Халықаралық құқықтағы жауапкершілік
Бұл санатты ХҚ субъектілері арасындағы қатынастардың ерекше нысаны ретінде қарастыруға болады, оның барысында ХҚ нормаларын бұзған бір тараптың (немесе бірнеше тараптың ) екінші тарап (тараптар) алдындағы оған келген шығынның орнын толтыру, бұрынғы болған жайларды қалпына келетіру, жауапкершіліктің материалдық емес басқа түрлерін мойнына алуы жөніндегі міндеттері жүзеге асырылады. Сырт қарағанда, бұл анықтама қарапайым болғанымен, бұл ұғымда көптеген аспектілер мен қиындықтар бар.
Халықаралық құқықтық жауапкершілік (әрі қарай: ХҚЖ) институты “ қосымшалық” сапамен сипатталатындықтан, бұл тұрғыдан алғанда онда ХҚ-ның басқа институттарына қароағанда айырмашылық бар: сол институтты құрайтын құқық нормаларының өздері де, олардың негізінде туын.дайтын құқықтық қатынастар да қосымша, себебі бұл құқықтық нормалар мен қатынастар басқа нормалар қаралғаннан кейін, тіптен оларды жауапкершілікке негіздеме болған бұзушылық формасында қарағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
ХҚЖ-ның мақсаттық міндетті туралы мәселе даулы болып келеді : үстем пікірлерге сәйкес, оның негізгі міндеті залалдың орнын толтыру, басқа тараптың өзгедей талаптарын қанағаттандыру деп танылады. Туынды ретінде (одан маңыздылық кемімейді) ХҚЖ-ның алдын-алу міндеті қарстырылады. ХҚЖ – ға қатысты жазалау міндеті тікелей даулы болып табылады. Бұл тұрғыдан екі аспектіні айта кеткен жөн:
1) Соңғы міндет шеңберінде әрі қарай ойластыра отырып, біз құқығы бұзылған тараптың құқық бұзушыға қатысты бір жақты мәжбүрлеу актісін жасауына құқық беру туралы тұжырымға келдік. Бұд – ХҚЖ-ның жазалау міндетінің “практикалық” аспектісі.Қазіргі ХҚ-да дауларды бейбіт жолмен реттеу үшін (дипломатиялық жолдармен, келіссөздерге, ізгі қызмет көрсету арқылы, делдалдық жасау, т.б.) біржақты қарсы шараларға жол ьеруді шектеу үрдісі байқалады. Дегенмен, біржақты қарсы шараларды жүзеге асыру мүмкіндігі әлі де сақталуда, мысалы, мемлекеттердің ХҚЖ-сы бойынша БҰҰ-ның ХҚ Комиссиясы дайындаған шарттық ережелер жобасы, біріншіден, құқықтары бұзылған мемлекеттің құқыққа ұмтылуының түрелрін реттейді, екіншіден, қарсы шараны жүзеге асырудағы оның құқығын белгілейді.
2) ХҚЖ-ның жазалау міндеті жайында біз тек жоғарыда келтірілген ойлар тұрғысынан ған айта аламыз. Принциптік тұршғыда ХҚЖ-да жазалаушылық сипат жоқ.
Қазіргі кезде ХҚЖ мәселелеріне арналған құқықтық нормалар ХҚЖ-ның әр түрлі қайнар көздерінде бар, негізінен және өзінің формасы жағынан бұлар халықаралық шарттар. Әмбебап сипаттағы шарттардың жарқын мысалы ретінде мыналарды келтіруге болады: БҰҰ Жарғысының 39,41,42-баптары (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бейбітшілікке қауіп төнген, бейбітшілік бұзылған және басқыншылық болған жағдайдағы әрекеті), геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы Конвенция (1948ж), Апартеид қылмысын тыю және ол үшін жазалау туралы конвенция (1973ж), Ғарыш нысандарына келтірген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы конвенция (1978ж), Адамды қинауға және аса қатыгездікпен оның ар-намысын таптауға және жазалауға қарсы Конвенция (1984ж), Босқындар мәртебесі туралы Конвенция (1951ж) және басқалар.
Принциптік маңызы бар құқықтық нормаларды ХҚЖ бойынша жүйелеу өздігінен әлі осы күнге дейі аяқталған жоқ. БҰҰ-ның ХҚ Комиссиясы бұл мәселемен 1955 ж. бері айналысуда. 1996 ж. ол болжамдағы шарт баптарының жобасын қабылдады.Бірқатар мемлекеттер (Дания, ГФР, Франция, Италия, Австрия, АҚШ) оған өз пікірлерін білдірд, қазіргі уақытта жоба екінші оқылуда. Бүл құжат негізгі үш бөлімнен тұрады:
1) ХҚЖ туындауының жалпы алғышартын көздейді;
2) ХҚЖ-ның бірнші бөліктен туындайтын мазмұнын, түрін және формасын белгілейді;
3) Туындайтын дауларды реттеу мәселесін қарайды.