Қабылдау

Қабылдау Жоспар:
1. Қабылдау туралы жалпы ұғым.
2. Қабылдаудың қасиеттері мен түрлері.
3. Кеңістік пен уақытты қабылдау.
4. Байқау және байқағыштық.
5. Қабылдау мен байқаудың типтері.
6. Балалардың қабылдауын тәрбиелеу.

1. Қабылдау туралы жалпы ұғым.
Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен
құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі бірмезгілде әсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның ӛткендегі тәжірибесі ерекше орын алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп тұрады. Бұлардың бәрін дұрыс қабылдай алмайды. Егер бала ӛмір бойы поезды кӛрмей ӛссе, оны бірден жақсы тани алмайды.
Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі. И.П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы. Сӛйтіп қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнешеуінің қызметі. Мысалы: киноны кӛру 2 анализатордың (кӛру, есту) ӛзара байланысып жұмыс істеуінен болады.
2. Қабылдаудың қасиеттері мен түрлері.
Қабылдаудың кӛріп қабылдау, естіп қабылдау, иіс сезіп, дәм сезіп, сипап сезіп қабылдау деген түрлері болады.
Қабылдаудың қасиеттері:Тұтастығы: Заттарды қабылдағанда біз оны белгілі бір құрамға ие тұтас зат деп түсінеміз. Мысалы: телефон арқылы сӛйлескенде кейбір дыбыстарды шала естісек те, әңгіменің мағынасын түсінеміз. Егер «Қыз Жібек» операсындағы «Гакку» ариясының бір бӛлшегін құлағымыз шалса да біз «Гакку» әнін толық қабылдайтын боламыз. Тӛрт аяқты столдың суретте 3 аяғы салынса да, оның 4-ші аяғын елемей, 4-аяқты стол есебінде қабылдаймыз.
Қабылдаудың мағыналылығы мен жалпылау. Адам ӛзі үшін белгілі маңызы бар заттарды қабылдағанда, мысалы: ӛзіміз түсінбейтін тілде сӛйлеген сӛзді мүлдем ұқпайтын болсақ, азын – аулақ хабарымыз бар тілді шала – шарпы қабылдаймыз. Мысалы: кӛпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, кӛп киімнің ішінен ӛз пальтоңды бірден тану оңай болдаы. Әрбір жеке заттарды немесе құбылыстарды қабылдаумен бірге біз оларды жалпылап, ұқсас заттардың тобына енгізіп, жіктеп, топтап отырамыз. Мысалы: біз шортанды қабылдағанда, оның балық екенін еске алып, балық тобына қосып қабылдаймыз.
Қабылдаудың таңдамалылығы.Адамға әсер ететін заттар мен құбылыстардың молдығы сонша біз олардың барлығын бірдей бір мезгілде қабылдап, жауап қайтара алмаймыз.Толып жатқан объектінің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді.
Қабылдаудағы зат пен фон. Мұғалім оқушылардан үй тапсырмаларын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады, қалғандарының жауабы жӛнді еленбейді. Жаңағы жауап берген баланың жауабы, қабылдаудың заты, ал қалғандарыныкі соның фоны болады. Осы жағдайды мына сурет жақсы кӛрсетеді. Мәселен, мұндағы суреттің бірінде қара түстегі 2 адамның профилі байқалады, ақ түс жай кӛрініс деп қабылданады; ал екінші жағдайда керісінше. Осы суреттегі ақ ваза затқа айналады да; оның тӛңірегіндегі қара түс фон болады.
Мұнда фон мен заттың орны ауыстырылып отыр. Қабылдаудың заты мен фоны жылжымалы. Қабылдау заты болған нәрсе қажет болмай қалса, фонмен құйылысып кетеді, фондағы нәрсенің бірі белгілі бір уақытта қабылдаудың затына айнала алады.
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы).Константтылық деп сыртқы жағдайдың ӛзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы: ақ қағазға жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді.
Апперцепция. Қабылдаудың мазмұны мен бағыт – бағдарының адамның тәжірибесіне, білім байлығына байланыстылығын апперцепция деп атайды
(Апперцепция – латынның апперцептио деген сӛзінен алынған, қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді).
Апперцепция тұрақты, уақытша болып 2 – ге бӛлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мысалы: «түбір» деген сӛзді әр адам түрліше қабылдайды. Тіл маманы «сӛздің түбірі», ал ботаник «шӛптің түбірі», математик «санның түбірі» деп қабылдайды.
Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А.С. Пушкиннің «Вурдалак» деген ӛлеңі жақсы мысал бола алады. Осы ӛлеңінде Ваня деген қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққаннан қара терге түседі, сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан ӛлікке балайды. Ӛйткені оның ӛзі осындай кереметтердің «болатынына» сенетін.
М.Әуезов «Қыр әңгімелерінде» Жортар қарттың басынан кешкен бір оқиғаны былайшы суреттейді: «Бейіттің іші әлгіден де жарық болып кетіп, артынан бәсеңдегендей болды … құдай кӛрсетпесін кӛзіне ӛзінің бұрын түсін кӛрмеген, атын естімеген бір пәле кӛрінді. Алғашқы кӛрген кезде «жалмауыз» дедім. Нобайы адамға ұқсамайды. Қап – қара, тырдай жалаңаш. Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі бойы, қол сұғымдай шашы бұрқырап тұр, кӛзіне түскен, әсіресе, қорқынышты жері – аузы. Ырсиып, от болып, тістері ақсиып, сойдиып тұр екен. Аузынан кәдімгідей от бүркіп тұр … ӛзге еш жері кӛрінбейді. Қараңғы бұрышта қып – қызыл от болып жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған тіс қана кӛрінгендей болды … тұрайын десем буынымды баса алтын емеспін … қозғаларға шамам жоқ … құр сүлдем отыр … Бір мезгілде … ақырын келіп, иығымнан бас салды».
Жын – шайтан, пері, албасты дейтін ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт ішінде осындай «керемет» кӛріністерді туғызған жауыннан паналап жүрген екінші бір адамның әлсін — әлсін әлі жағып жүрген сіріңкесі. «Қорыққанға қос кӛрінеді» деген мәтел осындай адамдардың психологиясын ӛте жақсы кӛрсетеді.
Қабылдаудағы иллюзия. (иллюзия латын сӛзі, қазақша алдану деген мағынаны білдіреді).Заттарды қабылдау кейде қате болып шығады. Қателер (иллюзиялар) әр түрлі талдағыштар қызметінде де кездесіп отырады. Кӛру иллюзиясы кӛбірек белгілі: Мысалы: ақ кӛйлекті әйел, қоңырқай киімдіге қарағанда толықтау болып кӛрінеді. Кӛлденең жолақты мата мүсінді толықтай, тік жолақты биіктеу етіп кӛрсетеді. Иллюзияны тәжірибе арқылы тексеріп кӛру – қабылдаудың дұрыстығының бірден – бір ӛлшемі.
Иллюзиялар аффектілік, вербалдық, парейдолиялық болып бӛлінеді.
Аффектілік иллюзия – кӛбіне қорқыныш, мазасыз кӛңіл – күйде басталады. Бұл жағдайда бӛлменің бұрышында ілінген киім немесе халат жасырынып тұрған кісі ӛлтіруші, асханадан естілген дыбыстар соны ӛлтіретін қаруға ұқсап кетеді.
Вербалдық иллюзияда әңгіменің мазмұнын жалған қабылдауға байланысты. Айналадағы адамдардың әңгімелерінен, сұрақтарынан ауруға қатысты болмасада, олар ӛзіне арналған айыптаулар, сӛгіс, кінәлау деп қабылдайды.
Парейдолиялық иллюзия. Оның мазмұны қиялға ұқсайды. Бұйымдардың жиектері, киімдегі ою — ӛрнектер, қабырғаның жарығында түсқағаздар бәрі әрекеттен тыс киім киген адамдар, ертегі кейіпкерлері, сұлу кӛріністер ретінде қабылданады.
Иллюзияны адамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет. Галлюцинация – латын сӛзі, қазақша қиялдану, шатасу деген мағынаны білдіреді. Галлюцинация – бұл нақты объект болмай – ақ пайда болатын қабылдау (елес, алдамшы дыбыс, дауыс, иіс). Галлюцинация кезінде аурулар шын мәнінде бірдеңелерді кӛрсетеді, иістерді сезеді, қиялдайды, елестетеді. Галлюцинация кӛру, есту, иіс, дәмдік, жалпы сезімдік болып бӛлінеді.
Кӛру галлюцинациясы формасыз – жалын, түтін, тұман түрінде болуы мүмкін. Жекелеген образдар, заттың, денелердің бір бӛлігі (бір кӛз, беттің, құлақтың жартысы) топ адамдар, аңдар тобы, насекомдар, фантастикалық заттардың тобы елестейді. Бұлар үрей, қорқыныш, қызығушылық, масаттану туғызуы мүмкін.
Есту галлюцинациясында – салдыр – гүлдір шуды, атысты есту, сӛзді, дауысты, музыканы т.б. есту.
Тактильдік галлюцинация – денеңе жәндік, құрт ӛрмелеп бара жатқандай, дененің бетінде немесе тері астында белгісіз бір заттың пайда болуы сияқты сезіледі
Гипногогикалық галлюцинацияда – ұйықтар алдында, кӛз жұмулы, қараңғылық кезінде пайда болады. Мұнда ғажайып, тамаша ӛрнектер, фантастикалық тіршілік иелері, әр түрлі заттар, жануарлар, пейзаждар, панораммалар байқалады.
3. Кеңістік пен уақытты қабылдау.
Кеңістік пен уақыт – материяның ӛмір сүруінің негізгі формалары. Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың кӛлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген сӛз. Кеңістікті қабылдау ӛте күрделі процесс. Мысалы: заттың кӛлемі мен түрін қабылдау – кӛру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады.
Кеңістікте орналасқан заттың кӛлемін қабылдауда екі кӛзбен кӛрудің (биноқулярлық кӛру) маңызы зор. Ал бір кӛзбен кӛру (моноқулярлық кӛру) тереңдік жӛнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір кӛзді жұмып, екі қолды бір – біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады.
Биноқулярлық қарауда екі кӛзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады.
Қашықтық пен заттардың кӛлемін қабылдауда кӛздің конвергенциясы, яғни екі кӛздің кӛрінетін затқа бір кӛздей болып әрекет етуі қажет болады (конвергенция – латынның конвергере деген сӛзі, қазақша жақындату деген мағынаны білдіреді). Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Кӛз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, кӛз ішке бұрыла береді. Кӛздің түрлі қашықтықтағы заттарды кӛруге бейімделу қабілеттілігін «аккомадация» деп атайды (Аккомадация – латынның аккомадатио деген сӛзі, қазақша кӛз үйрету деген мағынаны білдіреді). Кӛздің аккомадациясы хрусталь дӛңестігінің ӛзгеруіне байланысты жақын заттарды кӛргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.
Қашықтықты қабылдау ӛте күрделі процесс. Мәселен: іштен соқыр болып туған адам кӛзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның кӛзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды.
Алыстағы заттар қозғалса да, ӛзі соқтығысып қалатындай кӛрінеді.
Уақытты қабылдау. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын ӛзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни ӛткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа ағады. Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер орын алады. Мысалы: ӛткен шақ адамға ӛте қысқа мерзімді болып кӛрінеді. Ӛткен шақты сағаттап санап отырмай, айлап, жылдап, ғасырлап есептейміз. Адам ӛмірінде оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем ӛтпей қояды. Ал адамның уақыты мағыналы, қызықты істерге толы болса, уақыттың қалай ӛткенін білмей қалады. Сол сияқты балалар үшін болашақ алыс, ӛтпейтін болады да, ересектер үшін тез ӛтіп кеткендей болады.
Қабылдау ойластырылған (ықтиярлы) және ойластырылмаған (ықтиярсыз) деп бӛлінеді. Ойластырмай қабылдау айналадағы заттардың ерекшеліктерін қабылдау. Мысалы: кӛшеде келе жатып машинаның гүрілін, адамдардың сӛзін естиді. Осы қабылдауда алдын – ала мақсат болмайды. Ойластырып қабылдауда адам алдына мақсат қояды. Объектіні таңдап алады.
Мысалы: концерт тыңдау, баяндама тыңдау т.б.
4. Байқау және байқағыштық.
Айналадағы қоршаған дүниені тану процесінен қабылдау байқауға ауыса алады.
Байқау дегеніміз – адамдардың танып білгісі келген объектіні мақсатты жоспарлы түрде қабылдауы. Егер адам жүйелі түрде байқауға жаттықса, байқау мәдениетін жетілдірсе, онда оның бойында байқағыштық деген қасиет дамиды.
Байқағыштық дегеніміз – кез – келген уақытта кӛзге ілінбейтін, ерекшеліктерді елей білу. Мысалы: бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың ұсақ түйектерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.Осы суретті А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген ӛлеңінде жақсы кӛрсеткен:
«Біреуі кӛк, біреуі – жер тағысы
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» —
деген ӛлең жолдарында кез – келген адамға байқала бермейтін кӛріністер сӛз болып отыр.
Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, оларды егжей – тегжейлі білуді, жіті кӛру мен қалтқысыз естуді, бір зат пен екінші заттың байланысын аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет – адамның ӛмір сүрген ортасына, алған тәлім – тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне байланысты.
Байқағыштық — ӛмірдің әр саласы үшін ӛте қажетті қасиет. Ол, әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік, дәрігерлік қызметте, ақын – жазушы, суретшілердің ӛмірінде ерекше орын алады.
5. Қабылдау мен байқаудың типтері.
Адамдардың барлығы бірдей қабылдай бермейді. Мұнда топ адамға тән типтік ӛзгешеліктер де болады.
1. Синтетикалық типтегі адамдар құбылысты жалпылап бейнелеуге тырысады. Олар ұсақ – түйектерге мән беріп талдамайды. Халық бұларды «Кӛрмес түйені де кӛрмес» дейді.
2. Анализдік типтегі адамдар құбылыстарды жалпылама сипаттамайды. Олар бӛліп қарау, детальдарды, жеке жайларды талдайды, ұсақ – түйектен шыға алмағандықтан, олар тұтастай қабылдауға шорқақ келеді. Халық бұларды «түймедейді түйедей ететіндер» дейді.
3. Қабылдаудың ӛмірге ӛте икемді типі анализдік – синтездік түрі. Олардың қабылдауы мен байқауы жалпылай және жеке түрде болады.
4. Эмоциялық типтегілер құбылыстың бӛлшектерін кӛрсетуден гӛрі, сол құбылыстан алған әсерлерін білдіруге ұмтылады және қабылдауда долбарлау, қиялдап жаңа образдар қосу жағы басым болады. Оларға қабылданатын заттан гӛрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей, елжіреу, алдану т.б.) ерекше әсер ететін болады. 6. Баланың қабылдауын тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл — әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға байланысты келеді. Олар заттарды үстіртін қабылдайды. Мысалы: 4 – 5 жастағы бӛбек кеңістік пен уақытты, алыс пен жақынды нашар ажыратады. 2 – 3 жастағылардың кейбіреулері аспандағы ай мен күнді әпер деп ата – анасына маза бермейтіні мәлім. Олар күн мен түнді, жылдың тӛрт маусымын, «бүгін мен ертеңді, кешегі мен бірсүгінді» шатастырып отырады.
Ал, бастауыш сынып балалары тұтас затты жӛнді қабылдай алмайды. Мысалы: оқушы шәйнектің суретін салғанда, шүмегі мен тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жіберді, ал үйдің суретін салғанда, есік – терезелері еденнен тӛбеге дейінгі жерді алып жатты.
Баланың сабақты қабылдауын дамытуға мән бере отырып, әрбір мұғалім мына шарттарды орындауы тиіс:
1. Кӛрнекі құралдарды пайдаланғанда, баланың жас ерекшеліктерін мұқият ескеру, оқушының байқағыштығын тәрбиелеу.
2. Мектепте балалар әр түрлі пәндер география, тарих, жаратылыстану пәндерін оқумен байланысты олардың уақыттары қабылдауы дами түседі.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 1. Қабылдау дегеніміз не?Оның түйсіктен айырмашылығы неде?
2. Қабылдаудың қандай қасиеттері бар?
3. Апперцепция деген не, оның қандай түрлері бар?
4. Адам кеңістік пен уақытты қалай қабылдайды?
5. Байқау және байқағыштық дегеніміз не?
6. Қабылдауды тәрбиелеудің қандай әдістері бар?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология у негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б
4. Немов Р. С. Психология. «Просвешение». М.,1995,235-241с.
5. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996,94-
106с.
6. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *