ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПРОЦЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ж.К.Аубакирова – психология ғылымдарының кандидаты
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

Өзін-өзі тану психологиясы қазіргі таңда білім саласындағы ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары жастардың тұлға болып қалыптасуына, дүние жүзілік көзқарасын кеңейтуге, əлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мəселелерді тиімді шешуге жəне қарым-қатынас жасауға бағытталатыны анықталды.
Сонымен, өзін-өзі тану – бұл өз ерекшеліктеріңді тану процесі. Өз қасиеттерін, тұлғалық интеллектуалдылық ерекшеліктерін, мінез-құлық, басқалармен қарым-қатынас жасау, сыртқы ортаны тану, тағы басқа болып табылады.
Сондай-ақ, өзін-өзі тану – бұл тұлғаның бойындағы адами ерекшелікті табу, талдау, бағалау, осы қасиетті қабылдау, алдына қойған мақсат, мотивтердің, құралдар мен əдістердің жəне оның нəтижесінің болуы. Алайда, адам тұлға ретінде əрбір жас кезеңінде кəсіби шеберліктерін, біліктіліктерін арттырып, дағдыларын жетілдіру, өзін-өзі тану жəне өзгені тану аса маңызды.
Өзін-өзі тану мəселесі алғаш Ежелгі Шығыс концепцияларында пайда болды. Мұнда өзін-өзі тану мəнін ашу ғана емес, өзін-өзі танудың əдістерін, құралдарын қарастырмақ болды. Кейінгі жылдарда өзін-өзі тану мəселесі буддизмде қарастырылды. Өзін-өзі тану алдына қойған мақсатқа жетумен сипатталынады. Адам өзін тани алмай, ешқандай жетістікке, алдына қойған мақсатына қол жеткізе алмайды. Өзін-өзі тану процесі – өзін тану мақсатына жету жəне əрекеттердің ауысуы.
Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты əр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі – адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға жəне дамытуға үздiксiз ұмтылысы [1, 45 б.].
Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың ісəрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс-əрекетiн өзгелердiң iс-əрекетiмен салыстыра бағалауы.
3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе əртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, əртүрлi тестер арқылы жүзеге асыруға болады.
Алайда, мектеп бiтiрген балалардың танымдық қасиеттерi даму үстiнде болады. Жасқа сəйкес индивидуалды ерекшелiгi, жан-жақтылығы, дəлме-дəл психологиялық бiлiмi де өседi [2, 9-19 б.].
С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде əртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi жəне өзiн-өзi тануы жеткiлктi дəрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде жəне өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi [3, 36 б.].
Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы əсер етедi [4, 101 б.].
В.Г. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» — бұл өзiнiң потенционалды жəне жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
— өзiн-өзi тану –психологиялық кемелдi жəне iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
— өзiн-өзi тану — тұлғаның психикалық жəне психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
— өзiн-өзi тану — тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы жəне оның жүзеге асырылуы. Бұл мəндер өзара тығыз байланыста болып келедi жəне олар бiр-бiрiн толықтырып отырады [5, 9-10 б.].
Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог жəне психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi жəне сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.
З. Фрейд шəкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзiн-өзi танудың мəнмағынасын адамның өзiнiң алдына қойған шынайы мақсатын танудан көредi.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану – өзiндiк тəжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мəнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мəнi позитивтi жəне негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мəнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сəттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру жəне бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мəнi – өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi жəне əлсiз жақтарын мұттəйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Сонымен, өзiн-өзi тану пəнiнiң қорытындысы Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы жəне оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға жайлы не ойлайтынын бiле алады [5, 64-73 б.].
В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану адамның өзiндiк санасының құрылым компонентi ретiнде қарастырады. Отандық философ жəне психолог А.Г. Спиркин бойынша сана – бұл адамға ғана тəн жоғары қызмет, ми қабығымен тығыз байланыста. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеалды мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрiнiсi болып табылады [5, 18 б.].
Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-əрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет.
Эмоционалды құндылық қатынасы
1. Өзiн-өзi тану
2. Өзiн-өзi реттеу
3. Өзiн-өзi бақылау
4. Өзiн-өзi бағалау
«Мен» субьект ретiнде əртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң əсерiнен өзiнөзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.
Өзiн-өзi тану қорытындысында «Мен» образы тұсiндiрiледi жəне кейде жаңа «Мен» образы жинақталынады. Тұлғаның талпынысы «Мен» образы бiрден пайда болмайды, ең алдымен тұлға қасиетерi, қылық, əрекет ерекшелiктерi тағы сол сияқты өзi жайлы ойлар қалыптасады. Мұнда басты орынды өзгелермен салыстыруы, өзiн-өзi бағалауымен ерекшелiнедi. Егер «Мен» образы рационалды түсiнiктi қабылданған мезетте «Мен концепциясы» жоғары деңгейде болады, ол адам өмiрiне əсерiн тигiзiп, мақсатын, жоспарын анықтауға əсерiн тигiзедi [5, 19-20 б.].
В.Г. Маралов сипаттамасында өзiн-өзi тану – бұл əрекеттiң дəйектiлiгi мен жиынтығы. Алдымен қандайда бiр тұлғалық қасиетi немесе iс-əрекет сипатын анықтап алу, бұл өте маңызды, онсыз өзiн-өзi тану мəнi жойылады. Оны санамауға бекiтiп, талдау соңында адамның тұлғалық қасиеттер құрылымын, оның шекарасын қарастырып бағалауы да «Мен концепциясын» қабылдамайды. Өзiн-өзi тану процесi – бұл өзiнiң бойынан қандайда бiр қасиеттi анықтау [5, 27 б.].
С.М. Жақыповтың айтуынша, өзiндiк тану, өзiндiк сана, рефлексия жəне əлеуметтік талаптарды еске алу арқылы өзiн-өзi дамыту тұлғаның өзiнөзi танытуының алғышарттары болып табылады [6, 40 б.].
А.А. Бодалев белсендiлiк жəне оның құрамдас бөлiктерi тұлғаның өзiне-өзi сенiмдiлiк сияқты мiнездемесiмен тығыз байланысты деп көрсетедi. Сондықтан өзiн-өзi танытатын тұлғаның маңызды қасиетi өзiне сенiмдiлiк проблемасы отандық психологтермен аз зерттелiнген. Шетелдiк психологтар тұлғаның бұл сипаттамасын теориялық жəне эксперименттiк түрде зерттеуге тырысты. Бiрақ, алғашында ол психокоррекция мəселелерiмен байланысты зерттелiндi. Өзiне сенiмдiлiктiң аз немесе тiптi болмауы көп жағдайда пессимизм мен қысылуда көрiнiс табатын тұлғаның невротикалық симптоматикасына əкеледi. ХХ ғасырдың 40 жылдары АҚШ-тағы невроз клиникасының бас дəрiгерi Андре Сальтер өзiне сенiмсiздiктi коррекциялау, емдеу жəне əлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып айналысты [7, 55 б.].
С.М. Жақыпов жек мағыналық құрылымдарды емес, тұлғаның танымдық іс-əрекетінеде көрінетін ішкі психикалық құрылымдардың тұтас жүйесін қарастырды. Ол мотивацияның іс-əрекетке байланыстығын, мағына жəне мақсаттың пайда болуымен түсіндірді. Адамдардың бірлесіп əрекет етуіндегі ортақ мотив түрін бөлді. Ортақ мотив – іс-əрекеттің ортақ обьектісінен жəне іс-əрекетке қатысты тұлғалардың мағыналық жүйесінің өзара сəйкестілігінен байқалады, ол əрекет тиімділігіне едəір əсер етеді [6, 47 б.].
Ю.М. Орлов өзін-өзі танудың құралының бірнеше түрін көрсеткен, соның ішіндегі кең таралғаны — өзіне есеп беру, ауызша есеп беру, бұл апта жəне ай соңында жүреді. Тағы бір түрі – күнделік жүргізу.
Алайда, күнделік жүргізу көп уақытты жəне көп күшті қажет етеді. Біріншіден, қандай да бір оқиғаны жазуда интенсивті жұмыс жасалынады. Екіншіден, күнделік жүргізуде бірегейлік жазбаша түрде белгілеп отыруға болады. Үшіншіден, өткен шақты тіркеп, жеке адамның даму динамикасын байқауға болады. Төртіншіден, күнделік өзіндік мінездеме береді.
Өзін-өзі танудың келесі құралы кино, қойылымдарды, фильмдерді көріп тамашалау, көркем əдебиеттерді оқу жатады. Көркем əдебиеттерді оқи отыра, ондағы кейіпкерлерге сипаттама, мінездеме беріп, өзін кейіпкерлермен салыстырып, өзін оның орнына қою [8, 69 б.].
В.Г.Маралов бойынша өзін-өзі тану нəтижесінің негізі — өзі жайлы білімнен келіп туады. Бұл білімдер жақындық принципі бойынша топтастырылады. Сондықтан да өзін-өзі тану процесі аяқталмайды. «Мен» концепциясын жете білу көбінесе адамның өзіне байланысты, яғни, өзін-өзі қабілеттілігі, талпынысы жəне өзін-өзі тану жүйесімен айналысуы.
Өзін-өзі сыйлау қоршаған ортадағы адамның дəлме-дəлдігімен анықталады. Егер өзін-өзі сыйлауы төмен болса, адам өз-өзін алдауы, шындықтан қорқуы, көптеген психологиялық қорғаныс түрлерінің дамуы, сондай-ақ, өзін-өзі сыйлау өзге адамдармен өзара қатынас сипатын анықтайды. Өзін-өзі сыйлаудың дəлме-дəлдігі тəрбиеге байланысты [5, 285 б.]. Н.В. Крогус бойынша, өзін өзге адамдармен салыстырса, субьект өзін-өзі бағалау ретінде қабылдайды. Егер субьект өзіндік «мен»–ін қалыптастыра тұлға реттеу мүмкіндігін, өзін дамыу ретінде өзіне белсенді əрекет жасайды [9, 71 б.]. С.В. Кондратьева субьект өзге адамдармен қарым-қатынаста өзінөзі тануымен бірге басқаның қасиетін танып, өз бойына игере алуы жəне осындай процестен кейін өзгені тануда өзіндік феномені пайда болады [10, 121 б.].
Қорыта айтқанда, өзін-өзі тану – бұл өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдылық ерекшеліктері жəне қасиеттері, басқа адамдармен қарымқатынас , өз бойынан белгілі бір қасиеттерді қабылдау процесі.
Өзін-өзі тану өзіндік сана құрылым компоненті ретінде əрекет етеді. Өзін-өзі тану аймағына жəне саласына сана, бейсана, адамның сыртқы жəне ішкі дүниесіндегі əрекет, тұлғаның позитивті сəйкестілігінің қалыптасуы, оның өзін-өзі тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.

1. Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии.– М.:
Изд-во Моск. Ун-та, 1982. — 179с
2. Немов. Р.С. Практическая психология. Познания себя. -М.,1999.378с.
3. Кондратьева.С.В. Межличностное понимание и его роль в общении: Автореф. дис. … д.психол.н. -Л., 1979. — 36с.
4. Десен Л.Н. Некоторые социально-психические особенности школьников юнешеского возраста // Вопросы психологии. — 1973. — №2.- 99104с.
5. Маралов В.Г Основы самопознания и саморазвития.- М.: Издательский центр «Академия», 2002. — 256с.
6. Джакупов.С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений // Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ. / Под ред. С.М.Джакупова. –Алматы, 2002, -162с.
7. Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними // Мир психологии. — 2001.- №2. -54-58с.
8. Орлов.Ю.М. Самопознание и самовоспитание характера / -М.: Просвещение, 1987.-101с.
9. Крогус Н.В. Взаимообусловленность познания людьми друг друга и самопознания в конфликтной деятельности // Психология межличностного познания. -М., 1981. -66-80с.
10. Кондратьева С.В, Галузо П.Р. Влияние понимания своих учителей на характер общения подростков / Общение и развитие психики. -М., 1988. 116-123с
Резюме
В статье анализируется самопознание как теоретическая основа развития личности, его значимости. Рассматриваются мнения психологов и педагогов к пониманию самопознания.

Summary
In the article an analysis is given self-knowledge – theoretical bases, his meaningfulness, and also his influence on development of personality. Opinions of psychologists and teachers are examined of possibility in education of personality.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *