Түсіністік ,эмоционалдылық және беделдік(тэб) сауалнамсы
(Авторы:А.Н. Волкова, өңдегенВ.И. Слепкова)
Мақсаты: Некедегі ерлі-зайыптылардың өзара түсіністік, эмоционалдылық жәнебеделдік (құрмет) деңгейін анықтауға арналған.
Әдістеме мазмұны:
Сауалнама45 сұрақтан тұрады жәнеүш шкала бойынша ерлі-зайыптылардың өзара түсіністік, эмоционалдылық, отбасындағы беделін анықтауға 15 сұрақтан бөлінген. Ерлі –зайыптыларсауалнама парақтарын жеке-жеке түрде бөлек толтырады.
Нұсқау: Бұл сұрақтарда сіз жан-жарыңызды қалай түсінесіз, қабылдайсыз сол бойынша«ия», «жоқ», «білмеймін» деген жауаптардың бірін таңдап сұрақтың қасынасәйкес «белгі» қойып отырасыз.
Сауалнама мәтіні:
1.Меноның ойын тез оқимын.
2.Мен оның көңіл –күйін әрең табамын.
3.Мен оны айтқызбай түсінемін.
4.Оның әр түрлі жағдаяттарға байланыстыөзін қалай ұстайтыны туралы
кейдеайта алмай қысыламын.
5.Мен оның әдетімен талғамын жақсы білемін.
6. Оның қандай дабір мәселе жайлы көз-қарасынайтуқиын.
7. Мен оның қажетін және неге талпынысыбар екенін білемін.
8.Мен оны жақсытүсінбейтінсияқтымын.
9. Ол кейдекүтпеген жағдайларды жасап мені таңқалдырады.
10.Мен оның кемшіліктері мен жетістіктерін жақсы білемін.
11.Оның ішкі уайымы мен үшін жұмбақ болып қалмақ.
12.Мен оның икемдіжәне икемсіз жақтарын жақсы білемін.
13. Мен оның өміріне не маңызды екенін білемін.
14. Көп байқағаным, мен оны түсінбейді екенмін.
15. Оны не қуантады, не қайғыртады білмейді екенмін.
16. Маған оның үйде болғаны ұнайды.
17. Маған оны тыңдау және бетіне қарап отыру ұнайды.
18. Маған оныңөзін ұстауыұнамайды.
19. Оның бет келбеті жағымсыз.
20. Мен оның қалай жұмыс істейтінін, жүрісін бақылағандыұнатамын.
21. Маған оның сүюі, құшақтауы, еркелетуі ұнамайды.
22. Маған оныңжымиюы, күлкісі ұнайды.
23.Оның қасымда болмайтыны мені қатты қынжылтады.
24. Оның бет келбетіндемаған бір нәрсе ұнамайды.
25. Мен оның қимылы мен әңгімесін жиі сынға аламын.
26. Ол жиі қажетті және пайдалы нәрселер айтады.
27. Көп нәрселер бойынша оның көз-қарасы менің пікіріммен сәйкес
келмейді.
28. Оның мен туралы пікірін құрметтеймін.
29. Ол менің досым екені қуантады.
30. Мен оның пікірі мен баға беруінесирек қосыламын.
31. Оның қасында мен өзімді жеңіл және ашық ұстаймын.
32. Ол менің қасымда болса, көңіл-күйім көтеріледі.
33.Оның қасында мен жиі шаршап,өзімді бақылай алмай қаламын.
34. Мен тек соның қасында болу үшін, маңызды жұмысымды қалдыруға
бармын.
35. Мен одан алысырақ жерде демалуды жиі ойлаймын.
36.Мен ол жоқ кезде, өзімді жақсы сезінемін.
37. Мен оның бойынанкөп жақсы қасиеттер табамын, сондықтан оны адам
ретінде силаймын.
38. Ол менің таныс,туыстарымның арасында нағыз беделді адам.
39. Мен кейбірнәрселерді шеше алмасам, одан жиі көмек сұраймын.
40. Ол мені жылдам өзгерте алады.
41. Менің пікірімше оның басы қатты жұмыс істейді.
42.Жан-жарымаәсер еткен кино мен кітаптар мені де қызықтырады.
43. Оның қасында отыру мені жалықтырмайды, ол тамаша адам.
44. Кейде оныңалыс адам емес екені, мені ойландырады.
45.Онда бар қасиеттерді мен өзімнен көргім келеді.
Әдістеме: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы
Мәтіні:
1. Маған отбасы мүшелері жиі риза емес, көңілдері толмайтынын білемін.
2. Қалай істесем де бәрібір менің айтқанымдай болмайды сеземін.
3. Мен көп нәрсені орындауға үлгермей жүрмін.
4. Отбасында болатын келеңсіз жағдайға,неге екенін білмеймін барлық
уақытта мен кінәлі болып шығамын.
5. Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін.
6. Отбасында мен көп күйгелектенемін.
7. Үйге келгенде өзімді икемсіз және ыңғайсыз сезінемін.
8. Отбасының кейбір мүшелері мені ақымақ деп ойлайды.
9. Үйде болған кезімде , барлық уақытта мен бір нәрсені уайымдаймын
10. Отбасы мүшелерінен жиі дағдарыс көзқарасын сезінемін.
11. Үйге келе жатқанда, мен жоқ кезде қандай жағдай болды екен деп
қорқамын.
12.Үйде жүргенде мен бәрін істеп үлгеруім керек, деп сезінемін
13.Үйде көп жағдайда өзімді артық (бөтен) сезінемін.
14.Үйде сондай күрделі жағдай, қимылға келуге менде ешқандай күш
болмайды.
15.Үйде көп жағдайда мен, өзімді ұстап тоқтатып отыруым қажет.
16.Егер де мен жоқ болып кетсем, онда мені ешкім іздемейтін сияқты.
17.Үйге келе жатқанда, орындайтын жұмысымды жоспарлап келемін ал үйге
кіргеннен кейін тіпті басқа жұмысқа ауысып кетемін.
18.Отбасылық жағдайымды ойласам болды, мен қобалжи бастаймын.
19.Отбасы мүшелері, кейбір кездері мен үшін ұялатын сияқты.
20.Көп уақытта барлық тірлікті жақсы орындағым келеді, ал нәтижесінде
бәрі керісінше нашар шығады.
21.Маған үйде көп нәрсе ұнамайды, мен оны жасырын ұстап көрсеткім
келмейді.
Сауалнаманың жеке сыналушыға арналған парағы
Аты-жөні__________________________________________________
В суб шкаласы – 1 4 7 10 13 16 19 (В/5)
Т суб шкаласы – 2 5 8 11 14 17 20 (Т/5)
Н суб шкаласы – 3 6 9 12 15 18 21 (Н/5)
С= _______/14
Нәтижені өңдеу:
Келіскен жауаптарға 1-ұпай беріледі. Үш шкаланың ұпайы бөлек есептеледі.
Суб шкала В- кінәлау (отбасы мүшелерінің кінәсі) Индивид отбасында болып жатқан жағдайға қарсы келіп, тепе-тең деңгейде өзіне жауапкершілікті сезінбейді және алмайды. Шкалаға келесі сұрақтар жатады: 1,4,7,10,13,16,19. Бес сұрақта келіссе отбасын кінәлауы анықталады.
Суб шкала Т- қобалжу (отбасы мүшелерінің қобалжуы) сыналушының жеке күш жұмсауынан отбасындағы жағдай өзгермейді. Оған: 2,5,8,11,17,20. Бес сұраққа келіссе, отбасы қобалжуы анықталады.
Суб шкала Н-қысым (отбасындағы қысым).Индивидке отбасындағы міндетті орындау көп күш түсіреді.Оған:3,6,9,12,15,18,21. Осы сұрақтардың ішінде бесеуіне келіссе, отбасы қысымы анықталады.
Соңынан бәрін бірге (кінәлау, қобалжу, қысым) қарастырып, отбасында қай шкаланың ұпайы басым болса, мол арқылы отбасындағы келіспеушіліктің себебін анықтауға болады.
Әдістеме: Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.
Нұсқау: Бұл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге болады. Сауалнаманың жауабын бекітуі 5 ұпайлық шкаладан тұрады.
• Ешқашанда
• Сирек
• Оқтын-оқтын
• Жиі
• Барлық уақытта
Бұл әдістеме екі рет қолданылады: біріншіде сіз «шынайы» өміріңізде отбасы мүшелерін, қарым-қатынасты қалай бағалайсыз,екіншірет отбасылық қатынастардың қандай болса екен деп армандайсыз, яғни «идеалды»деңгейде бағалауыңызды өтінеміз. Екі жауапты да осы кестеде толтыруыңызды сұраймын. Жауаптарыңызды «А» және «И»әріптерімен белгілеңіз. Екеуінде де осы сауалнама анықтайды.
Вариант «А»-шынайы өміріңізді бағалап, жазуыңызды өтінемін.
Вариант «И»-идеалды өмірін жазуын сұраймын.
Аты жөні______________________________________________________
Жасы__________________________________________________________