ҚАРАПАЙЫМ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС:СӨЗЖАСАМДЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВОПЕРСОНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТ
Ұсынылып отырған мақала қазақстандық сайттарда жарияланатын саяси интернет-түсіндірмелердің материалында жүргізілген сөзжасамдық және лингвоперсонологиялық зерттеулердің нәтижелеріне арналған. Саяси мақаланың мәтіні интернет-түсіндірмелердің мәтінінде іске асырылатын сөзжасамдық қызмет ету әлеуетіне ие. Ол вариативті стратегиялар мен тактикалар арқылы анықталады.Зерттеудің мақсаты – қазақстандық саяси интернет-түсіндірмелердің персондық мәтін сөзжасамының факторларын анықтау. Интернет-түсіндірмелерді зерттеу барысында лингвистикалық сипаттама әдісі, мәтінді лингвоперсонологиялық және сөзжасамдық талдау әдістемелерінің элементтері пайдаланылды. Зерттеу формалық, мазмұндық және функционалдық тұрғыда қарастырылатын туынды мәтіндердің мәтін сөзжасамы талдауының моделіне негізделеді.Мақалада тілдік тұлға оның тілдік қабілеті көрініс табатын саяси интернет-түсіндірмелердің негізінде зерделенеді. Саяси интернеттүсіндірмелерді талдау нәтижесінде персондық мәтін сөзжасамы факторының параметрлері анықталды.Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақстандық виртуалды кеңістікте интернет-түсіндірмелердің пайда болуы кезіндегі мәтіндік іс-әрекет доминанттарының лингвооперсонологиялық және лингвомәдени тұрғыда ұғынуынан көрінеді.
Кілтті сөздер:саяси интернет-түсіндірмелер, лингвоперсонология, мәтін сөзжасамы, тілдік тұлға, персондық параметрлер.
КІРІСПЕ
Саяси оқиғаларды интерпретациялау және бағалау қарапайым білімі бар саяси медиа мәтіндердің реципиенттері (оқырмандары) мен олардың түсіндірмешілері (комментаторлары) рөлінде шығатын қатардағы тіл тасымалдаушыларының санасымен тығыз байланысып жатады. Қарапайым лингвосаясаттануға деген зерттеу қызығушылығының артуы қоғамның қарапайым ұғымдарының, өмірлік құндылықтарының, күнделікті тәжірибесінің призмасы арқылы саяси шешімдер мен мәлімдемелердің маңыздылығы мен қажеттілігін қарастыруымен түсіндіріледі; адамдардың реакциясы ғылыми зерттеудің нысаны болып табылады. Алайда ғылыми білімге қарағанда, әдеттегі білім шынайы және жалған болуы мүмкін [1, 42].
Ғалым А. М. Ваховский: «Коммуникацияның жаңа құралы – интернеттің пайда болуы саяси үрдіске қатысушылар қолданатын саяси-коммуникативтік стратегиялардағы өзгерістерді тудырды», – деп санайды [2, 3]. Ол интернетті өз мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыратын саяси түсіндірмешілердің өзара іс-әрекет ортасы және құралы ретінде қарастырады [2, 15].
Саяси лингвистика тіл білімі мен саясаттану тоғысында пайда болды, оның міндеттері тіл арқылы шешіледі, өйткені кез келген саяси әрекет тілдік құралдардың көмегімен жүзеге асады. Бұқаралық коммуникация құралдарының белсенді қызметі барысында тіл ықпал ету және манипуляциялау құралы болып табылады. Тілдің көмегімен оның тасымалдаушысына әсер етуге, оны категориялаудың құралы ретінде пайдалануға, сондай-ақ саяси феномендерді түсінуге болады [3, 5].
Қысқасы, қарапайым лингвосаясаттанудың нысаны болып виртуалды кеңістіктегі саяси мақалаға білдірілген интернет-түсіндірмелер, яғни қарапайым тіл тасымалдаушылардың саяси тақырыптағы мәтіннің бағаланған интерпретациясы табылады. Интернет-желіде жазбаша пікірдің білдірілуі жариялылығымен, жасырын және қарым-қатынас демократиялығымен, диалогтілігі және интерактивтілігімен, авторлық ұжыммен және т.б. сипатталады [4, 400].
С.И. Агагюлова адамдардың қарапайым және кәсіби санасындағы «интернет» концептісін зерделей отырып, жалпы тілдік санада бар концетілердің сипаттамаларын атап көрсетеді: «Интернет – ақпарат көзі»; «Интернет – қарым-қатынас құралы»; «Интернет – бұл ойын-сауық»; «Интернет – бұл орын»; «Интернет – бұл қоғамдастық», сондай-ақ ол «интернет» концептісін кәсіби тілдік санада түсінуін келтіреді: «Интернет – бұл технологиялар»; «Интернет – бұл өмір салты»; «Интернет – бұл жұмыс орны»; «Интернет – шексіз мүмкіндіктер көзі»; «Интернет – бұл есірткі» [5, 12-13].
Саяси интернет-түсіндірмелер көбінесе кәсіби емес интерпретаторлармен жүзеге асырылады. Оларда авторлардың қарапайым сана-сезімі, саяси жүйе жайлы білім деңгейі, олардың тілдік білім деңгейі, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктері көрсетіледі. Бұның барлығы мәтін формасына енген түсіндірмешілердің ментальды-тілдік қызметінде көрініс табады.
Сонымен, зерттеу нысанымыз қазақстандық саяси мақалаларға білдірілген интернеттүсіндірмелердің мәтіндері болып табылады. Зерттеу материалын таңдау қазіргі әлемде ақпараттық технологиялардың дамуы, біріншіден, әртүрлі ақпаратты тез әрі тиімді алуға, екіншіден, виртуалды кеңістіктегі адамдардың өзара іс-әрекетіне, интернет-желіде виртуалды қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берді; нәтижесінде желілік коммуникацияның әртүрлі жанрлары пайда болады. Олардың арасында тілдік тұлғаның,біздің жағдайда виртуалды тілдік тұлғаның когнитивті-коммуникативтік ерекшеліктерін көрсететін саяси мақалаларға білдірілген интернет-түсініктемелерге ерекше назар аударылады.
И. В. Савельева саяси түсіндірме мәтіндеріндегі қарапайым тіл тасымалдаушылардың сана-сезімінің көрініс ерекшелігі стереотиптілік және интертекстуалдылық болып табылатынын айтады. «Мәтіннен мәтінге көшкенде саяси ұрандар, саяси қайраткерлердің дәйексөздері, метафорикалық пікірлері сөйлеу субъектілерінің көп бағалануымен, «қатардағы» тіл тасымалдаушылардың көптеген пікірлері және интерпретацияларымен «толығады». Осылай ол жеке және қоғамдық сананың ажырамас бөлігінеайналады» [6, 6].
Н. Д. Голев қарапайым сананы «адамның саяси, құқықтық, экономикалық және осыған ұқсас түрлі салалардың шынайылығын меңгеруінің эмпирикалық деңгейі» деп анықтайды [7, 179].
О. В. Тваржинская кәсіби және қарапайым интерпретация түсініктерін бір-бірінен бөліп қарастырады. Кәсіби интерпретация жүйелілігімен сипатталса, қарапайым логикалық құрылымнан айырылған стихиялылығымен көрінеді. Ол тұлғаның білімді меңгеру деңгейіне, оқығандығына және индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Зерттеуші «кәсіби емес интерпретатор жеке элементтерге – мотив, тақырып, бейнелер, кілтті сөздер –назар аударады. Оны кәсіби интерпретатор да негізге алады. Алайда ол белгілі бір ғылыми ережелермен сәйкестендірмегендіктен жан-жақты әрі терең талдауға сирек қол жеткізетінін» айтады [8, 211].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу өзектілігі адам мен тілдің қарым-қатынас, әсіресе мәтін сөзжасамы арнасындағы арақатынасы мәселесі алдыңғы қатарға қойылуынан байқалады. Мәтін көптеген туынды (екінші) мәтіндерде айқындалатын, мәтінсөзжасамының әлеуетін жүзеге асыратын тілдік тұлғаның вариативтік стратегиясы іске асатын сөзжасамдық қызмет ету пәні (әлеуеті) болып саналады.
Зерттеудің мақсаты – лингвоперсонологиялық аспектіде қазақстандық саяси интернеттүсіндірмелердің персондық мәтін сөзжасамы факторларын анықтау.
Лингвистикалық талдау барысында лингвистикалық сипаттама әдісі, сөзжасамдық талдау әдістемесі, іріктеу әдісі қолданылды.
Зерттеу формальды, мазмұндық және функционалдық тұрғыда қарастырылатын туынды мәтіндерді мәтін сөзжасамы талдау әдістемесін пайдалана отыра жүргізілді. Бұл ретте мәтін сөзжасамдық қызмет ету әлеуетін тасымалдаушы ретінде қарастырылады. Зерттеуде «көптеген туынды (екінші) мәтіндерде анықталатын мәтіннің сөзжасамдық әлеуетін жүзеге асыратын вариативтілігімен» көрінеді [9, 14].
Мәтін сөзжасамы талдауының әдістемесі саяси интернет-түсіндірмелердің мәтін сөзжасамы факторларын анықтауға, сондай-ақ түсіндірмешілердің қолданған тактикаларын айқындауға мүмкіндік береді. Саяси интернет-түсіндірмелердіңперсондық мәтін сөзжасамының параметрлері төмендегі сызбада көрсетілген.
Саяси интернет-түсіндірмелердіңперсондық мәтін сөзжасамының параметрлері
АссоциативтілікЭмоционалдықҚиялдау
1. Ассоциативтілік параметрі. Бұл тактика, ең алдымен, субъектінің ментальдыкогнитивтік ойлауымен байланысты, өйткені осы негізде эмоцияны беру немесе интенцияны білдіру үшін тілдік құралдар таңдалады. Мәтін сөзжасамының ассоциативтілік параметрінде субъект автордың кілтті сөзді немесе құбылысты сипаттау үшін ассоциативтілік тактикасын пайдалануымен ұсынылған мәселеге қарым-қатынасын білдіреді.
Ассоциативтілік тактикасы Nur.kz порталындағы «Прогулка Назарбаева и президентов по набережной попала на фото»(Назарбаев пен президенттердің жағалаудағы серуені суретке түсіп қалған – аударма авторлардікі) деген қазақстандық саяси мәтіннің келесі интернеттүсіндірмелерінде байқалады:Как в детской песне вместе весело шагать по просторам. («Бірге серуендеген қызық» деген жастық шақтағы өлеңдегідей – аударма авторлардікі) Бірнеше ел президенттерінің, соның ішінде Қазақстан Президентінің Сочи жағалауы бойынша серуендеуі комментаторда кеңес заманындағы «Вместе весело шагать» балалар әнімен ассоциациялауға итермелейді. Бұл бастапқы мәтін формасы мен қызметінің өзгеруіне әкеледі. Автор бастапқы мәтіннің лексикасын пайдаланбайды, сондықтан түсіндірме мағыналық тұрғыда да өзгеріске ұшырайды. Ол өзінің ассоциативті ойлауы мен фондық білімін қолдана отыра ән мәтінінен мысал келтіріп, саяси мақаладағы саяси құбылысты береді. Түсіндірме мәтінін жасау үшін автор персондық стратегияның ассоциативтілік тактикасын таңдайды.
2. Эмоционалдық параметрі. Nur.kz порталындағы «Даленов о вице-министре Жунусовой: Если вгрызется в дело – не отпустит» деген мәтінге білдірілген интернеттүсіндірменің мысалын қарастырайық. Бұл туынды мәтін де эмоционалдық тактика негізінде жасалған:Выше в реакции много «уят» (стыд), а вы их лично знаете, или как всегда всех в одну гребёнку?! Я тоже их не знаю, и пожелал «алга» (вперед). Вот менталитет?!!!KairatҚайрат есімді тілдік тұлға Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі жаңа мемлекеттік қызметші лауазымына тағайындау туралы саяси мәтінге түсіндірме білдіреді. Түсіндірмеші жаңа шенеуніктің тәжірибесіне күмән келтіреді, дей тұрғанмен оған табысты жұмыс тілейді. Түсіндірме эмоционалды тұрғыда жазылған. Оған әртүрлі тыныс белгілердің қолданылуы, бірнеше рет леп белгісінің пайдалануы дәлел бола алады. Оның эмоционалдық бағалауында комментаторлардың бірінің түсіндірмесіне қатысты ирония байқалады. Бұл жерде тілдік тұлға эмоционалдық тактикаға сүйенеді.
3. Қиялдау параметрі. Nur.kz жаңалықтар сайтындағы «Қайрат Мәми: Мен 1,1 млн теңге аламын және бұл құпия емес» деген саяси мәтінге білдірілген интернет-түсіндірмені қарастыралық:Брат таксует выходит в день 10-15. сноха бежит фастфуд покупает. телик им понтовый нужен в старом обшарпанном доме с паутиной по углам. обои им не нужны. постельное белье новое тоже. вечно ноют. в кредитах. кредиты за тв и тои. чуть что из каспи банка берут по 15-20.ни один той не пропускают. идут даже на той друга друга сына. сын их женится сейчас опять кредит. предложение тихо расписаться в штыки. другая подруга вечно ноет вечно в кредитах. кредиты за айфон за шубу. при разводе муж ей выплатил 2 млн я ей предложила положить в жилстрой копить на свою кв. ага купила кучу вещей, отдохнула в германии и турции. ходит ноет мужика ищет кто ее проблемы решит. желание пойти на курсы со мной мычит лучше посмотреть давай поженимся. так что меньше нойте. не знала бы не советовала. сама через ад прошла. бывало тоже сдохнуть хотелось. проблема людей считают что все им должны и жалеют себя.(Ағамадамдарды тасиды. Күніне 10-15 мың теңге шығады. Жеңгем оған фаст фуд сатып алады. Оларға ескі бұрыштары сілбі басқан нашар үйге керемет теледидар керек. Тұсқағаз оларға қажет емес. Жаңа төсек-орын да қажетсіз. Әрдайым «жылай береді».Несие төлейді. Той ментеледидар алу үшіннесиеалған. Бірдеңе болса, Каспий банкіден 15-20-дан алады. Бірдебір тойды жібермейді. Тіпті досының, ұлының досының тойына да барады. Ұлдары үйленсе, тағы да несие алады. Тыныш барып, қол қоя сал деп ұсыныс айтса, қарсы. Басқа құрбысы да «жылай береді», ол да несиеден шықпайды. Тонды, айфонды несиеге алады. Ажырасқан кезде күйеуі оған 2 млн. төледі.Мен оған оны жилстройға салып, пәтерге жинаудыұсындым.Ага,бірқатар киім сатып алды, Германия мен Түркияда демалды. «Жылап», ер адам іздеуде, кім оның мәселесін шешеді. Менімен бірге курстарға бар десе,«кел, үйленейік» бағдарламасын көремін деп сөйлейді. Сондықтан аз «жылаңдар». Білмесем, кеңес бермеуші едім.Өзім де осы қиындықтан өттім. Өлгім келген кездер де болды. Проблемасы: оларға барлығы міндетті деп санауы және өздерін аяуы. – грамматикасы мен аударылуы авторлардікі) Интернет-түсіндірме түсіндірмешілердің ойлануына себеп болатындай жалақы туралы ақпарат берілген мәтінгеқалдырылған. Ол өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, адамдардың күнделікті өмірін қиялдау және сипаттау арқылы білдіреді. Келтірілген мысал түсіндірмешінің жақын ортасының өмірінен алынған. Бұл тактиканы пайдалану құрылымдық деңгейде бастапқы мәтін компоненттерінің формальды-семантикалық өзгеруіне әкелді. Оның нәтижесі болып мутациялық түрдегі инновация табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, туынды мәтіндерді талдау арқылы біз персондық мәтін сөзжасамының бірқатар параметрлерін анықтадық: ассоциативтілік, эмоционалдық, қиялдау. Аталған параметрлер туынды мәтіндердің, біздің жағдайда саяси мақалаларға білдірілген интернет-түсіндірмелердің лингвоперсонологиялық әлеуетін көрсетеді.
Сонымен, саяси интернет-түсіндірмелердің лингвистикалық талдауының нәтижелері бойынша төмендегі мәселелер анықталды:
— саяси интернет-түсіндірмелердіңперсондық мәтін сөзжасамының факторлары;
— персондық фактор параметрлері: ассоциативтілік, эмоционалдық, қиялдау;
— лингвистикалық талдаудан өмірлік тәжірибесі, ойлау бейнелері, ұлттық ерекшелігі, саяси ақпараттану деңгейі көрінетін қатардағы тіл тасымалдаушысының қарапайым саяси санасына байланысты деген қорытынды шығаруға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Кишина Е. В. Лингвоконфликтологический аспект описания обыденной лингвополитологии. Обыденное метаязыковое сознание и наивная лингвистика: сборник научных статьей / отв. ред. Л.Г. Ким. – Кемерово, 2012. – 292 с.
2 Ваховский А. М. Интернет-технологии как фактор политического развития современной России: автореф. … канд. полит. наук.–Тула, 2007. – 24 с.
3 Баранов А.Н., Михайлова О.В., Сатаров Г.А., Шипова Е.А. Политический дискурс:
методы анализа тематической структуры и метафорики. –М.: [Фонд ИНДЕМ], 2004. – 94 с.
4 Обыденное метаязыковое сознание: онтологические и гносеологические аспекты.
Часть 1: коллективная монография / отв. ред. Н. Д. Голев. – Кемерово; Барнаул: Изд-во Алт. Ун-та, 2009. – 532 с.
5 Агагюлова, С.И. Концепт «Интернет» в обиходном и профессиональном языковом сознании: автореф. дисс. … канд. филол. наук: 10.02.19 / С.И. Агагюлова. – Волгоград, 2010. – 22 с.
6 Савельева И. В. Вариативность стратегий текстовосприятия и текстопорождения:
лингвоперсонологический аспект (на материале текстов политических интернеткомментариев): дисс. … канд. филол. наук. –Кемерово, 2013. –251 с.
7 Голев, Н. Д., Шанина, А. В. Обыденный политический дискурс на сайтах Рунета с фашистским и антифашистским содержанием [Текст] / Н. Д. Голев, А. В. Шанина // Политическая лингвистика. Вып. 2 (44), 2013. – С. 178-185.
8 Тваржинская О. В. Обыденная и профессиональная интерпретация текста (на материале лингвистического эксперимента) // Вестник КемГУ, 2013. –№3 (55).
9 Мельник Н. В., Мельник Н. В. Деривация русского текста: Лингвистические и персонологические аспекты. –Москва: ЛЕНАНД, 2014. – 280 с.
С.Ж.Ергалиева , К.С. Ергалиев
Обыденная политическая коммуникация: дериватологический и лингвоперсонологический аспекты
1ПГУ им. С.Торайгырова, г. Павлодар, Республика Казахстан 2Павлодарский государственный педагогический университет,
г. Павлодар, Республика Казахстан,
Статья посвящена результатам дериватологического и лингвоперсонологического исследования, проведенного на материале политических интернет-комментариев, публикуемых на казахстанских сайтах. Текст политической статьи обладает потенциалом деривационного функционирования, который реализуется в тексте интернет-комментария, опредмечивается в нем под влиянием вариативных стратегий и тактик. Цель исследования – определить факторы персонного текстопорождения казахстанских политических интернет-комментариев. При изучении интернет-комментариев используется метод лингвистического описания, элементы методик лингвоперсонологического и дериватологического анализа текста. Исследование базируется на модели текстодериватологического анализа производных текстов, которые рассматриваются в формальном, содержательном и функциональном планах.В предлагаемой статье языковая личность реконструируется на основе произведенных ею политических интернеткомментариев, в которых отражаются ее языковые способности. В результате анализа политических интернет-комментариев были выявлены параметры персонного фактора текстопорождения. Научная новизна исследования заключается в лингвоперсонологическом и лингвокультурологическом осмыслении доминанты текстовой деятельности при порождении интернет-комментариев в казахстанском виртуальном пространстве.
S.Zh. Yergaliyeva1, К.S.Yergaliyev2
Ordinary Political Communication: Derivatological and Linguistic-personal Aspect
The article is devoted to the results of derivatological and linguistic-personal research conducted on the basis of political Internet comments in Kazakhstani sites.The text of a political article has a potential of derivational functioning, which is realized in the text of an online commentary and is objectified in it under influence of variable strategies and tactics. The aim of the study is to determine the factors of personal text-generation of Kazakhstani political Internet comments. In the study of Internet comments, the method of linguistic description, elements of the methods of linguistic-personal and derivatological analysis of the text are used. The study is based on a model of the text-derivatological analysis of derivative texts, which are considered in the formal, substantial and functional plans. In the article, a linguistic personality is reconstructed on the basis of her political internet comments, which reflect her linguistic abilities.As a result of the analysis of political Internet comments, the parameters of the personal factor of text-generation were revealed. The scientific novelty of the study lies in the linguistic-personalological and linguoculturological understanding of the dominant of textual activity when generating Internet comments in the Kazakhstani virtual space.
Мақала ҚР БжҒМ 2019жылғы тамыздың 19-ы,№607 бұйрығы негізіндегі АР08053314«Қоғам мен мемлекеттің жандандыру жағдайында ұлттық әлем бейнесі құндылықтарын қалыптастыру мәселесі (қазақстандық қарапайым саяси дискурсы материалдары негізінде)» жобасы шеңберінде орындалды.