Тұлға психологиясы

Тұлға психологиясы Жоспар:
1. Тұлға туралы түсінік
2. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары
3. Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат

1. Тұлға туралы түсінік.
Тұлға — әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, ӛзін басқалардан ажырата білетін, ӛзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз ӛмір сүре алмайды., ӛйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән — мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлға емес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, кӛзқарас жоқ.
Адам санасының дамып, ӛсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп,
т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның ӛкілі екендігіне, сондай-ақ оның кӛзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.
Қазіргі уақытта тұлға – психологиядағы ең кӛкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ӛйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды.
Қоғамдық ғылымдарда және күнделікті тұрмыста «адам», «тұлға», «индивид» яғни, «даралық» ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар бір мағынада не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бұның екеуі де қате пікір. «Адам» бұл биологиялық тіршілік иесі, онда сана бар. «Тұлға» — қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид.
Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтікэкономикалық жақтарын жаңарту кезінде — жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу процесі үлкен ықпалын тигізетіні сӛзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай кӛзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас кӛзқарастар жоқ. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары — мәдени және тӛменгі — табиғи деп бӛлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның — ӛзегі оның бағыттылығы деп атады. Бұл кӛзқарас зерттеушілердің кӛпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн, Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев, М. 3. Неймарк, және т.б.). Алайда, кӛптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, қызығулар, бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы ӛзінің енген қарымқатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға — бұл қоғамдықтарихи дамудың жемісі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті — бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып — нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы — механизмді құрастыратын кӛптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С. Выготскийдің: «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа…», — деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы — оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Сонымен тұлға — бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Б.Г. Ананвев, А.Н. Леонтьев ӛз еңбектерінде объективті ӛмірді бейнелеу процесінде, белсенді тұлға — қоршаған әлеуметтік ӛмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде кӛрініс береді деп баяндалады. Сонымен қатар, Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін ӛз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның процестерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады.
А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға — бұл адам ӛмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі ісәрекеттің бірлесе бағынуы — онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы — индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты ӛзгертіп соның арқасында ӛзінде ӛзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті кӛрініс беретін мотивтер қызығушылықтар, сенімдер, дүниетаным және т.б. жүйелермен бейнеленеді.
Ал Қазақстанда тұлға мәселесімен Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, С.М.Жақыпов және т.б. ғалымдар айналысуда.Ж.И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдер мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді кӛзқарастарды жетілдірді.
2. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары.
Тұлғаның ӛзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы байқалады.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін ӛтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Мотивтер дегеніміз – іс-әрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы. Сӛйтіп мотив ретінде алуан түрлі жайлар кӛрініс береді.
Тұлғаны қандай да болмасын іс-әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Ӛмір сүру үшін адамдар тамаққа, киімге, және т.б. толып жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті. Қажеттілік дегеніміз — ӛмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар ӛмір сүру үшін қоғамдық ӛндірісті дамытады. Қажеттілік те ӛндірістің ӛсуімен бірге дамып отырады. Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініш-сүйінішіне, ойлауына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне карай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады.
Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бӛле отырып, материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп кӛрсетуге болады. Материалдық қажеттіліктер адамның ӛмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т.б.заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты.Адам саналы түрде ӛз қажеттіліктерін реттеп отырады, ол жануарлардан осы қасиетімен ерекшеленеді. Рухани және әлеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптастырған адамдар материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырады.
Рухани қажеттіліктер – адамның білімге, ӛнерге т.б. қажеттіліктері. Оларға танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер жатады. Танымдағы қажеттіліктер жалпы (тұтас әлем жайлы) және жеке (болмыстың белгілі бір құбылыстарын тануға деген құштарлық) болып келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми шығармашылыққа деген дербес қажеттілік пайда болады. Мұндай жағдайда таным мақсат емес, шығармашылық қажеттілікті қанағаттандырудың құралына айналады.
Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам ӛмірінде айрыкша орын алады. Соның арқасында адам ӛз тұрмысын, демалысын, ӛзінің ӛмірін мәнді етуге құлшынады.
Ал, қоғамдық қажеттіліктер: еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа, қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттілік. Еңбекке деген қажеттілік адамның негізгі қажеттілігінің бірі. Адам енбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл мүмкіншіліктен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сәтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның әлеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге ӛзін де танып біледі, әлеуметтік ӛмірдің тәжірибесін жинақтайды.
Қызығу дегеніміз – тұлғаның объектіге, оның ӛмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың ӛзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-әрекетке адамның жеке қатынасын кӛрсетеді. Терең тамыр жайған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен, театрға деген қызығу — спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна ісімен ӛзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін.
Қызығулар да бейімділік тәрізді балалардың кішентай кезінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы – техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балалардың есі-дерті машина болып, уақытының кӛбін соның айналасында ӛткізеді, (олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан ӛзі жақсы кӛретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, ӛз қабілеттерін жақсы кӛрсетеді.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардын, ішінде басты біреуі, ең басынқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуыны кӛп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Адамда қызығудың дұрыс кӛрінбеуі оның ӛмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жӛндеп тоқтамайды. Мұндай «кӛрсе қызар» әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл — үлкен кемшілік. Адам ӛмірдің бар бақыты мен болмысын ӛз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу адамдарды әрекетке талаптандырады, қызығып істелінген жұмыс жеңіл және жемісті болады.
Қызығулар ӛзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, рухани қоғамдық спорттық, танымдық т.б. болып келеді.
Материалдық қызығу тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге және т.б. қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы кӛрінуі мүмкін.
Материалдық қызығу кӛбінесе нысапсыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі.
Рухани қызығу адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен ӛнерге: музыка, сурет, спорт т.б. және білімге: математикаға, физикаға, әдебиетке, психологияға т.б. деген танымдық қызығулар.
Адам объектіге түрлі мақсат кӛздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге болінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу — бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну яғни іс-әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе ең соңында, еңбектің материалдық нәтижелеріне деген қызығулар.
Қызығуды әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бӛледі. Самарқау қызығу дегеніміз — адам ӛзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде ләззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны меңгеру жоне қызықтыратын салада шығармашылықпен айналысу үшін белсенділік кӛрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз — пәрменді қызығу, мұндайда адам кӛріп-білумен ғана шектелмейді, ӛзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып, әрекетке кӛшеді, сол қызыққын нәрсесімен айналысады. 3. Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат.
Тұлға психологиясының негізгі компонеттердің бірі — адамның дүниетанымы мен сенімі, мұраты. Дүниетаным дегеніміз — адамның табиғат жӛніндегі, қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанкиярлық күреске баулиды. Тұлғаның дүниетанымы белгілі бір идеологияның ықпал етуімен қалыптасады. Дүниетаным тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінін жоғарғы реттеушісі қызметін атқарады. Дүниетанымның беріктігі адамның бойында айқындық пен орнықтылық сезімін туғызады.
Дүниетаным тұлғаның мінезін орнықты да табанды ете отырып, оның жалпы бағыттылығын, мақсаттылығын айқындап қана қоймайды,- ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен, әдеті мен бейімділігінен, осы сияқты барлық бітім болмасынан да айқын аңғарылып тұрады.
Дүниетанымның мынадай сапалары болады.
1) мазмұндылығы мен ғылымилығы;
2) жүйелілігі және мақсаттылығы;
3) логикалық дәйектілігі мең дәлелділігі;
4) жалпылау дәрежесі мен нақтылығы;
5) іс-әрекетпен жане мінез құлықпен байланыстары.
Дүниетанымның мазмұндылығы мен ғылымилығы адамды білімінің байлығы мен тереңдігі жағынан сипаттайды. Тек ғылыми дүниетаным ғана адамды ырымшылдықтан, табиғат пен қоғамның қауіпі алдында қорқу мен сенімсіздіктен құтқарады.
Дүниетанымның ғылымилығы адамның ӛмірде ӛзі басшылыққа алып жүрген принциптерінің терең, түсінілгендігінің белгісі.
Тұлғаның іс-әрекетінің мәселелері, кӛзқарастары үйлесім тауып, жүйелі құрылса дүниетаным жүйелі және мақсатты болмақ. Мұндай дүниетанымға ие болған адам нақты ӛмірлік позиция ұстанады, кӛздеген мақсатына жетеді.
Керісінше, дүниетанымы іштей қарама-қайшы адам кӛбіне құбылыстарды бағалауда жағымсыз мінез-құлықтар, дәйексіздік танытады. Кӛзқарастар жүйесі ретінде дүниетаным қашан да жалпылама болып келеді.
Дүниетаным сапаларының дұрыс үйлесімі келе-келе тұлғаның терең сеніміне айналады. Адамның аддына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының ӛмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, ӛмірден ӛз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны ӛмір толқыны біресе анда, біресе мында соқтықтырады да, мінез-құлықын кӛлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады.
Сенім дегеніміз — адамның ӛмірде ӛзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең әрі негізделгең нанымы. Кімде кімнің идеялары ӛз сезімі мен еркімен тоғысып жатса, кім де кім ӛз принциптеріне кереғар келетін қылықтардан бойын аулақ ұстаса, сол адамның сенімі зор болып саналады.
Сенімі зор адам дегеніміз — ӛзінің кӛзқарастары мен ісін қорғап қала алатын, ӛз борышын ӛтеу жолында құрбандыққа бас тігуге әзір, жаны жайсан, жігерлі адам. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, кӛзқарас қақтығысыңда, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі.
Тұлғаның психикасын нұрлаңдыратын қасиеттің енді бірі — мұрат (идеал). Бұл — адамның ӛзіне ӛмірден ӛнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат — адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Ӛзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.
Мұрат ӛмірді бейнелейді. Дұрыс мұрат болмыста бар нәрселердің барлық жақсы жақтарын жалпылау нәтижесінде пайда болады. Демек, нақтылы адамның мінез-құлқы мен іс әрекеті оны ӛзіне үлгі тұтқан басқа бір адам үшін мұрат санала алады екен. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сӛз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухына тәрбиелеу мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Тұлға, индивид, даралық дегенді қалай түсінесіздер?
2. Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұрат қандай маңыз алады?
3. Дүниетаным сапаларын атаңыз?
4. Қажеттілік дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
5. Қызығудың қандай түрлері бар?

Пайдаланатын әдебиеттер
1. Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.
2. Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6-ти т. Т.1: Вопросы теории и истории психологии/ Гл.ред. А.В:Запорожец, М.; Педагогика, 1982г., 425с.
3. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, -490с.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
5. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
6. Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері Алматы, «Дәнекер», 2001ж., -293б.
7. Столяренко Л.Д. Основы психологии Ростов на-Дону, «Феникс» 1997, 732с
8. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
9. Фресс П., Пиаже Ж. Зкспериментальная психология./СБ.статей Пер. С фр.Вып.6-М: Прогресс 1978г., 262с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *