Картографиялық кескіндеу тәсілдері

Картографиялық кескіндеу тәсілдері

Тақырыптық картаның мазмұнын ашу үшін ареал, сапалық түс, нүктелік, изосызықтар, бел гілеу, жеке диаграмма, картограмма, картодиаграмма, қоз ғалыс белгілері əдістері қолданылады.
Гипсометриялық əдіс. Географиялық картаның мазмұнының элементтерінің ішіндегі кескінделу жағынан ең күрделісі жер бедері болып табылады. Кез-келген картада жер бедерінің ойлы-қырлылығының сипаты, тау беткейінің көлбеулігі айқын кескіндеуі тиіс. Ірі жəне ұсақ масштабты карталарда жер бедері гипсометриялық əдіспен горизонтальдардың көмегімен кескінделеді.
Картаның масштабына сай горизонтальдар белгілі бір биіктікте жүргізіліп, олардың аралықтары жер бедерінің негізгі пішіндерін айқындайтын қабатты бояулармен боялады. Əр қабатты бояу қамтыған теңіз деңгейінен алынған биіктіктер картаның бұрыштамасының астындағы биіктік жəне тереңдік шкаласында көрсетіледі. Биіктік жəне тереңдік шкалаларының көмегімен қима-сызбалар құрып, нысанның абсолют биіктігін анықтауға мүмкіндік береді. Жер бедерінің негізгі пішіндерінің абсолют биіктігін көрсететін сан жазылған түсіндірмелі шартты белгімен бейнеленеді.
Қабатты бояулар əдісі жер бедерінің ірі пішіндерінің алып жатқан ауданын, созылған бағытын, биіктігін, тау беткейінің көлбеулігін анықтауға мүмкіндік береді. Гидрографиялық нысандар мұхиттар, теңіздер мен көлдер кескіні жағалау сызықтарымен шектеліп көгілдір бояулармен боялады. Су нысандарының тереңдігі изобаттармен көрсетіліп, көршілес жатқан изобаттардың аралығы қоюлығы əртүрлі көгілдір түстермен боялады. Табиғи су қоймаларының тереңдіктері тереңдік шкалаларында көрсетіледі. Табиғи су қоймаларының тереңдік белгілері мұхит асты бедерін гипсометриялық əдіспен кескінделуін толықтырады.
Ұсақ масштабты карталарда өзен жүйелерінің жалпы кескіні, симметриялылығы мен ассимметриялылығы, басты өзеннің төменгі, орта жəне жоғарғы ағыстары, өзен алаптарының су айырықтары беріледі. Өзендердің кеме қатынасына қолданылатын бөліктері қос сызықпен кескінделеді.
Географиялық карталарда елді мекендердің кескінделуі. Елді мекендер жалпы географиялық карталардың мазмұнының маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Көптеген елдімекендер саясиəкімшілік, экономикалық, мəдени орталықтар болып табылады. Ұсақ масштабты карталарда қалалар пішіні дөңгелек пунсондармен кескінделеді. Елді мекендер картаның масштабына сай маңызына қарай іріктеліп алынады. Халық тығыз қоныстанған аймақтарда елді мекендердің 2-4%-ы, сирек қоныстанған аймақтарда барлығы картада кескінделеді. Пунсондардың мөлшері мен ішіндегі елді мекендердің халқының санын, ішіндегі бояуы мен аттарының жазылу мақамы қалалардың сая си-əкімшілік қызметін көрсетеді. Саяси əкімшілік мəні бар қала лар дың атының асты толық немесе үзік сызықтармен сызылады. Астаналар арнайы боялған пунсондармен ерекшелендіріп көр сеті леді. Қатынас жолдарының картада кескінделуі. Қатынас жолдарының бес түрі — құрлық, өзен, теңіз, құбыр, əуе көліктерінің ішіндегі бастапқы үшеуі жалпы географиялық карталарда кескінделеді. Жалпы географиялық карталарда қамтылған аумақтың қатынас жолдарымен қамтамасыз етілуі мен көліктің құрылымдарын ашып көрсетуге тырысады. Автокөліктен темір жолдың экономикалық маңызы жоғары болғандықтан экономикасы жақсы дамыған аудандарда темір жолды сол қалпында кескіндеп, автомобиль жолдарын мүмкіндігінше көп жинақтап тек маңызды автомагистральдар ғана көрсетіледі Жалпы географиялық карталарда кескінделген құрлық жолдары маңызына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.
– магистралды, маңызды жəне басқа темір жолдар;
– магистралды, басты жəне басқа автомобиль жолдары;
Ұсақ масштабты шолу карталарында құрлық жолдарының ерекше бөліктері асулар мен тоннельдер көрсетіледі. Шолу карталарында теңіз айлақтары мен маңызды темір жолдары пунктирмен көрсетіліп, теңіз айлақтары ерекше белгі якорьмен көрсетіледі. Маңызды теңіз жолдардың бағытының бойына жалғастыратын порттардың аты мен қашықтығы жазылады. Ерекше белгілермен теңіз паромдары мен олар жалғап жатқан қалалары жазылады.
Тақырыптық карталарда құбылыстарды кескіндеу тəсілдері. Кескінлеу тəсілдерін таңдау. Кескіндеу тəсілдерін таңдауда кескінделетін нысандардың сандық жəне сапалық сипаттамаларын, кеңістіктікте орналасуын, динамикасын жəне тағы басқа барлық мəліметтер жинағы ескеруді қажет етеді. Картаның мазмұны мен типі де əсер етеді. Сондықтан ғылымианықтамалық, анықтамалық жəне жедел карталарға нақты жəне дəл кескіндеу үшін белгілеу, сапалық түс, сызықтық белгілер, қозғалыс белгілері жəне тағы басқа тəсілдерді таңдау қажет. Ал, жалпы танымдық жəне ғылыми-тұғырнамалық бағыттағы карталарда жалған сызықтар, изосызықтар, ареалдар жəне тағы басқа жалпы географиялық кескіндеу тəсілдерін қолданған тиімді. Кескіндеу тəсілдерін таңдауға елеулі түрде, əсіресе, есептікстатистикалық материалдардың нақтылығы мен дəлдігі де əсер ететіндіктен кескінделенетін құбылыстардың географиялық мəліметтерінің сəйкестігін нақтылау керек.
Ареал əдісі (area) – (латын тілінде аудан, кеңістік) картада кескінделетін құбылыстар: пайдалы қазбалардың алаптары, өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерінің таралған аумағы, ауылшаруашылық дақылдарының өсірілетін аудандарының шекарасы айқындалып ерекше шартты белгілермен кескінделеді. Ареал жəне сапалық түс əдістері тақырыптық карталарда кескінделген құбылыстардың кеңістіктік таралуымен қамтылған аумағын сипаттайды.
Ареал жəне сапалық түс əдісінде құбылыстардың сандық сипаты ескерілмейді. Белгілі бір құбылыстың таралған шектеулі ареалы сызықтармен, пунктирлермен немесе нүктелермен көрсетіледі. Егер ареалдың нақты шекарасы көрсетілмесе құбылыстың аты жазумен жазылып, болмаса, бейнелі геометриялық шартты белгімен немесе əріппен белгіленеді. Бір-бірінен қашықта немесе бір-бірімен жалғасып, белгілі бір құбылыстардың сандық көрсеткіштерін айқындайтын сандық ареалдар да болады, оған жүк тасымалындағы белгілі бір жүк тасымалының үлес салмағын көрсететін ареалдар мысал болады.
Сапалық түс əдісі. Тақырыптық карталарда кескінделетін құбылыстардың таралатын аумағы белгілі бір түспен боялады, бояудың түсі белгілі бір құбылыстың таралған аумағын көрсетеді.
Сапалық түс əдісі табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық құбы лыс — тарды кескіндеуге кеңінен қолданылады. Геологиялық, текто ни — калық, топырақ, климат, саяси, экономикалық тағы басқа та қы рыптық карталарда сапалық түс əдісі кеңінен қолданылады.
Изосызықтар тəсілі белгілі бір құбылыстардың көрсеткіштері бірдей нүктелерін қосатын қисық сызықты изосызықтар дейміз. Изосызықтар тəсілін жер бедерін кескіндеуге, тақырыптық карталарды құруға кеңінен қолданылады. Жер қыртысының құрылысын сипаттайтын геологиялық карталарда стратоизогипстер құру арқылы шөгінді жыныстардың қандай да бір қабатттарының қалыңдығын көрсетеді. Тереңдігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изобаттар арқылы мұхит суының тереңдігі мен бедерінің ерекшелігін анықтайды.
Климаттық жəне метеорологиялық карталарда жер бетіндегі температуралары бірдей нүктелерді қосатын изотермалар мен жауыншашынның мөлшері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық изогиеттер, атмосфералық қысымы бірдей нүктелерді қосатын изобарлар, құбылыстың бір датада түсетін құбылыстарды қосатын қисық сызық изохрондар, жер бетіндегі магниттік ауытқуы бірдей нүктелерді қосатын сызықты изогондар, халықтың тығыздығы бірдей нүктелерді қосатын сызық изодазалар кеңінен қолданылады.
Изосызықтарды қолданғанда картада кескіндеу үшін қандай көрсеткіші негіз ретінде алынғанын, қандай өлшембірлікпен өлшенетінін білудің маңызы зор. Белгілеу тəсілі. Картаның масштабы ескерілмейтін құбылыстардың географиялық орнын анықтауға қолданылатын масштабтан тыс шартты белгілерді белгілеу дейміз. Белгілердің мөлшері картада кескінделетін құбылыстардың көлемін айқындайды. Географиялық карталарда геометриялық, көркем бейнелі жəне əріптік белгілелер қолданылады. Үшбұрыш, төртбұрыш дөңгелек түрінде қолданылатын белгілер қарапайым жəне құрылымдық болып бөлінеді. Құрылым дық геометриялық шартты белгілер экономикалық карталарда ірі өндіріс орталықтарындағы жеке өнеркəсіп салалары ның үлес салмақтарын көрсетеді. Əріптер мен өнеркəсіп салалары, химиялық символдармен пайдалы қазбалардың жеке түрлері кескінделеді.
Құбылыстың абсолют шамасы белгінің сызықтық өлшемімен, оның ауданымен, көлемімен анықталады. Бұл айырмашылықтарды картадан сызғышпен немесе өлшегішпен өлшеу арқылы табуға болады. Бұл нұсқада бөліп көрсетілген аумақтағы көрсеткіштердің шамасы шартты белгінің өлшеміне сəйкес келеді. Солардың ішіндегі ең қарапайымы тік төртбұрыш.
Жеке диаграммалар тəсілі ірі аумақта кең тараған құбылыстарды көрсету үшін қолданылады. Бұл əдіспен картаға түсірілген қандайда бір құбылыстардың жер бетінің əртүрлі нүктелеріндегі абсолют немесе салыстырмалы мəнін көрсету үшін қолданылады.
Құбылыстардың мөлшері белгілі бір шкаламен диаграмма түрінде тұрғызылып, таңдап алынған нүктелердің үстіне қойылады. Жеке диаграммамен барлық құбылыстардың таралуын көрсетуге болады. Мысалы, жауын-шашынмен температураның, атмосфералық қысымның, қардың қалыңдығын тағы басқаларды көрсетуге болады. Қозғалыс белгілері əртүрлі табиғи жəне экономикалықгеографиялық құбылыстардың қозғалыс бағыттарын көрсетеді. Физикалық географияда мұхит ағыстары мен желдің, ауа массаларының қозғалысын, экономикалық географияда жүк тасымалдарының бағытын кескіндейді.
Картодиаграмма тəсілі. Белгілі бір аумақтық бөліну шегіндегі қандайда бір құбылыстарды абсолют өлшемдерінің жиынтық көрсеткіштерін көрсету үшін картодиаграммаларды қолданады. «Картодиаграмма» термині картаға түсіру əдісі, сонымен қатар, осы тəсілмен құрылған картаны білдіреді. Бұл тəсілмен көбінесе əкімшілік-аумақтық бөлінудің шекарасы айқын бейнеленген жеке мемлекеттер мен олардың ірі бөліктерінің, материктер мен аймақтардың тақырыптық карталарында қолданылады. Əрбір аумақтық-əкімшілік бөлінудің ішіне осы аумаққа тəн құбылыстың абсолют көрсеткішінің жиынтық өлшемін айқындайтын бір диаграммалық орналастырылады. Бұл тəсілді біршама ірі аумаққа жаппай таралған (егіс алқаптарының ауданы, ормандағы ағаштардың жалпы қоры т.б.) немесе жекелеген елдімекендерде шоғырланған (тұрғындар саны, өндірілген өнеркəсіп өнімдерінің, ауруханалардағы төсек санының т.б. сандық көрсеткіштері) орналасу сипаты əртүрлі көптеген құбылыстарды картаға түсіру барысында қолдануға болады.
Картодиаграмма тəсілімен əрбір аумақтық бірлікке шаққандағы құбылыстардың абсолют көрсеткіштердің жиынтық өлшемдерін ғана емес, оның құрылымында көрсетуге болады. Құбылыстың құрамдас бөліктерінің арасалмағын көрсететін мұндай картодиаграммалар құрылымдық деп аталады. Ол үшін картодиаграмманың белгісі əрбір құрамдас бөлігіне сəйкес келетін теңдей бөліктерге бөлінеді. Шартты белгінің бөліктерін əртүрлі бояулармен бояйды немесе штрихтайды да, олардың мəнін картаның түсініктемесіне жазады.
Картограмма қандайда бір аудан үшін орташа болып саналатын құбылыстардың салыстырмалы өлшемдерін картада кескіндеу тəсілі болып табылады. Картодиаграммалармен көбінесе барлық халыққа қатысты алғанда халықтың тығыздығы, халықтың үлес салмағы сияқты қандайда бір белгілерін (жастық, жыныстық, кəсіби құрамын) ашып көрсетуді көздейтін əлеуметтік-экономикалық құбылыстар кескінделеді.
Картограммадаларда барлық жыртылған жерлерге шаққандағы белгілі бір ауыл шаруашылығы дақылдары себілген егіс алқаптарының пайыз есебімен алынған үлессалмағын, сонымен қатар тұрғындардың мəдени-тұрмыстық жағдайларын (кітапханадағы кітаптардың, ауруханалардағы төсек сандарын) көрсету үшін қолданылады.
Нүктелік тəсіл. белгілі бір құбылыстардың географиялық орналасуын ғана емес, сандық сипатын да көрсететін нүктелік тəсіл көбінесе əлеуметтік-экономикалық карталарда кеңінен қолданылады. Қандай да бір құбылыстардың орналасуы мен мөлшері нүктелермен белгіленеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *