ƏДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ОРНЫ

ƏДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ОРНЫ
Аннотация
Мақалада автор орта мектептерде қазақ əдебиетін оқытудың мəселелерін шешудегі психологиялық зерттеулердің алатын орны жөнінде ой-қорытады. ХХ ғасырдың бас кезінде жаңа мектептер үшін қазақ əдебиетін оқытудың алғаш бағдарламалары мен оқулықтарын құрастырып ұсынған А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Əуезовтің педагогикалық психологияның элементтеріне арқа сүйеп отырғандығы жөнінде айта келе, əсіресе əдебиетті оқытуды жандандыруға 70-жылдардағы психология саласындағы көркем шығарманы оқып түсінудін аспектлері жөніндегі зерттеулердің тигізген əсері болғандығына тоқталады. Қазіргі кезеңде қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ əдебиетінің мазмұны мен оқыту жолын іздестіруде де психология саласындағы көркем шығарманы қабылдау сатылары жөніндегі жəне т.б. зерттеулерге сүйену абзал деп түйіндейді.
Түйін сөздер: əдеби білім, көркем шығарманы қабылдау мен түсіну сатылары, мұғалім мен оқушының бірлестігі, əдеби-теориялық ұғымдардың нақтылығы, əдістеменің психологиялық астары, қиял белсенділігі.
В статье рассматривается вопрос о роли психологических исследований в разработке методических проблем преподавания литературы. Автор на основе анализа педагогических и психологических работ известных казахских просветителей начала ХХ века А.Байтұрсынова, М.Жумабаева, М.Дулатова, Ж.Аймауытова показывает, что в решении вопросов успешного обучения литературе они придавали большое значение психологическому аспекту. Влияние психологической науки на развитие методики обучения литературе особенно стало заметным в 70ые годы прошлого века. Автор подчеркивает, что разработка сегодняшних проблем содержания и обучения казахской литературе, введенной в школах с неказахским языком обучения должно вестись на основе достижений ученых в области психологии восприятия и понимания художественных произведений учащимися.
Ключевые слова: литературные знания, этапы восприятия и понимания художественного произведения, сотворчество учителя и учащегося, конкретность литературно-теоретических понятий, психологический аспект методики, активность воображения.
Annotation
In the given article the role of psychological researches in elaboration methodological problems of teaching literature is considered. On the basis of analysis of pedagogical and psychological works the author shows that in solution of the problems for successful teaching literature the famous Kazakh enlighteners of XX c.c. such as A. Baitursynov, M. Zhumabayev, M. Dulatov and Zh. Aimautov paid great attention to psychological aspects. The infl uence of psychological science on development of teaching literature method became more remarkable in the 70’s of the last century. The author emphasizes that elaboration of problems in the content and teaching Kazakh literature at schools with non-Kazakh language teaching should be conducted on the basis of scientists’ achievements in the sphere of psychology in comprehension and understanding work of fi ction.
Keywords: literary knowledge, the stages of perception and understanding of art, teacher and student co-creation, specifi city of literary and theoretical concepts, the psychological aspect of the methodology, the activity of the imagination.
Əдебиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды көркем сөздің түр лері мен таныстыру, халықтың рухани қазы насынан нəр алдыру, сол арқылы тарихы мен əр кезеңдегі арман-тілегі, қиялы, наным-сенімі туралы түсінік беру, сөз өнеріне, көркем тілге қызықтыру, адамгершілік пен ізгілікке, сұлулыққа тəрбиелеу. Мектепте оқылатын пəндердің ішінде əдебиеттің алатын орны ерекше. Өйткені ол əдеби білім мен қатар өнердің түрлерін қамтитын күрделі пəн. Оқытуда алдымен шығарма мəтіні баланың эмоцияларына əсер етіп толғандырып, ұшқыр қиялға, сезімдерге бөлейтіндей болса ғана ойын қозғайды, оның мазмұнын, сюжеттік желісін, композициялық шешімін, автордың ойын танып білуге апарады. Яғни бұл пəнді оқытуда мұғалімнің оқушы психологиясының ерекшеліктерін біле отырып, қолданған əдістəсілдерін солармен ұштастырып отыруының мəні ерекше рөл атқарады.
Кіші жасөспірім жасындағы балалар пси хо логиялық зерттеулерге қарағанда, өлең дерді, қиял-ғажайып, хайуанаттар жайындағы ертегілерді, оқиғасы қызықты, шағын əңгі мелерді оқуға көбірек көңіл бөледі. Бұл жастағы балаларға өзін қоршаған ай на ласындағы өмір көріністерін, табиғат құбы лыстарын қызықты суреттейтін, фантастика лық сюжетке жазылған шығармаларды ұсын ған жөн.
7-8 сыныптарда оқитын балалар өздерін көрсетуге, танытуға, тезірек ер жетуге тырысады, көбіне шытырманды оқиғаларға құрыл ған, ғылыми- антастикалық оқиғаларды суреттейтін əңгімелер мен повестерге қызығады. Олар үлкендерге еліктегіш, өздеріне болашақта лайықты деп ойлаған мамандықты армандайды. Осы орайда өздеріне өнеге тұтатын ұлы адамдар жайлы кітаптарды да көбірек оқиды.
9-11 сынып оқушылары үлкендер оқитын шығармаларды оқуға əуес болады. Олар кейіпкер мінезінің, басқалармен қарым-қатынасының жан-жақты суреттелінуіне көңіл аударады. Жастар негізінен өздеріне ұнайтын, өздері қызығатын шығармаларды оқиды, яғни оларға қызықты болатын тақырыптар, жанрлық түрлері де айқындала түседі. Сонымен қатар белгілі бір топтағы оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылықтары бірдей бола бермейді, атап айтқанда, əдеби дамуының деңгейі əртүрлі болуы мүмкін. Балалардың жас шамасынан туындайтын осындай жағдайлардың пəн бағдарламаларын құрғанда, оны оқыту үрдісінде ескерілуі шартты.
ХХ ғасырдың бас кезінде жаңа мектептер үшінде қазақ əдебиетін оқытудың алғаш бағдарламалары мен оқулықтарын құрастырып ұсынған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Əуезовтің педагогикалық психологияның элементтеріне арқа сүйеп отырғандығы жөнінде қазіргі зерттеулерде айтылып жүр. А.Байтұрсынов өзінің «Əліппе», «Тіл құралы», «Баяншы», «Əдебиет танытқыш» сынды еңбектерінде теориялық ғылыми зерттеулері бойынша жасаған тұжырымдары мен терминдері халық педагогикасымен, этнопсихологиясымен байланыстырылып берілген. Мысалы, əдебиеттің тео рия лық мəселелерін «Сөз толғау», «Зейіндеме», «Сауық сөз», «Жан жоқтау», «Жан қоштасу», «Лұғат əуезділігі» деп қарастыруы осының дəлелі. Ғалымның оқыту, тəлімтəрбие беру жүйесіндегі еңбектеріне жоға ры баға берген психолог Қ.Жарықбаев: «Қазақ этнопсихологиясының теориялық мəсе лелерін зерттеуде біз А.Байтұрсыновқа ерекше қарыздармыз» [1,7] — деп жазады.
Қазақтың көрнекті жазушылары Ж. Аймауытов, М. Дулатов, ақиық ақынымыз М. Жұмабаевтың педагогика, психология мен əдістеме саласында жазған еңбектері мен оқу құралдарында айтылған ойларын, ұсынған тұжырымдарын саралап қарағанда олардың оқу-тəрбие ісін баланың білім мен тəрбиені қабылдау ерекшеліктерімен ұштастықта ғана нəтижелі болатындығына назар аударып отырғандарын байқаймыз. Мысалы, Ж. Айма уы товтың «Психология» атты көлемді еңбегі сол кездегі Одақ көлеміндегі осы бағытта жазылған құнды еңбектердің бірі болды. Психология саласындағы алғашқы оқу лықты жазуда автор қазан төңкерісінен кейінгі жылдары психология ғылымын жаңаша қалыптастыруға зор еңбек еткен белгілі ғалымдар П.П. Блонский мен Л.С. Выготскийдің зерттеулерінің əсері болғанын айта отырып, өз ой-тұжырымдарына халықтың этно психологиялық ұғымдарын молынан арқау еткенін көреміз. Сонымен қатар ол Германия, Франция, Англияның ғылымындағы психологиялық жүйелерді саралап, соларды тұжырымдап, қазақ халқының этнопсихологиясы мен этнопедагогикасындағы ұғым дармен, өмірі мен тіршілігінен алынған байқау ларымен дəйектеген. Адам баласының жан (рух), сана-сезім, мінез, жігер тəрбиесіне тоқ талып, олардың өзара үйлесімділігіне, адам өмірімен, тұрмысымен, өнерімен, қоршаған табиғатпен байланыстылығына тоқталады. Мысалы, Отанын сүюді, құрметтеуді адамшылықтың, ақылдың биік көрінісі дей келе, бұл қасиеттерді тəрбиелеуде халық даналығын, би-шешендер сөзін кеңінен қолдануды, яғни сөз өнерін талғаммен пайдалануды нұсқаған.
Осыған орай көркем сөзді оқытуға қойылатын талаптары жөнінде: «Бір рет оқып өткеннен, я естігеннен гөрі, оқығанды жаттау, пысықтау пайдалы деп ескі тəрбие əдісі балаларға сөз, өлең жаттататын, əрине, баланың жадында қалуға оның пайдасы артық, — дей келе, Ж.Аймауытов оқу материалының балаға əсерлі, қызықты болуы мен қатар пайдалы, қажетті болуын ескертеді, − …ол əсердің ешбір ықпалы оқушының өміріне, не амалына тимесе, ондай əсерді пайдасыз, бос кеткен əсер деп білу керек» [2,131], − деп түйіндейді. Автордың бала оқыту əдістемесінің күрделі мəселелерін психология тұрғысынан түсіндіруі кейінгі кезеңде педагогикалық жəне əдістемелік ізденістердің өзекті жолдарына айналды. ХХ ғасырдың басында əдебиетке келген ақынжазушыларымыздың елдің ертеңгі қамы үшін ағартушылық, педагогикалық, пси хологиялық бағытта жазып қалдырған еңбектерін əсіресе бүгінгі күні халқымыздың тəлімгерлік мұрасын пайдаланудың жолдарын іздестіруде, қазақ тілі мен əдебиетін өз табиғатына сəйкес жаңа заманның талабына лайықтап оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздерін қалауда алдымен назарға алынуға тиісті мол мұра деп білеміз.
60-70 жылдарда ғана оқыту саласындағы мəселелерді ғылыми-тəжірибелік тұрғыдан қарастыру, əдебиет пəнінің функционалдық мүмкіндіктерін толығымен оқыту ісіне жаратып отырудың жолдарын айқындау қолға алына бастайды. Бұған, біріншіден, сол жылдардағы кеңес үкіметінің саясатындағы өзгерістердің ықпалы болса, екіншіден, философия, эстетика, педагогика, психология ғылымдарында көптеген табысты еңбектердің жарыққа шығуы, жаңа ой- тұжырымдардың орын алуы өзінің септігін тигізді. Ғылыми ізденістердің мектеп тəжірибесіне негізделінуі мектеп пəндерін, солардың ішінде əдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту бағыттарының қалыптасуына ықпалы болды. Əдебиеттің баланың өсіп жетілуіндегі алатын орнын жоғары бағалай отырып, оны оқытудың жаңа мен тиімді жолдарын зерттеуде белгілі психологтар мен əдіскер ғалымдар Л.С. Выготский, Е.А. Корсунский, Г.А. Гуковский, Г.Л.Жабицкая, Қ. Жұбанов, А.Көшімбаев, Т.Тəжібаев, Ш. Кəрібаев, Ə. Қоңыратбаев, Ə. Дайырова, В.Г. Маранцман, О.И. Никифорова, З.Я. Рез, Н.Я. Мещерякова, Қ. Жарықбаев, М.Мұқанов əр түрлі дидақтикалық мəселелерге байланысты ізденістерін мектеп аясында жүргізген экспериментік байқауларымен ұштастырып отырды. Солардың нəтижесінде жасалған əдебиетті оқытуды пəннің өзіндік ерекшеліктерімен байланыстыра жүргізудің тиімділігі жөніндегі ойлары, көркем шығармаға баланың қызығушылығын қалып тастыруға арналған жұмыстардың жас шамасымен, оқыту əдістерін түрлендірумен сабақтас екендігін дəлелдейтін тұжырымдары кейінгі жылдары əдістемелік еңбектерде де дəйекті айтылып жүр.
Мысалы, Л.С. Выготскийдің зертеулерінде баланың ой-сезімін дамытудағы, шығармашылыққа бейімдеудеге өнер түрлерінің маңыз дылығы туралы айтылып, əсіресе əдебиет ті пайдаланудың оңтайлы жолдарына көп мəн берілген. Ғалым: «Музыканы өз сөзіңмен айтып бере алмағаның сияқты «Король Лирді» де мазмұндап айтып беруге болмайды, сондықтан мазмұндау əдісі көркем өнерде қолайлы əдіс бола алмайды» [3, 227], − деген пікірінде көркем шығарманың танымдық, тəрбиелік қызметінің мəтінді оқып жан-жақты терең талдау жасағанда ғана нəтиже беретіндігін меңзейді.
Психолог Н.Д. Молдавская əдебиеттің оқу курсын адамның көркем, бейнелі ойлау қабілетімен іске асырылатын, жазушы мен оқырманның біріккен шығармашылығы ретінде қарастырады. Өз жұмыстарында оқыр ман қабылдауының жалпы белгілері – балаға берілетін əдеби-теориялық ұғым нақтылығының деңгейі мен оқырманның көркем суреттеуді ұғыну деңгейінің сəйкестігі деп анықтайды. Оқушылардың пəн мазмұны жөніндегі жалпы түсінігі кеңейген сайын, бұл деңгейлер де көтеріліп отырылатындығын тəжірибелік байқаулардың негізінде дəлелдейді.
Психолог Г.Л. Жабицкаяның еңбектерінде 5-6 сынып оқушыларының көркем шығарманы оқып түсіну қабілеттерін қалыптастыру мəселесі зерттеуге алынып, əдебиет пəнінің мазмұнын, оқыту жолдарын айқындауда олар ды ескерудің маңыздылығы айтылды. Мысалы, ғалым шығарма сюжетін талдау процесінде автордың ойын қабылдауға жете лейтін басты элемент оқушының қиял бел сенділігі деп, 5-6 сынып оқушыларына көркем шығарманы эмоциялық сезімдер арқылы қабылдау тəн екендігіне баса назар аударады, осы жастағы оқырманның психо логиясының ерекшеліктеріне байланысты шығармаларды алғаш оқығанда олар оқиғаларына, кейіпкерлердің іс-əрекетеріне қызығып, жақсы жақтарына еліктеп, ал сол компоненттердің себеп-салдарына аса мəн бермейтіндігін дəлелдейді. Көркем шығарманы оқытуда кіріспе жұмыстарының қажеттілігі мен маңыздылығы балалардың осы сынды психологиялық жағдайларына байланысты болатындығын түсіндіреді.
Оқыту үрдісі мен оқушының қабылдау ерекшеліктерін зерттеген қазақ ғалымдары да қиял факторының адамның барлық психикалық құбылыстарымен байланыс тылығына тоқталады. Психолог Жарықбаев: «Мəселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес» [4,178], − деп түйіндейді. Оқушылардың психикалық ерекшеліктерін біліп, ескеріп отырған мұғалім əдебиетті оқыту барысында көркем мəтінді неғұрлым терең ұғындырудың тиімді жолдарын алдын ала анықтай алады. Оқыту тəжірибесінде көркем шығармамен алғаш таныстыруда оқушылардың эмоциясына əсер етуді ойластыру қажет, ол үшін қосымша деректерді сұрыптап алып, сабақты күйтабақтан əн, күй тыңдату, мəнерлеп жатқа оқу, естеліктермен таныстыру, суреттер көрсету, хаттардан үзінділер оқыту оқушыларға ерекше əсер береді, ішкі сезімдерін қозғайды, М. Жұмабаев тың сөзімен айтқанда: «Бала сөзін ұқпаса да, күйінен əсерленеді» [Осы зерттеулердің нəтижесінде білімді меңгерудегі ассоциациялық ойлаудың орны, оқу материалын ұғыну жəне пайдаланудағы мұғалімнің жетекшілік рөлі, яғни алдыңғы қалыптасқан ұғым-түсініктерді жаңа деректерді қабылдауда қолданудың психологиялық негіздері айқындалды. Психолог ғалымдар білімнің өзара байланыстарын екі бағытқа бөліп қарастырады: сөздіклогикалық ұғымдар жəне бейнелер мен көр некі түріндегі есте сақталған суреттер.
Оқу процессін зерттеуде психология ғылымы тұлғалық немесе мотивациялық ком по ненттерді зер сала қарастырады. Мұндағы ой-түйіндер оқушылардың оқуға деген саналы көзқарастардын қалыптастыру оқуға тарту мотивацияларымен, танымдық қызығушылықтарымен байланысты екендігін айқын дайды. Мотивацияны оқуға талпыныс тудыратын күш, себеп деп түсінеміз. Оның сыртқы, ішкі түрлеріне тоқтала келе психолог М. Мұқанов: «Ал оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз баланың өзіндік ықыласы, сан алуан құбылыстардың өзіне тəн сырларын білуге ұмтылуынан болады» [5,143], — дейді. Танымдық мүдделер оқушы жаңа пəнді оқи бастағанда пайда болады. Ол жаңаны ұғыну мақсатында, өзінің алдыңғы білімдерін пайдалана білсе, оларды салыстыра отырып, жаңаны тереңірек қабылдайды. Танымдық мүдделерді қалыптастыруға көрнекіліктер көп септігін тигізеді. Əсіресе орыс тілді мектептердің 5-8 сынып оқушылары қазақ əдебиетінің нұсқаларын оқығанда ең алдымен суреттелген құбылыстардың сыртқы қырларына, кейіпкердің іс-əрекеттерінің нақтылығына көңіл аударады. Бұл жағдай осы жастағы оқушыларға жаңаны түсінуде бейнелі-көрнекі ойлау түрі тəн екендігін дəлелдейді. Бұл жастағы оқушыларға көркем шығармалардың барлық түрін оқыту барысында көрнекілікті кеңінен қолдану тиімді. 70-80 жылдары шəкірттердің көркем шығарманы қабылдауларын психологиялық шарттармен ұштастықта қарастыру орын алады. Бұл бағытта көркем шығарманы қабылдаудың психологиялық астарын зерттеген ғалым О.И. Никифорованың еңбектерінің мəні педагогтар мен əдіскерлер үшін жоғары болғандығын атап айту қажет. Автор зерттеулерінде көркем əдебиетті оқытуды бірқатар сатылардан тұратын оқырманның шығармашылық қызметі ретінде қарастырады: мəтінді тікелей қабылдау мен мəтіннің бейнелі саралануы, автор идеясының логикалық саралануы, оқылғанның эстетикалық тұрғыдан бағалануы, оқушыға тигізген əсердің негізінде туындаған ілгері қозғалыстары. Оқу материалдарын қабылдау мен ұғыну жəне оны оқушыда қалыптасқан ассоциациялардың жүйесіне қосу, яғни жаңа материалдарды таныс материалдармен байланыстыру, оқу тақырыбын меңгерудің келесі сатысы болып табылады. Ұғыну үрдісіне ойлаудың нақты жəне абстрактылық түрлері қатысады. Нақты (көрнекі) ойлау – тақырыптың көрнекі түрде қабылдануы немесе оқушыға көрсетілуі. Абстрактылық ойлау – ұғым түріндегі жалпы ойлау. Мектеп жасындағы балаларда оқыту үрдісінің негізінде ойлаудың бұл түрі үнемі ілгерлеп отыратындығы дəлелденді.
Оқыту үдерісінің оқырманның (оқушы ның) танымдық қызметі ретінде қарастырылуы əдебиетті оқыту əдістемесінде мектепте көркем əдебиетті оқытудың сатылары жөніндегі жаңа зерттеулерге жалғасты. Ендігі кезекте көркем мəтінді оқуды тек əсерлі, тартымды етіп қана қоймай, оны бірнеше кезеңде атқарылатын үздіксіз үрдіс деп қарап, оқушының əрбір кезеңде мəтінмен терең, неғұрлым толық жұмыс істеуінің психологиялық негіздерін, жолдарын, солармен байланыста сабақ бойындағы мұғалімнің жетекшілік рөлін, іс-əрекеттерін, амалтəсілдерінің айқындауға ерекше мəн берілді. Бұл əсіресе қазіргі кезеңде қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ əдебиетін түпнұсқада оқыту қолға алынып жатқан жағдайда оқу мазмұнын əдебиеттің табиғаты мен оқушылардың оқырмандық мүмкіндіктеріне сəйкестендіре отырып жасау, оны оқушыларға меңгертуде психологиялық, педагогикалық салалардағы жетістіктерді пайдаланудың жолын іздестіру əдіскер-ғалымдар үшін қандай маңызды болса, тəжірибеде мұғалім үшін басты талаптардың бірі болып табылады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
2. Аймауытұлы Ж. Психология. – Алматы, 1995.
3.Выготский А.С. Психология искусства. – Москва : Искусство,1968.
4.Жарықбаев Қ.сихология. –Алматы: Білім,
1993
5.Мұқанов М.М. Жас жəне педагогикалық психология. − Алматы, 1981.

Ю.А. БАРУЛИНА
Криворожский педагогический институт
ГВУЗ «Криворожский национальный университет»
Кафедра педагогики
г. Кривой Рог, Украина julja-barulina@rambler.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *