Топографиялық карталардың геодезиялық негіздері.

Топографиялық карталардың геодезиялық негіздері.

Жергілікті жердің шағын аумағындағы табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық нысандардың орналасу ерекшеліктері мен негізгі қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретін ірі жəне орта мас штабты жалпы географиялық карталар топографиялық кар та лар деп аталады. 1:25 000 дейінгі ірі масштабты топографиялық карталар жергілікті жерде стеорофотограмметриялық приборлардың көме гімен жүргізілген аэрофототүсіру жұмыстарының нəтижесінде алынған деректер мен бұрын құрылған біршама ірі масштаб ты карталарды камералық өңдеу негізінде құрылады. Құрлықтың топографиялық карталарын құрумен Қазақстан Рес публикасының жер корларын басқару жөніндегі агентті гінің «Картография» мемлекеттік қазыналық кəсіпорны, республикалық геодезия жəне картография комитеті, қарулы күштердің Бас штабының əскери-топографиялық қызметі айналысады. Жоғары да аталған барлық құрылымдар картаны құру барысында мазмұ нын, дəлдігін, қызметі мен құру жұмыстарының ережелерін айқын дайтын «Топографиялық карталарды құру жөніндегі негізгі ережені» басшылыққа алады. Топографиялық карталарда үлкен аумақ ірі масштабты көп бетті карталарда кескінделеді. Картаның əр беті шағын аумақты қамтитындықтан жер элипсоиды бұрмаланбай немесе шамалы ғана ауытқып түсіріледі. Картографиялық жинақтау жеке нысан дардың бұрмалануынан сақтайды. Масштабы кішірейген сайын картада қамтылған нысандар кескінінің дəлдігі кеми бастайды.
Топографиялық карта мазмұнының негізгі құрамдас бөліктеріне жер бедері, өсімдіктер жамылғысы, су торлары сияқты табиғи нысандар; өндіріс орындары, елдімекендер, қатынас жолдары, электр жəне байланыс желілері тəрізді əлеуметтік-экономи калық нысандар жатады. Олар картаның масштабына сай ірікте ліп алынып, кеңістік-бейнелі шартты белгілермен кескін деледі. 1:10 000 нан 1:100 000-ға дейінгі ірі масштабты карталарда қамтылған барлық нысандар алты түсті бояумен, ал 1:200 000 мыңдық масштабты карта сегіз түсті бояумен кескінделеді. Олардың алтауы алдыңғы, ал екеуі артқы бетінде беріледі. Картографиялық кескіндеу геометриялық дəлдік пен географиялық сəйкестік сияқты екі қасиетті сақтауы тиіс. Топографиялық картаның көрнекілігін, сандық жəне сапалық сипаттарын айқындайтын мазмұнының əрбір құрамдас бө лік тері аудандық жəне сызықтық масштабты, масштабтан тыс, түсін дірмелі шартты белгілермен кескінделіп, атаулардың меншікті неме се түсіндірмелі жазулары əр түрлі бояулармен беріледі. Топо гра фиялық карталардың əр беті шартты белгілермен берілетін картографиялық кескіндеуді, математикалық негізде құруды, сонымен қатар, қосымша жабдықтауды қамтиды. Картаның құрамдас бөліктерінің кешені əртүрлі масштабты карталарға арналған нұсқаулар мен ережелерге, сонымен қатар, шартты белгілер кестесіне негізделеді. Картаның математикалық негіздері геометриялық қасиеттерін, картографиядық кескіндерді өлшеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Картаның жабдықтаушы құрамдас бөліктеріне шартты белгілердің кестесі, координаттар торы, сызықтық масштаб, горизонталь аралық ұзындықтың кестетік кескіні, магниттік ауытқу бұрышының сызбанұсқасы тағы басқалар жатады. Топографиялық карталар ғылыми-зерттеу, əскери, өндірістік жəне оқу мақсатында қолданылатын жергілікті жердің ерекшелік тері жөніндегі маңызды ақпараттар сақталатын дерек көзі болып табылады. Олар жергілікті жерде бағдарлауға мүмкіндік беретін сенімді жолбасшы қызыметін атқарумен қатар, қатынас жолдары мен ірі өндіріс орындарының құрылыстарын жобалағанда, ауылшаруашылық жерлері мен орман алқаптарын пайдалану жəне тағы басқа мақсаттарда қолданылады. Ірі масштабты сұлбалар (пландар). 1:25000 жəне оданда ірі масштабты топографиялық карталар аэрофототүсіру материалдарының негізінде құрылады. Біршама ұсақ масштабты карталар ірі масштабты карталарды камералық өңдеу арқылы жасалады. Далалық кескіндеу жұмыстарының нəтижелеріне сүйеніп құрылған топографиялық карталарды алғашқы, ал оларды камералық өңдеу арқылы құрылған карталарды өңделген карталар деп атайды. Элипсоид жазықтық ретінде қабылданатын көлденең (ортогональды) проекциямен құрылған жер бетінің шектеулі шағын бөлігінің кескіні сұлба деп аталады.
Топографиялық сұлбалар (пландар) 1:2000 жəне оданда ірі масштабта құрылады. Олар техникалық жобалар мен инженерлік қала шаруашылығында қолданылады. 1:10000 нан 1:200000-ға дейінгі карталар тығыз карталар деп аталады. Топографиялық пландарда жергілікті жердегі пландар мен жер бедерінің элементтері кескінделеді. Ұсақ масштабты карталардан айырмашылығы жергілікті жердегі нысандардың кескіні айқын болуы. Көлденең қима-сызбалар. Жергілікті жердің белгілі бір масштабпен кішірейтіліп алған тік бағыттағы қимасын көлденең қима-сызба деп аталады. Ол жергілікті жерде жүргізілетін биіктіктік кескіндеу нəтижелерінде жинақталған деректерді камералық өңдеуден өткізу арқылы құрылады. Арнайы шартты белгілермен кескінделген аумақтың геологиялық құрылысын, өсімдіктер мен топырақ жамылғысын, сонымен қатар табиғаттың құрамдас бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсетуге болады. Көлденең қима-сызба жер бетінің белгілі бір бөлігінің жер бедерінің ерекшеліктерін көрнекі түрде жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретіндіктен көптеген ғылыми-тəжірибелік міндеттерді шешуде кеңінен қолданылады.
Көлденең қима-сызба тұрғызылатын карта бетіндегі сызық көлденең қима-сызбаның сызығы деп аталады. Ол түзу немесе бірнеше бұрылыстан тұратын нүктелері бар сынық сызықты болуы мүмкін. Көп жағдайда көлденең қима-сызба негізінің бастапқы биіктік белгісі нөлге тең деп алынады. Биіктік белгісінің айырмасы өте жоғары болғанда негіздің биіктік белгісі метрдің дөңгелектенген сандармен алынады.
Топографиялық карталар масштабына қарай екі үлкен топқа бөлі неді. Олар1:200 000 дейінгі ірі жəне 1:200 000 нан 1:1 000 000 де йін гі орта масштабты карталар. 1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000 жəне 1:5000 ірі масштабты топографиялық пландар құрылыс-мон таж жұ мыс тарын жүргізуге қолданылса, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 мас штабты карталар жергілікті жерде бағдарлау, əскери, оқу, гео ло гия лық барлау басқа өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданады.
Топографиялық картаны оқудың мəні. Карта кеңістіктік ақпараттар сақталған танымның маңызды құралы болып табылады. Картографиялық кескіндерді көру арқылы есте сақтап, ой елегінен өткізіп талдау негізінде жергілікті жердің ерекшеліктері туралы бір тұтас түсінікті қалыптастыру үрдісін топографиялық картаны оқу дейміз. Бастапқыда оқырман жалпы шолу арқылы картографиялық кескіндерді біртұтас құрылым ретінде қарбылдап, картамен жұмыс істеу барысында ой елегінен өткізіп талдаудан біртіндеп кеңістіктің шынайы ақпараттық бейнесін анықтауға көшеді. Құбылыстарды картада бейнелеу үшін ерекше картографиялық кескіндеу нышаны болып табылатын шартты белгілер жүйесі қолданылады. Өзара үйлесіп, бір-бірімен байланыста болатын алуантүрлі шартты белгілер картаға түсірілетін жергілікті жердің барлық тетіктерін емес, ең басты ерекшеліктерін ашып көрсететін ақ парат тар беретін кеңістіктік үлгісін түзеді. Осындай карта жергілікті жердің белгілі бір масштабта кішірейтілген, жинақ талған, шартты белгімен кескінделген шынайы бейнесін көрсе те ді. Картадағы ақпараттардың тереңдігі, сыйымдылығы мен дəлдігі оқырманның жалпы жəне картографиялық дайындығының деңгейіне, жеке ерекшеліктеріне, жинақтаған картамен жұмыс істеу тəжірибесіне, ақпараттық деректерді алу жəне пайдалану дағдыларына, сонымен қатар, картаның əртүрлі сапалық ерекшеліктеріне тығыз байланысты болады.
Мəнерлі болуымен ерекшеленетін, эстетикалық тұрғыдан көркем бейнеленген, бояулары үйлескен, құрылымы мен пішіндері дұрыс таңдалған шартты белгілердің көмегімен кескінделген картографиялық тілінің қарапайымдылығын, тез меңгерілуін, жеңілдігімен қатар қолжетімділігін картаның оқылуы дейміз. Бірақ басымдық шартты белгілердің пішініне, өлшемі мен бояуының түсіне беріледі. Атап айтсақ, шартты белгілер мен жергілікті жердегі нысандардың бір-бірімен ұқсастығы олардың жылдам танылып есте сақталуын жеңілдетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *