Жүк тасымалының классификациясы және қатынастың түрлері

Жүк тасымалының классификациясы және қатынастың түрлері.

Жүк тасымалы үшін және оның барысында теміржол көлігінің инфрақұрылымы көрсететін қызмет үшін төлемді, сондай – ақ өзге де тиісті төлемдерді яғни қосымша алымдар, вагондарды контейнерлерді пайдалану, жұмыс және қызмет көрсету ақысы, айыппқлды анықтау процессі баға қою деп аталады.
Тасымалдау дегеніміз- жолаушылармен жүкті теміржол көлігімен тасымалдауға даярлау, оны жүзеге асыру және аяқтау барысында атқарылатын ұйымдастыру және технологиялық операциялардың жиынтығы. Теміржол көлігімен тасымалдауға көптеген инфрақұрылымдар қатысады.
Тасымалдау ұдайы қайталанып отыратын мынадай операцияларды атқарудан тұрады: Жүкті жөнелтуге қабылдау, вагондарды жүк тиеуге беруге байланысты маневрлер, вагондарға жүк тиеу, оларды әекту маневрлері, пойыздарды құрастыру және оларды жөнелтуге дайындау, пойыздардың баратын стансасына дейінгі жүрісі, пойыз құрамдарын жол бойында сұрыптау және құрастыру, баратын стансасында тарату, вагондарды жүк түсіретін орындарға беру маневрлері, жүк түсіру және оны қабылдаушыға тапсыру және т.с.с.
Жүк тасымалдау және коммерциялық жұмысы мынадай мәселелерді де қамтиды: жүк тасымалдау ережелері мен маршруттарының жасалуын, олардың сақталуын қамтамасыз ету; озат тасымалдауц әдістерін яғни пакеттеп, контейнерменғ аралас және маршруттап қолдану; тиеу- түсіру жұмыстарын мехиникаландыруды, жүктерді басқа бағыттарға ауыстыруды, коммерциялық тексеру қосындарының, сұрыптау платформаларының жұмысын, басқа да көлік түрлерімен өзара байланысты және т.с.с. қамтамасыз ету.
Көлік түрлеріне қарай теміржол көлігімен жүк тасымалдау тікелей теміржол қатынасымен, тікелей аралас қатынаспен және жекелей аралас қатынаспен тасымалданатын жүктерге бөлінеді.
Тікелей аралас қатынаста — жүк тасымалдауды оның бүкіл жүріс жолына толтырылатын бір ғана көлік құжатымен бірнеше көлік түрлері жүзеге асырады.
Жекелей аралас қатынаста – жүк тасымалдауды әр бір көлік түріне жекелей толтырылатын тасымалдау құжатымен бірнеше көлік түрлері атқарады.
Арнайы теміржол тасымалы аса маңызды мемлекеттік және қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, сондай-ақ сотталған және қамауда отырған адамдарды тасымалдауға арналған.
Әскери теміржол тасымалы — әскери бөлімдер мен бөлімшелерді, әскери жүктерді, әскери командалар мен әскери қызметін, ішкі істер органдарындағы, қылмыстық атқару органдарындағы қызметін өтеп жүрген жеке адамдарды, ұлттық қауыпсіздік комитеті органдарының қызметтерін тасымалдауға арналған.
Жолдың тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз белгіленген телімнен немесе жол кесінділерінен, уақыт бірлігінде өтетін максимальдық көлік құралдар саны.
Жылжымалы құрамдармен тасымалдау қабілеттілігі дегеніміз бір мезетте тасымалданатын жүктер немесе жолаушылардың техникалық саны.
Транспорттық тасымалдау қабілеттілі дегеніміз транспорт құралдарының және құрылыс пен құрылымдардың жиындығының өткізу қабілеттілігі.
Жолаушылар тасымалдайтын көлікте өндірістік процесті оңтайлы ұйымдастыру жолаушылар қозғалысына жіберілетін уақыт шығынын азайтып жолаушылардың көліктік шаршауын төмендетіп және жұмысшылармен қызметкерлердің атқаратын жұмыстарының сапасымен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Атқаратын жұмысына қарата, жолаушыларды тасымалдау: маршруттық, экскурсиондық, саяхаттық, қызметтік, вахталық. болып бөлінеді.
Ұйымдастыру түрі бойынша: маршуттық, жалдамалы, тікелей, аралас.
Тасымалдау көлемі Q тасымалдауға жоспарланған немесе тасымалданған тонна есебіндегі жүктер санын көрсетеді.
Жүк айналым Р т/км есебінде өлшенеді және жоспарланған немесе тасымалдауды орындауға кеткен транспорттық жұмыстарды көрсетеді.
Жүк ағымдары тікелей ΣQnp және кері ΣQоб бағытқа тасымалданатын тонна есебіндегі жүктер санын анықтайды.
Тікелей бағыт дегеніміз — үлкен шамадағы жүк ағымдарының бағыты.
Тасымалдау көлемін, жүк айналымын және жүк ағымдарын, белгіленген уақыт мерзіміне жатқызылады. Олардың шамалардың өз ара байланысы төмендегідей:
— тасымалдау көлемі: Q = ΣQnp + ΣQоб
— жүк айналым: P = Q * I Q
Бұл жерде: I Q — жүк тасымалындағы орташа арақашықтығы.
Тасымалдау көлемі, жүк айналымы және жүк ағымы шамамен, құрылыммен, олардың игеру уақытымен және біркелкілік емес коэффицентімен сипаттамаланады.
Тасымалдау шамасы бойынша массалық және шағын партиялы болып бөлінеді.
Тасымалдау көлемі және жүк айналымы жүк ағынын тексеруі бойынша қалыптастырылады:
• Өнеркәсіптік мекемелердің тасымалданатын жүк көлемі анықталғанда, алып келуге дайындалған жүктер саны анықталады (шикізаттар, материалдар, жабдықтар т.с.с) және тасымалдауға дайындалған жүктер санын анықтайды (дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар, өндіріс қалдықтары)
• Құрылыс объектерінің тасымалдау көлемін белгілеу үшін алынып келінетін кірпіш, құм, шағал т.с.с. санын анықтайды, сонымен қатар сыртқа тасымалданатын топырақ, құрылыс қалдықтарының саны анықталынады.
• Ауыл шаруашылық ұйымы үшін, егіндік материалдар, минералдық және органикалық тыңайтқыш тасымалдау көлемін анықтайды және егіндік мөлшеріне және өнімділігіне қарай ауыл шаруашылық өнімдер көлемі шығарылды
• Сауда жүйесі бойынша, халық мұқтажын қанағаттандыру үшін тасымалдау көлемін және жүк айналымын белгілейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *