Сөйлеу

Сөйлеу. Жоспар:
1. Сөйлеу туралы ұғым.
2. Сөйлеудің түрлері. 3. Сөз сөйлеу стильдері.

1. Сөйлеу туралы ұғым.
Адам ӛзінің ӛмір қажетін ӛтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ӛз қимыл-қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым-қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сӛз тіркестерін пайдаланады.
Тіл, сӛйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рӛль атқарады. Сӛз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол кӛздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сӛйлейтіндерді «сӛзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың кӛркі тіл, тілдің кӛркі сӛз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сӛйлеу деп атайды. Сӛйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің ӛзінде сӛйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.
Сӛзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сӛзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сӛздерді қабылдаудың ӛзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сӛйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.
Адамға тән сӛйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сӛйлеу ӛзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сӛйлеудің мазмұндылығы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сӛйлейтін сӛзде мазмұн болмаса, ол ӛзіндік сӛздік мәнін жояды. Сӛздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сӛзді болады, оның сӛзі де айқын, таза болмайды.
Сӛздің мәнерлілігі дегеніміз — адамның сӛйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сӛйлемді ӛзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сӛйлейтін адамдарды «сӛзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сӛйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жӛнінде: «Балалар сіздің сӛзіңізден ӛзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,- дейді.
Сӛйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сӛйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік — синтездік қызметінің нәтижесі. Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бӛлігінде (маңдай қыртысының тӛменгі жағында) адамның дыбыстап сӛйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сӛзді қабылдау кӛптеген анализаторлардың (кӛру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді»-, дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сӛзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бӛлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.
Сӛзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, кӛру, сипау, сипайсезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының тӛбе, самай, желке бӛліктерінің қызметі де ерекше. Сӛйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы кӛруге болады. Егер оның сол жақ бӛлегі зақымданса, адам сӛйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның бірнеше түрі бар. Бірінде сӛйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сӛйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам ӛзі сӛйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін логопед-дерігерлер жасап отырады.
Сӛз әлдебір нәрсені хабарлау үшін заттың атауын, қимылды, қалыпты
т.б. білдіруі керек. Сӛйлеудің бұл функциясы сигнификативтік деп аталды. Сигнификативтік функция адамның сӛйлеуін жануарлар коммуникациясынан айырып тұрады. Жануарлар шығаратын дыбыс объекті білдірмейді, қорқыныш жағдайын, аштықты немесе қанағаттанғандықты білдіреді, бұлардың белгілі бір жануарлар тобына ортақ болуы себепті осы дыбыстар ӛзгелері үшін сигнал болып табылады. Ал адам заттың немесе құбылыстың атын атап сӛйлейді.
Сӛйтіп, қарым-қатынас процесінде бірін-бірі ұғысу сигнификацияның бірлігіне негізделген. Мұны сӛйлеуді үйренудің алғашқы кезеңінде оңай аңғаруға болады. Кӛрсетіп тұрып айтсаңыз бала сӛздің нені білдіретінін ұғады. Кӛрсету дегеніміз — кӛз алдындағы затты оның қалай аталуымен ұштастыра ұғындыру.
Сӛйлеудің екінші функциясы — жалпылау. Сӛз жеке затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді және әрдайым олардың елеулі ерекшеліктерін кӛрсетіп береді. Сӛзді жалпылау функциясы ойлаумен тығыз байланысты. Егер сигнификативтік функция сӛзді барлық сана бейнелерімен байланыстыратын болса, ал жалпылау сӛйлеудің ойлаумен тығыз байланысын білдіреді. Сӛйлеу абстракты-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың ӛмір сүруінің формасы болып табылады.
Сӛйлеудің үшінші функциясы — коммуникация функциясы — білімді, қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер, сӛйлеудің алғашкы функциясын ішкі психикалық іс-әрекет деп қарауға болса, коммуникативтік функция — басқа адамдармен қатынас жасауға бағытталып, ӛзгелерге естірте, дауыстай сӛйлеу әрекеті.
