Ерік

Ерік Жоспар:
1. Ерік туралы жалпы түсінік. 2. Еріктік әрекеттер
3. Ерік сапалары.

1. Ерік туралы жалпы түсінік.
Ӛмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету жолында ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, кӛптеген кедергілерден ӛтетінін, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын кӛреміз. Мұның бәрінде де адам еркі кӛрініс береді.
Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп ӛтудегі психологиялық процесс — ерік деп аталынып жүр.
Адамның жеңіп ӛтетін сыртқы кедергілері деп — сол істің ӛзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бӛгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді.
Ішкі кедергілер — бұлар адам ӛзіне жұмыс істету қиынға соғатын, жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдында тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқты жат әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.
Ал «ерік» терминімен жеке адамның қасиетін де, қиындықтарды жеңе отырып табандылықпен және мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
Адам ӛмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті ӛмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті ӛмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан кӛмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді.
Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы ӛмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі органдардың жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті ӛлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін. Ұлы Отан соғысы кезінде ӛлімші болып жарақаттанған ұшқыш ӛліп бара жатқанын сезсе де қолынан ұшақтың штурвалын жібермеген. Ол ұшақтағы жарақаттанған жандардың ӛзімен бірге ӛлетінін түсінген. Міне сӛйтіп ерік күшінің кереметтігінен ұшқыш ұшақты қондырған.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам ӛз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс — амалдар қарастырады. Ӛйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған ӛзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай ӛзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз кӛп. Бұларды үлкен екі топқа бӛлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: кӛздің жұмылуы, жӛтелу шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені кӛтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келкен қозғалыс арқылы сыртқы ортаны ӛзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден кӛрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның ӛз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.
Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп түрткілер болу қажет. Ерік пайда болу үшін ең алдымен себеп, түрткілер болу керек. Адам алдына мақсат қояды. Сол мақсатты жүзеге асыры үшін әр түрлі әрекеттер жасайды. Мақсатты жүзеге асыруда адамда пайда болатын бір кӛмескілеу түрткілер пайда болады. Оны психологияда тілек деп атайды. Адам кӛп нәрсені тілейді. Біреуін жақтырады, екіншісін жақтырмайды, қажеттісін орындасам, жүзеге асырсам дейді. Тілектен кейін бір түрткі қалау туындайды. Мұнда адам ӛзінің мүмкіншілігімен санасады. Адамда бірнеше қалау болады, бұлардың арамында күрес пайда болады. Адам керектісін алып, тоқтамға келеді, соңынан жүзеге асыруға тырысады.
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам ӛзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын кӛрсетіп, түрлі қажеттерін ӛтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның ӛмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты кӛрінеді.
Барлық тіршілік ерікке байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық жағдайлармен байланысы жоқ рухани ӛзінше пайда болған күш, деп адмның барлық әрекеті, мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейді.
Сӛйтіп, ерік қимылдарын ӛзінен-ӛзі пайда болмайтын, керісінше, адамның ӛмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысының бірі болып есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.
Ерікті қозғалыстарда орындау дегеніміз — еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, ӛзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйке қозғалыс жасау-бірінші және екінші сигнал жүйелерінің ӛзара әрекеттестігінің нәтижесі
Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның психологиялық ӛмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді. Сӛйтіп, адамның дәл мағынасындағы ерікті амалы, бірішіден, әрбір адамның ӛзін-ӛзі билей алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан кӛрінсе; екіншіден, оның түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын орындап, істі мұқият тындыруынан кӛрінеді.
И.М.Сеченов: «Ерік қимыл-қозғалысқа ғана басшылық ететін ӛзіндік ерекшелігі жоқ агент емес, ақы мен моральдық сезімнің белсенді жағы, соның біріншісі немесе екіншісі үшін ол кӛбіне қимыл-қозғалысты адамның ӛзін-ӛзі сақтау сезіміне қарсы келе отырып басқарады»-, деп жазды. Ертеден-ақ ерік табиғаты женінде бір-біріне қарама-қарсы екі кӛзқарас — материалистік және идеалистік кӛзқарастар қалыптасты.
Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздін санамыздың нұсқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ ӛзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді.
Баскаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.
Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық кӛзқарас турғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет бостандығына әкеледі. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу болып табылады.
Материалистік ұғым бойынша ерікті материядан-мидан бӛліп алу мүмкін емес. Ерік адамның танымдық және практикалық әрекетінде кӛрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады.
Адамның ерікті әрекетін жүзеге асу үшін мынадай шарттар қажет:
1) алға тұтқан мақсатты орындау;
2) жолда ұшырайтын кедергі, бӛгеттерді жеңуі;
3)мақсатқа жету жол жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық кӛрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т. б.
4) Қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау т. б.
Осы шарттарды орындалған уақытта ғана адамды ерік-жігері жеткілікті, қажыр-қайрат бар кісі деп айтуға болады
Еріктің физиологиялық негіздері. Үлкен ми сыңарлары қыртысының тӛбелік бӛлігінде қимыл-қрозғалыстарды басқаратын учаске бар. Ол ми қыртысының барлық учаскесінен, соның ішінде барлдық талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми қыртысының белгілі бір учаскесіне жетіп, онда осындай процесс туғызу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Қимыл – қозғалыс учаскесі үнемі талдағыштардың ми қыртысы ұштарынан келіп түсетін хабарлардың «атқылауы « астында болады. Хабар алған соң, қозғалыс клеткалары кез-келген сәтте қимыл жасау жӛнінде бұйрық беруге мүмкіндік алады.
И.М.Сеченов айтқандай, қандай іс-әрекет болса да оның болуының алғашқы себебі әрдайым сыртқы сезім беретін қозудан болады. Іс-әрекеттің детерменизмі осы болып табылады, соған қарағанда, адамның әрбір істеген әрекетінің ӛз себебі болады. Бұл жерде И.М. Сеченов алғашқы себеп туралы айтып отыр. Бірақ осыдан әрі кӛптеген іс-әрекетпен сезім беретін қоздырғышсыз-ақ немесе тіпті, оған қарсы, ӛмір тәжірибесіне сүйеніп туа береді. Айталық, сыртқы тітіркендіргіш, мысалы теледидар адамды қызықты хабарды кӛруге шақырады, ал адам ойында тұрған бір істі орындауға немесе сол жұмыс орындалмаса, одан туатын жағымсыз жағдайларды еске алып, жұмыс істеуге отырады.
Ерік әрекетінің физиологиялық негізі, ӛткен тәжірибенің нәтижесінде ми қыртысында бұрын құралған нерв байланысының екінші сигнал жүйесі толады. Ерік іс-әрекет жасау қарсаңында осы жүйелер қозғалысқа келеді, сӛйтіп, шамалы күш жұмсауға мүмкіндік береді, сондықтан адам — теледидар ӛте қызықты нәрсе беріп жатса да, оны кӛрмей, ӛзін жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
2. Еріктік әрекеттер.
Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет қылықтардан кӛрініп отырады. Бірақ жүру, кӛбейту кестесі кӛлеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сӛйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Еріктік әрекеттер максаттың және сол сиякты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен сипатталады.
Еріктік әрекеттер қарапайым және күрделі болып бӛлінеді. Қарапайымы мақсат қою және орындау деген буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз келіп отырады. Күрделі еріктік әрекетте мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау деген үш буыннан тұрады.
Мақсатты аңғару. Адам мінез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу, шӛліркеу сияқты физиологиялық қажеттіліктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттіліктері, басқалармен араласу, білімге, кӛңіл кӛтеруге құмарлық тәрізді қажеттіліктер бола алады. Қажеттіліктің арта түсуіне қарай құштарлық тілекке – айналады. Бір нәрсені тілеу дегеніміз — не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатынын білдіру. Тілек дегеніміз — мұрат түрінде ӛмір сүретін қажеттілік мазмұны. Қажеттілікке сай мақсатты аңғарған адам бір шешімге келеді.
Жоспарлау. Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған міндетке жету жолдарын жоспарлау басталады.
Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Белгіленген мақсаттың жүзеге асуы кедергілерді игерумен ұштаса жүреді. Оларды зат, материалдық процестер, адам, уақыт, кеңістік туғызады. Сол сияқты, шаршау, ауру, білімнің, дағдының аздығы тәрізді кедергілер де болуы мүмкін.
Еріктік әрекет азды-кӛпті қиналу жағдайында ӛтеді. Осындай жағдайда ерік күші кӛрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға жұмсалған қуат кӛлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсамауы мүмкін, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп,
«терлеуге» тура келеді.
Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, сангвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да тӛзе білсе, меланхоликтерде мұндай ерекшеліктер шамалы.
Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін санап, қолын кӛтеріп, ӛзіне ӛзі бұйрық бергеннен кейін бастайды.
Ерік күшін реттеу іштей немесе дауыстап сӛйлеп қостау кӛмегімен жүзеге асырылады. Адам ӛзіне ӛзі кеңес береді, бұйырып, мадақтайды, колдайды. «Батылдау бол», «Жасқанба» деген сӛздерді қолданады. Оларды адам ӛзіне ӛзі ете қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады.
3. Ерік сапалары.
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан алуан.
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, ӛзін-ӛзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.);
Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда кӛрінетін ерік сапалары); Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.).
Тоқтамға келгіштік.Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, ӛзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, ӛзін тежей алу, қателерді кӛре білу — тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
Біреу тоқтамға келуде оншама кӛп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу кӛптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, кӛбінесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады.
Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын аңықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлылығынан кӛрінетін жеке адамның еріктік қасиеттері батылдық деп аталады. Әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешімнің маңызын түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жӛнінде ӛзіне-ӛзі есеп беріп отырады.
Бір қарағанда батыл адам мақсатты оңай және еркін таңдайтын тәрізді болып кӛрінеді. Бірак, шындығында олай болмайды. Батыл адам да күрделі, азапты ішкі тартысты, қарама-қарсы мотивтер қақтығысын, эмоциялық, тебіреністерді басынан кешіреді. Батылдық — жеке адам еркінің жоғары дәрежеде екендігін кӛрсететін қасиет. Батылдық қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын кӛрінеді.
Табандылық. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен кӛрінетін жеке адамның еріктік қасиетін табандылық деп атайды. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге кӛмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді. Ӛмірден біз табандылығы тӛменгі дәрежеде қалып қойғандай болып кӛрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Мұндай адамдар ақылды, тіпті талантты да болуы мүмкін, бірақ біршама күрделі жағдайда немесе алғашкы қиындықтармен кездескенде ӛз мінез-құлықтарын ұзақ уақыт бойы басқара білуге қабілетсіз болып шығады. Оларға пайда болған кедергі алынбас қамалдай болып кӛрінеді де сондықтан босқа күш жұмсағылары келмейді.
Бір қарағанда ерекше табанды сияқты болып кӛрінетін адамдар да кездеседі. Бірақ жақынырақ танысып кӛрсеңіз, олардың бар болғаны кәдімгі қиқар адамдар екеніне кӛзіңіз жетеді. Қиқар адам ӛз пікірін, ӛз дәлелдерін ғана мойындайды, бұл дәлелдері қате болса да, соларды басшылыққа алады.
Табанды адам алған бетінен қайтпай, кӛздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді ойлайды.
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:
1) Баланы жас кӛзінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;
2) Оқушы дербес әрекет жасауға, ӛз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйрету. Қажетті жерінде тәрбиешінің ӛзі ӛнеге кӛрсетіп отырса тіптен жақсы;
3) Баланы ұжымдағы ортақ мүде үшін күресе білуге баулу, кӛпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін ӛтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау — табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.
Ұстамдылық.Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сӛйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Мұндай адам ӛзінің бар күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. Ұстамдылық, ӛзін-ӛзі меңгере алу — адамның тӛзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана ӛзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, ӛзін қорқу сезіміне билетпей, кӛңілге алған ісін қажетінше істеп шығады.
Тәртіптілік пен жинақылық. Тәртіптілік дегеніміз адамның ӛз қимылқозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке ӛмірінде де ерекше маңыз алады.
Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің ӛзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке ӛмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сӛзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына «сіңіріп» отыру деген сӛз.
Ерлік. Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік — батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам ӛзіне ӛлім қаупі тӛнсе де сасқалақтамайды, ӛз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай кӛтереді, ӛз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді. Ерлік кӛбінесе қоғамдық мәні бар істерде кӛрінеді. Сондықтан да ол адамның ӛз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі кӛрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып, кіндік кескен жерін кӛздің қарашағындай сақтап, басқыншы жаудан асқан ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар кӛптеп кездеседі. Мәселен, Қарасай, Қобыланды, Қамбар, Сырым, Бӛгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді, Бауыржан т. б. осылар секілді әр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына үлкен ӛнеге.
Дербестілік. Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре бермейді. Ол ӛзінше ойлайтын, ӛздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын кӛзбен қарап, ӛз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша сипаты.
Шыдамдылық. Адам ӛзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың кӛптігіне, не болмаса ӛзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық кӛрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Ерік дегеніміз не?
2. Еріктің физиологиялық негізін қалай түсінуге болады?
3. Адамның негізгі ерік сапалары қандай?
4. Күрделі еріктік әрекеттерге нелер жатады?
5. Ерік сапаларына нелер жатады?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, — 303б.
2. Богословский В.В. Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, — 350б.
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
4. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.
5. Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с.,
6. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
7. СтоляренкоЛ.Д. Основы психологии Ростов на-Дону, «Феникс» 1997, —
732с.
8. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.
9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., 345с.
10. Рувинский Л.И., Хохлов С.И., Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек Алматы, «Мектеп» 1989ж., -150б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *