Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын анықтау-сауалнамасы (авторлары: А.Я.Варга, В.В.Столин)

Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын анықтау-сауалнамасы
(авторлары: А.Я.Варга, В.В.Столин)

Мақсаты: Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын, тәрбиесін, түрлі сезімдерін, оларды түсіну және қабылдау ерекшеліктерінанықтауға арналған сауалнама.
Сауалнама 5 шкаладантұрады.
І – шкала «Қабылдау – қабылдамау».Балаға интегралды сезімдік қарым-қатынасты білдіреді. Шкаланың бірінші полюсінде – ата-ана баласын қандай болса да ұнатады, жақсы көреді. Баланың дара ерекшеліктерінсыйлайды. Ата-ана баламен көп уақытты бірге өткізуге тырысады, оның қызығушылықтары мен жоспарларын, іс-әрекеттерін мақұлдайды. Баланың жақсы тәлім-тәрбие алуына жағдай жасайды. Шкаланыңекінші полюсінде – ата-ана өзінің баласының даралық ерекшеліктерін дұрыс қабыдамайды,оны әлсіз, табыссыз, бейімсіз деп қынжылады және баланың бетіне басады. Соның нәтижесінде бала өзін қабілетсіз, ақылы аз, қолынан ештеңе келмейтін, өмірде табысқа жете алмайтын, өзіне деген сенімі жоқ сәтсіздіктерге ұрына беретін адам болуына негіз береді.Көп жағдайда ата-ана баласына ашу, ыза, реніш сезімдерімен қарайды. Баласына сенбейді және сыйламайды.
ІІ – шкала. «Кооперация» – ата-ананың баласымен қарым-қатынасы өзара көмек, сыйластық негізде құрылады. Бұл шкала бойынша: ата-ана баласының тірлігіне және жоспарларына қызығушылыөпен қарайды, оған барынша көмек көрсетуге тырысады, жаны ашиды. Ата-ана баланың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалайды, баласын мақтан тұтады. Баласының тәуелсіздігін және ынтасын мадақтайды, әрқашанда өз берімен әрекеттер жасауға, бастамашылдыққа тәрбиелейді.Ата-ана баласына сенім артады, еркін өз пікірін білдіруге жағдай жасайды, оның пікірімен санасу және сыйлау,дүниеге оның көзқарасымен қарауға тырысады.
ІІІ – шкала «Симбиоз» – ата-анаменбала қатынасындағы арақашықтықты айқындайды. Бұл шкала бойыншажоғары ұпайлар жиналса, ата-ана баласымен симбиотикалық қарым-қатынаста деп есептеуге болады. Яғни, ата-ана өзін баласымен бір бүтін деп санайды, баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмірлік қиыншылықтар мен реніштерденқорғауға тырысады. Ата-ана баласы үшін үнемі қорқып отырады, баланы әлі кішкентай және қорғаныссыз деп есептейді.
Бала өсе келе әр түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты қиындықтарға тап болған кездеата-ананың үрейі жоғарылай бастайды, өйткені ата-ана балаға ешқашан еркіндік бермеген, өздігінен ештеңе шешіп үйренбеген.
IV – шкала «Авторитарлық гиперсоциализация» – баланың іс-әрекеттерін бақылаудың түрін және бағытын айқындайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай жиналса, ата-ананың қарым-қатынасында авторитаризм байқалады. Ата-ана баласынан сөзсіз бағыну мен тәртіпті талап етеді. Баланың ерік-жігерін байлағысы келеді,оның көзқарасын, ой-пікірінқабылдамайды. Баланың өз еркін танытқаны үшін жазалайды. Ата-ана баласының әлеуметтік жетістіктерін қадағалап жүреді және әлеуметтік табысты талап етеді. Сонымен бірге ата-ана баласының жеке мүмкіншіліктерін, әдеттерін, ой-өрісін, сезімдерін жақсы біледі.
V – шкала «Кішкентай жолы болғысыз адам» – ата-ананың баласын қабылдау мен түсіну ерекшеліктерін айқындайды. Бұл шкаланың жоғары белгілері ата-ана баласына сенбейді, оны әрқашан кішкентай санап,еркіндік бермейді. Нәтижесінде бала өзін әлеуметті түрде дәрменсіз сезініп, оны инфантилдікке душар етеді. Баласының қызығушылықтары, ойлары, сезімдері ата-анасына балалық, шалағайлық болып көрінеді. Баласы есейгендеоның табыссыздығына, табансыздығына іштері ашиды. Солүшін ата-ана баласын өмірлік қиындықтардан қорғауға тырысады және оның іс-әрекеттерін қатал бақылайды.

Сауалнама мәтіні:
1. Мен балама әрдайым жаным ашиды.
2. Баламның не ойлайтынын білуім менің парызым.
3. Мен баламды сыйлаймын.
4. Маған менің баламның іс-әрекеттері мөлшерден тыс болып көрінеді.
5. Баланы өмірлік қиындықтардан алысырақ ұстау қажет.
6. Мен балама бейімділік сезімін сезінемін.
7. Жақсы ата-ана баласын өмірлік қиыншылықтардан қорғайды.
8. Менің балам көп уақытта маған ұнамайды.
9. Мен балама көмек беруге тырысамын
10. Қорлық қарым-қатынас балаға үлкен пайда әкелетін жағдайлар да болады.
11. Мен балама өкініш сезімін сеземін.
12. Менің балам өмірде еш нәрсеге қолы жетпейді.
13. Балалар менің баламды мазақ ететін сияқты.
14. Менің балам жеккөрініш сезімін тудыратын қылықтарды жиі жасайды.
15. Өзінің жасына менің балам әлі жетілмеген.
16. Менің балам әдейі жаман қылықтар жасайды, мені ренжіту үшін.
17. Менің балам жаман нәрсенің бәрін өзіне тартып алады.
18. Менің баламды қанша ынталансаң да жақсы үлгіге үйрете алмайсың.
19. Баланы қатты ұстау қажет, сонда одан жақсы тәртіпті адам өседі.
20. Баламның достары үйге келгенін ұнатамын.
21. Баламның өсуінде мен қатысамын.
22. Менің балама барлық жаман нәрсе «жабысады».
23. Менің балам өмірде табысқа жетпейді.
24. Таныстар жиылысында балалр жайында әңгіме қозғалғанда, мен кішкене ұяламын, менің баламның мен ойлағандай ақылды және қабілетті болмағанына.
25. Мен өз баламды аяймын.
26. Баламды оның құрдастарымен салыстарғанда, олар іс-әрекеттерімен де ой-өрісімен де менің баламнан үлкен болып көрінеді.
27. Мен өз баламмен бос уақытымды қуана өткіземін.
28. Мен баламның өсіп ержетіп келе жатқанына өкінемін, оның кішкентай кездерін нәзіктікпен еске аламын.
29. Балама қастық қатынаста екенімді жиі сеземін.
30. Менің балам өмірде мен жете алмаған жетістікрге жетсе екен деймін.
31. Ата-ана баладан тек талап ете бермей, оған бейімделуі қажет.
32. Баламның барлық өтініштерін орындауға тырысамын.
33. Отбасылық шешімдер қабылдағанда баланың да пікірін ескеру қажет.
34. Баламның өмірі мені өте қызықтырады.
35. Баламмен жанжал болған кездерде, оның өзінше рас екенін жиі мойындаймын.
36. Ата-анасының қателесетінін балалар ерте жастан біледі.
37. Мен баламмен үнемі санасамын.
38. Мен балама достық сезімін сеземін.
39. Баламның қыңырлығының басты себебі – өзімшілдік, қырсықтық және жалқаулық.
40. Демалыс күндеріңді баламен өткізсең жақсы дем ала алмайсың.
41. Ең бастысы баланың тыныш және қамсыз балалық шағы болуы.
42. Кейбір кездері баламның жақсы нәрсеге дағдысы жоқ деп есептеймін.
43. Баламның әуестерін мақұлдаймын.
44. Менің балам кімді болсада өзінен шығара алады.
45. Баламның реніштерін түсінемін.
46. Менің балам мені жиі ашуландырады.
47. Баланы тәрбиелеу – жүйкені тоздырады.
48. Балалық шақтағы қатал тәртіп балада күшті мінез-құлық дамытады.
49. Мен балама сенбеймін.
50. Қатал тәрбиелік үшін кейін бала рахметін айтады.
51. Кейбір кездері баламды жек көретін сияқтымын.
52. Баламда қадыр-қасиеттен кемшіліктер көп.
53. Баламның қызығушылықтарын мақұлдаймын.
54. Балам өздігінен еш нәрсе әстей алмайды, істегеннің өзінде дұрыс емес.
55. Менің балам өмірге бейімсіз болып өсіп келеді.
56. Менің балам қандай да болса өзіме ұнайды.
57. Баламның денсаулығын қатта қадағалаймын.
58. Баламды мақтан тұтамын.
59. Бала ата-анасынан құпия сақтамауы тиіс.
60. Баламның қабілетінен жоғары пікірде емеспін және оны баламнан жасырмаймын.
61. Бала ата-анасына ұнаған балалармен достасып жүргені дұрыс.

Сауалнама кілті
І. «Қабылдау-қабылдамау»: 3, 4, 8, 10, 12, 14, 15, 16, 18, 20, 23, 24, 26, 27, 29, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 51, 52, 53, 55, 56, 60
ІІ. «Кооперация»: 6, 9, 21, 25, 31, 33, 34, 35, 36.
ІІІ. «Симбиоз»: 1, 5, 7, 28, 32, 41, 58.
IV. «Авторитарлық гиперсоциализация»: 2, 19, 30, 48, 50, 57, 59.
V. «Кішкентай жолы болғысыз адам»: 9, 11, 13, 17, 22, 28, 54, 61.
Сауалнама ұпайларының саналу реті:
Сауалнама ұпайлары барлық шкалалардакөрсетілген жауаптар бойынша есептеледі.
Шкалалар бойынша ата-ананың балаға деген қатынасы:
I – қабылдау-қабылдамау;
II – кооперация;
III – симбиоз;
IV – гиперсоциализация;
V – инфантилизация (инвалидизация).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *