ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 1999 ЖЫЛҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫ БОЙЫНША ЖЕТIСУ ӨҢIРIНДЕГI ХАЛЫҚТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТIК ЖАҒДАЙЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 1999 ЖЫЛҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫ БОЙЫНША ЖЕТIСУ ӨҢIРIНДЕГI ХАЛЫҚТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТIК ЖАҒДАЙЫ

М.К. Тулекова–
т.ғ.д., ҚазҰПУ Əлем тарихы кафедрасының профессоры

Егемен Қазақстан Республикасындағы жүргізілген екінші Ұлттық Халық санағының нақты қорытындыларының жарияланғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Санақ қорытындылары бойынша еліміздегі халықтың жалпы саны 16 млн 372 мыңға жетіп отыр. Бұл кейінгі жылдары еліміздегі халық санының өскендігін көрсетеді. Санақ қорытындысы бойынша қазақтардың үлесі 63,9% ғана болып отыр. Осы алғашқы Ұлттық санақтың соған дейінгі кезеңдердегі одақ бойынша жүзеге асырылған санақтардан ерекшелігінің өзі онда бұрын қойылмаған бірнеше сұрақтар қойылып соған жауаптар алынды. Осы сұрақтардың арасында қазақ тілін меңгеру деңгейі, елдің əлеуметтік жағдайы т.б. бар.
1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың əлеуметтiк жағдайының əртүрлiлiгiн көре аламыз. Елдегi экономикалық қайта құрулардың нəтижесiнде 80-жылдардың аяғынан бастап елдегi жоғары бiлiмдi маман кадрлардың шет жаққа көптеп қоныс аударуы байқалды, ол əсiресе немiстер, еврейлер, орыстар арасында болды. Сонымен қатар жоғары бiлiмдi жұмысшылар, қызметкерлер мен мемлекеттiк секторларда жұмыс iстеп жүрген көптеген жоғары бiлiктi мамандар ендi өздерiнiң жеке кооперативтерi мен жеке кəсiптерiн аша бастады. 1989 жылы жұмысшылар, қызметкерлер жəне колхозшылардың саны 0,8 % кемiп, ал жеке еңбекпен айналысушылар саны 3 есеге өстi (1979 жылмен салыстырғанда) [1]. Қол еңбегiмен айналысатындар саны азайып, керiсiнше ой еңбегiмен айналысатындар саны өстi. Жалпы əлеуметтiк жағдайға тiкелей əсер еткен ол Қазақстан Республикасының Егемен ел ретiнде дамуындағы экономикалық қайта құрулар да болды. Көптеген зауыт, фабрикалардың, өнеркəсiп орындарының жабылып қалуы елдегi жұмыссыздар санының өсуiне алып келдi. Бұрынғы жоғары бiлiмдi техникалық мамандар қажет болмай қалды.
Жаңа экономикалық қайта құруларға, яғни нарықтық экономикағы халық даяр болмай шықты. Осының өзi тез əлеуметтiк жiктелiске алып келдi. Халық арасында қайтадан байлар, кедейлер, орташалар, əлеуметтiк қорғауды қажет ететiн топтар пайда бола бастады. Жоғары бiлiмдi əлеуметтiк топ зиялылары 70-80 жылдардағы тотаритарлық-əкiмшiлiк жүйе кезiнде көптеген қиыншылықтарға тап болды. Одан бұрында бұл топ көптеген қиындықтарды тарихта басынан өткерген едi. Ол соғыстар кезi, аштық, репрессия, Сталиндiк қуғын-сүргiн кезi. Осылардың барлығы келiп кейiнгi кездерде зиялы қауымға көп керi əсер еттi. 70-80 жылдардағы қоғамдағы жағымсыз көрiнiстер инженер, мұғалiм, дəрiгер, ғалымдарға деген сұраныстың азаюына жəне олардың мамандығының беделiнiң түсуiне алып келдi. Нəтижесiнде осы салада жұмыс iстейтiндер саны бұл кезеңде азая бастады. Бiрақ 80-жылдардың аяғынан бастап бұл мамандық иелерiнiң қайта өрлеуi байқалды. Жалпы республика бойынша ғылыммен айналысатын зиялы қауым иелерiнiң саны үнемi өсiп отырды. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша ғылыми жұмыспен айналысатындар, мұғалiмдер –35,7% өстi [2]. Бiрақ қазақ зиялы қауымын даярлауда көптеген жылдар бойы көп көңiл бөлiнбей келдi. Олар көбiнесе құрылыстарда, ауыр қол еңбектерiне негiзделген қосалқы жұмыстарда iстедi. Өз тiлiнде бiлiм ала алмады, мемлекеттiк тiлдiң жоғары қызмет орындарында қолданбауы да олардың қызмет жағынан өрлеуiне бөгет болды. Олар алған бiлiмдерi бойынша қызмет iстей алмады. Егемендікке қол жеткізген шақта көптеген өзгерiстер болды, бiрақ экономикалық қайта құрулар, нарық тағы да қазақ зиялыларына ауыртпалықтар ала келдi. Көптеген маман кадрлар жұмыссыздыққа душар болды. Сонда да мемлекет бiлiм жəне ғылым мəселесiне көп көңiл бөлуде. 2000 жыл «мəдениет жылы» деп жарияланса, ал 2001 жыл «ғылым жылы» деп жарияланды. Мəдени мұра бағдарламасының өзі ғылым мен білімнің дамуына көп əсер етті. Осының өзi Егемен Республикамыздың келешек ұрпаққа жасап отырған қамқорлығы болса, екiншiден əлеуметтiк топтар арасындағы алшақтықты жоюға да көмектеседi. Қазір мемлекеттiк тiлде-қазақ тiлiнде бiлiм алып, оны қызмет бабында еркiн пайдалану мүмкiндiгiне жеттiк, өз жерiнде бiрiншi рет қазақтар көпшiлiк этносқа айналды. Оның өзі əлеуметтiк жағдайымызға əсер етедi.
Əлеуметтiк жағдайды сипаттайтын бiр көрiнiс ол бiлiм беру болып табылады.

Бiлiмi бар 1000 тұрғынға алып есептеген кезде жоғары бiлiмдiлер екi жыныс арасында 1999 жылы 137 адамнан келсе, ал ол 1989 жылы 98-ден келген. Осы секiлдi ерлер арасында ол көрсеткiш 135,98 болса,ал əйелдер арасында 139,95-ке жеткен. Бiрақ қазiргi экономикалықəлеуметтiк жағдайларға байланысты бiлiмге деген құштарлық бұрынғыдай сатыда болмай отыр. Халықтың көпшiлiгi орта жалпы бiлiм деңгейiнде қалып отыр. Орта жалпы бiлiмдiлер 1000 бiлiмдi тұрғынға алып есептегенде 1999 жылы 331 болды,ал 1989 жылы 314 болған, ол ерлер арасында 363,354 болса, əйелдер арасында 306,279-ға жетiп отыр. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткiштер 1000 тұрғынға бiлiмдi алып есептегенде 1999 жылы екi жынысты қатар алып есептегенде 82 болса, 1989 жылы-64, ал ол ерлер арасында 77,63, əйелдер арасында 86,65 болды. Бiз жоғары бiлiмдiлердiң жылдан жылға өскенiн көре аламыз. Ауылдық жерде де жалпы орта бiлiмдiлердiң саны көп болып отыр. 1000 тұрғынға бiлiмдi шаққан кезде 1999 жылы екi жынысты қоса есептегенде 470, ал 1989 жылы ол 387 болған. Ерлер арасында ол көрсеткiш 511,441 болса, əйелдер арасында 430,335 болып отыр[3]. Жалпы ауылдық жерлерде жоғары бiлiмдiлер саны 1999 жылы 60826 болды, 1989 жылғы 45531-ге қарсы. Ерлер арасында жоғары бiлiмдiлер 28235,21711 болса, əйелдер арасында ол 28235,21711-ге жеттi[4,154б.]. Жоғары бiлiм алу өткен санақ қорытындысына қарағанда өскенiн байқаймыз. Ал Алматы қаласына келетiн болсақ 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша жалпы 15 жастан асқан тұрғындар саны екi жынысты қоса есептегенде 892092-ге жеттi. Оның 261880 жоғары бiлiмдi, 45787аяқталмаған жоғары бiлiм, 181000 орта арнаулы бiлiмдi, 261244 адам орта жалпы бiлiмдi, 97796 негiзгi жалпы бiлiмдi болса, 39882 бастауыш бiлiмi барлар болды. 1989 жылы жалпы бiлiмдiлер саны 816398 болған. Осыған қарап қалада бiлiм алу деңгейiнiң өскенiн байқаймыз. 1000 тұрғынға бiлiмдi алып есептеген кезде ерлер арасында жоғары бiлiмдiлер 1999 жылы 282 болса, ол 1989 жылы 227 болған, əйелдер арасында 302,219 болып отыр. Осыған қарап жоғары бiлiм алу ерлерге қарағанда əйелдер арасында көптiгi байқалады. Жалпы Алматы тұрғындарының көпшiлiгiнiң бiлiм деңгейi жалпы орта бiлiм болып қалып отыр ол 1999 жылы екi жынысты қоса алғанда 261244 болса, 1989 жылы 248257 болды. Ерлер арасында 126078, 123377, ал əйелдер арасында 135166,124880 болды. Бұл жылдан жылға көпшiлiк қалып тек жалпы орта бiлiм деңгейiнде қалып отырғанын көрсетедi[3,192,154 бб.]. Бұдан бiз ауыр экономикалық жəне жанұялардағы əлеуметтiк жағдайлар, сонымен қатар жұмыссыздық бiлiмдерiн ары қарай жалғастыруға мүмкiндiк бермей отырғанын байқай аламыз. Сонымен қатар бiлiмдi жастар жоғары бiлiм алған соң қажетсiз болып отыр. Жұмыс орындарымен қамтамасыз етiлмеу, бұрынғыдай мемлекеттiк сұраныстардың болмауы бiлiмдi кадрлардың сыртқа кетуiне де жол беруде.
Алматы қаласында бiрнеше этникалық топтың өкiлдерi тұрады. Əртүрлi əлеуметтiк жағдайларға қарамастан олар бiрiге жұмыс iстеп ортақ отандары Қазақстанды дамытуда бiр ұлт өкiлдерi секiлдi қызмет етуде. Қазақ тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде жариялау Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкiлдерiнiң дамуына ешқандай шек келтiрмейдi. Ол туралы Қазақстан Республикасының Президентi Н.А.Назарбаев былай деген: «Қазақстанның дамуы үшiн барлық халықтардың бiр-бiрiмен жақындасуына көп көңiл бөлу қажет, қазақ халқының дамуына, өркендеуiне ұмтылуын онда тұратын басқа ұлт өкiлдерiнiң дұрыс түсiнуi жəне көмектесуi бiздiң мемлекетiмiздегi келiсiмдiлiк пен достыққа əкеледi» [4]. Сондықтан да бiз елдегi басқа ұлт өкiлдерiнiң дамуына да ерекше көңiл бөлемiз. Жалпы демографиялық даму халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа да байланысты. Бiздiң елiмiзде жүзден аса ұлт өкiлдерi тұрып жатыр. Халықтың əртүрлi этностары орналасқан аймақтардың бiрi осы Жетiсу өңiрi болып табылады.

Алматы қаласының əлеуметтiк құрамы жағынан көп ұлтты болып отыр. Қазақстан Республикасында сонымен қатар Жетiсу аймағында да əлеуметтiк жағдай əртүрлi болып отыр. Негiзгi этност-қазақтар əлiде ауыр қол еңбегiмен көп айналысып жүр. Ауылдық жерлердегi жұмыссыздық, мемлекеттiк секторлардың жабылуы көптеген адамдардың жұмыссыздыққа ұшырауына алып келдi. Қазiргi күнде əлеуметтiк жiктелу өте тез жүруде. Мемлекеттiк мекемелер мен өндiрiсте жұмыс iстейтiн қызметкерлермен қатар өздерiнiң жеке фирмаларын ашқандар саны өсiп отыр, ұсақ өндiрушiлер, кооперативтер, фермерлер санымен қатар көбiне саудамен айналысып жүргендер өте көп. Алматы облысы мен Алматы қаласында негiзiнен уақытша жұмыспен айналысатындар,яғни сезондық жұмыскерлер саны өсуде. Оның өзi бұл аймақтың əлеуметтiк жағдайына əсер етуде. Қазiр күннен күнге жұмыссыздық өсуде. Бұл шешiмiн қажет ететiн өте ауыр əлеуметтiк мəселе болып отыр. Жұмыспен қамтамасыз ету орталықтары Жетiсу аймағында 1991 жылдан бастап жұмыс iстеп келе жатыр. Бiрақ олар мəлiметтер жинақтағаннан басқа нақты ешқандай шараларды аяғына дейiн орындап отырған жоқ. Жұмыссыздық үшiн берiлетiн көмек те тоқтап қалды. 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша жұмыссыздық мөлшерi бойынша деректер берiлген. Оның үнемi өсiп келе жатқаның көремiз.11,0,-13,-13,1-ге өсiп келе жатыр. Бұл нақты дерек деуге болмайды, ауылдық жерлердегi жұмыссыздықты толық ешкiм есепке алып отырған жоқ. Жұмыссыздар саны əйелдер арасында өте жоғары. 1996 жылы 2,7 болса,ал 1997 жылы ол 3,1-ге көтерiлдi,1998 жылы-2,4-ке көтерiлдi[3,192 б.].
Жұмыссыздар саны жастар арасында өте жоғары. Олар орта мектеп бiтiрушiлер, жоғары бiлiмдiлер институт, университеттен кейiнгi, мигранттар, армиядан келген солдаттар. Бұл көрсеткiш 1995-1998 жылдар аралығында 4,0-5,2 –ге дейiн көтерiлді. Ауылдық жерлердегi жұмыссыздар саны жалпы тұрғындар санына алып есептегенде 37% құрайды[5]. Сондықтан да бұрынғыдай халықты жұмысшылар, колхозшылар жəне қызметкерлер деп бөлу қазiргi өмiрге сай келмейдi. Қазiргi кезде көптеген адамдар күн көру үшiн өз беттерiмен жұмыс тауып соған орналасады, ал оны ешкiм есепке алып отырған жоқ. 1999 жылғы санақ қорытындысында тек мемлекеттiк секторда жұмыс iстейтiндердiң ғана есебi берiлген. Ал қосалқы жұмыс iстейтiндер, өз алдына еңбек етушiлердi, ұсақ өндiрушiлердi есепке алмаған. Бiртiндеп халық нарықтық экономикаға үйренiп келедi. Қазiр дəрiгерлiк мамандыққа деген ұмтылыс байқалады. 90-жылдардан бастап жоғары оқу орындарының санының тез өсуi ондағы оқитын студенттер санының өсуiне алып келдi. Көптеген мамандар мектептерден, жоғары оқу орындарынан жəне мемлекеттiк мекемелерден табыстың аздығына байланысты шығып кетiп жатыр. Олар көбiнесе қосалқы жұмыстармен немесе шағын кəсiппен айналысады. Қазiр Жетiсу аймағында кəсiпкерлер саны тез өсуде. Оған себеп көптеген шетелдiк фирмалардың ашылуы, сауда орталықтарының ұлғаюы, бұрынғы астана ретiнде бұл аймаққа нарықтың басқа жерлерге қарағанда тез таралуы жəне халықтың тұрмысының басқа аймақтарға қарағанда бiршама болса да жоғары болуы. Қазiргi əлеуметтiк жағдайы өте төмен топқа жататындар жəне саны жағынан да көп болып отырған зейнеткерлер. Жалпы республика бойынша зейнеткерлердiң жұмыспен қамтамасыз етiлуi əр жылда əртүрлi болды. Бiр зейнеткерге есептегенде экономикалық салады жұмыс iстейтiндер саны 1995 жылы2,3, 1996 жылы -2,4, 1997 жылы-2,4 болса, ал 1998 жылы-2,3 ғана болды. Зейнеткерлерге төленетiн зейнет ақысының көлемi де əртүрлi. 1997 жылы қызметкерлер мен жұмысшылардың орташа жалақысы 1-қазанда 2380 теңге болса, ал зейнеткерердiң зейнет ақысының жасына қарай-2340, мүгедектiгiне байланысты 2340-1170 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшiн 1404, жасынан бастап мүгедек болғандар үшiн-2340 болса, ал 1998 жылы 2440 –тан ең жоғарысы 1 топтағы мүгедектер үшiн 3960 теңге ғана болды[3], бұл қазiргi күнделiктi қажеттi күн көруге жетпейдi. 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша республиканың облыстарындағы зейнеткерлер саны мен олардың зейнет ақысының көлемi анықталды. Ол бойынша 1997 жылы жыл аяғында республика бойынша зейнеткерлер саны 2818725 болса, ал 1998 жылдың аяғында 2720427 болған. Бұл көрсеткiш Алматы облысында 275385 тен 262874 ке түстi. Алматы қаласында 1997 жылы 223873 зейнеткер болса, 1998 жылы оның саны 210966 болды. 1000 тұрғынға алып есептегенде 186,9-дан келедi[7]. 1998 жылдың аяғында республикалық зейнет ақы төлейтiн орталықтан зейнет ақы алатындардың саны республика бойынша 1985793 болып оның 1935030-ы жасына қарай толық зейнет ақы алса, ал 50763-толық емес жұмыс iстеген кезi үшiн алды. Алматы облысы бойынша олардың саны 182829, толық жасына қарай зейнет ақымен қамтамасыз етiлгендер 79731, ал толық емес еңбек жылдары үшiн — 5814 болды. Алматы қаласында жалпы саны 166902,оның 164543-жасына қарай зейнет ақысын алса, 2359-толық емес еңбек жылдары үшiн зейнет ақысын алды[8]. Қазiр зейнеткерлерге арналған мүгедектер үйi мен оларға берiлетiн жеңiлдiктер күннен күнге азайып бара жатыр(кесте 4).

Осы кестеге қарай отырып зейнеткер жасындағы əлеуметтiк жағдайы төмен жəне жасынан мүгедек балаларға арналған үйлер санының аздығын көремiз. Бұл жылдан жылға кемiп барады. Республикадағы экономикалық-əлеуметтiк қиын жағдайларға байланысты оларға мемлекет тарапынан берiлетiн көмек азаюда. Қазiр Алматыда ең төменгi тап өкiлдерi олар үйi, жұмыс орны жоқ көшеде күн көрiп жүрген адамдар. Осылар қатарынан кейiнгi кезде жас балалар да қосылып жүр. Мемлекет тарапынан оларға ұақытша жататын орындар ашқанмен ол пайда болған əлеуметтiк мəселенiң шешiмiн таппайды. Дамыған демократиялық елдер қатарына көтерiлу үшiн бiз ең бiрiншi балалар мен қарттарымызға көмек беру жағын, оларды əлеуметтiк қорғауды шешуiмiз қажет. Осы мəселеде демографиялық дамуға үлкен əсер етедi. Қазiргi кезде мемлекет тарапынан берiлiп жүрген əлеуметтiк бөлiнген қаржы көлемi өте аз. Бүгiнгi күнi Жетiсу өңiрiнде де жалпы республикадағы секiлдi жұмыссыздық көбеюде, ол ауыр экономикалық-əлеуметтiк жағдайлармен тiкелей байланысты болып отыр. Қазiр халықтың əлеуметтiк-бiлiктiлiгi жағынан нарықтық экономикағы бiртiндеп үйренiп келе жатқаны байқалады. Əлеуметтiк қамтамасыз етужəне жеке қызмет көрсететiндер арасында қазақтар саны өсуде-56,5%, қонақ үйлер мен ресторандарда-42,4%, автомашиналарды жөндеу жəне үйге қажеттi заттар жасаумен айналысатын қазақтар 42,4% құрайды. Қазақтар саны мемлекеттiк басқару мекемелерiнде (60,6%) жəне қаржы қызметтерiнде(52,0%) өсiп отыр[10]. Өнеркəсiп орындарының көптеп жабылуы, мемлекеттiк секторлардағы жұмыстың тоқтауы, жұмыссыздықтың өсуi, күнделiктi күн көрудiң қымбаттауы халықтың көпшiлiгiнiң ұсақ кəсiпкерлiкпен айналысуға итермеледi. Қорыта келгенде, еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары халықтың əлеуметтік құрамында ірі өзгерістер болды. Əлеуметтік топтарға жіктелу тез қарқынмен жүрді. Бұндай көрiнiс сауда жақсы дамып отырған, экономикалық орталықтың бірі Жетiсу өңiрiнде қазiргi уақытта өте жақсы дамып отыр. Жетiсу өңiрi өзiнiң табиғат жағдайы жағынан да, жер көлемi мен оның құнарлығы жағынан да халықтың жеке кəсiпкерлiкпен айналысуына өте қолайлы. Сондықтан тек оны дұрыс ұйымдастырып, қолдана алуды ғана қажет етедi. Жалпы мемлекет тарапынан қажеттi көмектер көрсетiлiп, қаржыдай көмек берiлсе халықтың əлеуметтiк жағдайын көтеруде жекелеген кəсiпкерлер өз көмегiн бере алар едi. Сонымен бірге Ел Басының Халыққа Жолдауларында да баса назар аударылып отырған мəселе халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту, елдегі əлеуметтік жағдай ол экономикаға тікелей байланыситы сондықтан да елімізді тез арада алдынғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына жеткізу үшін ерінбей еңбек етсек онда еліміздегі əлеуметтік топ өкілдерінің де жағдайы жақсарып жəне олардың арасындағы алшақтықтар жойылар еді. Оған қол жеткізу үшін мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектер мен жүзеге асырылып отырған əлеуметтік шараларды толығымен қолдана алуға үйрену қажет. Сонда ғана еліміздегі барлық топтар өзінің қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Ең бастысы қазiргi демографиялық проблемадағы басым бағыттарды дəл анықтап, оны шешудiң тиiмдi жолдарын таба бiлу қажет. Осыған орай əлемде индустриализация мен урбанизацияның жоғарғы қарқынды жүруiмен туындап жатқан ғаламаттық сипаттағы проблемалар бар. Оның қатарына «өркениет ауруы» атанған — туудың азаюы, өлiм-жiтiмнiң өсуi, тұрғындар қатарындағы қариялардың көбеюi. Туындаған мəселелердi шешу қоғамдағы саяси тұрақтылық пен халықтың əлеуметтiк жағдайын жақсартудың негiзгi тiрегiэкономикалық дамуға тiкелей байланысты. Ол əлеуметтiк-демографиялық жəне көшi-қон саясатын саралай отырып шешудi қажет етедi.
___________________
1. Асылбеков М.Х., В.В.Козина. Казахи (демографические тенденции 80-90 годов). Алматы,2000. -С.26.
2. Население Республики Казахстан. — Алматы,1994.-С.9-13; Асылбекова Ж., Уандыкова И.С. О формировании национальных кадров в индустриальных отраслях Казахстана. — Алматы,1995. -С.4-6.
3. Краткие итоги Переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. -Алматы.,1999. -С.155,154,192
4. Назарбаев Н. А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. –Алма-Ата: РГЖИ «Дəуiр», 1992. –48с.(37).
5. Краткие итоги Переписи населения 1999 года в Республике Казахстан -Алматы,1999.-
С.114; История переписей населения и этнодемографические процессы в Казахстане. -Алматы,1998.-
С.45-47.
6. ҚРОМА. Қор.1871.Тiзiмдеме.2. Iс.832,8.Байлама 75.1-3 парақ.
7. ҚРОМА.Қор.698.Тiзiмдеме.14.Iс.1218.Отчет о пенсионерах.
8. Уровень жизни населения в Казахстане. Статический сборник. -Алматы,1999.-С.125.
9. Статический сборник. Уровень жизни населения в Казахстане. -Алматы,1999. -С.130, 131.
10. Вишневский А.Г. Население России. – М., 1999. — С.94; Статический ежегодник Казахстана. 1999.-Алматы,1999.-С.44.

Резюме
В статье рассматривается социальное положение населения в Семиреченском регионе. Работа написана на основе cтатистических материалов и данных переписи населения 1999 года. Проанализированы изменения, имевшие место в количественном и структурном составе населения, и их влияние на социально-демографическое развитие.

Summary
The social condition of population in Semirechye’s region is researching in the article. The article was written on the base of statistical dates and informations of the Censuses of population in 1999. There analyzed changes, which were in quantity and structural composition of population and his influence on socialdemographic development.


 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *