Әкімшілік құқыктың пәні мен әдістері
Заң әдебиетінде әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде қатынасы туралы сұрақтар қазірге дейін дискуссиялық болып отыр. Осыған орай бұл ғылым көптеген мамандармен мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы ретінде қарастырылды. Француз ғалымы Р. Драго мемлекеттік басқару ғылымы саясаттану, құқық теориясы, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың тәсілдері мен әдістерінің ғылыми қиылысы болып табылады деп санайды. Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде — әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы пікірлер мен қорытындылар жүйесі. Оның пәні болып құқық саласы және сәйкесінше заңнама саласы ретінде әкімшілік құқық табылады. Соңғы жылдарда зерттеудің тек жалпы ғана емес, сонымен қатар арнайы әдістеріне де қызығушылық көбейді. Мұның нәтижесінде көптеген мәселелер жаңа дауысқа ие болуда. Әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде айырмашылығы әкімшілік-құқықтық құбылыстар мен оларды зерттеу нәтижелерін бейнелеу тәсілдерінде болып табылады. Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы – тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.). Өз кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік, қаржылық, білім беру туралы заңнамаға негізделген. Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар. Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие, себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың, лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті), келесі жағынан – нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады (мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау).Әдебиетте әкімшілік құқықтың пәнін құрайтын қатынастар сыныптамасын анықтауда келіспеушіліктер бар. Мысалы Д.Н. Бахрах оларды: Ішкіаппараттық қатынастар; Әкімшілік биліктің азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынасы деп бөледі.Ал, А.П. Алехин, Ю.М. Козлов бұл қатынастарды басқару аясына, қатысушыларына, мақсаттарына, мемлекеттік құрылысына байланысты бөледі. Сыныптамалау үшін негіздер бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты әкімшілік, басқарма, ішкіаппараттық қатынастар мемлекеттік емес ұйымдарда да орын алуы мүмкін. Яғни қатынастарды сыныптамалау негіздері әкімшілік биліктің табиғатын сипаттайтын типологиялық байланыстарды табуға көмектесуі керек. Сондықтан әкімшілік құқықтың пәніне келесі қатынастарды жатқызуға болады: атқарушы билік органдарының ұйымдастырылуымен байланысты; азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әкімшілік билік органдарының арақатынасы мен басқарудағы әкімшілік-биліктік құзіреттерді жүзеге асыру барысында пайда болатын; әкімшілік-деликттік сипаттағы.
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып әкімшілік- құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер, шаралар жиынтығы саналады. Бұл жиынтықты құрайтындар: а) құқық беру – тұлғаларға өздерінің жеке белсенді әрекеттеріне құқық беру; ә) тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап ету; б) позитивті міндеттеу – тұлғаларға өздерін дұрыс ұстау міндетін жүктеу. Мемлекеттік билік әдістері – басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының басқарылатындардың еріктері мен саналарына тікелей ықпал етудің әртүрлі тәсілдері. Мемлекеттік билік әдістерін келесі белгілер сипаттайды: барлық мемлекеттік билік әдістері мемлекеттің еркімен құрылады және одан туынды; әдетте олар мемлекеттік қызметті орындау процесінде жүзеге асырылады; Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы – тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ, әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.). Өз кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік, қаржылық, білім беру туралы заңнамаға негізделген. Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар. Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие, себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың, лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті), келесі жағынан – нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады (мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау). мемлекеттік билік субъектілерімен мемлекет атынан қолданылады; мемлекеттік-биліктік құзыреттерге ие; әдетте құқықтық немесе ұйымдық нысанда болады және жан-жақты бағытта болады. Осы аталған әдістерді дұрыс қолдану мемлекеттік билікті жақсартады, сондықтан бұл әдістерді әрі қарай қолдану және жетілдіру мемлекеттік билікті жақсарту болып саналады. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін қолданылады. Осыған байланысты олар көбінесе басқарушылық қызметтің құқықтық нысандарында көрінеді.Басқарушы ықпал ету сипатына қарай бөледі: моральды-саяси әдістер (тәрбие, агитация, пропаганда және т.б.), ұйымдастыру әдістері (координация, келісім, бақылау, инспекциялау, нұсқауландыру, алқалылық және т.б.), әлеуметтік әдістер (сұхбаттау, анкеталау, эксперимент және т.б.), психологиялық әдістер (психологиялық сендіру, мотивация, авторитет және т.б.), әкімшілік және экономикалық әдістер. Әдістердің көп болуы басқару процесінің қиындығына және күрделілігіне негізделген.Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады. Әкімшілік әдістер басқарылушы еркінің басқарушының еркіне бағынуымен сипатталады. Оларда басқару қызметінің табиғаты анық көрсетілген. Әкімшілік әдістерді қолдану басқару субъектілеріне басқарылатындарға тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Әкімшілік әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше рөл атқарады. Басқарудың әкімшілік әдістері сыныпталады: бейнелену сипатына байланысты-әкімшілік-құқықтық және әкімшілік-ұйымдастырушылық; заңдық қасиеттеріне байланысты – нормативті және жеке. Нормативтілерге нұсқаулар және т.б. басқарылатындардың қызметін реттейтін актілер жатады. Жекелерге – нақты орындаушыларға жіберілетін тікелей бұйрық түріндегі нұсқаулар. Басқару субъектілерінің тәртібіне ықпал ету тәсіліне байланысты әкімшілік әдістер бөлінеді: а) белгілі бір әрекеттерді істеуге міндеттейтін; ә) белгілі бір әрекеттерді істеуге құзырет беретін; б) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуге ынталандыратын; в) белгілі бір әрекеттерді істеуге тыйым салатын. Экономикалық әдістердің әкімшілік әдістерден айырмашылығы олар басқару объектілеріне тікелей емес, жанама түрде ықпал етеді. Экономикалық әдістердің арасында мынадай әдістер маңызды рөл атқарады: баға, табыс, сыйақылар, несие, экономикалық санкциялар. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері бір бірімен тығыз байланысты. Мысалы, материалдық ынталандыру басқарманың заңды актілерін құзыретті органдардың басуы арқылы рәсімделеді. Сондықтан басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін бір біріне қарсы қоюға болмайды. Әкімшілік құқық басқа да құқық салалары сияқты заңдық нормалардан тұрады. Ортақ пәнмен және әдіспен реттелетіндіктен біріктірілген әкімшілік-құқықтық нормалар институттар құрайды, ал олардың негізінде біртұтас сала жүйесі құрылады. «Әкімшілік норма» түсінігі мынадай мағыналарда қолданылуы мүмкін: заңдастырылған ереже негізінде басқару; ережелермен орнатылған көпшіліктің мүдделері үшін басқару.
Әкімшілік-құқықтық нормалар атқарушылық билікті жүзеге асырудың қиын процесімен тығыз байланысты.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес биліктің жалғаз бастауы болып халық табылады. Ол өз билігін тікелей өздерінің өкілдері немесе арнай құрылатын органдар арқылы жүзеге асырады. Әдебиетте «билік» түсінігі өз еркіне басқа субъектілерді бағындыру мүмкіндігі және құқығы ретінде қарастырылады. Осыған орай кез келген уақытта белгілі бір шекте өзін өзі дұрыс ұстауды немесе құқыққа қайшы әрекеттерді істеуден бас тартуды талап ететін субъектілер болады. Билік субъектісінің әрекеттері (атқарушы билік органдарының) әрқашан өзінің еркін басқаларға міндеттеумен байланысты. Егер мұндай құбылыстар қатынастарда жүзеге асатын болса, онда олар құқықпен реттелуі керек (әкімшілік-құқықтық нормалармен).Атқарушы билік нақты әрекет ету үшін оның заң талаптарына сәйкес болуы жеткіліксіз. Мысалы, азаматтық құқықта тараптардың мүдделерін ескеру келісімшарт жасаудың қажетті шарты болып табылады және келісім қатысушыларының жеке еріктерінің тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі. Әкімшілік-құқықтық нормалар — әлеуметтік тірекке ие болуға және көпшілік мүдделерінің заңдық басымдығын сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда, әкімшілік-құқықтық нормалардың күші тек қажетті жүріс-тұрысты ұстануға сендіруде ғана емес, сонымен бірге нақты билікте. Мысалы, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР заңында анықталғандай мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өздеріне жоғарыда аталған заңмен орнатылған шектеулерді қабылдайды және сыбайлас жемқорлықпен күресуге шаралар қолданбағандары үшін жауапқа тартылады. Бұрын әкімшілік-құқықтық нормалардың жалпыға міндетті сипаты басқаруды біртұтас орталықтан жүзеге асыру қажеттілігіне негізделді, себебі бүкіл ел бір ағза ретінде жұмыс жасады. Қоғамның әлеуметтік қатынастарының өзгеруі, демократиялық және құқықтық мемлекет құру үшін алғы шарттар пайда болуы жағдайларында тек қана бөлек басқару сұрақтарын шешу үшін белсенді ізденіс жүргізу емес, сонымен қатар атқарушы билікті кешенді реформалау қажет. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттің заңнамалық және атқарушы органдардың билікті еркін көрсетудің нәтижесі болып табылады. Олар: атқарушы билік аясындағы қоғамдық қаттынастарды императивті реттеудің әлеуметтік қажеттілігін сезінуді бейнелейді; мемлекет мүдделерінің заңдық басымдығын ескеретін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері бар; ресми және жалпыға бірдей міндетті сипаты бар, сонымен бірге қолдану барысында сендіру мен мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі; әкімшілік құқық шығармашылық актісі болып табылады және мемлекетпен танылатын әкімшілік құқық бастауларында болады.(Сонымен әкімшілік-құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік билік органдарымен (заң шығарушы, атқарушы) орнатылатын және атқарушы билік аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін қажетті, құқықпен рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелері. Әкімшілік құқық нормалары әр түрлі критерийлерге байланысты сыныпталуы мүмкін, осыдан олардың сәйкесінше түрлерін бөліп алуға болады.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну үшін ең қажетті болып келесі критерийлер табылады: а) мазмұны; ә) субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі; б) мақсаттық арналуы; в) қолданылу аясы; г) заңды күші; ғ) әрекет ету шегі (кеңістіктегі, уақыттағы, субъектілерге байланысты әрекеттері). Әкімшілік құқық нормаларын мазмұны бойынша материалдық және процессуалдық деп бөледі. Материалдық нормалар азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы органдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін бекітеді. Бұл, мысалы, атқарушы билік субъектісінің құқықтарын, міндеттерін, құзыретін, сонымен қатар әкімшілік құқық реттейтін қатынастар қатысушыларының жауапкершілігін анықтайтын нормалар. Процессуалдық норма ретінде материалдық нормаларды қолдану барысында және мемлекеттік билік органдарымен нормативтік актілерді басуда мемлекетпен орнатылған немесе санкцияланған ұйымдастырушы қатынастарды жүзеге асыру ережелері танылады. Әкімшілік құқық нормаларын субъектінің жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және құзырет беретін деп бөледі. Міндеттейтін нормалар тұлғаға белгілі бір әрекеттер жасауға міндет орнататындар болып табылады. Мысал ретінде әділет органдарында заңды тұлғаларды міндетті тіркеу туралы нормаларды, белгіленген мерзім ішінде басқару органдарымен (лауазымды тұлғалармен) азаматтардың шағымдарын қарау қажеттілігі туралы нормаларды келтіруге болады. Тыйым салатын нормалар берілген нормалармен анықталатын жағдайларда белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан көрініс табады. Тыйым салулар жалпы және арнаулы сипатта болады. Жалпыға мысал ретінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді жасамауды талап етуді келтіруге болады. Ал арнаулыға мысал ретінде салық қызметкерлеріне егер салық төлеуші олардың туысы болса, онда өздерінің кәсіби міндеттерін осы салық төлеушіге қатысты орындауға тыйым салынады. Әкімшілік құқық нормаларын мақсаттық арналуы бойынша реттеуші және қорғаушы деп бөледі. Реттеушілерге немесе бастапқыларға мемлекеттік билік аясындағы қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу міндеттерін жүктеумен немесе субъектілерге құқық берумен байланысты нормалар жатады. Қорғаушы нормалар құқық бұзушылықтардың құқықтық салдарларын орнататын, яғни әкімшілік теріс қылық құрамдары мен оларды жасағаны үшін өндіру болып табылады. Әкімшілік құқық нормалар заңды күшіне байланысты заңнамалық және заңасты болып бөлінеді. Нормаларды аталған түрлерге жатқызу оны шығарған органның мемлекет органдары иерархиясындағы орнына тікелей байланысты. Заңнамалық нормалар Парламент қабылдаған заңдарда, сонымен қатар Парламент оған заң шығару құзыретін берген кезеңде Президент шығарған және заң күші бар Президенттің жарлықтарында бар болады. Заңдасты нормалар – Президент жарлықтары мен өкімдерінде, Үкіметтің қаулыларында және атқарушы билік органдарымен өз құзыреті шегінде шығаратын т.б. нормативтік актілерде болады. Кеңістікте қолданылу шегі бойынша нормалар жалпыға бірдей міндетті және ішкіжүйелік болып бөлінеді. Жалпыға міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің орындаулары үшін орнатылады.Ішкіжүйелік нормалар атқарушы биліктің төмен тұрған органдарына белгілі бір талаптар таратады.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.
Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздері ретінде мына алты нысан танылады:
1)құқықтық әдет;
2) нормативтік акт;
3) сот прецеденті;
4) келісімшарт;
5) сот тәжірибесін жалпылау;
6) ғылыми құқықтық доктрина.
Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздеріне: ҚР Конституциясы;ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; ҚР Парламенті қабылдайтын заңдар; Конституциямен анықталған ҚР Президентінің актілері:жарлықтар;өкімдер;заң күші бар жарлықтар; Конституцияның 69-бабына сәйкес бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті ҚР Үкіметінің қаулылары;Мемлекеттік басқарудың орталық органдарының актілері (министрліктер мен ведомстволардың);ҚР Жоғары Сотының қаулылары. Оларды әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне толық көлемде жатқызуға болады егер олар:а) әкімшілік істерді қарау тәжірибесін жалпылауға қатысты болса;ә) әкімшілік заңдылықтың құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты болса. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әдеттегідей әкімшілік-құқық нормаларымен реттелген мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар ретінде қарастырылады. Бұл қатынастарды мынадай топтарға бөлуге болады: Атқарушы-биліктік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының құзыретін анықтайтын. Қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын және мемлекеттік басқару аясында құрылатын қоғамдық қатынастар. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтық құқықтық мәртебесі. Субъектілермен өздерінің құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайтын қатынастар. Процедуралық (процессуалдық) қатынастар. Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға басқа құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа заңдық нысан беретін реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-әрекеттерін (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру және т.б. Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады. Әкімшілік-құқықтық қатынастар өздерін басқа құқықтық қатынастардан айыратын ерекшеліктерге ие: Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі. Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі. Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдік ететін органның немесе лауазымды адамның алдында пайда болады. 5сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрамы болады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері болып табылатындар: Субъект; Объект; Заңды факт. Заңдық нысан құқықтар мен міндеттер берген қоғамдық қатынастардың қатысушылары: ҚР азаматтары; шетел азаматтары; азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер және т.б. мемлекеттік ұйымдар; қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері; әкімшілік құқықтар мен міндеттер берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып басқару аясындағы адамдардың әрекеттері табылады. Олардың көмегімен мынадай қоғамдық қатынастар қарастырылады: жалпы объект – мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар; тікелей объект – субъект адамдардың әрекеттері.Мұндай әрекеттер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.олар материалдық игіліктерде қолданылуы мүмкін (мысалы: азаматтардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және т.б.).Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен анықталған жағдайлар болғанда ғана пайда болады және тоқтатылады, яғни заңды фактілер негізінде. Заңды факт болып әрекеттер мен оқиғалар танылады. 6сұрақ.Әкімшілік құқықтың жүйесі. Әкімшілік құқық айтып кеткендей әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық нормаларды жүйелеуге әкеліп соқтырады.Әкімшілік құқық екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімінің жүйесі – мемлекеттік басқару саласының жалпы сұрақтарын реттейтін нормалар. Ол келесідей көрінеді: мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларын бекітетін нормалар; әкімшілік құқықтың субъектілерінің құқықтық қатынастарын бекітетін нормалар; мемлекеттік қызметтің негіздері мен қағидаларын бекітетін нормалар; мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін бекітетін нормалар; мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері мен тәртібін бекітетін нормалар; әкімшілік іс-жүргізу және ықпал ету шараларын қолдану шарттары. Әкімшілік құқықтың ерекше бөлімі әкімшілік құқықтың институттарын біріктіретін және бөлек сфераларда әрекет ететін нормалардан тұрады. Оларға: мемлекеттік меншікті басқару; монополияларға қарсы қызметті басқару; өндірісті басқару; көлікті және коммуникацияларды басқару; ауылшаруашылығын басқару; сауданы басқару; қаржыны және несиені мемлекеттік басқару; халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті басқару; білім беруді басқару; мәдениетті және ғылымды басқару; еңбекті, әлеуметтік қамтамасыз етуді басқару; жастар істерін, туризмді және спортты басқару; денсаулық сақтауды басқару; қорғанысты мемлекеттік басқару; ұлттық қауіпсіздікті басқару; ішкі істерді басқару; сыртқы істерді басқару; әділетті басқару нормалары жатады. Бақылау сұрақтары: Әкімшілік құқық түсінігі. Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз не? Әкімшілік-құқықтық қатынастар дегеніміз не? Қандай әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық пәнін құрайды?
Глоссарий: Әкімшілік құқық. әкімшілік құқықтың пәні әкімшілік-құқықтық әдістер құқық жүйесі әкімшілік-құқықтық норма 2001 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген