Зейін

Зейін
Жоспар:
1. Зейін туралы ұғым
2. Зейіннің түрлері
3. Зейіннің қасиеттері

1.Зейін туралы ұғым.
Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сӛйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады.
Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде ӛмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам ісәрекетінің бір жағы ретінде кӛріну» деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз процес, ӛзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық ӛзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным процестерінің міндетін атқаруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процес.
Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын кӛрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы кӛрінеді (бала кӛзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға кӛшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы кӛріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне ӛз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бӛліп отырады.Осындай түрлі кезеңдере бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-кӛпті тұрақтап отырғанын кӛруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша кӛрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып ӛтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сӛзі соқпай ете алмайды, егер де ол соқпай ӛтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».
Зейінсіз айналадағы нәрсені қабылдау, түйсіну мүмкін емес. Ӛйткені адам ӛз ӛмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жӛнінде ойлайды. Ал зейін болса, ӛз алдына бұлардан дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, санадағы ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бӛліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал кӛрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін тӛмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық механизмі ӛте күрделі. Оның негізі — нерв жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз — ми қабығының тӛменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның ӛрлеуші, тӛмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі. Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозьп, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Әр түрлі импульстер жоғарыдан (ми қабығынан) тӛменгі ми алаптарына (ми бағанасы т.б.) келіп, оларды ӛзіне бағындырады. Бұл — тӛмендеуші ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалымы Г.Мэгун, Италия ғалымы Моруций импульстардың тӛменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеді. Мұны — ӛрлеуші ретикулярлық формация дейді.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің ӛзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу прцестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәсерлер туралы ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Физиолог, ғалым А.А.Ухтомский ми қызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жӛнінде ілім жасады. Сыртқы дүниенің кӛптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға кӛбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Доминанта — латынның доминанс деген сӛзі, қазақша үстемдік ету деген мағынада. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп, ӛзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сӛйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды ӛзіне бағындырып, нерв жұмысын күшейте түседі. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін ӛзіне тартып альп отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бӛгде тітіркендіргіштердің бӛгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен кӛруге болады. Зейінділік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
А.А.Ухтомский ӛзіне дейінгі ашылған нерв орталықтарының жұмыс принциптері рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы процесті бейнелейтін жүйенің тарихының жоқтығы. Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттыгулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан кӛрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский құрған еңбек физиологиясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде қарастырды. Соның нәтижесінде доминанта жүйесін қарастырушы фактор ретінде А.А.Ухтомскийге кӛптеген күрделі сұрақтарды: мидың интеграциясын және тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани ӛмірінде, жалпы адамзатты тұтастай — психология және социология денгейінде шешуге кӛмектесті. Осы айтылғандар А.А.Ухтомскийдің жекелік сапасында ӛзінің зерттеулерімен
қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын дәлелдейді.
А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың «Қозудың оптимальдық алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И.П.Павловтың оптимальдық кӛзу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан ӛте жақсы түсіндіреді.
А.А.Ухтомский доминантаның психологиясы мен физиологиясының ара қатынасын тӛмендегіше түсінді: бір жағынан сана ӛз әрекетін кортикалдық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын ӛңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта — орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын кӛрсетеді. Ол ӛзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады.
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, ӛйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап — ми қабығының
творчестволық бӛлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жӛнінде
И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жаркылдап кӛрінсе, біз ойлап отырған саналы адамньгң ми сыңарларында формасы және шамасы ӛне бойы ӛзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын кӛрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-кӛпті қара кӛлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының ӛзі зейін бағытының да ӛзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (ӛзара индукция заңы) мидың баска бӛліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сӛздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы кӛрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, кӛздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы кӛрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Ӛйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы кӛріністерді ӛмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне карап, бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды.
Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.
2. Зейіннің түрлері.
Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бӛлінеді. Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды ӛзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген кӛбелек, қарсы бӛлмедегі күлкі, кіріп келген адам — мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын ӛктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады. Міне, 1 сыныптың оқушылары математикалық мысалдарды шығаруда еңбектеніп отыр дейік, кенеттен дәлізде еденнің қатты дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді. Оқушылардың зейіні тез арада жұмыстан ауытқып, кӛңіл қоюлары бұзылды. Балалар мұғалімнің не айтып тұрғанын тіпті естімейді де. Оның ӛздері оқушылардың санасына жетпейді, қозу туғызбайды да, қабылданбайды. Мұғалім сабақ үстінде дауыс және сӛз екпінін ӛзгерте отырып оқушыларды ырықсыз зейін тудыра алады.
Тітіркендіргіштің күші, жаңалығы, ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокӛлік, не қабырға газетінің жаңа нӛмірін кӛріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі кернекті құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы — ырықсыз зейінді тудырудың қайнар кӛзі.
Адамның таным әрекетінде кӛңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті ӛсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйсіндіретін нәрселер де зейінді ӛзіне еріксіз аударады. Кӛркемӛнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Мәселен, кӛшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға кӛзі түссе, оған мойнын бұрады не полицияның ысқырығына жалт қарайды т. б. Адам ӛмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Ӛйткені балалық дәуірде адамның күрделі ісәрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы ӛте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам ӛмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады.
Қызығу — ырықсыз зейінді туғызады. Ӛйткені қызықты іске кӛңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам ӛз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, ӛйтпесе іс ӛнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.Ырықсыз зейіннің кӛрінуіне тӛмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (кӛзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің ӛзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);
ә)адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, кӛңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Ырықты зейін — әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан кӛрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын — ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Кӛлік жүргізуші шофер, есеп шығарушы есепші, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағытгайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу әрекетін балалардың шама-шарқына орай қызықты етіп ұйымдастырылуға тиісті. Талпынысының нәтижелі болуы — баланың ӛзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.Мысалы, сабақ үстіндегі артық сӛз, қимыл белсенді жұмыс істеп отырған оқушының кӛңілін бӛледі.
Жұмыс орнының қолайлы болуы — ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында кісінің кӛңілін бӛгде тітіркендіргіштер алаңдатпауы керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сӛз баланың белсенді жұмыс істеп отырған кӛңілін бӛледі. Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты — адамның психикалық күйі. Шаршапшалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бӛгде ойлар т.б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сӛз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әр қилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді.
Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру кӛзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады; 1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2)Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жӛн.
3)Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
4)Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, кӛңілді алаң қылатын бӛгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсылгүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5) Зейінді болуды ӛзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сӛзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып кӛрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үшінші түрі — үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін — адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға тӛселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Ӛйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын ісәрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер, адам жұмысқа ӛздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні кӛрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан, адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
Зейіннің мұндай түрін де еріксіз, бірақ «екінші» зейін деп атайды (Э. Титченер, С. Л. Рубинштейн) Бұл орайда кейбір авторлар Н. Ф. Добрыниннің ұсынысы бойынша, үйреншікті зейінге «еріктіден кейінгі» зейін деген терминді пайдаланады. Бұл атауды енгізуге негіз болған жағдайлар адам ӛзін жұмылдыру үшін әуелі күш салып, кейін келе ӛз қызметіне беріле кірісетін, енді бастапқыдағыдай ерік күшін жұмылдырусыз-ақ жұмыс істейтін жағдайлар Алайда мұның ӛзі бір жағдай ғана. Ӛйткені адам әдетте қызықты әнгімеге, оқылатын кітапқа, кӛретін суретке бірден ден қояды, бұл үшін оған алдын ала ешқандай «әзірліктің» қажеті болмайды. Жоғарыда қарастырылған зейіннің үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.
3. Зейіннің қасиеттері.
Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: кӛлемі, бӛлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Зейіннің кӛлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте 6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне ӛте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін кӛлемі күрт тарылады.
Баланың зейінінің кӛлемі едәуір тар. Сондықтан, егер оған екі жаңа әріптің немесе цифрдың таңбасымен (сабаққа келмей қалуы себепті), екі ұқсас суретпен немесе мағьнасы жағынан мазмұндары ұқсас тақпақтармен бірден танысуға тура келетін болса, қабылданылатын объектілерді «шатастыру» байқалады. Бұл орайда әрбір әріптің немесе ұқсас цифрлардың (3 пен 5, 6 мен 9, 1 мен 7) ерекшеліктері жеткілікті түрде айкын кӛрінуі үшін, салыстыру әдісін енгізу ӛте-мӛте орынды болады.
Зейіннің бӛлінуі деп — адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан кӛрінеді. Бір мезгілде ӛлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып кӛрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болды. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі — ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті ӛмірдегі іс-әрекетінде адам ӛзінің зейінін бӛле білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет. Ал ӛмірде іс-әрекет зейінді үнемі әр нәрсеге бӛлуді талап етеді. Зейінді бӛле білуге дағдылану керек. Бәрімізге мәлім, жас ұстаз сыныптағы оқушыларды жекелеп кӛре алмайды, кейде сабақ айтып тұрып қателеседі, оқушылардың жауабындағы қателерді де байқамай қалады. Кейін мұғалім бірнеше обьектіге зейінін бӛле білуге дағдыланады.
Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны ӛшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады. Бала үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат құрастырумен шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сӛйлескені де, інілерінің ойын-шуы да, теледидар да ештеңе алаңдатпайды. Оның зейінінің жұмылу күшінің шоғырлануы кӛп. Мектептің кішкентай оқушыларында бұл сирек болатын құбылыс. Оларда жұмылу күші кӛбіне аз болады.
Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан кӛрінеді. Зейіннің шоғырлануы оның аумағы мен бӛлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын нәрсе неғұрлым аз болса, зейін кӛбірек шоғырлануына мүмкіндік туады, ал зейін түсетін нәрсе соғұрлым кӛп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа шашырап кетеді.
Зейіннің тұрақтылығы деп — оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті кӛптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, ісәрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады.
Зейіннің тұрақтылығы кӛп уақытқа дейін құбылып, ӛзгеріп отырумен байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – 4 сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады. Алаң болушылық — зейіннің толқуынан кӛрінеді. Зейінде толқу болып отырады. Бірақ зейіннің толқуы кӛп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2-3 секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі сәл ауытқуы күрделі, қызықты істі атқару кезіндегі зейін тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.
Зейіннің аударылуы — деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті кӛбінесе нерв процестерінің ӛзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл кӛшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің кӛрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен қызығуды жандандыру қажет. Айналысқан істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде ӛзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Зейін дегеніміз не?Оның физиологиялық негіздері қандай?
2. Зейіннің қандай түрлері бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
3. Зейіннің адам ӛмірінде маңызы қандай?
4. Зейін шашырандылығы қандай себептерден туындайды?
5. Зейіннің қасиеттерін атаңыз?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б
4. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
5. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б.
6. Зинченко П.И. Непроизвольное запоминание. – М. Изд-во АИН РСФСР, 1961г.,132с.
7. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г.321с.
8. Лурия А.Р. Внимание и память. – М. Изд-во МГУ, 1975г., 180с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *