Бұрышөлшем түсірімдері (буссольдіқ түсірім, теодолиттік түсірім)

Бұрышөлшем түсірімдері (буссольдіқ түсірім, теодолиттік түсірім).

Теодолит мемлекеттік геодезиялық тірек торлар жүйелері қосындарының аралығындағы тірек торларын құру жəне оларды жиілендіру мақсатында көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады. Теодолит пен əртүрлі қашықтық өлшегіш құралдарды пайдаланып жергілікті жер сұлбасының (планының) далалық түпнұсқасын құруды теодолиттік түсіру дейміз. Теодолит жергілікті жердегі көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеуге арналған казіргі кездегі жетілдірілген оптикалық құралдардың бірі болып табылады.
Теодолиттік түсіру көбінесе көлбеулігі 6° аспайтын жазық жерлерде жүргізіліп, жерді орналастыру, орман шаруашылығында, елдімекендердің жоспарын құру барысында кеңінен қолданылады. Теодолиттік түсіру торы жергілікті жерде теодолиттік жүрістер арқылы құрылды. Бұрылу нүктелері жергілікті жерде бекітілген сынық сызықты желіні Теодолиттік жүру дейміз. Ол тұйықталған, тұйықталмаған жəне бір жағы тұйықталған көп бұрыш түрінде болады.
Түсіру жұмыстарын жүргізер алдында теодолиттік жүрістердің жергілікті жердегі барлық шыңдары (нүктелері) қазықпен немесе басқа белгілермен белгілейді де, жүру нүктелер аралықтарының жақтары мен көлденең бұрыштары өлшенеді.
Теодолитті жұмысқа дайындау кезеңдері. Жұмысқа жарамды теодолит бірнеше талаптарға сай болуы тиіс: – көлденең шеңбердің алиадасындағы біліктің деңгейі құралдың бас білігіне перпендикуляр орналасу қажет; – көру түтігін бұратын білік түтіктің нысаналау білігіне перпендикуляр орналасуы шарт; – көру түтігі мен құралдың бас білігі өзара перпендикуляр орналасуы тиіс. Бұл шарт орындалу үшін жұмысты бастар алдында теодолитті тексеру керек. Ол үшін төмендегі екі шартты орындау қажет: а) құралдың цилиндрлі біліктік деңгейі айналу білігіне перпендикуляр орналасуы керек;
ə) көру түтігінің айналу білігі нысаналау білігіне перпендикуляр орналасуы тиіс.
Теодолит пен əртүрлі қашықтық өлшегіш құралдарды пайдаланып жергілікті жер сұлбасының (планының) далалық түпнұсқасын құруды теодолиттік түсіру дейміз. Теодолит жергілікті жердегі көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеуге арналған казіргі кездегі жетілдірілген оптикалық құралдардың бірі болып табылады. Теодолиттік түсіру көбнесе көлбеулігі 6° аспайтын жазық жерлерде жүргізіліп, жерді орналастыру, орман шаруашылығында, елдімекендердің жоспарын құру барысында кеңінен қолданылады. Теодолиттік түсіру торы жергілікті жерде теодолиттік жүрістер арқылы құрылады. Бұрылу нүктелері жергілікті жерде бекітілген сынық сызықты желіні Теодолиттік жүру дейміз.
Теодолиттік түсіру жұмыстарын камералық өңдеу далалық өлшеу деректерін өңдеп аумақтың сұлбасын құруды қамтиды. Өңдеу барысында іс жүзінде алынған өлшеулерді теориялықпен салыстырып, бұрыштардың байланыспауларын есептеп шығарып, түзетулер енгізіледі.
Дирекциондық бұрыш пен теодолиттік жүріс жақтарының ұзындығы бойынша транспортирдің, өлшегіш циркульдың жəне көлбеу масштабтың көмегімен түсіру алаңының сұлбасы (планы) құрылады. Камералық өңдеу барысында жүргізілген өлшеулер мен кестетік құрулардан кететін қателіктердің жиналуынан сұлбада тұйықталған жүрістің бастапқы жəне соңғы нүктелерінің сызықтарының байланыспауы туындауы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *