«1С-Логистика :Тасымалдауды басқару» жүйесінің қызметі
6. Жүйе қызметін автоматтау.
7. Жүкті тасымалдаудағы қажеттіліктерді басқару.
«1С-Логистика :Тасымалдауды басқару» жүйесінің қызметі .
«1С-Логистика: тасымалдауды басқару» келесі қызметтерді автоматтандыруға мүмкіндік береді:
1. Жүкті тасымалдауда қажеттіліктерді басқару: жүкті ішкі орналастырудағы жеткізіп берушілер, сатып алушылар тапсырысы негізінде құрылатын жүкті тасымалдау тапсырмаларының орындалуын бақылау және тіркеу;
2. Жүкті тасымалдау үшін тапсырмаларды басқару: жүкті тасымалдаудың қажеттілігі негізінде құрылатын жүкті тасымалдау тапсырмаларының орындалуын бақылау және тіркеу;
3. Жүкті тасымалдауды басқару: түрлі тапсырмаларда көрсетілген жүктерді тасымалдауды орындау үшін рейстерді түрлендіру және рейсті орындау барысында транспорт құрылғыларының маршруты өтуін бақылау;
4. Ресурстарды басқару: жоспарланған рейстерді орындауға арналған транспорттық құрылғыларды анықтау үшін тапсырыстарды орындауды тіркеу және бақылау;
5. «Ingit» (программалық жабдық жеке пайдаланылады) электронды картасындағы ақпаратты визуализациялау;
6. Транспорттық құралдардың түрлері бойынша тасымалдауларды орындаудағы кілттік көрсеткіштер тиімділігін бағалау үшін балама есеп беру алу.
Ақпараттық жүйеде кәсіпорынның құрылымы мен қажеттілігінен тәуелді сату бойынша менеджерлердің, сатып алу бойынша менеджерлердің, логистердің, транспорттық бөлімшілерідің басшылары мен диспетчерлерінің қызметтік жұмыс орындары ұйымдастырылуы мүмкін.
Жүйенің іріленген қызметтерін келесі блок-схема бойынша көрсетуге болады (16 -сурет).
Жүкті тасымалдаудағы қажеттіліктерді басқару. Ішкіжүйе қолданушыға жүкті тасымалдаудағы қажеттіліктерді орындауды тіркеуге және бақылауға мүмкіндік береді.
Мұндай қажеттіліктер тұтынушының тапсырысы, жеткізіп берушінің тапсырысы және ТМЦ — ны кәсіпорынның қоймалары арасындағы жоспарлы орын ауыстыру нәтижесінде туындайды. Тасымалдау қажеттіліктерін сату немесе сатып алу бөлім менеджері немесе жүкті тасымалдауға тапсырысты қабылдайтын қызмет өкілі жүйеге тіркейді.
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.
2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. — М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.