Іс-әрекет психологиясы. Жоспар:
1. Іс-әрекет туралы түсінік
2. Іс-әрекет құрылымы: дағды, икемділік және әдет
3. Іс-әрекет түрлері
1. Іс-әрекет туралы түсінік
Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Затқа бағытталған және белгілі мақсат кӛздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түрі болады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақылойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті.
Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақылой әрекеті әуелде сыртқы заттық әрекет түрінде кӛрініп, бірте-бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын кӛрсетеді. Сырқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, әуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы әрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады.
Ақыл-ой әрекетін игерген адам ӛзі тындырмақ болған іске, сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен ӛткізіп алады, кӛзге елестетіп кӛреді, сӛзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттық әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сӛйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекеттің бақылауымен жүргізіледі.
Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады.
Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және кӛрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады.
Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рӛлін әр түрлі салада жұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы кӛруге болады. Психологияның іс-әрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы, педагогикалық, спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс-әрекеттің түрі адамның бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез-құлықтың бір кӛрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішінінен-ақ адамның қай мамандық иесі екенін біле қоямыз. Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті кӛмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тәрбиелеу мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге кӛмектеседі. Психика әрекет пен қоғалысты реттеуші қызметін атқарады. Бұл реттеу психикалық бейнелеудің әр түрлі дәрежесінде жүзеге асады. Түйсік және қабылдау дәрежесінде күштің, бұлшық еттің қимылы мен қозғалыс сипаты кӛрінеді. Ақыл-ойға салып ісі еленетін міндеттер сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады, яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады.
Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. «Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам ісәрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат кӛздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Ісәрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен ӛтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, кӛңілін ӛсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның кӛңіл күйі. Тынығу іс-әрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және сапасы тӛмендейді.
2. Іс-әрекет құрылымы: білім, дағды, икемділік және әдет.
Іс-әрекет құрылымы жӛніндегі проблема психология теориясының дамуы мен кӛптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие. Іс-әрекет құрылымы жӛніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтерімен байланыстырылады.
Адамның дүние жайлы білімі алғашында бейне, түйсік және қабылдау түрінде пайда болады. Білім тек білу үшін қажет емес. Таныс емес затпен кезіккенде біз ең алдымен онымен қалай әрекет жасау керектігін білуге тырысамыз. Сіз жаңадан шыққан тұрмыстық техниканы қолданбас бұрын ең алдымен оны қалай пайдалану жайында баяндалған нұсқаумен танысасыз.
Қандай да болсын күрделі іс-әрекетті орындау үшін адамға мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қимыл және әрекет жайлы мәліметтер қажет. Бұл мәліметтер кимылдық елестер түрінде есте сақталады.
Іс-әрекетке тұрақты араласа отырып, білім іс-әрекетті ақылға салудың жоғары сатысына кӛтереді, адамның ӛзі атқарып отырған іс-әрекетінің дұрыстығына сенімін арттырады. Білімсіз іс-әрекет мүмкін емес. Адамның қызметі әрдайым дағды және білгірліктен тұрады. Қызметтегі дағды мен білгірліктің алатын орны жайлы әр түрлі пікірлер бар. Іс-әрекетті қарапайым дәрежеде орындауды да, осы іс-әрекетте адамның шеберлік танытуын да «білгір» деген ұғымға жатқызамыз.
Қарапайым білгірлік дегеніміз білім негізінде немесе еліктеу нәтижесінде пайда болатын әрекет. Білгір-шеберлік әбден қалыптасқан дағды мен білім негізінде пайда болады.
Сәби заттармен әрекет жасауды еліктеу арқылы игереді. Ол қимылқозғалыс түрлерін үлкен адамдарлың әрекетін бақылау нәтижесінде жинақтайды. Осының нәтижесінде қарапайым әрекет қалыптасады. Мысалы, ӛзіне-ӛзі қызмет ету әрекеті жаттығу нәтижесінде біртіндеп дағдыға айналады.
Адам жеке әрекеттерді орындау дағдысын меңгерсе, іс-әрекет мінсіз атқарылатын болады.
Дағды — әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Іс-әрекетті игерудің бастапкы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болды. Мысалы, оқуға үйрету кезіндегі сӛзді буынға бӛлу, буындарды косу арқылы оны мағыналы сӛзге айналдыру оқудың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстінде оқушы жүгіртіп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай сӛзді буынға бӛлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. Ӛйткені оның әрекеті енді жеңіл, жүгіртіп оқитын дағдыға айналды.
Қандай да болсын дағдының негізіндс шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Әрекетті тұрақты қайталау нәтижесінде нерв жолын соған икемдеу белгілі бір нерв жүйесінде қозу процесін дәлме-дәл тұрақтандыруға жеткізеді.
Қалыптасқан нерв механизмдері әрекетті орындау процесінде бірқатар ӛзгерістер туғызады. Біріншіден, дағдының қалыптасуы нәтижесінде әрекетті орындау мерзімі күрт қысқарады. Мысалы, жаңа үйреніп жүрген машинистка тәжірибелі машинисткаға қарағанда материалды мүлде баяу басады. Әдетте жазуды жаңа үйрене бастаған кезде адам минутына 2-3 сӛз жаза алады. Ал жазуға дағдыланған соң, ол минутына жүз әріпке, дейін жаза алады. Екіншіден, артық қимылдар жойылады, қимыл кезіндегі күш жұмсау іс-әрекет мақсатына сәйкес келеді. Бірінші сынып оқушысы жазу жазған кезде қаламды тым қатты қысып ұстайды. Бұл жұмысты аатқару үшін ол бастапқы кезде едәуір дене және бұлшық ет күшін жұмсайды. Ал жазу дағдысы қалыптасқан соң артық, қимыл және күш жұмсау жойылады. Үшіншіден, жеке дербес қимылдар біртұтас әрекетке тоғысады.
Балаға жазу үйреткенде мұғалім әріптің жеке бӛлшектерін жазу дағдысын үйретеді. Ал жүгіртіп жазғанда, әріптерді қаламды сүйкей салып-ақ тізе береді. Жақсы жаттыққан қимыл дағдысы нәтижесінде еңбек ӛнімділігі артады, жұмыс сапасы жақсарады және адам тез шаршамайтын болады.
Жаттыққан қимыл дағдысы іс-әрекет құрылымын қайта кұруға мүмкіндік береді. Әрекеттің орындалуын қадағалайтын сезу жүйелерінің арақатынасы ӛзгереді. Дағдыны жаттықтырғанға дейін заттармен қимыл жасаудың дәлдігі мен дұрыстығы кӛру және қимыл талдағыштарының біріккен қызметі арқылы бақыланады. Бұл жағдайда кӛру жетекші роль атқарады. Ал қимыл дағдысы бекіген кезде қимылды кӛру арқылы қадағалау қакеті азаяды. Қимылдың дәлдігін дербес бақылайтын кинестезиялық (қимылды сезу) механизмдер қалыптасады. Маман пианист пьеса орындағанда клавиатураға қарамайды. Тәжірибелі машинистка материалды «кӛзді жұмып отырып», яғни жазу машинкасының клавиатурасына қарамай басады.
Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Қалыптасқан дағды оны орындаған кезде сананың қадағалауын қажет етпейді. Әрине бастапқы кезде сана қимылды бақылайды, бірақ дағды қалыптасқан сайыны сананың бақылау қажеті азая береді. Жақсы жаттыққан дағды тұсында қимылды санамен бақылау оны жүзеге асыруды қиындататыны байқалды.
Мысалы, адам ӛзінің жүрісінің әрбір қадамын қадағалап, талдау жасауға тырысса, жүрісінен жаңыла беретін болады.
Әрекетті дағдыға айналдыру сананы босатып, оны іс-әрекеттегі маңызды мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының творчестволық ісәрекет үшін маңызы аса зор болатыны осыдан. Қарапайым әрекеттер дағдысын қалыптастырмайынша, творчестволық іс-әрекетке жағдай туғызу мүмкін емес. Перспектива құру дағдысын игермеген суретші персонажды қалай бейнелеуді емес, оны болашақта қалай орналастыруды ойлауға мәжбүр болады. Сӛйлемді дұрыс құру дағдысын игермеген жазушы ӛз кейіпкерлерінің психологиялық трактовкасын жасаудан гӛрі, сӛйлемнің грамматикалық құрылымын кӛбірек ойлайды.
Сӛйтіп, қандай да іс-әрекетте болсын оны орындаудың дұрыс әдісін игеру және жеке компонентін дағдыға айналдыру сол іс-әрекетті табысты атқарудың бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет жүйесінде қалыптасқан дағдылардың сипаты меін дәрежелерінід арақатынасы адамның психикалық ерекшеліктеріне тәуелді болады. Нерв жүйесі әр түрлі адамдарда танымдық, бағдарлаушылық және атқарушылық іс-әрекеттегі арақатынаста түрліше болады. Бұл сол адамдардың бәрінің де еңбек тапсырмасын табысты орындауға мүмкіндік береді. Нерв қызметінің типі бір адамдарға еңбек процесінде қимылды неғұрлым дәл орындауға, ал ӛзгелеріне неғұрлым тез орындауға мүмкіндік береді. Осылайша, дағды адамның жеке басының қасиетіне айналады.
Дағдының түрлері. Еңбектің қай түрінде болсын, сондай-ақ істің табысты орындалуы дағдылардың белгілі бір қорын игергенде ғана мүмкін болады. Дағды: қимылдық, ойлау, (сенсорлық) және мінез-құлықтық болып тӛрт түрге бӛлінеді. Басқасынан гӛрі кимылдық дағдылар кӛбірек зерттелген. Оларды алуан түрлі іс-әрекеттен кӛруге болады. Қимылдық дағдыларды қалыптастырмайынша еңбек операцияларын орындау, оқушыларды жазуға, оқуға үйрету мүмкін емес.
Ой еңбегінің стиліне міндетті компонент болып кіретін ойлау дағдьіларының да маңызы бұдан кем емес. Бұл дағдылардың аса маңыздылары чертеждерді оқу дағдысы, кітапты конспектілеу, лекция жазу, жаттау, дедуктивтік және индуктивтік ой қорытындылау әдісімен дәлелдеуді негіздеу болып табылады. Ой еңбегінде назарды бӛлу және оны шоғырландыру, бақылау, монологтық сӛйлеу дағдылары маңызды роль аткарады. Кӛп жағдайда ой еңбегі дағдысы адамның белгілі бір қасиетін анықтайды.
Мінез-құлық дағдылары адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды роль аткарады. Бұл дағдылар мінез-құлық нормаларын білу және оларды ӛз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен ӛмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін кӛрсетеді (сыныпқа мұғалім кіргенде орнынан тұру керек). Сан рет қайталау нәтижесінде балада үлкен адамдарға инабатпен сәлем беру дағдысы қалыптасады.
Дағды жаттығу арқылы қалыптасады. Жаттығу — дегеніміз нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын әрекет, ондағы мақсат осы әрекетті жетілдіре түсу. Жаттығу процесінде белгілі бір түрде іс-әрекет ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда істі, мысалы, әдемі жазу, фортепианода ойнағанда екі қолды дұрыс ұстай білу т. б. осы сияқты анағұрлым жетілген дағдылар қалыптастыруға жеткізетіндей етіп орындауға назар аударған жӛн.
Дағдылардың ӛзара әсері. Адам белгілі бір іс-әрекетті меңгергенде әдетте оның бойында бір емес бірнеше дағды қатарынан қалыптасады. Жаңа дағдылар бұрыннан қалыптасқан ескі дағдылардың үстіне келіп қосылады. Ескі дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Қалыптасқан дағдылардың жаңа дағдыларды игеруге жағымсыз әсері немесе қалыптасушы дағдылардың ескі дағдыларға жағымсыз әсері интерференция деп аталады. Интерференция да алмасу сияқты, дағдыларды қалыптастырудағы жалпы құбылыс болып табылады.
Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы біріне-бірі ӛте жақын болғандықтан бұларды бірімен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мәселен, тӛменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған. Бұл мысал балада дағды болмағанмен, оңда осы ойынға икемділіктің барлығын кӛрсетеді.
Икемділік түрлі дәрежеде кӛрінеді. Мәселен, енді ғана әріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сӛздерді, сӛйлемдерді жазған кездегі икемділігі бұрынғысынша күрлелірек болып келеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі кӛбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік — белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың кӛрінісі болып табылады. Бірінші сынып оқушыларының жазу, оқу дағдыларын менгеру ережесінің түрліше болып келетін себебі — икемділік дәрежесінің әр түрлілігінен деуге болады.
Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады.
Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған кұрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, кӛңілі кӛншімейді.
Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан peт жаттығады, есепсіз қайталайды. Егер де адам ӛзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған кӛп уақытын жіберіп жатса, мұның ӛзі ӛте ессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бӛлінбейді. Ӛйткені оның қай-қайсысы да пайдалы. Ал, әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі. Ұнамды әдеттерге: жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер т.б. жатады. Бұл адамның ӛмірі үшін аса қажет нәрселер. Ұнамсыз әдеттерге: орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столда отырып аяқты селкілдету, сӛйлегенде қыстырма сӛздерді қолдану, қолы қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сӛйлеу т. б. жатады.
Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жӛнінде халық «Әдет — әдет емес, жӛн әдет» деп ӛте дұрыс айтқан. Расында да бізге керегінің ӛзі пайдалы әдеттер. Үйреншікті әдет болмайынша, адамның істеген ісінің берекесі де болмайды. Егер адам: ӛзінің бойына сіңген әдетіне байланысты қимылдаса, оның ісі оңайианып, кӛңілі рахат тауып отырады. Үйреншікті әдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіңіп кетеді. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген нақыл осы сӛзден шықса керек. Әрине, мұны тіке ӛз мағынасында түсінбеу қажет. Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жӛнінде айтыльш отыр.
Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі — балалық шақ, әсіресе, мектепке дейінгі дәуір. Балалардың кез-келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиеті кейде ұнамсыз әдеттердің қалыптасуына себеп болады. Мәселен, кейбір отбасында бала үлкендерге еліктеп шылым шеккісі, шарап ішкісі келіп тұрады. Атааналар мен мұғалімдер балаларда ұнамды әдеттерді қалыптастырып, зиянды әдеттерден баланы арылту жағын қарастыруы қажет. Атақты ағылшын драматургі В. Шекспир: «Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште» десе, орыс педагогі К.Д. Ушинский: «Жақсы әдет ӛсімге берген ақша, адам ӛмір бойы соның ӛсімін пайдаланады, жаман әдет борыш, адам ӛмір бойы сол борыштың ӛсімінен азап шегеді»,- дейді.
Ал, ежелгі үнді мақалында былай делінген: «Қылық ексең — әдет орасың, әдет ексең — мінез орасың, мінез ексең — тағдыр орасың».
Сӛйтіп, дағды мен әдет адамның мінез-құлқының фундаменті болып табылады. Дағды мен әдеттің негізінде мінез қырлары қалыптасады. Жақсы қалыптасқан дағды мен пайдалы әдет адамның оқу материалдарын, еңбек әрекеттерін тез игеруіне мүмкіндік береді.
3. Іс-әрекет түрлері.
Іс-әрекеттің үш түрін бӛліп кӛрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар ӛздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Адам іс-әрекетінің негізгі түрі еңбек болып табылады. Еңбектің түпкі қорытындысы — іс-әрекеттен қоғамдық маңызы бар ӛнім алу. Ол колхозшы ӛсірген егін, болат құюшы ағызған болат немесе ғалым ашқан ғылыми жаңалық болуы мүмкін.
Ойын қоғамдық маңызы бар ӛнім бермейді. Оқу тікелей еңбекке әзірлеу кезеңі бола отырып, тек мамандық игерудің кезеңінде материалдық және мәдениет байлықтарын жасауға қатысады.
Еңбек әрекеті белгілі бір міндетті ұйымдасқан формада жүзеге асырады. Дәлме-дәл белгіленген мерзімде жұмысшы қатаң реттелінген іс-әрекетті орындайды. Ұйымдастыру жүйесі оқудың да қажетті компоненті болып табылады. Ойынға еркін ұйымдастыру жүйесі тән. Мысалы, балаға сағат 10-11ге дейін қуыршақ ойнап, 11-ден кейін доп ойнауды ешкім міндеттемейді.
Ойынның негізгі мотиві баланың ойын процесінде қанағаттануы болып табылады. Егер баланың ойынға ықыласы таусылса, ол ойнауын тоқтатады.
Оқу мен енбек адамды іс-әрекетке талпындыратын мотив ретіндегі қызығудың бар-жоқтығына қарамайды, мұнда тапсырылған істі орындау қажетін түсіну, парызды сезіну орын алады. Алуан түрлі іс-әрекет түрлері бірінбірі толықтырып, бірге ӛмір сүріп, бір-бірімен жымдаса келіп отырады. Балалар бақшасында сәбилер тек қана ойнап қоймай, сонымен қатар санауды, сурет салуды үйренеді. Оқушы сабақ біткеннен кейін армансыз ойнайды. Сабақты ұйымдастыруда да ойын сәттерін пайдалануға болады. Мысалы, география сабағында қиялмен еліміз немесе дүние жүзі бойынша таңғажайып сапар шегу — ойын болып табылады. Оқушылар шет тілі сабағында ойындық рольдерді ықыласпен атқарады. Жұмысшы тек қана еңбек етіп коймай сонымен қатар оқу оқиды (кешкі мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында немесе ӛз бетімен білімін кӛтереді).
Іс-әрекет түрлері бір-бірінен бӛлек ӛмір сүрмегенімен, адам ӛмірінің әр түрлі кезеңінде олардың маңызы түрліше болады. Ӛмірдің бір кезеңінде жетекші іс-әрекет ойын болса, екінші кезеңінде — оқу, ал үшінші кезеңде — еңбек болады. Сӛйтіп, бұл арада біз іс-әрекеттердің адам ӛмірінің белгілі бір кезеңінде басты іс-әрекет болып табылатындары жайында әңгімелеспекпіз. Мектепке барғанға дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі, түрі — ойын. Оқушы ісәрекетінің жетекші түрі — оқу, epeceк адамдардікі — еңбек.
Ойын. Ойын — бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып кӛрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын ӛте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, ӛзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бірбірімен ӛзара қарым-қатынас жасайды
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да ӛзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенді-ӛзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды ӛзінше емдейді.» Бірақ бұл оның жай тілегі мен қызығуынан туған. Ойыннын қозғаушы күші — баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсат мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы ӛнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді.
Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала ӛз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап кӛреді. Кейбір шетел психологтары ойыңды кӛбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі — жануар тӛлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері — ойынды жай рахат табудың бір кӛзі (К.Бюлер) деп қарайды
Баланың ойын әрекеті сӛйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Кішкентай бала (1-2 жас) зат болмаса әрекетті кӛрсете алмайды, бірақ оның сӛйлеуінің дамуына байланысты мұндай әрекеттердің болуы мүмкін.
Ӛзін-ӛзі 4 мойындаудың дамуы балаға ӛз «Менін» сыртқы әлемнен бӛліп алуға мүмкіндік береді. Бала ӛзіне ересек адамдардың әр түрлі функцияларын «ӛлшей» бастайды. Егер екі жастағы ұл бала машинаны жіп арқылы жәй сүйресе, ол тӛрт жасқа келгенде жүргізушінің рӛлін атқарады. Рӛлдік ойын пайда болады.
Баланың жасы ӛсумен қатар, ойнайтын ойынының мазмұны да ӛзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, біржастағы бӛбектердің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап кӛріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасыңдағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы ӛз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасыңдағы адамдар мен олардың әрекетіне кӛңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сӛйлеуін дамьпу үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны ӛзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәрежеде кӛреді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл ӛзінше «ойын» болып саналғанымен, баланың, барлық күш-жігерін, зейінін ӛзіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру — ой-ӛрісінің, ӛмір тәжірибесінің жан-жакты қалыптасуына байланысты жүргізілген жұмыстардың басты бір болігі.
Балардың ӛсіп-жетілуіне орай ойын да ӛзгереді. Сәби ӛмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Функционалдық ойында сәбилер алдында заттардың оларға белгісіз қасиеттері, заттармен әрекет жасау әдістері ашылады. Мысалы, бала есікті тұңғыш рет кілтпен ашып, жауып кӛргеннен кейін, реті келсе-ақ бұл әрекетті сан рет қайталауға әуес болады. Бұл әрекетті ойындық жағдайларға да енгізеді. Ойын кезінде балалар кілтті бұрағандай етіп ауада қимыл жасап, оның дыбыстарын салады.
Конструктивтік ойындар анағұрлым күрделі болады. Ойында сәбилер құрылыс материалдарын пайдалана отырып, үй салады, тамақ пісіреді. Балалар заттардың не үшін қажет екенін және адамдар арасындағы қарым-қатынасты аңғаруға жететін конструктивік ойындар сюжеттік ойындарға айналады. Сәби ӛзіне белгілі бір рӛл алып, «ана мен бала», «магазин» ойынын ойнайды. 3-4 жасқа дейін балалар бір-бірімен қатар ойнағанымен, бірге ойнамайды. 4 жастан бастап ойын ұжымдық қалып алып, белгілі бір ойын тәртібі енгізіледі. Әрине балалардың ұжымдық ойынға қатынасуы тәрбие жағдайына байланысты. Үйде тәрбиеленген балалар, балалар бақшасында тәрбиеленген сәбилерге қарағанда ұжымдық ойынға әзер дегенде қосылады. 6-7 жасқа келген кезде мерзімі едәуір ұзаратын сюжеттік-рӛлдік ұжымдық ойындарда балалар ойынның негізгі мағынасын және жолдасының іс-әрекетін қадағалайтын болады. Сюжеттікрӛлдік ойындар балаларды ұжымда ӛмір сүруге үйретеді.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі болғанымен іс-әрекеттің басқа түрлерін жоққа шығармайды. 3-4 жастан бастап сәби ӛзіне-ӛзі қызмет ету еңбегімен танысады. Ол беті-қолын жууды, киінуді, ойнап болған соң қуыршақтарды жинап орнына қоюды үйренеді. 5-6 жаста балалардың міндетіне бӛлмелердегі ӛсімдіктерді күту, үлкендерге қолқабыс ету, т.б.осы сияқты іс қосылады. Балалар бақшасында сәбилер асханада, хайуанаттар бұрышында, ойын бӛлмесінде қызметші болу міндетін ықыласпен атқарады.
Ойын кезінде шаруашылық жӛнінде шамасы келетін тапсырмалар беру баланың бойында еңбек дағдысын қалыптастырып бекітеді, іске жауапты қарау, жолдас қамын ойлау, тиянақтылық сияқты игі психологиялық қасиеттерді тәрбиелеуге кӛмектеседі.
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару, т.б.) кӛбірек ойнайтын болса, еңді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын кӛрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі — мұғалімнің, қалғандары оқушының ролін атқарады. Ойында мектеп ӛмірінің бейнелеуі екініші сынып балаларында біртіңдеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойыңдар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын кӛрсетуден гӛрі бала олардың бір-бірімен қатынаста, сезімдері мен кӛңіл-күйлерін кӛрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптарды, кӛрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.
Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерскшелігі — оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрині жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Ӛйткені бұлар ұжымдық ӛмір сүруге әдде де жӛнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның кұрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, тӛртінші сынып оқушылары ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, ӛзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы — бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Ӛзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, ӛшпенділік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала ӛзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған ӛлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы ӛзен, кӛлдер мен ӛсімдіктердің, жанжануарлардың ӛміріне қызығушылықты қалыптастырады.
Бастауыш сынып оқушыларының ӛмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірмен жарысу сәттері кӛп болады. Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, ӛз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа кӛмек беруді, ӛз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, біріненбірі озу жағы да кӛзделеді, Тӛменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ержелерді жӛндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстық аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдықпен онтайлықты жақсы менгереді.
Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, ӛрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, принциптілік секілді адамгершілік қасиетгерге баулиды. Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жегекшілік кӛрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Оқу. Оқу — іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті — оқу. Оқу арқылы балаға қоғам ӛзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.
Мектепке бару — бала ӛміріндегі жауапты кезең. Оқи бастаған соң оның отбасындағы жағдайы ӛзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына кӛмектесу сияқты кӛптеген жаңа міндеттер пайда болады.Сӛйтіп мектепке барған алғашқы күннен бастап баланың айналасымен қарым-қатынасы міндеттілік приципімен реттеледі. Міндет шеңбері ұлғая береді. Жақсы оқу парызы — тек ата-ана алдындағы парыз ғана емес, сынып, мектеп, бүкіл отан алдындағы, ӛзінің ар-ожданы алдындағы парыз.
Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпаратты меңгеру (білім); іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік); іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, кӛрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Сонымен, оқу жайлы адамның әрекеттерін саналы мақсат басқарған кезде ғана айтуга болады. Саналы мотивтердің болуы — оқудың маңызды алғы шарты. Осыдан жануарларда оқудың болуы мүмкін емес екендігін анық кӛруге болады. Адамда да оқу оның мінез-құлқының саналы түрде реттелуі кезеңінде ғана, 6-7 жасқа таман болады.
Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Ӛйткені ұғыну ӛте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезендерден тұрады. Мәселен, мұның бірінші кезеңіңде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап кӛреді. Үшінші кезеңде, ұғынғанын сӛзбен тұжырымдайды, тӛртінші кезенде бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың шығармашылық, ұқсастықтарын кӛре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің занды байланысына түсінеді. Мәселен, «от жақса түтін шығады» дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайдьі да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді. Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, кӛзінің жетуі ұғыну деп аталынады.
Психолог П.Я.Гальперин ӛзінің «Ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу» теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап кӛру, тұрқын, кӛлемін ажырату, шамамен ӛлшеу, т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сӛйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.
Оқу әрекетінің ӛзіне тән мотивтері (себептері) болады. Тәрбиеші, не оқитын адамның ӛзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы ӛскен сайын психикасы да ӛсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) ӛзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, ӛз бетімен жұмыс істеп үйренуді, ӛз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен (мәнін түсінбей құрғақ жаттап алу, ӛмірмен байланыстыра алмау т.б құтылу қиын болады.
Мектепте оқу процесінде оқу мотиві қалыптасып, ӛзгеріп отырады. Ол тӛменгі сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен бастап, жоғарғы сынып оқушыларында парыз сезіміне дейін кӛтеріледі. Алғашқы жылдары балалар үйде ата-аналары ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды. Орта мектепте пәндерге саралай карау дамиды. Осыған орай ғылым мәселелерін білуге құмарлық, жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда болады. Мінез-құлықтық жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен арды қалыптастыру, оқу мотивінің сферасына жоғары адамгершіліктік сезімдерді қосады.
Орта мектепте оқу ісін ұйымдастыру оқушыдан үлкен жауапкершілікті және оқуға саналылықпен қарауды талап етеді. Сабақтардың пәндер бойынша жүргізілуі мұғалімнің оқушы үлгерімін бақылау мүмкіншілігін азайтады. Ой қызметінің сапасына талап арта түседі. Оқушыдан мұғалімнің айтқандарын, кітаптан оқығандарын-жай ғана есте сақтаудан гӛрі оны ұғу, ой елегінен ӛткізе білу талап етіледі. Математикаға физика, химия және басқа пәндер ұғымдар жүйесін, білімдер жүйесін қалыптастырады.
Еңбек. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол ӛзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пәні. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек ӛзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы ӛнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана ӛндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің ӛнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің ӛнімі, қоғамдық іс-әрекеттің ӛнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады.
Еңбек дегеніміз — адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы ӛнім ӛндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек ӛнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам ӛмір сүріп отырған ӛндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне кӛзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады.
Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады. Ӛндіріс еңбеккер алдына іске тек творчестволықпен қарағанда ғана шешуге болатын кӛптеген проблемалық ситуациялар мен міндеттер қояды. Еңбек ӛнімділігіне әсер ететін жайларды зерттеу — ӛндіріс процесінде адамға әсер етпейтін факторлардың жоқ екенін кӛрсетті. Бӛлме қабырғаларының түсі, жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыстағы еңбек ету және үзіліс режимі, еңбектес жолдастармен қарым-қатынас т.б. осы сияқты факторлардың бәрі еңбек ӛңімділігіне тікелей әсер етеді. Осының бәрі жиналып адамнын жұмыстағы кӛңіл күйін құрайды, оның еңбекте күш жұмсауын жеңілдетеді немесе керісінше қиындатады.
Біздің елімізде қол жеткен техникадық процеске орай мұғалім еңбегінің ерекшеліктері және оның біліміне, икемділігіне, дағдыларына деген талаптар едәуір ӛзгерді. Бұқаралық коммуникация құралдарының (интеренет, баспасӛз, радио, кино, теледидар) кең тарауы оқушылардың мектептен тыс жерде білімнің барлық саласынан мол хабардар болуына жағдай жасады. Мұғалім қазіргі күні кешеге дейін болғанындай, оқушыға бірден-бір хабар таратушы. Мұғалім еңбегіне қоятын талап бұрынғыдан гӛрі жоғарьлай түсті. Ғылымның барлық саласы нақтылы материалдармен шапшаң толығып жатқан шақта мұғалім ӛз білімін үнемі кӛтеріп отыруға мәжбүр болады. Оқу және тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарау жас ұрпақты табысты оқытудың қажетті шартына айналды.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Іс-әрекет туралы қандай психологтардың еңбектерін білесіз?
2. Заттың іс-әрекет пен ақыл-ой әрекетінің арақатынасы қандай?
3. Іс-әрекет қалыптасуында дағдының қандай маңызы бар?
4. Әдеттің қалыптасу негізі неде?
5. Дағды мен икемділік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, — 303б.
2. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б.
3. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения:
в 2-х т. Т.1/Под ред. А.В.Петровского – М., Педагогика, 1979г.,-222с.
4. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., 630с.
5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
6. Жұмасова К.С. Психология Астана -2006, -289б.
7. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
8. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.