ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУДА ПЕДАГОГТІҢ РӨЛІ



ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУДА ПЕДАГОГТІҢ РӨЛІ
Аннотация
Аталған мақалада суицидтің туындау себептері мен алдын алу жолдарына талдама жасалған. Қоғамның көлеңкелі жақтарынан теріс əсер алып түңілген балаларды тығырықтан шығару жолдары қарастырылған. Педагогке жүктелетін міндеттің маңыздылығына ерекше сипаттама берілген. Бала психологиясының қалыптасуына сана мен сезімнің рөлі баяндалған. Түйін сөздер: алдын ала жағдай, пайда болу, сəйкестік.
Проведенный анализ культурно-исторических и духовно-психологических препосылок суицидиального поведения несовершеннолетних позволил сделать ряд выводов. Акцентирована задача педагога в предотворении появления суицидиалного поведения детей и подростков.
Описана роль эмоции и чувств в формировании личности ребенка. Ключевые слова: предпосылки, появление, идентичность.
Annotation
The carried-out cultural-historical and spiritual-psychological analyses helped to make a certain conclusions: prerequisite careful spiritual study and control over teenagers will help to avoid the emergence of abnormal behavior of children to make a suicide. The role of emotion and feelings in the formation of the identity of the child is described. Keywords: prerequisite, emergence, identity.А
дам дүниеге өмір сүру үшін, тұлға ретінде із қалдыру үшін, өмір сүруге деген құштарлығымен қоса келеді. Себебі ғасырлар бойы адамның санасына сіңген өзін-өзі қорғау, өзін-өзі сақтау, өзін-өзі дамытуға деген ынта мен сезімі түйсікте, өмірде белгілі бір дəрежеге жету ұғымы санада берік қалыптасқан. Бұл − адамның үлкен қуатты күші. Сонда тегінен берік қалыптасқан қағида ның бұзылуына не себеп болады? Яғни адамның өмір сүруге деген құштарлығының басылып, түңілуіне соншалықты не əсер етеді? Түп себебін анықтауға бола ма? Жастарды қыршынынан қидыратын қатерлі мəселенің туындау, қалыптасу себептерін қалай анықтаймыз, қалай алдын аламыз? Біз дің білетініміз не нəрсенің де туындауына түрткі болатын жəйттардың себептерін айқын дағанда, мəселені шешу жолдарын да бағам дауға болады.
Суицид мəселесі – əсіресе балалар суициді өте қауіпті, күрделі жəне аяғына дейін шешілмеген мəселе. Ал, балалық шақ, жасөспі рімдік шақ — жаңа кездесулерге, əрбір күні жаңалықтарға, армандарға толы, өмірге деген құштарлықтың артып тұрған шағы. Сондықтан да баланы не қажытады, тығырыққа тірелген сəтте, күйзелістен шығару жол дары қандай, осы жайттарды зерттеп айқын дау − өте маңызды. Осы мəселенің рухани, психологиялық жəне мəдени-тарихи жағына көз жүгіртіп, ең маңызды екі ұстанымдық сұраққа жауап іздеп көрелік:
1. Қазіргі таңда елімізде балалар суициді неге белең алып тұр?
2. Ал біршама себептерін айқындаған жағдайда бəріміз бірігіп, немесе əрқайсымыз осы құбылыстың алдын алу үшін не істей аламыз?
Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол салуға біршама бейімділігі басым адамдардың болатыны анықталған. Осы мəселені шешу үшін ең алдымен, бейімділікті анықтап, дер кезінде көмек көрсетуіміз керек екені сөзсіз. Күнделікті қоғамның келеңсіз көріністері баланың құлағына жетіп, көз алдында орын алып жатыр. Атап айтсақ, ата-ананың ажырасуы, жетім, тастанды балалар санының өсуі, нашақорлық, араққорлық, ересектердің əлімжеттілігі, жабайы бəсекелестік, дамып келе жатқан қоғамға икемделе алмау, өзін ешкімге керексіз сезіну т.б. Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдардың бірі Э. Дюркгейм өлімге итермелейтін себептерді төмендегідей пайымдайды: эгоистік себеп (қоғам мен индивидтің арасындағы қарым-қатынастың əлсі реуі); альтруизм (шындық үшін немесе басқа адамдардың мүддесі үшін құрбандыққа бару); аномикалық (қоғамдағы дағдарысты жағдайлардың əсері) [1].
Елордадағы Психикалық денсаулық орталығының суицидологі Екатерина Миронова адамдарда неліктен өз еркімен о дүниеге кету идеясы туындайтыны жайында төмендегідей пікір айтады: «Суицидке байланысты оқиғалардың 30% – ол психикалық ауытқулар: депрессия — торығу, психоздар, шизофрения, 70% жағдайға бейімделу қабілетінен айрылу реакциясы. Яғни адам объективті түрде ауыр, немесе субъективті түрде төзгісіз жағдайға душар болады. Өзінің жеке басының ерекшелігіне қарай қандай да жағдай ол үшін адам төзгісіз ауыр болуы мүмкін».
Суицид тақырыбын зерттеулердің қорытындысы бойынша, келеңсіз жайттың белең алуының объективті себебі: антропологиялық дағдарыс болып табылады. Антропологиялық дағдарыстың көрінісі: қоғамда ұрпақтар са бақтастығының , рухани-адамгершілік құн ды лықтардың рөлінің əлсіреуі, адамдардың бір-біріне деген сенімінің азаюы, адам өмірі нің құнсыздануы болып табылады. Ғылымның жетістіктерінің басым бөлігі дамыған елдердің əскери мүмкіндіктерін нығайтуға жұмсалады. Жаппай қарулану − адам шығындарын көбейтуге жұмсалуда.
Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасырдың он жаһандық сынқатерін атап өтті. Аталған сын-қатерлердің жаңғырығы қоғамға, оның ішінде ең нəзік те сезімтал балаларға да ұшқыны тиіп жатыр. Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Жолдауда көрсеткендей, осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген əлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жайкүйі мен қоғамдық топтардың қажет үмітіне əсер ететін бірқатар теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беру керектігі баса айтылған. Қоғамның үлкендікішілі əрбір мүшесі өз-өзімен, ортасымен үйлесімді, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алғанда ғана тығырыққа тірелу қаупі жойылады. Табиғатқа басымдық жасау əрекеті де тепе-теңдіктің бұзылуына əкеп соғуда. Рухани-адамгершілік, əлеуметтік жəне мəдени аймақтарда екі күштің: дəстүрлі дүниета нымға негізделген көзқарас жəне постмо дернизмнің бір-біріне қайшы болуы ай қын далды.
Дəстүрлі дүниетаным ағымының негізін мұсылмандық, христиандық жəне иудаизмге негізделген əлемдік діни көзқарастар құрайды. Дəстүрлі дүниетанымдық ағым адамның рөліне, оның рухани құндылықтарына ерекше мəн береді, рухани мұраның ұрпақтан ұрпаққа жетуіне, ұрпақтар сабақтастығына ерекше мəн береді. Əрбір адамның өз өмірін бағалауын, айналасына жанашырлық көрсетуін, шүкіршілік етуін уағыздайды, сабыр, төзім, мейірім мен адамгершілікке шақырады, өмірге деген құлшынысын оятады
[2, б. 9].
Постмодернизм ағымы мəдени құндылықтарды қайта қарауға əкеліп тіреді. Постмодернизм термині жаңаның жаңасы деген ұғымды білдіреді. Постмодернистік ағымның идеясында адамның жетекші құндылығы өз мүддесін ғана ойлау болып есептеледі. Жаңа əлемнің мүмкіндігі шексіз деп уағыздалады. Рухани құндылықтан алшақтау адамды аздыруға əкеп соғады, адамдарда біреу дің есебінен байығысы, тез арада үлкен дəрежеге жеткісі келетін пиғыл қалыптасады. Постмодернизмнің алғашқы белгісін бейнелеген философ Ф. Ницце болып саналады. 1881-1882 жылдары «Көңілді ғылым» атты кітабы жарық көреді. Кітаптың бір кейіпкері − Ханбазарда ақыл-есі ауысқан кісі күндіз қолына майшам алып Құдайды іздейді, таба алмағасын «Құдай өлді» деп мəлімдейді. Бұл сөз тіркесі сол кезеңнің көңіл-күйін білдірген жəне афоризмге айналған. Бұл адамзаттың адамгершілігінің азғындауының, келешекке деген сенімінің жоғалуының көрінісі еді. Адамдар құдайдан теріс айналды яғни олардың жүрегінде құдай «өлді». Ал құдай жоқ болса, ұят, қорқу сезімі жоғалды деген сөз.
Егер дəстүрлі ағымда мəдениетке деген көзқарас рухани мəдениетті, жоғары жəне халық мəдениетін негізге алса, постмодернизм ағымы пайдалану жəне қандай жолмен болса да көңіл көтеру, жалпылай мəдениетті қолдайды. Дəстүрлі ағымда айналасына деген қарым-қатынасында мейірім, ауызбіршілік, төзімділікті негізге алса, постмодернизм бəсекелестік, менсінбеушілікті негізге алады. Адам тек қана өзінің талап-тілегінің орындалуына ерекше мəн берсе, өзімшілдікке бой алдырады. Бұл қоғамда жат қылықтардың белең алуына бірден-бір себеп болып табылады. Нəтижесінде қоғамда девианттық жəне аномиялық ағымдар күш ала бастайды: адамдар басқалардың есебінен өмір сүруге дағдыланады. Міне осы жағдай білім беру жүйесіне де əсерін тигізбей қоймайды. Постмодернизмнің зиянды əсері тек жеке адамға немесе отбасы мүшелеріне ғана емес, бүкіл əлеуметтік жүйелерді де шарпуда. Білім берудің дəстүрлі жүйесі ұрпақтар сабақтастығының кездесу алаңы яғни үлкендер жастарға өзінің өмірден жинақтаған тəжіри бесімен таныстырады, рухани-мəдени байлықтарымен бөліседі.
Ал қазіргі білім беру жүйесіндегі «модернизация» мен «оңтайландыру» деген ұранның көлеңкесінде көптеген ақаулар кетіп жатқаны белгілі. Мысалы: көңіл көтеру ісшара ларының басымдығы, репетиторлыққа сүйеніп кету, тестілермен шектен тыс əуестену т.б. Алуан түрлі рейтингтермен, конкурстармен, өзін-өзі презентациялаумен айналысу − баланың зейілін негізгі мақсаттардан қосымша əрекеттерге аударуда. Əрине, қазіргі білім жүйесінің жетістіктерін, мұғалімдердің кəсіби шеберліктерін шыңдап, жас ұрпаққа саналы да сапалы білім берудегі еңбектерін ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен қоғамның талабына ілесе алмаған, аномальді эгоцентризмнің көріністеріне де жиі куə болып жүргенімізді де жасыра алмаймыз. Атаана мен бала арасындағы түсініспеушілік балалықтың бал қызығымен ерте қошта сып, есепке құрылған қарым-қатынас, дүниеқұмарлық, материалдық жағдайдың алға шығып кетуі азғындыққа əкеп соғуда.
Келесі бір назар аударатын жəйт, компьютрлік ойындар мен интернетке тəуелділік. Бұл жерде де ең алдымен ата-ананың мəн бермеуінен, тіпті оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында артық əуестенуге жол берудің аяғы үлкен мəселеге айналуда. Мектепке дейінгі балаларды мектепке дайындау қажет деген желеумен шектен тыс оқу ісəрекетіне тартудың əсерінен балғындардың психо-эмоциональдық жай-күйінің бұзылуы. Даналардың «Сұлулық деген – шек» — деп тұжырымдап кеткеніндей қандай əрекетпен де шектен тыс əуестену − кері əсерін берері һақ. Яғни балғындардың денсаулығы мен дамуына кері əсерін тигізеді деген сөз.
Адамның жан дүниесінің əлемі қоршаған ортаға əсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Сезімді сезіне білу − ең күрделі əрекет, эмоцияны меңгеру табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылады. Адам сезімінің жоғарғы деңгейдегі саналы əрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, ұштастыра білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Эстетикалық талғамы мен ой-санасы қалыптасқан ата-ана мен педагогтар, орта үлкен рөл атқарады. Таңдана, сүйсіне, қуана, қадірлей, қанағаттана білу − өмірге деген құштарлықты арттыратын ерекше сезімдер. Міне сондықтан да баламен жұмыс барысында жағымды эмоционалдық орта қалыптастыруға бірден бір негіз болатын сезімдерді сезіну жолдарын іздену қажет. Мысалы: таңдану сезіміне тоқталсақ, адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісіні əрбір нəрсенің, құбылыстың, оқиғаның мəн-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық қасиетін оятады. Іздену барысында адам, бала, жасөспірім түрлі жорамалдардан бастап, ой түйіндейді, тұжырым жасайды. Күмəнді жəйттарды тəжірибе арқылы дəлелдейді. Тұлға болжамының расқа айналған сəтінде ақиқатқа қалай да қол жеткізе алатынына, өзінің де ерік-жігерінің, ойлау қабілетінің ешкімнен кем еместігіне көзі жетіп, өзіне деген нық сенімі қалыптасады. Ал педагогтің міндеті – баланың, жасөспірімнің қуанышты сəттерін есіне түсіріп, тығырыққа тіреліп тұрғанында демеп жіберу. Əрбір жасөспірімнің өзіне деген сенімі қандай жағадайдан да болмасын алып шығатын тұғыр деуге болады. Халықта «Жаңылмайтын жақ болмайды, сүрінбейтін тұяқ болмайды» деген қанатты сөз бар. Яғни баланың өмір тəжірибесі аз болғандықтан, қателіктер жібереді, сондай сəттерде қорқыныш, ұят сезімдері де баланы тығырыққа тірейді. Сондықтан мүмкіндігінше қателіктердің орын алмауын, болып қалған жағдайда, оған жаны ашып, жақсы көретін, көмек беретін, демейтін адамдарының болғаны өте маңызды. Сезім деп аталатын ұғым күнделікті тіршілікте жиі қолданылып, түрлі мағынада айтылады. Ал балалардың өте сезімтал болатынын ескерсек, сезімді тəрбиелеуге өте үлкен білім, білік, жауапкершілік, аса сақтық керек.
Қ. Жарықбаев пен О. Сансызбаевтың сөздігінде сезім ұғымына төмендегідей сипаттама береді: «Сезім − адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажеттілігінен туындайтын жəне біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мəселен, достық, адалдық сезімдері адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілер. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері» [3, б.275].
Адамның жоғары сезімдері имандылық, зиялылық, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымының əсері ерекше. Адам сезімінің қайнар бұлағы − бізді қоршаған болмыс, объективті шындық. Ақ пен қараның, күн мен түннің өзіндік əсері болатыны сияқты өмірдің көлеңкелі жақтары, өмір тəжірибесі аз, сезімдері реттелмеген жасөспірімдерге жайсыз əсер ететіні анық. Келеңсіз қайшылықтар: үлкендердің сөзі мен ісінің алшақтығы бізді «жіті бақылаушы» балалар мен жас өспірімдердің өмірден түңілуіне əкеп соқ тырудың қаупі де аз емес.
Балалар мен жасөспірімдер суицидінің негізгі себептеріне тоқталсақ:
— отбасылық дау-дамайлар, келеңсіз көрініс тер, жазалаудан қорқу;
— жауапсыз махаббат, бұл кезеңде жасөспірім дердің алғашқы сезімді мəңгілік деп
түсінуі;
— құрдастарымен тіл табыса алмау;
— үлгірмеушілік;
— аддиктивті тəртібі: арақ ішу, нашақорлық
т.б.;
— есірткімен əуестену;
— мезгілсіз жүктілік;
— психикалық ауытқулар;
— əлжуаздық;
— ата-анасының міндетті құқығынан айрылуы;
— денсаулығының ақаулығы, кемтарлығы;
— ата-анасының қоғамға жат қылықтармен айналысуы;
— кедейшілік;
— педагогтардың беделінің төмендеуі;.
— педагогтік тактінің бұзылуы, басымдық көрсету;
— алуан түрлі секталарға тарту;
— психикалық ауытқулар;
— еріккендік, биəдептік қызығушылық, өмір сүруден жалығу;
— қылмыстық істеріне жазаланудан қорқу.
Зерттеулердің қорытындысы бойынша, негізгі себеп: кедейшілік пен психикалық науқастығы деген тұжырым жоққа шығарылды. Интернеттегі өзіне қол жұмсауды жарнамалау баланы сол жағдайға итермелейді. Тығырыққа тірелген баланың дəл сол сəттегі проблемасының шешілмейтін болып көрінуі − субъективті сезімі. Дəл осындай жағдайда үлкендердің өзіне қоятын сұрағы: біз баланың жайсыз халін қалай аңғармадық? Сонда нені аңғару керек еді? Жіті бақылағанда аңғаруға болатын ауытқулар:
— баланың мінез-құлқының күрт өзгеруі;
— эмоционалды қобалжуының күшеюі;
— өзін-өзі оқшаулау;
— көңіл-күйінің күрт түсуі;
— себепсіз ашулану;
— тəбетінің төмендеуі,
— жанама немесе тікелей қол жұмсауға ниетін білдіру;
— қоштасу, айналасына сыйлықтар тарату;
— жоғары деңгейдегі сезімталдық;
— жылауықтығы (əсіресе қыз балаларда);
— өзін өте жоғары немесе өте төмен бағалауы;
— ой қиялы мен іс-əрекеттеріндегі қарамақайшылықтары.
Сонымен қатар, жеткіншек шақта тұқым қуалаған немесе жүре пайда болған психикалық аурулары да (қояншық, шизофрения, мінездің психопаттық сипаты жəне т.б.) қозып кетуі немесе пайда болуы да мүмкін .
Ата-ана, педагогтар баланың бойындағы күмəнді өзгерістерге дер кезінде мəн беріп, баламен жайлы сөйлесу, мамандарға жүгіну қажет. Кəсіби маман педагог əрбір баланың өміріндегі болып жатқан сезім толқындарын тану, сезе біліп, жанама басқару жолымен жайлы əсер ету жолдарын меңгеруі өте маңызды. Əрбір педагог өзінің болмысымен шынайы, əдепті, мейірімді, шығармашыл болуы арқылы балалардың беделді, сыр бөлісетін сенімді адамына айналуы шарт. Бала бойындағы бұғып жатқан қабілеттерін ашып, демеп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік тудырғанда педагогтың беделі артады. Баланы өзіне тартудың ең тиімді əдісі қызығушылығын байқау, тану жəне сол баланың қызығушылық əрекетіне қолдау көрсету. Құрғақ ақылдың, толып жатқан кітапшалардың орнына нақты қалай көмек беруді бірінші орынға қойған жөн. Мысалы: жедел жəрдемге зəру науқасқа нұсқаулық оқып барып көмектесем десеңіз, кешігіп қалуыңыз мүмкін. Əрине, өзіне қол жұмсау үлкен дертке айналып отырғандықтан əрбір ата-ана, педагог, тəрбиеші, психолог сапалы біліммен қарулануы керек. Айтайын дегеніміз, жедел жəрдем көрсетуге дайын болу керек. Үлкендердің мейірімі, жағымды ортасы, шынайы сыйластығы, жайлы эмоционалды ахуал, өнегесі бала жанына жақсы əсер етері сөзсіз. Тіпті дауыс интонациясының өзі үлкен рөл атқарады. Психологиялық кеңестер жекелік сипат алуы керек. Нақты мəселе бойынша берілетін кеңестер аса биязы, баланың жүрегіне жағымды əсер ететіндей, үміт отын жағу арқылы кəсіби білікті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Психологиялық кеңестің сенімді райда өтуі оң нəтиже берері сөзсіз. Айта кететін жəйт, екеуара болған əңгімені құпияда ұстаған жөн. Өйткені бала сенімінен айрылып қалуыңызбен қоса, қолайсыз жағдайға өзіңіз себепші болуыңыз мүмкін. Педагогтің білім қорында психогимнастикалық жаттығулар, психотренинг материалдары болуымен қоса, қай балаға қайсысын қолдануға балатынын таңдау мəдениеті қалыптасуы керек.
Оқушылардың өзіне қол жұмсауының алдын алу үшін арнаулы жүйелі жұмыстардың бағытын айқындау. Мысалы:
— мектептің оқу-тəрбие процесін ғылымиəдістемелік жағынан ұйымдастыруды психоло гиялық-педагогикалық қамтамасыз ету;
— психологиялық немесе əлеуметтік жағынан əртүрлі қиындықтарға кездесіп жүрген оқушыларға көмек беру;
— жүйелі түрде мектеп ортасында жеке тұлғаның дамуын бақылауға алу, бағыт-бағдар
беру;
— суицидтік қаупі бар, қатерлі топтағы балаларды анықтау;
— суицидік қаупі бар балалар тобы мен қоршаған ортасын психологиялық-
— педагогикалық сауатпен сүйемелдеу, бұл жерде «жайлы басқару» əдісін қолдану керек, яғни өте сақтықпен, қауыпті балаларға ерекше назар аудармай, «жанама əсер» ету тəсілін шебер пайдалануды меңгеруге тура келеді;
— білім беру мекемесіндегі тəрбие жұмыстарын шынайы, əсерлі, табиғи сезімдерге
негіздеп жандандыру;
— ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс жүргі зуді қалыптастыру;
— арнаулы мамандардың кеңесіне жүгіну.
Міне, осындай ғылыми тұрғыда негізделген, жүйелі түрде ұйымдастырылған педагогикалық-психологиялық іс-əрекеттің мектепті басқару жүйесіне, жаңашылдық іс-əрекетіне, оқушының жан-жақты дамуына жəне қабілетіне сəйкес білім алуына, «мұғалім – оқушы – ата-ана» арасындағы тығыз байланысты дамытуға мүмкіндік береді.
Тереңдетілген диагностикалық зерттеудің нəтижесі бойынша алынған мəліметтермен жете танысып, жүйелеп, əлеуметтік-психологиялық түзетудің ең оңтайлы əдістері топтық жəне жекелік түзету жұмыстарына кірісу барысында кеңес əңгімелерін өткізу қажет. Кеңес берудің де өзіндік ережелерін сақтаған жөн:
Тыңдау. Жасөспірімдер қиналғанда өзін түсінетін, тыңдайтын адам іздейді. Сондай сəтті қалт жібермей, баланың сөзін бөлмей, дауласпай, дəлел айтпай айтқысы келген сөзін зейіл қойып тыңдағанның өзі үлкен көмек. Кідіріс болған сəтте демеп жіберген дұрыс, яғни жанама сұрақ қоя отыра, еркін сөйлеуіне мүмкіндік беру қажет.
Қол еңбегіне деген төмен көзқарасты, яғни инттелектуальді еңбекті жоғары, қол еңбегімен айналысуды төменгі сатыдағы еңбек деп қалыптасқан стереотипті − қатып қалған қағиданың жаңсақ екенін мысалмен түсіндіру.
Эстетикалық тəсілді шебер пайдалану. Қандай бала болмасын, өздерінің түр сипатына ерекше мəн береді. Өздерін көріксізбін деген ой қатты мазалайды. Тіпті күрт қадамға барғаннан кейінгі мүрдедегі тұрпатын елестету əдісінің əсері баланы райынан қайтарады. Осы сəттегі ең бір тиімді тəсіл жайсыз көріністі сипаттап беру де суицидің алдын алуға себін тигізеді.
Жақын адамдарының алдындағы міндеттерін еске салу. Суициденттің ең жақсы көретін адамдарының жан күйзелісіне ұшырай тынын есіне салу да əсерлі əдістердің бірі.
Ойды оңға бұру. Бала өміріндегі қиын сəттерді сейілтіп, қуанышты, көңілді кезеңдері туралы «естеліктерін жандандыру».
Өзінен де қиын жағдайдағы жандардың ерік-жігеріне назар аудару. Қаріп-қасер жандардың өмірге құштарлығын көрсету, жүздестіру.
Бала бойындағы күш-жігерді ояту, мүмкіндігін дəлелдеу. Табиғатқа, əлсіз жəне қорғансыз жандарға қамқор болуға бейімдеу. Баланың ойын басқаға бұру арқылы қиын түйін нің күрмеуі шешіледі, қиындығы сейіледі.
Жалпы, педагог өзінің болмысымен, бойын дағы күш-қуатының реттелгенімен, зиялы лығымен, кемеңгерлігімен, қарапайымдылығымен, ізгілігімен үлкен жауапкершілікті саналы түрде мойнына жүктеген үздіксіз өзін-өзі дамытушы шығармашыл адам, маман деуімізге болады.
Оқушылармен жұмыс барысында эмпатияны, рефлексияны жүргізуді қалыптастыру үлкен нəтиже беруі сөзсіз. Ең алдымен педагогтің өзі үздіксіз жаттығып қалыптасуы жəне балаға да қалыптастырып отырғаны жөн.
Эмпатия (лат. empatheia − əсерлену) – сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мəнмағынасы бар ерекшелігі, Э. адамның өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиындықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіру қабілеті, олардың күйін түсініп, қолынан келетін көмегін беруге даярлығы [3, 354].
Рефлексия – лат. «бейнелеу» деген сөз өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы. Р. ішкі психикалық актілер мен күйлерді субъектінің өзіндік тану үлгісі.
Ендігі бір үлкен тұжырым − баланы шығармашылыққа бейімдеу. Баланың бойындағы табиғи қабілеттерді оятып, яғни табиғи шығармашылық қабілеттердің оянуына ықпал етіп, бұлақтың көзін ашып дегендей, əрі қарау өзін қызықтыратын бағытта жағдай жасауға ізденсек, өте жоғары жетістіктерге жететініміз анық. Бұл тарихта дəлелденген. Қиын-қыстау кезеңде де шығармашылық қасиет, ішкі қуаттың белсенділігі үлкен ерліктерді дүниеге келтіргенін білеміз. Себебі шығармашылық қасиет ұлттық намысты, ізден гіштікті қалыптастырады, биік мақсат қоя білуді жəне оны жүзеге асыру жолдарын табуға итермелейді, ойын, сезімін ұшқырлайды. Бір сөзбен айтқанда адамның ойын оңға бұрудың бірден бір тиімді жолы деп айтуға болады. Шығармашылықтың қуаты баланың өмірге құштарлығын арттырады, өзінің ойынан, сезіміне шыққан дүние шексіз қуанышқа бөлейді. Эстетикалық тал ғамы қалыптасқан, əдемілікті сүйетін бала оңайлықпен өз өмірін қиюға бармайды. Сұлулыққа ұмтылыс баланың көңіл-күйін көтереді, тебірентеді, өмірінің мазмұнды болуына əсер етеді, өзіндік рухани бай əлемін қалыптастырады, шабыттандырады.
Əрбір бала өзін айналасына керек сезініп, қандай сəттерде де ата-анасының, туысқандарының, педагогтардың жақсы көретінін, демейтінін сезінгенде келеңсіз көріністердің белең алмайтыны анық. Баланың көңілінің шат болуының жолдарын үздксіз ізденіп отыруға − ата-ана, педагог, үлкендер міндетті. Баланы қауіпті жағдайдан аулақтатудың жолдары − айналасындағы адамдармен табиғи, сапалы қарым-қатынас құра білу, риясыз қамқорлық, мəдени, рухани құндылықтарға басым назар аудару, тірелген тығырықтың өткінші екендігіне, өзінің ішкі күшіне сенімін арттыру оң нəтиже береді.
Сөзіміз жанды болу үшін бірнеше жаттығу үлгілерін келтірейік:
«Сауықтыру уілі»
Қатысушылар жұптасып отырады. Жүргізуші: əрқайсыңыздың бір-біріңізге айтқыңыз келетін сырыңыз бар. Сырласу əдісі өзгеше болады. Сіз жұбыңызға сырыңызды сөзбен емес, дыбыстап, уілмен жеткізуіңіз керек. Сəлден кейін уіліңіз əуенге айналады. Тыңдаушы жұбыңыз мұқият тыңдай отырып сіздің əуеніңізге қосылады. Тыңдаушы жəне əуенге қосылушының міндеті − бірте-бірте əуенді өз ыңғайыңызға бұру, уілдеушінің əуенін көңілді, сергек əуенге айналдыру. Тəжірибеде көрсеткендей үйлесімді көңілді əуен ішкі жан-дүниедегі жайсыздықты сейілтеді. Өнердің қуаты – шексіз.
«Хормен уілдеу əдісі»
Топ мүшелері шеңбер құрады. Қатысушылардың бірі өз проблемасын уілмен бастайды. Сəлден кейін жанындағы адам уіліне қосылады. Бірте-бірте бəрі де қосылады. Уіл барысында əуеннің тоны əсемдене бастайды. Себебі көңілді əуен көңіл-күйді көтереді. Қатысушылардың жүзіне күлкі үйіріледі. Ой, сезім оңға бұрылады, проблема шешіледі.
Үздіксіз ізденудің арқасында қай балаға қандай əдіс, жаттығу қолданатыңызды өзіңіз шешесіз. Сіз мықты педагогсіз!
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Дюркгейм Э. Самоубийство. − М.: Мысль, 1994.
2.Шувалов А. Детский суицид: попытка осмысления проблемы. Школьный психолог. 2013. №1.
3.Жарықбаев Қ. Б., Сансызбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. − Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. – 384 б.
4.Елшібаева К.Ғ. Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу. Жалпы білім беретін мектептің психологтарына арналған əдістемелік құрал. «Астана»: «Арман — ПВ» баспасы, 2012. – 92 бет.

Д. САПАБЕКОВ
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Павлодар қ., Қазақстан dosmuhammed_86@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *