Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Кәсіпорын бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат міндеті мен әкімшілік құқықтық мәртебесі жөнінен әртүрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлкееттік емес ұйымдар қызмет атқарады. Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар ( бірнеше адамнан бірнеше мыңдарға дейін) қызметкерлер ұжымын айтамыз. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады.Ұйымдар өзінің қызметінің мақсаты бойынша коммерциялық коммерциялық емес болып бөлінеді. АК- тің 34-б. 1-тарабы бойынша өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін ұйым коммерциялық, ал мұндай пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес болып табылады. Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін Ал,коммерциялық емес ұйымдар мекеме,қоғамдық бірлестік,тұтыну кооперативі,қоғамдық қор,діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Қызметінің түрі (мақсат міндеті) бойынша ұйымдардың түрлері: кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері және өзге де ұйымдар. Меншік түрлері бойынша ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді( жеке меншіктік, қоғамдық және дінилік). Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына: мемлекеттік кәсіпорындарды құру, олардың қызметінің мақсат—міндеттерін, сондай-ақ оларды орналастыратын орнын айқындау, жарғысын бекіту, кәсіпорындарды басқару, олардың басшалыран конкурстық негізде қызметке тағайындау және қызметтен босату, белгіленген жағдайларда олардың өніміне мемлекеттің тапсырысын жеткізу, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер өзінің қызметінің көлемі мен маңызы бойынша республикалық және коммуналдық –облыстық,аудандық,қалалық,кенттік және ауылдық болып бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.Жарғыны кәсіпорынның құрылтайшысы (уәкілетті органы) бекітеді.Мұндай уәкілетті органдарға республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде – республика министрліктері,агенттіктері,ведомстволары және Үкімет сол үшін уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар, сондай ақ ҚР ның Ұлттық Банкі, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде – жергілікті әкім сол үшін уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар жатады. Мемлекеттік емес кәсіпорындар өз қызметін жарғының немесе құрылтай шарты мен жарғысының не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. 2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы . АК сәйкес кәсіпорын әділет органдарында мемлекеттік тіркелу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж.17 сәуірдегі заңның негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Мүліктік құқықтық режиміне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар екі түрге бөлінеді: Біріншісі – шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын ( АК-тің 103-б). Екіншісі-жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорын ( АК-тің 104-б). Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы ( уәкілетті органы) айқындайды, бұл кәсіпорынның жарғысында бекітіледі.Өзінің міндеттемелерін орындамаған кәсіпорын дәрменсіз (банкрот) деп жариялануы мүмкін. Борышкерді дәрменсіз деп танудың тәртібі «Банкроттық туралы »1997.21- қаңтардағы ҚР заңда негізделгендей жүзеге асырылады.Борышкер дегеніміз заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға. Дәрменсіздігі сот тәртібімен белгіленген борышкер банкрот деп табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорындарға мемлекеттің ықпалы шектеулі.Мемлекет оларды басқармайды. Басқаруды мемлекеттік –биліктік өкілеттіктері жоқ меншік иелері ( құрылтайшылар) немесе олардың уәкілеттік берген органдары жүзеге асырады. Меншік иесі кәсіпорынның басшысын жалдайды.Жалдаған кезде онымен шарт (контракт) жасалынады, онда кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері және меншік иесі мен еңбек ұжымы алдындағы жауакершілігі, еңбекақы төлеу шарты, контрактінің мерзімі, қызметінен босатудың шарты белгіленеді. Заңнамаға сәйкес кәсіпорынды тарату оның құрылтайшысының немесе құрылтай құжаттарымен соған уәкілеттік берілген органның шешімімен іске асырылады. Мұндай шешімге мыналар негіздеме болуы мүмкін: кәсіпорынның құрылған мерзімінің өтуі;оны құрғандағы мақсаттың орындалуы; сот тәртібімен оны мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану; қызметін лицензиясыз атқару; заңды өрескел бұзу; кәсіпорынды дәрменсіз деп тану. Басқарушылық, әлеуметтік мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Қазақстан Республикасының Констиуциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекеме – мемлекеттік мекеме деп аталады.Атқарушы билік органдарының барлық меншік түрлерінің кәсіпорындары мен мекемелерінің ҚР заңнамаларына сәйкес мынандай міндеттемелері бар: Заңды тұлға ретінде кәсіпорындар мемлекеттік тіркелуге тиісті және тиісті мекемелерде аккредитациялануға тиісті; Кәсіпорындар мен мекемелер өздерінің қызмет түрелріне байланысты рұқсат яғни лицензия алуға міндетті; Бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізу міндеттілігі бар; Мемлекеттік органдарға тиісті ақпарат беруге және заңды сақтауға міндетті. Бақылау сұрақтары: 1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі және олардың түрлері қандай? 2.Қандай жағдайда кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылады және тоқтатылады? Глоссарий: Кәсіпорындар мекемелер ұйым құрылтай құжат жарғы шарт