Сӛйлеудің коммуникативтік қызметін: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру деп үш түрге бӛлуге болады.
Сӛйлеудің информациялық жағы білім беруде кӛрінеді және белгілеу, қорыу, функцияларымен тығыз байланысты болады. Информациялық жағы ойды тап басып білдіретін, сӛз таба білуді қажет етеді.
Сӛйлеудің баурағыштық жағы сӛйлеушінің тыңдаушыға деген қатынасын және сезімін жеткізуге кӛмектеседі. Мысалы, оңаша сырласқан шақта адамның даусы бір түрлі, ал ресми әңгімеде екінші түрлі болып шығады. Ішкі ойымен орайласа айтылып, жалынды сезімді білдіретін сӛздер дәлелді болмаса да адамды сендіреді.
Ырықты білдіре сӛйлеу тындаушының әрекетін сӛйлеушінің ниетіне бағындыруды кӛздейді. А. С. Макаренко «Мұнда кел» деген сӛзді жиырма түрлі сарынмен айтуды үйренгенше ӛзін шебер педагог есептемегені жайлы жазған болатын. Комуникативтік фнкцияның бұл жағы сӛйлеуде сезім мен қатынасты білдірумен тығыз байланысты.
Балалармен жұмыс істеу кезінде коммуникацияның әсерлілігін анықтайтын қатынас стилі қалыптасады. Сӛз дауысты кӛтермей, жай ғана ақырын айтылуы немесе айқайға пара-пар катты шығуы мүмкін. Бірақ ол әрқашан мазмұнымен және формасымен әсер етеді. Дауысты кӛтере сӛйлеу қарым-қатынаста биязы сабырлылық болған жағдайда ғана әсерлі болмақ. Ондай дауыс немкұрайдылықты білдірмейді, әрі тебіреніс-толғаныс күйін танытады. Нақ осы тұрғыда дауысты кӛтеру тындаушысын елең еткізеді, ұйып тыңдауға шақырады. Жайшылықта айқайлап сӛйлейтін адам даусын одан сайын кӛтерсе әсерсіз болады. Мұндай жағдайда керісінше, дауысты тӛмендетіп жайлап сӛйлеген әсерлірек. Бұл сияқты құбылыс сӛздің мағыналық жағында да байқалады. Мысалы, адамның жанын тебірентетін асқақ сӛздерді күнделікті қарым-қатынаста бет алды оңды-солды айта беру бұл сӛздердің құнын түсіреді. Мұндай құбылысты сӛздің құнсыздануы (девальвациясы) деп атайды
2. Сөйлеудің түрлері.
Психологияда сӛйлеуді сыртқы және ішкі деп екі формаға бӛледі. Сыртқы сӛйлеудің ӛзі ауызша және жазбаша сӛйлеу болып бӛлінеді.Ауызша сӛйлеудің ӛзі диалог және монолог болып бӛлінеді.
Диалогты сӛйлеу. Диалог дегеніміз — екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Диалог сӛйлесу немесе сӛз жарыстыру формасында етеді. Диалогты сӛйлеу сӛйлесудің неғұрлым қарапайым түрі. Біріншіден, диалог — қуатталып отыратын сӛйлеу. Тыңдаушы әңгіме үстінде бір нәрсені анықтамақ болып сұрақ қояды, жанындағы адамның ойын қорытуы, ӛз тарапынан сӛз қыстыруы да мүмкін. Бұл жағдай сӛйлеушінің ӛз ойын түгел айтып беруіне, сӛз болып отырған затқа қатынасын білдіруіне және тыңдаушыға сӛзін түсіндіре алуына кӛмектеседі. Екіншіден, диалог сӛйлеушілердің әлденеге тебірене-толқи сӛйлеп, бір-бірін еліктіріп әкетуі жағдайында етеді. Сӛйлеушілер қолды сермей сӛйлеу, ымдау, мимика, дауысты құбылту арқылы бір-біріне әсер етеді, кӛбінесе талқылап отырған затты бірлесе бақылайды.
Монологты сӛйлеу. Монологты сӛйлеу дегеніміз — бір адамның ӛз ойын, білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме, лекция, сез сӛйлеу формасында керінеді. Монологты сӛйлеу диалогты сӛйлеу негізінде дамыды. Диалогты сӛйлеуде бір сӛйлеуші хабарлап отырған материалдың кӛлемінің ұлғаюы біртіндеп жаңа сапаға жеткізеді, яғни монологты сӛйлеуді туғызады.
Монологты сӛйлеу де қарым-қатынас жағдайында дамиды, бірақ мұнда қарым-катынас сипаты басқаша. Атап айтқанда монолог үзілмейді, сондықтан сӛйлеушінің қимыл-қозғалысы, ым-мимикасы мейлінше әсер ететін болады. Тыңдаушылардың әлпетіне карап ол сӛзінің оларға қаншалықты түсінікті және әсерлі екенін ғана байқайды. Сейтіп монологты сӛйлеу аудиториямен тығыз қатынаста етеді деу керек.
Монологты сӛйлеуде диалогты сӛйлеуге қарағанда сӛздің мағыналық жағы анағұрлым елеулі түрде ӛзгеріске ұшырайды. Монологты сӛйлеу — байланысты, тұжырымды болып келеді. Монолог логикалық ойға койылатын дәйектілік, дәлелділік сияқты талаптарға бағынады. Бұл ойдың байланыстылығын қамтамасыз ететін бірінші шарт болып табылады. Бірінші шартпен тығыз байланысты екінші шарт – сӛйлемдерді грамматикалық жағынан мүлтіксіз жатық құру.
Диалогты сӛйлеуде аяқталмаған ой, екі ұшты қолданылған сӛздер онша аңғарылмайды. Ӛзара қарым-қатынас жағдайы бұл кемшіліктерді жуып-шайып жібереді. Ал монолог ой жүйесінің дұрыс құрылмауын кӛтермейді. Монологтың мағыналық жағы оның тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығымен ұштасуы қажет. Тартымдылық дауыстың әсерлі болуынан туындайды. Монолог артық қимыл-қозғалыстың болмауын қалайды.
Монологтық сӛйлеу дегеніміз бір адамның сӛзі, яғни баяндамашының, лектордың создері. Монолог сезге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері тӛмендегідей:
1. Монолог сӛз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;
2. Монолог сӛздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сӛзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше кӛңіл бӛледі);
3. Монолог сӛз мәнерлі, адамға әсер ететін сәттерді (сӛзді сазына келтіріп айту) кӛбірек қажет етеді.
Білімнің дамуы, жалпы әлем туралы ғылыми деректерді басқаларға жеткізу қажеттігі монологтың ерекше формасы — лекцияны ӛмірге келтірді. Лекцияның әңгімеден айырмашылығы, мұнда құбылыстар жай ғана суреттеле баяндалып қана поймай, сонымен бірге себеп-салдарлық байланысты іздестіру, белгілі бір ғылыми қағидаларды дәлелдеу жүзеге асырылады.
Баяндама жасау және сӛз сӛйлеу монологты сӛйлеудің формалары болып табылады. Баяндама дегеніміз – құжаттарға негізделген, белгілі бір мәселе тӛңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мысалы, оқу жылының қорытындысы туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің нәтижелері туралы баяндама.
Жазбаша сӛз сӛйлеу. Жазбаша сӛз сӛйлеу ауызша сӛз сӛйлеуден кейін пайда болды. Жазбаша сӛйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сӛйлеудің түрі. Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің ӛзінде-ақ адамдар белгілі бір оқиғалар туралы деректерді ұзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған. Жазбаша сӛз сӛйлеудің алғашқы қадамы — болған оқиғаны сурет арқылы беру амалынан басталады.
Жазбаша сӛйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сӛйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.
Жазбаша сӛйлеудің кейбір ерекшеліктері:
1) Жазатын адамның қасында сӛйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.
2) Жазбаша сӛйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, кӛп ойланып, толғанады.
3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.
4)Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сӛзін ойлап құрастырады, мағыналы сӛз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам ӛзінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады.
Іштей сӛйлеу. Осы сӛздің мағынасынан-ақ кӛрінетіндей, іштей сӛйлеу басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Іштей сӛйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сӛйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың ӛкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен ӛз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сӛйлеуді пайдаланады. Іштей сӛйлеу — адамның ӛзімен-ӛзі сӛйлесуі. Ол алғашқыда «ар үні» деп аталып, түсіндірілді. Іштей сӛйлеуде ой ағымы болады, әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады.
Іштей сӛйлеудің негізгі белгісі — оның дауыстап айтылмауында, оны айналадағылар естімейді. Іштей сӛйлеу ішкі күбірлеуден және іштей сӛйлеуден тұрады. Іштей сӛйлеу сыртқы сӛйлеудің негізінде қалыптасады. Сыртқы сӛйлеуді ішкі сӛйлеуге айналдыру – интериоризация деп аталынады. Мұндай ауыстыру балаларда шамамен үш жаста байқалады, яғни балалар ӛз-ӛзімен сӛйлесе бастайды. Бұл сӛйлеу бірте-бірте азая келіп, іштей сӛйлеу формасына айналады.
Іштей сӛйлеудің сыртқы сӛйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады.
Адам іштей ойын ойлап, сыртқа шығарады.
3. Сөз сөйлеу стильдері.
Сӛз сӛйлеу стилдері: күнделікті тұрмыстық, кӛркемдік, іскерлік, ғылыми түрде болады. Аталған стильдер сӛздердің мағынасынан ап-айқын кӛрініп тұрады.
Күнделікті-тұрмыстық стиль тұрмыстық қарым-қатынас тақырыбына байланысты. Ауызекі сӛзде бұл стиль әңгімелесу арқылы, ал жазбаша сӛзде жақын адамдардың бір-біріне жазған хаттарынан аңғарылады.
Кӛркемдік стиль проза мен поэзияның түрлі формалары арқылы танылады.
Іскерлік стиль еңбек үстіндеігі ресми қарым-қатынасқа байланысты болады жәнехаттама, талқылау, арыз, акт формасында жүзеге асады.
Ғылыми стиль оқып білім алу, танымдық іс-әрекетке байланысты және лекциялар мен ғылыми еңбектерде айқын байқалады. Әрбір стильге ӛзіндік лексика (сӛз саптау) және ӛзіндік сӛйлем құрылысы тән.
Қарым-катынас практикасы адамның ӛзіндік қасиетін құратын сӛйлеу стилін қалыптастырады. Адамның сӛйлеу мәдениеті мен сӛз сӛйлеуге жанжақты тӛселуі оның сӛйлеу стилін қарым-қатынас ситуациясына бағындыра білуінен кӛрінеді.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Сӛйлеу және коммуникация дегеніміз не?
2. Сӛйлеудің мазмұндылығы және мәнерлілігі дегеніміз не?
3. Сӛйлеудің қандай түрлері бар?
4. Жазбаша сӛйлеу дегеніміз не?
5. Балаларда сӛйлеу қалай дамып отырады?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ, Іргенбаева Н., Бапаева М, Нығметова, Г.Түрікпенов, Жалпы психология. -А.Білім, 1996 -224 б.
2. Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, — 303б.
3. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения: в 2-х т. Т.1/Под ред. А.В.Петровского – М., Педагогика, 1979г.,-222с.
4. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б.
5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
6. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
7. Лурия А.Р. Язык и мышления. М., 1979г., -356с. 8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., -345с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *