Ойлау.
Жоспар:
1. Ойлау туралы жалпы ұғым.
2. Ой операциялары(тәсілдері)
3. Ойлау формалары
4. Ойлаудың түрлері
5. Ақыл-ой сапалары
1.Ойлау туралы жалпы ұғым.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жӛнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға кӛшу қажет.Адамның ойәрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде ӛте жақсы кӛрінеді.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді ӛңдейді Адамның ойы әрқашанда сӛз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде ӛзін естісін деп дауыстап сӛйлейді. Ой толық сӛз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойдың белсенділігі мына тӛмендегі жағдайлармен байланысты:
1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша ӛздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат — сұраққа жауап беру, мәселені шешу; 2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру.
3) Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын
(гипотезасын) белгілеу;
4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап кӛру.
Адам ойдың дұрыс немесе бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен шешіп, тәжірибесімен салыстырып, тексеріп отыруы тиіс. Егер адамның ойы айналасындағы дүниемен, адамның тәжірибесімен байланыссыз болса, олармен үйлеспесе ондай ой керексіз, құрғақ ой болып табылады. Адам ойлаған уақытта оны жеті рет ӛлшеп, бір рет кескені абзал. Егер, адам мәселе шешуде объективтік жағдаймен санаспаса, онысы ақиқатқа қайшы келсе, онда ол алдына қойған мақсаттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын кӛбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам ӛз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен қүдіреттілігін, ӛмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез келген мәселелерді шешерде, тәжірибеде ашылған заң, ереже, ұғымдарды пайдаланып отырады. Ғылым, техника, ӛндіріс, ауыл шаруашылығының орасан зор жетістіктері бір ғана адамның ғана емес, кӛптеген адамдардың, тұтас ұжымдардың, тіпті бірнеше ұрпақтардың ұзақ жылдар бойғы ойлауының нәтижесі.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден ӛтеді. Ол қажеттіліктен немесе бір нәрселерді түсіндіру, тану керектігінен басталады. Бұл ойлау әрекетінің бірінші кезеңі. Ол адамның түрлі материалдық, рухани қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1)Жаңа нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2)Бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жӛніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі.Ойлау — ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль аткарады. Екінші сигнал жүйесінде нерв жүйесі қызмеіінін ӛз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
Ғылыми-техникалық прогресс «ойлайтын» машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) ӛз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сӛйленіп тұрған сӛзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да «ойнайды». Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті жӛнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам ӛзін машинаға ұтқызбас үшін, ӛз ӛнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл — сӛз енжар, әрекетсіз адамның сӛзі. Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған программа беретін — адам. Осы міндетті қоя білу үшіг адамға мол білім қажет. Машинадан «ақыл» үйренуге болмайды, онда «ақыл» жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы – адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға ӛз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру — адамның алдында тұрған ең басты міндет.
2. Ой операциялары(тәсілдері).
Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру.
Анализ деп – бүтінді бӛлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бӛліп қарау. Адам ӛзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бӛлшектеп, талдап отырады. Адам нәрсені бӛлшектеумен ғана тынбайды, кейін бӛлшектеген, ажыраған заттарын қайта қосып, тұтас затқа айналдырып отырады. Синтез деп ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады.
Анализ бен синтез қатар жүріп отырады табылады. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі — бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Мәселен, мылтықты жеке бӛліктерге ажыратсақ, бұл — анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бӛліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген.Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы кӛрініп отырады. Мәселен, бӛбектің қағазды екіге бӛлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен кӛктей. Бӛбектің қағазды екіге бӛлуінде анализ практикалық амал ретінде кӛрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде кӛрінеді.
Салыстыру. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Әдетте бір тектес ұқсастықтары бар заттар салыстырылады. Салыстыра отырып біз олардың айырмашылықтарын кӛреміз. Әйтпесе олар теңбе-тең болып қабылданар еді. Мәселен, мұғалім балаларды жазуға үйреткенде әр бір әріптерді жеке және ұқсас әріптерді П мен Н, Ш мен Щ-ны салыстырып кӛрсетеді.
Топтау салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілері негізінде заттар топтастырылады. Мәселен, кілтпен бұрап жүргізетін ұшақты бірде металл бұйымдарға енді бірде ойыншықтарға, енді бірде модельдер тобына жатқызуға бролады.
Ойлау операциясының келесі түрі абстракция. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бӛліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді «тӛрт бұрыш» деген сӛзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ касиеті ретінде «ақшыл» деген сӛзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау — абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дӛнен, айғыр, бие деп бӛлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды кӛрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, ӛрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жемістер» деген жалпы ұғымды береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі — классификация.Жүйелеуде заттар мен құбылыстарды топтастырғанда, белгілі бір ұқсастықтарына қарай жүргізілмейді. Жүйелеу осы топтың ішінен одан да кіші топтар мен бӛліктерді саралайды. Мәселен, арыстан, жылқы, сиыр, қасқыр, қой т.б. бәрі жануарлар болғанымен жылқы, қой, сиыр, үй жануарларына, арыстан, қасқыр тағы жануарларға жатады. Сол сияқты жануарлар — типке, типтен — класқа, кластан — отрядқа, отрядтан — отбасыға, отбасыдан — текке, тектен — түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы ӛсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Жүйелеу ой тәсілі қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шӛпті ащы (кӛкпек, изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ, боз т. б.), құрғақ, сулы деп бірнешеге бӛледі. Шӛптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б. қой жейтіндері:
жоңышқа, қына десек, жылқыға — боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. бӛлген.
3. Ойлау формалары.
Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) ӛзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді.
Ұғымдар дара және жалпы болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау қаласы», «Абай Құнанбаев» дара ұғым болса, «қала», «адам» т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «мәжіліс»
(депутаттар мәжілісі ), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден кӛрінеді. Пікір — бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау — әдемі, жас қала» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал «Қасқыр қауіпті аң емес» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бӛлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Ақтау» — логикалық бастауыш. «Әдемі, жас қала»- логикалық баяндауыш. Байланыс сӛздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікірде кӛбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сӛйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сӛйлемдердің негізінде ғана туып, ӛмір сүре алады. Пікір мен сӛйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Ӛйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің әр түрін, оның оның ерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.
Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет.
Катар тұрган кездейсоқ пікірлерден ой қорытынды шықпайды. «Жаңбыр жауды», «Қоңырау соқты» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан, бұл екі пікірден үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындысының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, «ағаш жанады, кӛмір жанады, қағаз жанады» деген жеке пікірден «барлық органикалық заттар жанады» жалпы ой қорытындысы жасалады.
Дедукция — жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы мәселен, «Барлық тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі, олай болса балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды» деген жеке ой қорытындысына келеміз. Индукция мен дедукция ойымызда қатарласа жүріп отырып, бірінсіз бірі болмайды.
Аналогия дегеніміз — ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі роль атқарады.
Ой қорытындылары адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.Сондықтан ол практика мен табылған шешімдерді басқа белгілі фактілермен жан-жақты салыстырулар кӛмегімен үнемі тексеріп отыруды қажет етеді. Егер, студент қыз қиын емтиханды сәтті тапсыруға үстіне киген жасыл кӛйлегі бірден-бір себеп болады деген ойқорытындыға келіп, осы «құтты» кӛйлегіне сеніп келесі емтиханға да дайындалмай барса, практика оның жасаған ой қорытындысының қате екендігін кӛрсетеді. Ӛйткені, кӛйлек пен емтихандағы жетістік бір – бірімен себептік байланысы жоқ, тек қыздың тәжірибесінде кездейсоқ дәл келген екі шарт қана
4. Ойлаудың түрлері.
Ойлаудың үш түрі болады: Практикалық ойлау, нақтылы-бейнелі ойлау, теориялық ойлау.
Практикалық ойлау — нақты заттармаен тікелей байланыса ой қызметін орындау түрі. Мәселен, машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін жүргізуші капотты кӛтереді, мотордың қызуын байқайды, контактілерді тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді. Ойдың мұндай түрі практикалық деп аталады. Оны шешу тәсілі — практикалық әрекет.
Нақтылы-бейнелі ойлау — елестер мен психика ӛрнектерін арқау еткен ойлау түрлері. Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды. Мәселен, адам мылтықтың құрылысын қандай, оны қандай бӛлшектерге бӛлуге болады десе, мұндайда оның ойы кӛрнекті, бейнелі болады. Ал мылтықты қолына ұстап, оны түрлі бӛлшектерге бӛліп әрекет етсе, кӛрнекті әрекет ойы болады. Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын кӛрнекі бейнемен елестетіп шығады. Ол олардын әркайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп ӛтуге кететін уақытын салыстырып талдайды, мәселені ойша шешеді. Ойлаудың мұндай түрі нақтылы-бейнелік деп аталады.
Теориялық ойлау — абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі. Егер мәселе теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдалану талап етіледі. Мәселен, оқушыға оқыған шығармасының әдеби қаһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан ӛткізуі, оларды «борыш», «намыс», «берілгендік», «патриотизм» т. б. сияқты ұғымдармен берілетін қоғамда-қабылданған мораль нормаларымен салыстыруы қажет. Мұндай ой теориялық (сӛздік-ұғымдық) деп аталады.
Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау келесі түрлерге бӛлінеді:
Вербалды (сӛздік) және визуалды (кӛру), нақты және дерексіз (абстракт) ойлау. Бағыт-бағдарына қарай ойлау бірнеше түрге ажыратылады:
Логикалық (қисынды) ойлау — логикалық амалдар( салыстыру, жүйелеу, қорыту т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.
Синкретикалық( біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес сырттай ұқсастық белгілері бойынша ӛзара байланыстырылады. Шешілетін мәселе мен орындалатын іс-әрекеттердің стандартты немесе стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыратылады: алгоритмдік, дискурсив, эвристикалық, және шығармашыл ойлау.
Алгоритмдік ойлау – типтік мәселелерді шешуге қажет алдын-ала белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан ойлау түрі.
Дискурсив ойлау — ӛзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген ой әрекет түрі.
Шығармашыл ойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.
Эвристикалық ойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін табуға бағытталған ӛнімді ойлау процесі.
Танымдық процестер ӛздерінің ӛту сипаттары бойынша шұғыл сезімдік (интуитивтік) және аналитикалық (талдауға негізделген) болып бӛлінеді.
Шұғыл сезімдік (интуитивтік) ойлау сипаты: ӛтуі шапшаң, толық түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.
Ойлаудың арнайы түрі акустикалық – психикалық сырқаттармен кӛрінеді( ақылдан адасу, ес ауу жағдайында). Ӛмірде мұндай сырқатта ойдың ӛтпелі формалары кӛптеп кездеседі, нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.
5. Ақыл-ой сапалары.
Тұлғаның ӛзіндік ӛзгешелігін, даралығын құрайтын кӛптеген қасиеттерінің ішінде ақыл сапаларының елеулі мәні бар. Олар адамның ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерінен, оның ақыл-ой қабілетінің ӛзіндік ӛзгешеліктерінен кӛрінеді. Ақыл-ойға қабілеттілік деп нақты бір адамның ойлану ӛзгешелігін білдіретін сапалар жиынтығы айтылады. Ақылдың мұндай сапаларына білім құмарлық, ізденімпаздық, ой тереңдігі, ақылдың икемділігі мен оралымдылығы, логикалылығы, дәлелділігі, сыншылдығы тағы басқалар жатады.
Білім құмарлық пен ізденімпаздық. Ақылдың бұл сапалары әлі белгілі емес жайттарды білу, адамның күнделікті ӛмірінде кездесетін жаңа, айрықша нәрселерді ашу (ұғыну) қажеттілігі ретінде пайда болады. «Білім құмарлық» пен «ізденімпаздық» ұғымдары кӛбінесе синоним ретінде қолданылады, дегенмен олардың арасында аздаған айырмашылық бар. Білім құмарлық деп әдетте адамның ӛмірде кездесетін жана нәрсені білуге ұмтылысы айтылады. Ізденімпаз деп нәрсені жан-жақты білуге, ӛзіне әлі таныс емес құбылыстар мен байқаған фактілерінің негізгілеріне жетуге, бұл фактілердің шығу кӛздерін білуге, яғни онымен байланысты нәрсенің бәрін анықтауға, онда ӛзгеріс туғызатын жағдайларды ашуға ұмтылатын адамды атайды.
Үнемі жаңалыққа ұмтылу, сол жаңаны білуге, ӛмірде байқалған құбылыстардың әр қырын керуге талпыну ретіндегі білім құмарлық пен ізденімпаздық ескі трафаретті бағаларды, түсіндірмелерді, әрекет тәсілдерін қанағат тұтпайтын адамға тән сипат.
Ақылдың тереңдігі. Мәселе қою — ақыл-ойлық қызметтің аса маңызды буыны. Оны шешу үшін бастыны қосалкыдан, жорамалды шындықтан, құбылысты шығу тегінен, негізгіні детальдан ажырата білу қажет. Сұрақ қоя білу («неліктен, неде?» т. б.) және құбылыстың тегін ашу, құбылыстар, арасындағы және олардың ӛз ішіндегі кез келген емес, ең негізгі, елеулі байланыстарды таба білу ақылдың тереңдігін білдіреді. Терең ақыл үстірт білімді, «біреудің айтуы арқылы» білуді қанағат тұтпайтын адамдарға тән сипат. Ақылы терең адам зерттелінін жатқан фактінің ең мәнді жақтарын ашуға және оның ӛзіне белгілі басқалай құбылыстармгн жан-жақты байланысын жасауға талпынады. Сондықтан терең ақыл кӛбінесе білім құмарлықпен ұштасады.
Ақылдың икемділігі мен оралымдылығы. Әр мәселені шешу үшін адамда бар тәжірибені кеңінен және ӛте мұқият мүшелеп пайдалану талап етіледі; сондықтан оның ойлауы икемді және оралымды болып келуі керек. Нақты мәселені шешуге сан алуан түрлі білімді жұмсай білетін адам жайлы осыны айтуға болады. Ол бұрын орныққан байланыстардан назарын басқа жакқа тез аударуға, жаңа үйлесімдер жасауға таныс ұғым, бейне, байланыс, заңды жаңа қатынастарға енгізуге, затқа жаңа, әдеттен тыс тұрғыдан қарауға, елеусіз болып кӛрінетін фактілерді салыстырып, тиісті қорытындылар жасауға да қабілетті.
Ақылдың осындай оралымдылыгы — ойлау тереңдігі мен шапшаңдығы үйлесімін тапқан ақыл тапқырлығынан кӛрінеді. Әдеттен үйлесімділік, ең маңызды жайтты тез анықтаушылық, жаңа шешімдерге оңай келушілік ақылдын тапқырлығын, ор-лымдылығын, сонылылығын білдірсді.
Логикалылық. Ақылдың бұл сапасы ой процесінің ӛзінін барысын сипаттайды және алдымен талдау — синтездеу-арақатысымен анықталады. Ойлау процесінің бағытының айкындығы, оның бір ізділігі, қойылған мәселеге сай келушілігі, логикалылығы, барлық ірі және ұсақ детальдарды салыстыра білушілік адамға болашақ (немесе бұрын болған) құбылыстын барысын анықтауға мүмкіндік береді. Ақылдың мұндай логикалылығына мысалы, ертең болатын шайқастың барысын жоспарлайтын қолбасшы, жана формула шығаратын математик, әр окүшы мен бүкіл сыныптағылардың ерекшеліктерін жақсы білетін педагог ие.
Ақылдың дәлелділігі мен сыншылдығы. Адам танымның ең жоғары сатысына алдында тұрған мәселені дұрыс шешуге жеткенде ғана емес, ӛз шешкендерін негіздей білгенде кӛтеріледі.
Адамның ойлауы дәлелділік пен нанымдылыққа оның пікірлерінің, қорытындыларының дұрыстығын растайтын фактілерді, шындық құбылыстарын, ашылған заңдылықтарды ӛзінде бар білімнен іріктеп алуды білетін шағында ғана емес, сонымен катар осыған басқаларды да нандыра алатын шағында ие болады.
Ойлаудың дәлелділігі келтірілген негіздеудің логикалығын, бір ізділігін қажет етеді. Білімді пайдалана білу және ӛзіңе де, басқаға да адамның бұл ережені қолданған, арнайы жасаған себептерін түсіндіру — ойлау процесінің ӛзін оның барлық буындарында реттеп, ӛтуінің бір ізділігін де қадағалап отыруды қажет етеді. Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және дәлелді сипат береді.
Ойлау сапаларының тӛмендегідей түрлері болады.
Ойлау ӛрістілігі — адамның мәселені тұтастай қамтып, сон бірге оның жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті
Ой тереңдігі — күрделі мәселелердің мәніне жете енуден кӛрінеді тереңдігіне қарсы сапа — ой үстірттігі Мұндайда адам басты нәрсені кӛрмей, қажеті кем жағдайлардан аса алмайды.
Ой дербестігі — адамның жаңа міндеттерді алға тартып, басқалар жәрдемінсіз-ақ оларды шешудің жолдарын таба білу.
Ой асығыстығы — тұлғаның кезіккен мәселені жан-жакты ойластырып алмай, кандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру, жеткілікті ой сарабынан ӛтпеген жауаптар мен пікірлер айту әдеті.
Ой икемділігі – мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыпт әдіс-тәсілдері құрсауына маталып қалмай, қалыптан тыс шешім жолдарын іздестірудегі еркіндігі, жағдай ӛзгерістеріне орай жаңаша ой жүргізу қабілеттілігі.
Ой жүйріктігі — адамнын ауысқан, бейтаныс жағдайлар мәнін жылдам түсініп, ойланумен дұрыс жол таба білу касиеті.
Ойлау әрекетінде кӛрініс беретін шабандық нерв жүйесінің типі — жай козғалғыштығымен байланысты.
Ой сындарлылығы — адамның ӛзінің де, ӛзгенің де ой, пікірін шынайы бағалай білу ептілігі, алға тартылған тұжырымдар мен қорытындыларды тиянақты әрі жан-жақты тексерістен ӛткізу қабілеті. Ойлаудың жекедаралықты ерекшелігі әр адамның ӛзін ӛз қызметімен байланысты ойлау түрлерін таңдай білуіне байланысты. Мысалы, бір адам — кӛрнекі — әрекеттік ой түрін таңдаса, екншісі — кӛрнекі — бейнелі ой толғастыруды қалайды, ал үшіншісі, тұлғалық деңгейі жоғары адам — абстракт-логикалық ойлауды қару етеді.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Ойлау дегеніміз не? Ойлаудың қандай операциялары бар?
2. Ойлаудағы анализ бен синтездің алатын орны қандай?
3. Ұғым дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
4. Пікір, ой қорытындылары жайлы не білесіз?
5. Ақылдың қандай сапаларын білесіз?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
2. Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.
3. Лурия А.Р. Язык и мышления. М., 1979г., -356с.
4. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.
5. Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с., 2том —
491с.
6. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
7. Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа үйі», 2005ж.,1-5т. 1 т. — 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б.
8. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекции: Учебник пособие для вузов.-М: ЧеРо, 1997г., -345с.
9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., -345с.
10. Хрестоматия по общей психологии: Психология мышления. М. Изд-во МГУ, 1981г., — 380с.