КƏСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АНДРАГОГИКАНЫҢ РӨЛІ


КƏСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АНДРАГОГИКАНЫҢ РӨЛІ

Ғ.Б. АХАТАЕВА — п.ғ.к., Абай атындағы ПУ Тарих факультеті
«Әлем тарихы» кафедрасыны аға оқытушысы

Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында кəсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру мəселелері қарастырылған. Онда «Жоғары білім беру сапасын қамта-масыз ету үшін білікті кадрлар болу қажет»- деп атап көрсеткен[1].
Кəсіби білім берудегі Андрагогика пəні – адамдарға өзінің əлеуметтік, жас мөлшеріне қатысты психофизиологиялық жəне кəсіби ерекшеліктерін ескеруге, оқу ісінде өз тəрбиесін пайдалануға білім алудағы көздеген жекелеген талап тілектерін, мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдарын айқындауға мүмкіндік беретін ғылым.
«Андрагогика» (грек тілі andros — адам, agogoc – басшылық тəрбие) мазмұны адамды тəрбиелеу деген ұғымды береді. Ертеде адамдарды тəрбиелеуді, олардың іс-əрекетіне бағытбағдар беруді осылай атаған. Бұл педагогика ғылымының ертедегі Грециядағы алғашқы атауы.Ол кезде Греция мемлекетінде үлкендерді де қолөнер шеберлігіне үйрету ісімен шеберлер айналысатын болған.
Андрагогика – дидактиканың бір бөлімі, ол ересектердің қарым-қатынастарында принциптерді (ұстаным) дамытады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 24бабында: «Ересектерге білім беру. Ересектерге (18 жасқа толған адамдарға) білім беру қоғамда болып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сəйкес білімдермен дағды-лардың қосымша көлемін алу үшін олардың өмір бойы білім алу қажеттіліктерін қанағат-тандыруға бағытталған.
Ересектерге білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар іске асырады» [2].
Жалпы мəдени білім алу кеңістігінде ересек адамдар мына қажеттіліктердің орнын толтыра алады:
1. Жалпы орта білімді аяқтау үшін;
2. Жеке тұлғасын дамыту үшін;
3. Жеке басының денсаулығын сақтау, шынықтыру мақсатында;
4. Бос уақытын мазмұнды өткізу үшін.
Қазіргі таңда елдердің бір-бірін салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бəсекелестік күшқуаты олардың табиғи ресурстарының молдығына ғана емес, ең алдымен қазіргі заманғы маңызды əлеуметтік құндылықтармен қоғамдық бағыттар жүйесін дұрыс қалыптастырумен, қоғам мүшелерінің интеллектуалдық, рухани жəне мəдени əлеуетімен инновациялық технологияларды жəне ақпарат ағымын ұтымды пайдалана білуімен анықтала алады.
Қоғам адамның өрісі, өмір сүру кеңістігі, қасиеті мен қабілетінің көрініс табатын алаңы. Белгілі философ, академик Ғарифолла Есім: «Əр адамның өз ғұмыры əрі «алтын ғасыры» бар, сол алтын ғасырдың есімі – арман» -деп атап көрсеткен[3]. Академиктің айтар ойының түйіні саналы ғұмыр сыйлаған əрбір қоғам мүшесінің сол арманға жетудегі кəсіби білімді игерудегі жетілуін меңзейді. Ал, кəсіби жетілудің қыры мен сырын меңгерудің бастамасы жоғары оқу орнынан басталатыны белгілі. Жоғары оқу орнының негізгі мақсаты студентке теориялық білім беріп қана қоймай, сол білімді өздігінен ізденіп табу қабілеттігін, оқу əрекетінің ғылыммен байланыстыра білу дағдысын қалыптастырды.
Болашақ тарих мамандары Андрагогика пəнінен алған жалпы мəдени білім алуының негізгі бағытындағы мына мəселелерді айқындай алады:
• Адамның жалпы адами құндылықтар дүниесімен етене араласуы;
• Жеке тұлғасын тану;
• Адамгершілік қасиеттерін көтеру;
• Жеке басының денсаулығын сақтауға қатысты білім мен біліктіліктерді игеру;
• Бос уақытын тиімді, мазмұнды өткізуге қатысты ақпарттармен қарулану.
Соған орай ересек адамдар ретіндегі тарих мамандығындағы студенттердің кəсіби біліктілігін жетілдірудегі Андрагогика пəнінің атқаратын рөлі ерекше.
Абай атындағы ҚазҰПУ-інің тарих факультеті 050114 – тарих мамандығы 3-курс студенттер тобының нағыз шығармашылықпен айналысатын кезеңі. Шығармашылық адамның өмірде өзінөзі танумен қатар, алға қарай ұмтылуы, ізденуі.
Қоғамдық пəндерді оқытудағы бүгінгі білім берудегі нормативтік құжаттың қайсысында болсын, оқушының тұлғалық келбетін қалыптастыру жайында қарастырылады. Оқушыға білім нəрін беретін ертеңгі тарих пəні мұғалімі, яки ересек адам бүгіннен өзінің рухани күшін нығайтуды басшылыққа алғаны жөн. Кəсіби шеберлікті меңгерудегі қабілеттіліктерін ашуда студенттер «Неге назар аудару керек?» «Нені зерттеу керек?» деген сияқты сауалдарға жауап беретіндей өз-өздеріне сенімді болуы тиіс. Мысалы Андрагогика пəнінен студенттердің өздігінен орындау тапсырмалары реферат, баяндама, глоссарий, тарихи шығарма т.б. орындаудағы əдіс-тəсілдерден дəлел келтірелік.
«Кəсіби білім берудегі Андрагогиканың рөлі» тақырыбына шығарма жазып келуді ұсыу барысында, студенттердің тарих мамандығын таңдаудағы өзіндік ұстанымы бар, тұжырымдай білетін ізденімпаз жастардың көп екендігін аңғаруға болатынын байқадық. Солардың бірі тарих мамандығы 3-курс студенті Əсел Мұхамбетқалиеваның шығармасынан үзінді келтірген жөн:
«Андрагогика пəні ерекше адамдардың өмірге келген күннен бастап өмірінің соңына дейін, яғни өмір бойы білім алуы жөніндегі ғылым. Бұл андрагогика пəнінің мəні Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауында айтылған мына сөзімен өзектес: «Өмір бойы білім алу əрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»-деп атап көрсеткен[4]. Қазіргі кезде үздіксіз білім беру мақсатында əр түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі осы жылы бекітілген жаңа бағдарлама – студенттің академиялық ұтқырлығы болып табылады. Бұл бағдарлама бойынша студент өзі оқитын жоғарғы оқу орнынан басқа жоғарғы оқу орнына 1 семестрге оқуға бара алады. Бағдарламаның артықшылығы студент өзге оқу орнында тəжірибе, білім алмасу мүмкіндігі. Менде осы бағдарлама бойынша Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Абай атындағы ҚазҰПУ-іне 050114 – тарих мамандығы бойынша білім алмасу мақсатында келдім. Мен өзім оқитын университетке аты берілген қазақтың біртуар ұлы азаматы Х. Досмұхамедовты үлгі тұтамын. Х. Досмұхамедовтың «қазақ халқы үшін, өзінің ұлы Отаны қазақстанның келешегі үшін сіңірген артына қалдырып кеткен елеулі еңбектері бүгінде ерекше бағалауға тұрарлық.
Х. Досмұхамедовтың бойындағы жан-жақты əмбебаптылығына қайран қаласың. Ұлы тұлғаның дəрігер ретінде медицина ғылымына қосқан үлесі аз емес. Дəрігер ретінде Халел Досмұхамедов қазақ халқының оба ауруына қарсы күресу үшін дайындаған «Как бороться с чумой киргизского народа» деген еңбегінің маңызы зор. Сонымен қоса көрнекті тұлғаның ағартушылық саласындағы педагогтік – ұстаздық қызметінің бірі тарихшы ретіндегі ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға алғашқылардың бірі болып талдауынан көрінуі» — деп болашақ тарих маманы Əсел Мұхамбетқалиева Халел Досмұхамедовтың тұлғалық келбетінің жан-жақтылығын сипаттайтын құжат деректерін дұрыс таңдай білген. Ізденіске бағытталған студенттердің жеке жұмыстарынан көптеген тарихи құндылықтарды өзара пікір алмасу сабақтарында дəлелдеп, кəсіби мамандықты игерудегі ғылыми теориялық білімдерін жетілдіре түсетіні даусыз. Ондағы тұлға қасиетін тану, үлгі тұту кейінгілерге сабақ ету сияқты қасиеттерінен алар өнеге үлкен. «Ересек азамат ретінде, уақыт тиімділігін қалай пайдалану керек» деген сауалнамаларға, студенттердің ғылыми тұрғыдан жауап беріп, Абай айтқандай, өз-өзіне лайықты есеп бере алатын «Мен» тұжырымы айқын жастардың қуантатыны анық.
Сол сияқты қоғаммен етене араласып, өзінің жан-жақты қырын танытып жүрген, тұлға ретінде қалыптасқан, білімді, ортасына сыйлы тарих мамандығының 3-курсында оқитын жаста болса қоғамға өз үлесін қосып жүрген ересек азамат Айтбаев Думанды айтуға болады. Думанның жан-жақтылығына үңілер болсақ, ол 1-курстан-ақ өзінің ұйымдастырушылық қабілетін таныта білді. Оған мысал ретінде, «Күлтөбе» интеллектуалдық –танымдық, пікір алмасу клубын құруға ат салысты. Бұл клуб өзінің алдына мынадай мақсаттар мен міндет-терді қояды. Қазіргі таңдағы жаһандану заманындағы өзекті мəселерді талдау, студенттердің бос уақытын дұрыс пайдалануға, оларды шешендік өнерге, ойын ашық айтуға тəрбиелеу. Бұл студенттің өзге студенттермен қоян-қолтық қарым-қатынас жасай білуін, көпті тыңдата білетін ерекше қасиетін атап айтуға болады. Оның айқын көрінісі 2-курстан бастап тарих факультетінің қоғамдық деканатының төрағасы болуы. 2011 жылы сəуір айында «Ғылым əлемі» атты жас ғалымдар арасында өткен дүниежүзілік ғылыми конференцияда «Елбасы жолдауында жастарды отаншылдыққа тəрбиелеудің өзекті мəселелрі» атты тақырыппен жүлделі орынды иеленді. Тақырыптың негізгі мақсаты қазіргі таңдағы жастар арасындағы ділгір мəселелерді шешу, отаншылдық, патриоттық сезімдерін ояту. Думанның бұл тақырыпты алуының өзінен оның патриотты, еліне деген сүйіспеншілігі мол азамат екенін байқауға болады. Думан оқи жүріп те жұмыс істеп үлгеріп жүр. Ол 2011 жылдың сəуір айынан бастап Есік археологиялық өлкетану мұражайында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады. Міне, Думан жаста болса да өзін жан-жақты көрсетіп жүрген студент. Оның жан-жақтылығы сол, ол оқуды да, жұмысты да, деканаттың белгілеген жұмыстарында бір арнаға тоғыстыра білуі. Айтбаев Думанның алар асуымен, асар белесі алда. Оның қазақ халқыныа өз үлесін қосатын кемелді азамат болатынына сеніміміз мол.
Білетіні мен білері көп, үнемі ізденісте жүретін, əр сабақ сайын тың материалдармен сабақты қызықты етіп айтатын нағыз шығармашылық адамы Анапияев Қазыбекті айтуға болады. Қазыбекті шығармашылық адамы деп айтуымыздың жаны бар. Неге десеңіз ол группаластарының арасында белсенді, сыйлы, ең бастысы білімді студент. Оның өзіне тəн ерекше қасиеті от ауызды, орақ тілді шешендігі. Қазыбектің шешендігін сабақ айтқан кезде əрбір тарихи оқиғаны образға еніп, аудиториядағы студенттерді елітіп өзіне баурап алатындығынан байқауға болады. Оның жеткен жетістігіндегі, 2009 жылы тарихтан Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен олимпиадада жекелей сында 2-ші орынды иеленді. Бұл олимпиадада 4 көтеріліс : Е. Пугачев бастаған көтеріліс, К. Қасымұлы бастаған көтеріліс, И.Тайманұлы бастаған көтеріліс жəне Тентектөре бастаған көтеріліс жөнінде эссе жазған болатын. Сондай-ақ Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университетінде өткен 5В011400 – «тарих» мамандығы бойынша студенттердің ІІІ Республикалық пəндік олимпиадасында топтық есеппен І орын алды. Қазыбек мəдени шараларды ұйымдастыруда да өз үлесін қосып жүр. Оған дəлел ретінде «Махаббатсыз дүние бос», «8-наурыз аналар мейрамы» атты мəдени шараларды өткізуде ат салысуы. Қазыбектің бір басына тоғысқан осындай асыл қасиеттерін басшылыққа ала отырып, Қазыбек би бабамыздай ділмар бүгінгі « ХХІ ғасырдың Қазыбегі» деген теңеудің де артықтығы жоқ.
Кəсіби білім беруде андрагогика пəні қоғамды үздіксіз білім алуға тəрбиелеуде алар орны зор. Мысалы Швейцар зерттеушісі П. Фюрте «Андрагогика – адамды өмір бойы қалып-тастыру туралы ғылым» деп есептейді. Шынында, андрагогика пəні үздіксіз білім беруде ересек адамды тəрбиелеу мен қалыптастырудағы алтын көпір.
Қазақстан Республикасының Гуманитарлық Білім беру тұжырымдамасында : «Білім беруді гуманитарландыруға қойылатын талап – ең алдымен барлық оқу пəндерінің гуманитарлық əлеуетін айқындап, оларды оқыту əдістемелерін тиісінше өзгерту»-деп атап көрсеткен [5].
Сондықтан тарих пəнін оқытудағы білім берудің гуманистік бағытын, шығармашылық əлеуетінің қалыптасуын, болашақ маманды даярлауға адамзаттың рухани құндылықтарын Андрагогика пəні арқылы жүзеге асыруға əбден болады.


1. Р. Білім беруді дамытуды 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // аза)стан мFғалімі23 )ырк4йек , 2010.
2. Р. Білім туралы за ы.- Алматы: «Юрист» баспасы, 2008.
3. Есім Ғ. «Акме – )оғам болмысы» // Егемен аза)стан, 18 наурыз 2009 жыл.
4. «Болаша)ты іргесін бірге )алаймыз». .Р-ны Президентіне кандидат Н.E. Назарбаевты сайлауалды бағдарламасы.- Алматы, 2011.
5. .Р. Гуманитарлы) білім беру тFжырымдамасы // Егемен аза)стан, 26 тамыз, 1994.

Резюме
В статье всесторнне рассматривается роль преподавания профильной дисциплины «Андрогогика» для студентов исторического факультета. В качестве наглядных примеров были представлены материалы из заданий на самостоятельную работу студентов.

Summary
In article widely the role of teaching of profile discipline of «Androgogika» for students of historical faculty is considered. As bright examples materials from tasks for independent work of students have been presented.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *