АУЫТҚУШЫЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТƏН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


АУЫТҚУШЫЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТƏН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
Ғылыми мақалада жеткіншектердің девиантты мінез-құлқы, олардың пайда болу себебі жəне шешілу жолдары қарастырылған.
Түйін сөздер: ауытқыған мінез-құлық, жеткіншек, мотив, шарт, тəрбие.
В научной статье рассматриваются психологические особенности девиантного поведения подростков и причины их появления, а так же пути их решения.
Ключевые слова: девиантное поведение, подросток, мотив, условия, воспитание.
Annotation
Tһе given article touches upon the psychological deviant behavior of adolescents and their causes, as well as their solutions.
Key words: psychological, deviant, behavior, education, adolescents.
уытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекше лік-
терін зерттеуде ең алдымен осы құбы лыстың педагогикалық маңызы зор.
Педагогикалық шарттарға байланысты жүр гізілген зерттеулерде оған берілген əртүрлі си пат тамалар бар. Жалпы «шарт» термині фило софияда-заттың айнала қоршаған құбы лыстарға қатынасын жəне оның оларсыз өмір сүре алмайтындығын айқындайтын философиялық категория ретінде сипатталады. Шарт-айнала қоршаған құбылыстардың өмір сүруін қажет ететін объектілер кешенінің маңызды компоненті. Осыған сəйкес «шарт» терминін заттың, құбылыстың пайда болуы мен мүмкіндігін жəне оның ары қарай өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ететін жағдай, орта, хал ахуал екендігін анықтауға болады.
Тəрбие жұмысын ұйымдастыру мəселесі бойынша Н.И. Болдырев өз еңбегінде мектептің тыныс-тіршілігін оның мүдделері мен оның жүрегіне төте жол табуды педагогикалық ықпалдың неғұрлым пайдалы əдістерін қолдануды білдіреді деп көрсетеді [1].
Ұйымдастырылған жұмыстар балаға кең көлемде тəрбиелік ықпал етеді:
— əртүрлі тəрбие жұмысының түрімен айналысу жеткіншектердің жеке əлеуметтік тəжірибесін жандандырып, жетілдіреді, прак ти калық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады;
— жеткіншектер де əрекетке қызығушылығын дамытып, белсенді қатысуына ықпал етеді;
— жеткіншектердің дара қабілетіне ықпал етіп, ұжымда өмір сүруге үйретеді;
— ұйымдастырылған тəрбие жұмысында жет кіншектерден шығармашылық белсенділікті талап етеді;
— жеткіншектердің сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді;
— ұйымдастырған тəрбие жұмысына атааналар т.б. қатыстырылып, кез-келген уақытта уйымдастырыла береді, сонымен бірге бұл үлкен нəтиже береді.
Ұжымның ұйымшылдығы нығайып, тəртіпті мінез-құлық тəн жеткіншектердің психо ло гиялық ерекшеліктерінің дағдылары мен əдістері қаланған кезде дəстүр пайда болады жəне дұрыс қарым-қатынас қалыптасады. Бұл уақытта ұжымда жеткіншектердің өзін-өзі басқаруы қалыптасады жəне белгілі бір беделге ие бола бастайды. Педагогтың алдында ұжымдағы жақсы атаулының бəрін жəне озат істі дамытуға, қолдауға септігін тигізетін топтың қоғамдық пікірін жұмылдыру, бел сенді оқу жəне қоғамдық қызметіне бөгет жасаушымен күресті ұйымдастыру міндеті тұр [2].
Ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін есепке алу негізінде оның жағымды аспектілерін қалыптастыруда белгілі бір мотивтерге байланысты жеткіншектердің мінез-құлқы өзгеріп отырады.
Мотив-адамның мінез-құлқын қозғайтын, жағымды əрекеттерге бағыттайтын күш. Тиісті мотивтер болмайынша мінез-құлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерінің қажетті нормалары бекімейді, мінезқұлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері, қасиеттері қалыптаспайды. Сол себепті педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жеткіншектердің күнделікті өмірі əдетті тəрбиелеудің неғұрлым тиімді жолы болып табылады. Əдет-əрекет жасауды қажетсіну. Əдет дағдылармен тығыз байланысты. Бала қол жуу, тісін тазалау, төсегін жинау сиякты кейбір дағдыларды игереді [3].
Педагог ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншектерді тəртіпке тəрбиелеуде бағытталған жұмысты екі бағытта ұйымдастыру керек:
— ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншек тердің психологиялық ерекшеліктерін анық тау негізінде формалары мен ережелерін түсіндіру, яғни ауытқушылық идеялық мінезқұлық тəн жеткіншектердің психологиялық
ерекшеліктері білім алуы;
— ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншек тердің практикалық қызметін ұйымдастыру барынша нақты белгіленуі керек.
Ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншек тердің мінез-құлық ережелері ең алдымен адамдардан, содан кейін барып жет кіншектердің өздерінен туындайтын сырт тай талаптар болып табылады. Бұлар жеткіншектердің өзара қарым-қатынасқа байланысты белгілі бір əрекет нормаларын жасауына комектеседі, яғни мінез-құлық тəн жеткіншектердің тəртіп ережелері негізінде əдеп нормаларын анықтап отырады.
Дегенмен жеткіншектердің жағдайындағы саналы іс-əрекеті мен тəрбиесі отбасы тəрбиесімен бірге мектептегі ұйымдас тырылған жұ мыс тарға, қоршаған ортасына байланысты келеді. Ол үшін біз ауытқушылық мінезқұлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерек шеліктерін анықтау негізінде тəрбие жұмыс тарын ұйымдастырудың жүйелілік сипатын қарастыру қажет.
Ұйымдастырылған тəрбие жұмысы жеткіншек тердің жас мөлшеріне, психологиялық ерек ше ліктеріне, білім деңгейіне сай белгі ленуге тиіс.
Ұсынылып отырған педагогикалық шарттар ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншек тердің психологиялық ерекшелік терін анықтау негізінде тəрбиелеуде ұйымдастырылған жұмыстардың махмұнын жəне əдістемесін жасауға негіз болады.
Қазақстан Республикасында адамдар ара сында да, жастар арасында да қоғамға қауіп ті қылмыс жасау барған сайын кө бейіп келеді. Бұндай мəліметтерді біз Қазақ стан Рес публикасының 2009-2010 жылдардағы Қа зақстан Республикасы Бас Проку рату расының 2010-2011 жылға дейінгі статистикалық мəліметтерінен көруімізге болады, мысалы, жыл сайын тіркелген қылмыстар саны бұл қарап отырған кезең аяғында 61,2 %-ға өскен.
Сондықтан да қылмыспен күресу үшін жəне оның алдын алу үшін, бүгінгі таңда жас адамдардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып, оған қатысты ұсыныстар жасалынуы аса қажет. Өйт кені қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында осы бағытта жұмыстардың жет кі ліксіз тұстары кездесуде. Мысал ретін де тоқталатын болсақ, соңғы жылдары криминалогиялық зерттеулерде жас тар дың қарама-қарсы екі санатын – студенттер мен ішкі істер органдарының кəмелет ке толмағандардың істері бойынша бөлімшелерінде есепте тұрған жастарды біріктіріп, зерделеу мақсаты алға қойылған жоқ. Жеткін шектердің құқық бұзуға бейім мінезқұлқын оларға нашар əлеуметтік орта əсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінезқұлық (девианттық) деп қарастырады [4].
Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінезқұлық криминогендік деп те қарастырылады. Əрине, ондай мінез-құлықтан (деликвенттік) қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор. Бірақ бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына əсер ететін ортақ əлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей əсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет етеді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалып тасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың, қоғамның жəне мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы жағынан да едəуір ерекшеліктері бар. Сонымен қатар жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлық мəселесі сан қилы əрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бəрі ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалыптасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың қоғамның жəне мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигі зетін келеңсіз ықпалы жағынан да едəуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлық мəселесі сан қилы əрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бəрі ғылыми зерттеулерді керек етеді.
Көптеген жағдайларда ауытқыған мінезқұлық əлеуметтік санкцияға жатқызылады. Тəртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның əлсіз жəне кездейсоқ фор ма ларын қоғамдық пікір тіркейді жəне қа ты сушылардың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау əдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы əлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі (қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі) [5].
Сондықтан, білім беру саласында ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау негізінде оның жағымды аспектілерін қалыптастыру бойынша тиімді жұмыс формалары мен əдістерін іздестіру қажет.
Ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншек тердің психологиялық ерекшеліктерін есеп ке алу негізінде оның жағымды аспектілерін қалыптастырудағы ғылыми ой-тұжырым дарға сүйене отырып, мінез-құлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері, қайырымдылық, мейірімділік, достық қатынас жасауын мақсат тұтса, педагогтың де, ата-ананың да, қоғамның да болашағы зор болатындығын түсініп, ауытқушылық мінезқұлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау негізінде оларды үш топқа топтастырдық.
Бірінші топта жеткіншектердің тұрақ сыздығымен сипатталады; мінез-құлығындағы ауытқушылықтар қолайсыз жағдайларда кездейсоқ байқалады. Тəрбиеге уақытша, таңдамалы жағымсыз қарым-қатынасы көрініс береді. Бұндай жеткіншектердің бағыттылығы пайдалы іспен шұғылданғанда ғана уақытша болады (оқу үлгерімі қанағаттанарлық, кейде «2» мен «5» аралығында ауысып отырады); анық байқалатын бір кемшілігі-өзіне өзі сын көзбен қарамауы жəне талап қоймаушылығы.
Екінші топқа өзіне деген бағыттылығы басым келетін жəне өмірінде тұрақты эгоистік позициясы қалыптасқан. Адамгершілікті жəне ақыл-ой дамуында кемістіктері бар мектепте, тəрбие ықпалына жағымсыз қарым-қатынастағы эгоцентрлік жеткіншектер жатады.
Үшінші топтағылар − құқық бұзушылыққа бейім тұратын жеткіншектер. Олар мектепте, тəрбие процесіне, моральдық нормаларға, құрбылас ұжымға деген жағымсыз қарымқатынастағы жеткіншектер. Оларда психикасын дімкəс көрсететін жағымсыз бағыттылық қалыптасқан (өзін ғана жақсы көруі ушыққан, қажеттіліктері сау емес жеткіншектер), адагершілікті жəне ақыл-ой, еріктік дамуында елеулі кемістіктері бар.
Сонымен, теориялық жəне практикалық тұрғыдан негізделген ауытқушылық мінезқұлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін есепке алу негізінде осылайша топтастыру іс-əрекетті жүзеге асыруда маңызды орынға ие, екі жақты қарым-қатынас жасауда өзінің іс əрекетін өзара түсіністікке жеткізу тиімділігіне баға беруі қалыпта сады [6].
Сайып келгенде болашақ педагогтарды ауыт қушылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету жұмыстарына даярлығының нəти желігі, ең алдымен, болашақ педагог ке байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық мəселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғам ның əлеуметтік алғышарты болып табылады.
Бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесіндей кəсіби іс-əрекетті қалыптастыру процесінің технологиялық бағыт тылығымен мықты, оның негізгі мазмұны дайын білімді, дайын ұйғарымды меңгеру болып табылады.
Болашақ педагогті дайындауда, ең алдымен, əрбір педагог-маманның бойында жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі педагогикалық орнында қаланады.
Біріншіден, болашақ педагогтарды ауытқушылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету жұмыстарына даярлық деңгейінің түбегейлі мəні бар. Педагогикалық мамандарды дайындау процесінің əлеуметтік маңы зының ұлғаюы ұстаздардың кəсіби дайын дығы жүйесін реформалаудың өзара бай ла нысты процестері мен олардың жоға ры оқу орнындағы дайындығына деген талаптардың өсуіне тəуелділігі себеп болды.
Екіншіден, əр түрлі оқу-тəрбиелік жағдай лардағы педагогикалық іс-əрекеттің ерекше ліктеріне ие болған, ауытқушылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету жұмыс тарының мақсатына жетудің қандай да бір тəсілінің тиімділігін анықтайтын се бепсалдарлық байланыстың жалпы заңдылықтарын түсінетін педагогтың бел сенді шығармашылық жеке тұлғасының рөлінің өсуі.
Үшіншіден, педагогтың ауытқушылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету бойынша кəсіби жете білушілігі рөлінің, оның кəсіби білім деңгейінің, тəжірибесі мен жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім алуға жəне өзін өзі жетілдіруге, өз ісіне шығармашылықпен жəне жауапкершілікпен қарауға деген уəждемелік ұмтылысының өсуі.
Төртіншіден, ауытқушылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету бойынша жаңа педагогикалық түсініктерді енгізу, олардың мəнін анықтау, педагогикада белгілі басқа да түсінікермен қатынасын айқындау арқылы педагогиканың түсініктемелік аппаратын дамыту маңыздылығы.
Бесіншіден, болашақ педагогты ауытқу шылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету бойынша кəсіби-педагогикалық іс-əрекетке дайындаудың жүйесін құру қажеттілігі.
Болашақ педагогты ауытқушылық мінезқұлқының алдын алу жəне түзету бағытында орындалған зерттеу жұмыстарын талдау негізінде, болашақ педагогты ауытқушылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету жұмыс тарына даярлығы дегенді – олардың «жет кіншектердің психологиялық ерекшелік терін жан-жақты зерттеу негізінде ауытқу шылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету жұмыстарының əдістемесін мең геруі», − деп түсінеміз.
Біз педагогикалық шарттарды ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған, өзара байланыста жүзеге асатын жағ дай лар жиынтығы деп тұжырымдадық. Со ған сəйкес, жүзеге асырушы педагогикалық шарт тарды төмендегідей анықтадық:
1. Болашақ педагогтардың ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншектерді жағымды психологиялық ерекшеліктерін ынталандыру, алдын-ала дайындау жəне игеру шар ты ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткін шектердің психологиялық ерекше лік терін есепке алу негізінде нормаларын игеру үшін қажетті танымдық үдерістерін дамыта отырып, өзге адамдарға деген жағымды көзқарастарын, толе ранттылықтарын қалып тас тыруға мүмкін дік беретін мотивтендіру шараларын жүзеге асырады.
2. Болашақ педагогтар ауытқушылық мінезқұлық тəн жеткіншектерді өзара бірлескен іс-əрекетке баулу шарты жеткіншектердің ұжым ішіндегі өз орнын сезінуіне мүмкіндік туғыза отырып, ұжым үшін ортақ іс-əрекетті орындауға жауапкершіліктерін, достық қатынастарын, тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға жағдай жасайды.
3. Болашақ педагогтардың ауытқушылық мінез-құлық тəн жеткіншектерді тəрбелеу, оқыту үдерісінде тұлғаға бағдарлау шарты жеткіншектер арасындағы тұлғалық, субъектсубъектілік қатынастарды орнатуға, жеткіншектердің жеке тұлғалық ерекшелігін ескере отырып, ортада өз ойын еркін жеткізіп, бастамашыл болуына мүмкіндік береді.
4. Болашақ педагогтар ауытқушылық мінезқұлық тəн жеткіншектермен ұстаздардың жəне ата-ана арасындағы өзара достық пен өзара іс-əрекетті ұйымдастыру шарты бала мен достық қатынаста бірлескен іс-əрекетті орындап, нəтижесіне сəйкес өздерін, бір-бірін əділ бағалай білуге дағдыландырады.
Бүгінгі күні жаhандық білім беру педагогикалық теория мен тəжірибенің дамуының болашақ бағыттарының бірі болып табылады, бұл бағыт болашақ педагогті көптеген саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне басқада мəселелері толып жатқан күрделі əрі тез өзгеретін қазіргі əлемге бейімделу дайындығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның өзін өзі айқындау мен оның əлемдік қауымдастықтың теңдей мүшесі болуы ның тиімділігі оның білімділігінің деңгейімен анықталады, мұндағы білімділік дегенді білімді игеру деп қана емес, сондайақ, дүниетанымның руханилығының қалыптасуы, крсс-мəдени сауатының өсуі деп түсі неміз. Мəдениетті жеткізудің дəстүрлі форма ларының мүмкіндігін төмендететін əлеуметтік-мəдени өзгерістердің перманенттік сипаты ғылыми-техникалық төңкеріс дəуірінде қоғамның адамгершілік потенциялының қа жет етілмеуі. Қойылған мақсатқа жету ақи қатты қабылдаудың жеткіншектер санасында, біртұтас бейнесінің қалыптасуына ықпал ететін түбегейлі басқа жүйесін құру жағдайында жүзеге асады.
Маманның жеткіншектердің ауытқушылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету жұмыс тарына даярлаудың проблемасы-күрделі де көпқырлы проблема. Бұл – философияда, педагогикада, психологияда, əлеметтануда, кейбір білім берудің теориясы мен əдістемесінде, акмеологияда, еңбек психологиясында т.б. гуманитарлық, ғылымдарда əр қырынан қарастырылып жүр. Мəселе кешенді түрде зерттелуде. Кешенді зерттеу аталған ғылымдардың бұл проблеманы шешуден мүмкіндігінше шектеу емес, керісінше сол салалардың нəтижелерін саралай пайдалана отырып, маманның жеткіншектердің ауытқушылық мінез-құлқының алдын алу жəне түзету жұмыстарына даярлаудың, оның маңызы, мазмұны, құрылымы, қалыптасуы мен дамуының, шарттылығы мен мүмкіндіктерінің тұтас сипатын педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашу [7].
ƏДЕБИЕТТЕР
1 ҚР Президентінің 2000 жылғы 19 сəуірде «Қылмыс пен коррупцияға қарсы күрес» мақаласы // Егемен Қазақстан, наурыз, 2012.
2 Осложненное поведение подростков: Причины, психолого-педагогическое сопровождения, коррекция: Справочные материалы/ Авт.-сост. И.П.Башкатов. − М.: 5 ИЗДАНИЕ, 2006.
3 Нұрахметова Р.Ə., Молдағалиев Б.А., Фейзулдаева С.А., Урбисинова А.Б. Педагогика: сөздік Оқу құралы.-Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университеті; 2009. – 112 б.
4 Качмазов Т.А. Предупреждение личностных деформаций несовершеннолетних преступников. – Барнаул, 2000. − 235 с.
5 Суханов С.А. Феноменалогия девиантного поведения в профессии: подходы,концепции, типология // Прикладная юридическая психология. − 2011 − №1 − С. 83-90.
6 Марилов С.В. Матрица социальных девиаций: классификация типов и видов девиантного поведения // Современные проблемы науки и образования: − 2010. − №4. − С.78-86.
Л.Б. АЛЕКЕШОВА, У.Ж. ТУЯКОВА
Актюбинский государственный педагогический институт
г.Актобе, Казахстан
tuiakova70@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *