Кәсіпкерлік қызмет ұғымы

Кәсіпкерлік қызмет ұғымы.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілері. Кәсіпкерлік риск, оның түрлері, негізгі бөлімдері, кәсіпкерлік рискті жүргізу әдістері.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілері:
1. Кәсіпкерлік қызмет дербестікпен сипатталады.Мүліктік дербестік қызметтің экономикалық негізі ретінеде кәсіпкерде жеке оқшауланған мүліктің болуымен анықталады. Ұйымдық дербестік – дербес шешім қабылдай алу мүмкіндігі.
2. Кәсіпкер қызметті өзінің тәуекелімен жүзеге асырады
Кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз іске салынған қаражаттар ақырында пайда мен табыс әкелмеуі мүмкіндігінде. Пайда болған шығындар – қоғам мен мемлекеттке ешқандай қатысы жоқ кәсіпкердің өзінің жеке проблемасы.
3. Кәсіпкерліктің мақсаты – өзінің бастамасымен жекеқаражатын қандай-да бір кәсіпорынға немесе іске салып, одан пайда табу. Пайда табу тауар сатқаннан, қызмет көрсетуден, жұмыс орындаудан, мүлікті пайдаланудан алынуы мүмкін.
4. Кәсіпкердің дербес мүліктік жауаптылығы.
5. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық негізде яғни тиістіқұқықтық мәртебе алғаннан кейін жүзеге асырылуы.
Кәсіпкерлік риск, оның түрлері, негізгі бөлімдері, кәсіпкерлік рискті жүргізу әдістері.
Тәуекелдерді топтау әрқандай белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін: пайда болу себептері бойынша; кәсіпкерліктік функционалдық түрлері мен салалры бойынша; сақтандыру мүмкіндігі бойынша және т.б. Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты қандай да бір топтау қолданылады.

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері бойынша келесі тәуекелдер түрлері бар:
— өндірістік тәуекел өнімдерді, тауарларды және қызметтердіөндірумен, кез-келген өндірістік қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты. Өндірістік тәуекелдердің негізгі себептері өндірістегі мәжбүрлі өндірістер, шикізаттың уақтылы әкелінбеуі, және т.б. болып табылады.
— коммерциялық тәуекел кәсіпкермен шығарылған немесе сатыпалынған тауарлар мен қызметтерді өткізу барысында туындайды. Коммерциялық тәуекелдің себептері нарық конъюнктурасындағы күтпеген өзгерістер және т.б.
— қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктармен және басқа қажылықинститутардың қатынастары саласында туындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *