іздестіру.
3сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдарды басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Үкіметтің сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар. Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомостволардың жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады. Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Призедент құрады. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттігін тоқтатады, Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы бар. Премьер –министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді. Бақылау сұрақтары: Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Ұйымдастырушылық шаралар қалай жүзеге асады? Басқару актілеріне қойылатын талаптар және олардың сақталуының нәтижелері қандай? Басқару қызметінің құқықтық нысандары мазмұны бойынша қалай бөлінеді? Баскарудың құқықтық актілерінің түрлерін жіктеңіз. Глоссарий: Мемлекеттік басқару агенттіктер мемлекеттік комитеттер комитеттер жергілікті басқару органдары регламент;