НҰРЛАН ОРАЗАЛИН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ

НҰРЛАН ОРАЗАЛИН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада ақын Нұрлан Оразалин поэзиясындағы тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері қарастырылады. Ақынның туған жер, адамгершілік, махаббат, азаматтық көзқарастарға негіздел ген өлеңдері талданады. Поэзиядағы өмірлік құбылыстар тақырыпқа негіз болған.
Түйін сөздер: поэзия, ақындық əлем, адамгершілік құндылық, рухани байлық, азаматтық көзқарас.
В этой статье рассматриваются тематические и художественные особенности поэзии поэта Нурлана Оразалина. Проводится анализ песен, посвященных родинае, гуманизму, любви, свободе и жизненным событиям.
Ключевые слова: поэзия, поэтический мир, ценность гуманизма, духовное богатство, гражданская позиция.
Annotation
This article is devoted to thematic and artistic peculiarities of Nurlan Orazalyn’s poetry. Much attention is paid to the analysis of certain themes as homeland, humanism, love, freedom and life events touched upon in his poems.
Keywords: poetry, poetic world, humanism value, spiritual wealth, civic stands of people.
р ақын – өз алдына бір əлем. Оны əр- ашқан нан сырлас болсаң, кейбірін оң мен кім өзіне əрқилы жағдайда, əр кезде солыңды танып, осы қалай деген ой жетелеашуы мүмкін. Кейбірімен көзіңді тырнап ген уақытта барып қана қолға аласың. Кейбірі əдебиет көкжиегінен тосыннан жарқ етіп көрінген жұлдызды жырмен жұртшылық назарын бірден аударса, кейбірі күз таңындай мұнарланып, шуағын сиыр сəскеге дейін сараң шашады да, айналаны талма түс таянғанда шүлен шұғылаға бөлейді. Қалай болғанда да, болмысы бірегей, табиғаты бөлек дарын иесі күндердің бір күнінде қалың қауыммен бірге саған да құлақ түргізбей қоймайды.
Үнемі ізденіс, шығармашылық кемелдену үстіндегі ақынның өлеңдері туралы сөз қозғағанда алдымен ерекше бір оралымдар, бөлекше шумақтар ойға түсері ақиқат. Осындай ерекше шумақ, ерекше өлең жолдарымен танылған, біздің əңгімемізге арқау болып отырған ақиық ақындарымыздың бірі болса да бірегейі – қазақ поэзиясындағы шоқтығы биік философиялық тенденцияның белді өкіліне айналған, ел үмітін, халық сенімін арқалаған санаткер, халқымыздың біртуар аза маттарының бірі – ақын, драматург, қазіргі қазақ əдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі қоғам қайраткері − Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин.
Ақынның қай өлеңін алсақ та бүтін бітім, өзіндік сом-сом ойға кезігеміз. Алғашқы кездері жарыққа шыққан туындыларын негізінен таза лирика құрайды. Мезгіл, уақыт, адам, шер, мұң, махаббат, сезім… Əрқайсысы жеке-жеке лирикалық инструмент десе жарасады. Өйткені, барлығы жиылып келіп ақын жүрегіндегі пернеден əсерлі бір əуен түзеді. Əйтсе де дарынның кемелденіп, толысуының айғағындай «Құралайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу» секілді жыр жинақтары айрықша жемісті шығармалар екендігі дəлелденген.
Байтақ дала, ақын жаны − біреу ғана. Оның бақыты, оның тілегі де сол өзі туған кең даланың терең тамырының амандығы. Сол себепті ол бүкіл ғаламның шаттығы мен мұң-зарын да адамның жүрегімен емес, байтақ, киелі даланың жүрегімен тыңдайды. Өзінің алтын бесігі, құтты құндағы да тек сол дала ғана.
Тау мен тастан іздеп сəби балкүнді, Аунап-қунап кешемін кеп шалғынды.
Түсімде мен көк тауларды бетке алып,
Бара жатам иыққа асып шалғымды… [1,8].
Тамаша сурет. Ақынның тегі де сонда. Ең қымбатты, балалық балғын шағы да сол тауда, қыз кестелі, қыналы тастар арасында, сонау алыста қалған. «Шегініп-шегініп» (Абай), алыстап ұзап кеткен. Балғын дəурен де алыс та. Туған тау да алыста. Сағынтады-ау, шіркін! Сонау көз ұшындағы көгілдір мұнар басқан көк тауға карап телміреді. Сағыныш жасы мөлдіреген қара көзі «шегірейіп» («Жасыл аспан көрініп көзге шегір» — Н. Оразалин) ұзак қарайды. Қазақ баласы. Қарапайым шаруа ұлы. Қазақы тұрмыс. Таныс сурет. Түсінде де шалғысын иыққа асып, көк тауға карай беттеп барады.
Нұрлан Оразалин шығармаларынан адамдар тағдыры, адамдардың қоғамдық ортадағы келбеті, мінез-құлқы, өзара қарым-қатынасы, жақсы мен жаман əдетері ешқашан тыс қалып көрген емес. Мысалы:
«Өз қотырынды өзің қасып, өз күніңді өзің көрер «кезеңде» «алтыба-қан алауыз» тірлік кешіп, болмашыға бордай үгіліп, болмас жерде бүгіліп, біріміздің қолымыз біріміздің жағамыздан түспей, əлгі айтқан ортақ мұраттарымызды орға итеріп, ордамызды өз қолымыз бен уақыттың күлді-бадам дау-шарына байлаймыз ба? Сонда кім ұтылып, кім айтпақ? Кұдай ондай өнбес даудан сақтасын… Бола қалса, дау-шардың, батпағына түсіп, ұйығына тұншығар, ең əуелі, Əдебиет дейтін қасиетіңен айналайын киелі Төр екенін естен шығармайық» — деген екен 2002 жылы Жазушылар Одағының XII съезінде жасаған баяндамасында [2,12].
Ақын өзінің осы бір ішкі ойларын «Ғасырмен қоштасу» атты жыр жинағындағы «Ішіңе енсе, тарылтар көшеңді кең» атты өлеңінде жеткізуге ұмтылады.
Ішіңе енсе, тарылтар көшеңді кең, Жазылмас дерт қызғаныш − кесел білем. Бəрі ақылды сырт көзге, бəрі ұстамды, шешен кілең шетінен, көсем кілең. Мұңаюда біреулер, шаттануда, тыңаюда біреулер, баптануда; тазысына таланып қызғаныштың, сақтануда біреулер, аттануда [2,34].
Ақынның осы бір өлеңін оқи отырып, адамдардың мінез-құлқының сан-алуан дығы на, құбыл малы күрделілігіне көз жеткізіп, адам табиғатының түрлілігі, адами қасиеттерінің сан қырларын айшықты сөздермен шебер жеткізе білгендігін көреміз. Сонымен бірге, осы бір ойын:
«Бақ деген бір соқыр құс… Бақтың соқыр екені еске түскенде қатты шошимын… Қатты!.. Əулекі мен жындының қолына қонса, тағдыры не болмақ? Дүниенің тағдыры не болмақ?!» (2000 жыл, 7-қараша , Күнделік беттерінен) [2,57] деген ойымен ұштастырады.
Аспан асты, жер үсті өртенуде, тас үйлердің үстінен шер төнуде; бəсеке мен бақастық қанат жайып. қайғыруда біреулер, жиіркенуде – [2,78]
деп қазіргі заман адамдарына тəн болып отырған, күнделікті өмірде кездесетін бақастық, күншілдік, күндестік, қызғаныш сияқты қызыл иттік кеселдер арқылы кейбір адамдардың бет-бейнесін ашып көрсетеді. Соған қарай тіршілік иелерінің жасар қам-қарекеттерін де дəл бейнеленгенін байқаймыз. Осы бейнелер арқылы заман тудырған адамның шынайы келбетін, мұңаю, шаттану, баптану, сақтану арқылы көрсетеді. Осы өлеңді оқи отырып қазіргі қоғамдағы адамдар арасында кеңінен орын алып отырған алауыздық пен қызғаныш сияқты, сырты бүтін, іші түтін жат пиғылды сезінеміз.
Н. Оразалин жырлары терең ойлы. Жай сурет, жадағай образдылық – ақынға жат. Өлеңдегі сурет қуатты қайнардан, өлеңдегі идея – құнарлы ойдан бас құрайды. Өлеңдегі суретке жан бітіріп образды қимыл-қозғалысқа түсіріп, өнер дүниесіне айналдыратын қазық ой! Ақын – ойшыл. Ақын – философ. Қарапайым өлең шумақтары табиғилығымен, сезім тазалығымен сүйсіндіреді.
Əлеуметтік үлкен сезімдерді ақын көптеген өлеңдеріне сығымдай сыйғыза, жарасыммен қолданады.
Күнделікті тіршілікте, қызмет бабында сали қалы, салмақты, іскер көрінетін жігіттің жыр мен бетпе-бет келгендегі жанының нəзіктігі ақындық табиғаттың мөлдір тамшысындай дірілдейді. Ақынның қарапайым өмірдегі болмысы мен шабытты шақтағы жан-дүниесі мүлде екі басқа.
Бір бойымда екі адам тіреседі, Біріншісі өртеніп, жыр еседі.
Екіншісі жасырып өз сезімін, Ел алдында «кісімсіп», сіреседі.
Осы арада өнер алдында өтірік айтып көл гірси алмайтын, ағынан жарылған ақын жүре гіне риза боласыз. Шынында да, бұл ақи қатты Нұрлан көңіл қатпарында бүгіп қалса, оның жыр жалауы биікте бұлай желбіремес еді. Əрине, өлең бітімінен асыққа құйған қорғасындай құйылып түскен көркемдік айшық онша көзге ұрмаса да, күйкі пенде шіліктің парасат құдіреті алдында тізе бүккеніне шүбəсіз сенесіз. Сенесіз де өнер лəззатын терең сезінесіз. Нұрлан туындыларындағы тағы бір тосын мінез өзі туған ортасын емірене, тебірене өзгеше толғауында. Ақын тақырып іздеп, ауа жайылмайды. Төңірегі тұнған сыр мен жыр. Қысылып, қымтырылмайды. Еркін көсіледі.
Ойға мені қыркүйек батырады, Қайың-қыздың ұшады жапырағы.
Қарақазан тірлікті ұмыттырып, Қаз-тырнаның дауысы шақырады.
Əр жырлаған сайын жарқылдап əр қырынан елес беретін сиқырлы дүние-ай! Нұрлан ақын да соны қатты сезінеді. Сайып келгенде, ақынға ешқандай эпитеттің керегі жоқ. Ақын екен деген сөздің өзі жетіп жатыр. Нұрлан Оразалин − АҚЫН! Бізге қымбаты да − сол!
Жерортасынан асқан көрнекті ақын Нұрлан Оразалин бұл бағытта бақытты. Не бір белбелестерде, қия-жарда, беткейде, дауылды-жауынды кездерде, теріскей-күнгей лі, аптапты ыстықтарда өмір кешсе де жүрегіндегі құсын ұшырып алған жоқ. Айтулы мінбелер де, беделді билік баспалдақтарында, өз ізін қалдырып келеді. Алайда, атқа қонған шығар машылық иелері үшін қасиетті қаламды қисайт пай ұстап жүрудің жауапкершілігі қаншалықты салмақты екенін бажайлай бері ңіз. Бұл бағытта ақынның жалауы жоғары. Азаматтық пен қайраткерлігін ауа жайылдырмай ұстап қалған ақындығы екенін қайтара алғым келеді – дейді Жанарбек Əшімжан [3,12].
Ақынның сəби сағынышы туған ауылдың табиғатын, уақыт еншісінің назарынан тыс қалдырмайды.
Өзгерген жер… Өзгерген… Өзгергендер, Азайып кеткен қалай көз көргендер?
Таныс əрі бейтаныс – туған ауыл,
Көрінбейді қарттарым — сөз бергендер, Сағынышпен жүрегін шөлдеткендер, Көк сағымын қырлардың көлбеткендер.
Əжелерім қайда əлгі ақ күндікті,
Ақ түндігін арманның тербеткендер — [2,135]
деп, бір сəт мұңдана қалған ақын сағынышы аласұрып туған ауылдан өзінің балалық күнін, өзіне қымбат бейнелерді іздейді. Ақын ның сағынғаны – кешегі балам деп бата беріп, басынан сипаған ақ сақалды қариялар, сол сияқты «ақ күндікті» əжелер болса, бүгін олар дың сағындырып келмеске кеткенін аңғару ешкімге қиындық туғызбайды.
Менің сəби кезімнің көзіндей боп,
Ай мұңайып ұзады аспандағы, — [2,136]
деген жолдардағы сөзбен салынған суреттің əсерлілігін айтпай кетпеске болмайды. Балалық шағы өткен туған ауылын сағынған ақын көңіліне туған жерден қол үздіріп, бал ғын балалық шағын алыстатқан уақытты аспандағы айдың білінбей ұзара алыстап батуы мен салыстырады. Күрсіне тұрып, өмір дің өткіншілігін еппен сездіреді. Сездіре тұрып, сол ақиқатты өзі сезінеді.
Фəни жалғанның тұрақсыздығын жырлама ған ақын жоқ шығар, сірə. Өзіміз сөз етіп отырған туған ауылдың бейтаныс болуы да осы жалғанның бір көрінісі ғой деймін.
Жүрек шаншып іздейтіндей жаз айды, Жылдар жылжып, дос қатары азайды.
Мына жарық дүниенің тарлығы
Жүрегімді қажайды кеп, қажайды – [2,147] деген жолдардағы ақындық тебіреніс жалпы адам баласының арманы мен мұңы десек, асыра айтқандық болмас. Ақын тілімен өрнектеген бүгінгі күнге тəн ақиқат мұң мен сағынышты, жалғанның жалғандығына деген налуы айғақтайды.
Кеше ғана тай құлындай тебісіп өскен достар қатарының жыл өткен сайын азайғаны көңілін жабырқатады, оларды іздейді, өкініш сезімі жүрегін сыздатады. Осы өлеңді оқыған əрбір оқырман да осы бір қиналыс сезімін басынан кешірері, өткен күннің белгісіндей елестерге бой ұрары сөзсіз деп ойлаймын.
Өзгерді сөзім, күлкім өзгерді,
Сананы жылдар сілкіп, өзгерді. Əкем мен тəтем, Қажи аға жоқ. өзгерді халық, тұрқым өзгерді, Өзгерді сезім, жаным өзгерді Тербейтін көкті əнім өзгерді.
Рыскелді менен Əбдіхалық жоқ,
Ұлашқа кетіп мəнім өзгерді — [2,136]
деп ақын жүрегі қан жылайды. Өмір өткінші. Ауылға барған ақын ата-анасын, бауырын, туған-туысын, бірге өскен замандасын іздеп шарқ ұрады. Тағдырдың ісіне нала айтады. Өкініш. Өткінші уақыт. Бəрін де қара жер қойнына алған…
Заман да, ауыл да, адамдар да уақыт ағымы мен өзгерген. Бəрі жаңа. Бейтаныс.
Ең болмаса қабағынан танитын, сөзі өтер замандастарын − Əбдіхалық пен Рыскелдіні іздейді. Олар Ұлашқа кеткен, Ұлашқа қосылған, ақын сөзін естімейді, естігі де келмейді. Өйткені бəрі-бəрі өзгерген. Заман да, дала да өзгерген. Сайын далада сайран салған киік тер де жоқ. Өзінше ерекшелігімен дала сəнін келтіріп тұрған орман-тоғай, сексиген сексеуіл де сиреген, олардың тұрқы да өз герген. Ақын жаны осының мəнін сұрағысы келе ді, бірақ, ақын айналасындағы қазіргі адам дар Əбдіхалық пен Рыскелді емес, ақын жанын түсінбейді.
Ақын өлеңдерінің ендігі бір шоғыры адамдар арасындағы бауырмал-дыққа, адал жар, ақ махаббатқа құрылған. Ақын таудай бол ғанмен, жырлары жібектен жұмсақ, нəзік, сезім қылын бірден басады.
Махаббат – адамзат баласын кешеден бүгін ге алып келіп, ертеңге алып бара жатқан мəңгі жас сезім, бірақ, уақыт өзгеріп, ұрпақтар алмасқан сайын махаббат – сол мəңгі жас сезім қалпын сақтап, жаңа мазмұнға ие болады. Таңдана, тамсана оқи бергіңіз келеді. Соған орай əр буын ақын, жазушы махаббат жайында жаңа бояу, тың ырғақ, соны ой созып жаңаша жырлауға тиісті. Махаббат дүниесінің мəңгі жұмбақ сырларына терең бойлап, кемел ойлап, қилы-қилы қызық əлемін паш ететін өте нəзік, өте ойлы, мұңлы-күйлі жырлары күрделі поэзияға ұштасады. Махаббат құдіретін ардақ тұтқан ақын арзан сезімді жырлап арзандаған жоқ. Махаббат арқылы өмірді жырлады, махаббат жыры арқылы адамның жан құбылыстарына терең бойлап, сезім иірімдерінде мың бұралады, ғашық жан дармен бірге махаббат теңізін кешті, ғашық жандармен бірге мұңға батты – əйтеуір оқыр манын ойға батырып, сырға кенелттіріп қойды.
Маған артық байлықтың жоқ керегі, Махаббатым болса аман от береді.
Сен маған көкте жүзген аппақ айсың, Ай қалпыңды..
Өтінем сақтағайсың. [4,16]
А. Кеңшілікұлы: «Міне, ақынның «Құралай дың салқыны» атты соңғы жыр жинағын оқу үстінде тағы да сондай өзгеше əсер құшағында қалғандаймын. Кітаптың əрбір жаңа бетін ашқан сайын маған əлде бір таныс сезім қолын созатындай. Дүниелік құбылыстарды өзінің жүрегі мен ойы арқылы өткізетін ақынның жырларын толқымай оқу мүмкін емес»,дейді.
Жұдырықтай жүрегі бар жұмыр бас ты пенденің қай-қайсысына да тəн осынау философиялық тебіреніс пен сезім иірімде рінің өзгеше суретін салған, өлеңмен қиыстырып ой өрген жолдарға еріксіз риза боласың. Ақын шынайы қуанып, шынайы мұңая алады.
Ақынның жырлары əлі де терең талдауға түспеген, тың жатқан дүние. Табиғаты шын асыл поэзияның бүлкілдеп соғып отыратын жүрегін түгел ашып көрсету алдағы күндер еншісінде. Сондықтан да ақын табиғатын да сол уақытта танысу кезеңі жүретіні сөзсіз. Ақынның талант нəрі, білім өресі, ізденіс өрісі шексіз.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Сене берме мінезіне ғасырдың: Өлең//
Қазақ əдебиеті. – 1999. – 5 қараша (N45). – 8б.
2. Оразалин Н. Ғасырмен қоштасу. − Астана, Елорда, 2001. – 272 б.   

3. Əшімжан Ж. Ақсүйек жырдың айдыны: Н.Оразалиннің «Ғасырмен қоштасу» кітабы хақында // Қазақ əдебиеті. – 2002. – 22 қараша (N47). – 12б
4.Кəрібаева Б. «Жүректі өртеп махаббат ұя салар…» [1997 ж. «Атамұра» басп. Жарыққа шыққан ақын Н.Оразалиннің «Құралайдың салқыны» атты кітабы туралы]//Заман-Қазақстан. 1998. − 4 желтоқсан (N50). – 9-16 б.
В.В. ЛУЧИНИН
Академия пограничной службы КНБ Республики Казахстан
Слушатель докторантуры PhD оперативно-тактического факультета
г. Алматы, Казахстан

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *