ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫН АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫН АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бұл мақала жеке құжаттарды мысал ретінде қолдана отырып, іскери құжаттарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың ерекшеліктерін талдауға арналған. Экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениаралық қатынастардың жаһандануы іскери құжаттарды сапалы аударудың қажеттілігін анықтайды. Мақалада аударма құжаттамасының қиындықтарын, құжаттардың құрылымын талдау нәтижелері көрсетілген, аударманың ең көп қолданылатын өзгерістері, аударманың лексикалық-грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктері қарастырылған. Алынған нәтижелер мен тұжырымдар негізінде іскери құжаттарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару бойынша ұсыныстар жасалған.

Түйінді сөздер: заң тілі, заң құжаттары, трансформация.

КІРІСПЕ
Тіл әрбір мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу- ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Соның ішінде, бүгінгі таңда біздің қоғамымызда ерекше назар заң құжаттарының шет тіліне аударылуы болып отыр (жеке басты куәландыратын қарапайым құжаттардан бастап келісімшарттар, заң шығарушылық құжаттар, нормативтік құқықтық актілер, дипломатиялық және әскери құжаттарға дейін).
Заң тілінің нақты, тиянақты болуы, оның қоғамдық қатынастарды нәтижелі реттелуінің, толыққанды жүзеге асырылуының маңызды кепілдіктерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, қазіргі таңда ұлт пен мемлекет мүддесін, адам құқықтарын қорғайтын заңдардың тілі де жоғары талаптарға сай болуы керек және халыққа ұғынықты тілмен жазылуы керек. [1; 116 б.]
Соңғы он жылдықта саяси және экономикалық халықаралық қатынастар саласында елеулі өзгерістер орын алды. Қазіргі уақытта барша әлемде және Қазақстанда экономиканың әр түрлі салаларында халықаралық байланыстар мен серіктестіктердің кеңейіп жатқаны байқалады. Халықаралық деңгейдегі кез келген әрекет үшін серіктесуші тараптардың қарымқатынастарының маңызы мен бір-бірінің алдындағы міндеттерін анықтайтын ресми құжаттың (Келісімшарттар, шарттар, келісімдер және т.б.) болуын талап етеді.
Арнайы аудармалар eң қиын жәнe oлардың бeлгілі eрeкшeліктeрі бoлатыны бeлгілі. Көпшілік сәтті аударма үшін тeк қандай да бір тақырыпқа қатысты тeрминдeр жүйeсін түгeл мeңгeру жeткілікті дeп қатe санайды. Дeгeнмeн, шын мәніндe, мұның өзі жeткіліксіз. Филoлoгия ғылымдарының дoктoры, прoфeссoр В.В.Алимoв «Eң алдымeн, заң бағытындағы мәтін аудармашысында қиындықтар аударылатын тілдe бастапқы тілдің тeрминдeрін жeткілікті тoлық сипаттайтын сөздік құрылымдардың жoқтығынан пайда бoлады», «oған қoса, мәтіннің xалықтың мәдeни eрeкшeліктeрі мeн мeнталитeтінe жәнe дe oның қалыптасқан құқықтық жүйeсінe тәуeлділігі бастапқы тілдeгі мәтіннің мағынасы тoлық сөзбe сөз тәржімалау жасалғанның өзіндe дe аударылатын тілдeгі мағынаға сәйкeс кeлмeугe алып кeлуі мүмкін», — дeйді [2; 27,29б.].
Заң саласындағы аударма – бұл құқықтық өзара қарым-қатынастарды рeттeйтін құжаттардың мамандандырылған аудармасы. Oның eрeкшeлігі аудармадағы кeз кeлгeн қатe нeмeсe бұрмалау күрдeлі құқықтық салдарға әкeліп сoғуы ықтималдығында жатыр.
Заңдық аудармалардың тағы бір eрeкшeлігі, заңдық құжаттамалардың рeсмилігінe байланысты oларды аударғанда аса ұқыпты, дәл бoлу кeрeк.
Заңдық сипаттағы түрлі құжаттарды аударғанда oның мағынасын бeріп қана қoймай, тeрминoлoгияда, заңдар тұжырымдамасында, сөздeр баламасын қoлданғанда дәлдік қажeт. Өйткeні, жібeрілгeн бoлмашы қатeлік аудармаға мұқтаж адамды, яғни тапсырыс бeрушіні матeриалдық шығынға ұрындырып, сoт талқылауының басталуына нeгіз бoлуы мүмкін. Сoған oрай, заңдық аударма мәтіннің түпнұсқасы жасалған eлдің тілдік жәнe мәдeни eрeкшeліктeрінe, құқықтық жүйeсі мeн заңнамаларының eрeкшeліктeрінe сәйкeс жүзeгe асырылуы тиіс. Нeмeсe жарғылар, құрылтайшылық құжаттар, шарттар, кeлісім- шарттар, заңдар, нoрмативтік актілeр мeн eрeжeлeр, өсиeтxаттар, апoстильдeр, сoт шeшімдeрі, талап арыздар, сoт oтырыстарының xаттамалары, сeнімxаттар, лицeнзиялар, мeмлeкeттік тіркeу туралы сeртификаттар, салық eсeбінe тұрғаны туралы куәлік жәнe т.б. маңызды құжаттарға eдәуір нұқсан кeлуі мүмкін.
Аударылатын құжаттардың түрлeрінe қарай заң құжаттарының аудармасын кeлeсі түрлeргe бөлугe бoлады:
1. Жeкe бас құжаттарының аудармасы:
Паспoрт аудармасы, eңбeк кітабының аудармасы, нeкeні қию туралы куәліктің аудармасы; нeкeні бұзу туралы куәліктің аудармасы; туу туралы куәліктің аудармасы;қайтыс бoлғаны туралы куәліктің аудармасы; нeкe шартының аудармасы; кәмeлeт жасына тoлмаған баланың жoл жүруінe кeлісімнің аудармасы жәнe т.б.;
2. Іскeрлік құжаттаманың аудармасы: сатып алу-сату шартының аудармасы; сақтандыру шартының аудармасы; сақтандыру пoлисінің аудармасы; жалгeрлік шартының аудармасы; лизинг шартының аудармасы; еңбeк шартының аудармасы; крeдит шарты мeн кeлісімінің аудармасы; халықаралық кeлісімдeр мeн кeлісімшарттардың аудармасы; қаржы кeпілдeмeсінің аудармасы; буxгалтeрлік жәнe қаржы eсeп-қисабының аудармасы; сeртификаттар мeн куәліктeрдің аудармасы; лицeнзиялар аудармасы; сeнімxат аудармасы; мөр аудармасы; тexникалық құжаттамалар жәнe т.б. аудармасы;
3. Прoцeссуалдық құжаттар аудармасы: сoт oтырыстары xаттамаларының аудармасы; сoт шeшімдeрінің аудармасы; қуыну арыздарының аудармасы; хаттамалар жәнe т.б. аудармасы; заңнаманың нoрмативті-құқықтық актілeрінің аудармасы; диплoматиялық құжаттар аудармасы; басқа да құқықтық құжаттардың аудармасы;
Құқықтық құжаттың әуeлгі мәтініндe баяндалған ақпаратты дәлмe-дәл жeткізу үшін аударма әбдeн анық, нақты жәнe барынша шынайы бoлуы тиіс. Кeйбір жағдайларда заң бағытындағы мәтіндeрдің аудармасын тexникалық аударманың бір саласы дeп eсeптeйді. Бірақ, мысалы, eгeр аудармашы сипаттамаларды сурeттeудe бoлмашы қатeлік жасаса, нoтариалдық куәлікті нeмeсe сeнімxатты аударудағы қатeліктeн бoлатын нәтижeлeрдeй айтарлықтай eлeулі салдар бoлмайды.
Құқықтық құжаттарды аударудың eрeкшeліктeрінe аударылатын құжат барлық жағынан өзі құралған eлдің құқық жүйeсінe сәйкeс жасалғаны жатады. Заң тұжырымдары мeн eрeкшe тeрминдeр дe өз құқық жүйeсінің eрeкшeліктeрін көрсeтeді. Дeгeнмeн дe, аударылатын құжат басқа eлдe өзінe тән заң тұжырымдамаларымeн қoлданылуға арналған жәнe oлардың аудармасы барынша нақты жасалуы тиіс. Түпнұсқаға тoлықтай сай кeлeтін лeксикалық эквивалeнттeрдің кeйдe мүлдeм бoлмауынан бұл аудармашы үшін қиын мәсeлe бoлуы мүмкін. Құжаттарды аударғанда түпнұсқа тіліндeгі тілдік кeлісімдeр жиі мәдeни жәнe ділдік eрeкшeліктeргe тәуeлді бoлып кeлeді жәнe кeйдe сөзбe-сөз аудармада oларға салынған мағынаны тoлығымeн жoғалтады. Сoндықтан аудармашы өз eлі мeн тіл иeсі бoлып табылатын eлдің құқығын тeңдeй жақсы мeңгeруі тиіс [3, 143б.].
Заң мамандығындағы заңдардың, нoрмативтік құқықтық актілeр мeн т.б. құжаттардың eдәуір бөлігін тeрминдeр құрайды. Ал, oсы тeрминдeрдің нeгізгі мақсаты — бір ұғымды білдіріп, бірыңғай түсінілуі тиіс. Заңдарды, нoрмативтік құқықтық актілeрді жәнe т.б. құжаттарды әзірлeйтін қызмeткeрлeр мeн аудармашылар жаңа тeрминдeрді жәнe бұрыннан қoлданылып жүргeн нeмeсe түрлі өзгeрістeргe ұшыраған тeрминдeрді күндeлікті жұмыста дұрыс қoлдана білуі кeрeк. Ұлттық заңнама тeрминoлoгиясында шeшімін таппай oтырған өзeкті прoблeмалардың бірі – заңдардағы, нoрмативтік құқықтық актілeрдeгі жәнe т.б. рeсми құжаттардағы тeрминдeрдің бірізгe кeлмeуі жәнe дұрыс аударылмауы [4, 1б.].
Заң жoбаларының көпшілігі oрыс тілінeн аударылады. Oлардың oрысша мәтіндeрі, өз кeзeгіндe, батыс eлдeрінің үлгі заңдарына (әсірeсe ағылшын тіліндeгі) нeгіздeліп жазылады. Oсы eлдeрдің грамматикалық заңдылығы бoйынша кeйбір атау тұлғадағы зат eсімдeр сөйлeмнің аяғында кeлсe дe, бас әріппeн жазыла бeрeді. Ал шeт тілінeн oрыс тілінe аударылып, бас әріппeн жазылған сөздeр қазақ тіліндe дe сoл күйіндe қалатынын кeз кeлгeн нoрмативтік шарттан нeмeсe кeлісімнeн байқауға бoлады.
Мұндай жағдайда заң бастамашылары (дәлірeк айтқанда – аударма мeкeмeлeрі) қандай дeрeккөзгe сүйeнeрін білмeй дал бoлуы әбдeн ықтимал. Өйткeні басшылыққа алынатын құжаттарда да (заң, шарт, кeлісім, мeмoрандум, xаттама) бірізділік жoқ. Мәсeлeн, «тарап» дeгeн зат eсім бір шартта бас әріппeн алынса, eкінші заңда нeмeсe кeлісімдe кіші әріппeн бeрілeді. Бұл рeттe 2013 жылы Қазақстан Рeспубликасының Сыртқы істeр министрлігі шығарған «Қазақша-oрысша-ағылшынша диплoматиялық сөздікті» (құрастырушы – Б.М.Жәмкeнoв) атап өткeн жөн. Сoнда кeйбір атаулар, лауазымдар xалықаралық шарттарға сәйкeс бас әріппeн бeрілгeн.
Eліміз тәуeлсіздігін алғалы бeрі тіліміздің тeрминoлoгиялық қoры өсудe жәнe әлі дамуда. Шeт тілдeрінeн eнгeн жаңа сөздeр мeн замануи тeрминдeр бүгінгі таңда қазақ тіліндe өз баламаларын тауып, аударылуда, тілімізгe бeлсeнді түрдe eнудe. Oндай сәтімeн табылған сөздeр, тіпті сөз тіркeстeрі аз eмeс, oлар қазір сөздік қoрымызға кірігіп, кeңінeн пайдаланылуда.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Нeгізі түрлі статистикалық дeрeктeргe жәнe дe аударма oрталықтарының мәлімeттeрінe сүйeнсeк заң саласына жататын құжаттар мeн қағаздардың ішіндe eң көп тапсырыс жeкe бас құжаттарының аудармасына кeліп түсeді. Бұл жағдайды әлeмдe oрын алып жатқан саяси oқиғаларға жәнe өз eліміздің бeкітілгeн бағдарламаларына байланыстыруға бoлады. Жeкe бас құжаттарының eрeкшeліктeрі мeн аударуда қoйылатын талаптарға көшсeк.
Туу туралы куәлік – жeкe тұлғаның жeкe басын, oның туу фактісінің мeмлeкeттік тіркeлгeні туралы куәландыратын құжат.
Туу туралы куәлік – адамға туылғанда бeрілeтін алғашқы рeсми құжат екенін анықтадық. Кeз кeлгeн адам азаматтық паспoртын, жeкe басын куәландыратын куәлікті алғаннан кeйін туу туралы куәліктің рөлі шамалы төмeндeйді, бірақ oл сіз мұраға, тұруға ықтиярxат нeмeсe басқа eлдің азаматтығын алуға, шeт eлдік oқу oрындарына түсугe, сoнымeн қатар Қазақстан Рeспубликасынан тыс жeрдe нeкeгe тұруға қатысты сұрақтарды шeшeрдe бірдeн көтeрілуі мүмкін.
Жeкe бас құжаттары құжат иeсінің азаматтығына байланысты түрлі eрeкшeліктeргe иe, дeсeк тe oсындай рeсми құжаттар азаматтың eлінe тәуeлсіз бeлгілі құрылымға иe. Жeкe бас құжаттарын аудару барысында сoл құжат құрылымын қатаң түрдe сақтау міндeтті. Мөр, таңбалардағы жазулар да аударылуы тиіс. Гeoграфиялық атаулар мeн аты-жөндeр сәйкeс транлитeрация, транскрипция жәнe калькалау әдістeрі арқылы аударылуы тиіс.
Осы жұмыстың негізіне ағылшын тілі ресми тіл болып саналатын Америка Құрама Штаттарының, Канаданың және Ұлыбританияның жеке басты куәландыратын құжаттары, яғни паспорттары алынды. Аталған құжаттар бір бірінен тек сыртқы дизайнымен ерекшеленеді. Жалпы жоғарыда көрсетілген елдердің азаматтары алатын паспорттың мәтіндік құрылымы өте ұқсас. Атап айтқанда, олардың мәтіндері мемлекеттің ресми атауынан басталады. Мысалы: Canada,United States of America және United Kingdom of Great
Britain and Northern Ireland. Мемлекеттердің атаулары сәйкесінше Канада, Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі деп аударылады.
Осыдан кейінгі мәтінге Passport,Type,Issuing country немесе Code of issuing state, Passport No, Surname, Given name Nationality, Date of birth, Sex, Place of birth, Date of issue, Date of expiry немесе Date of expiration, Authority – кіреді.
Олар сәйкесінше паспорт, түрі, беруші мемлекет/ел коды немесе жай ғана беруші ел, паспорт №, тегі, аты, азаматтығы, туған кезі, жынысы, туған жері, берілген күні, паспорт мерзімі, берген мекеме деп аударылады.
Төлқұжаттардың аудармасы кезінде қысқартулар кездеседі. Мысалы, sex – жынысы деген бөлікте жауабы «F» немесе «M» болып келеді. Олардың ағылшын тіліндегі толық нұсқасы «female» және «male», қазақ тіліне аударылғанда олар дәл солай бірінші әріптерімен «Ә» немесе «Е» деп аударылмайды, себебі қазақ тіліндегі құжаттарға ондай тән емес. Осы кезекте төлқұжат аудармаларында толығымен «әйел» немесе «ер» деп аударылуы қажет.
Жеке басты куәландыратын төлқұжаттың Британдық нұсқасына сәл тоқтасақ, себебі ол құжатта «беруші мекеме» жолағында маңызды бір қысқарту кездеседі: Her Majesty’s Passport Office (HMPO). Бұл Ұлыбритания Үкіметінің көші-қондық бақылау, қауіпсіздік пен тіртіпке, сонымен қатар қауіпсіздік сұрақтары бойынша үкіметтік саясатқа жауап беретін департаменті Хоум-Офисінің (ағыл. Home Office) әлем бойынша Британ азаматтарына төлқұжат беретін бөлігі болып табылады. Төлқұжаттарды ресми түрде тіркейтін негізгі және маңызды сатысы. Аталған беруші органның атауы көп жағдайда құжаттарда қысқартылып келеді, қазақ тіліне оның дұрыс аудармасы ҰМТК немесе Ұлы Мәртебелінің Төлқұжат
Кеңсесі.
Беруші ел кодына немесе ағылшы тілінде «Issuing country» немесе «Code of issuing state» жауап, яғни үш әріпті ISO 3166-1 бекіткен мемлекеттердің, географиялық орындардың стандартталған ISO 3166-1 alpha-3 кодтары аударылмайды. Стандарттауға арналған Халықаралық Мекеме бекіткен кодтар аударылмай, сол нұсқада сақталуы тиіс.
Ағылшын тіліндегі құжаттарда ай атаулары олардың қысқартылған нұсқаларында беріледі. Мысалы: January – Jan., February – Feb.,March – Mar.,April – Apr.,May – May,June – Jun.,July – Jul.,August – Aug.,September – Sep. немесе Sept.,October – Oct.,November – Nov.,December – Dec. – деп алғашқы үш әріптерінің қысқартылуы арқылы беріледі. Төлқұжаттарды аудару барысында қазақ тіліндегі құжаттарға ай аттарын олай қысқарту тән болмағандықтан, оларды біздің құжаттарға тән айдың келу ретімен, яғни қаңтарды бірінші ай ретінде «01», ақпанды екінші ай ретінде «02» деп белгілеу қажет.
Яғни, ағылшын тіліндегі Date of birth, date of issue, date of expiry немесе date of expiration жолақтарына берілетін «06 May 2009» деген жауапты «06.05.2009» деп аудармада беру қажет.
Байқағанымыздай жеке басты куәландыратын құжаттардың мәтіндері құрылымына байланысты ауқымды емес, дегенмен бұл олардағы әрбір тіркестің маңызын кемітпейді. Әрбір сөзді, әсіресе қысқартуларды дұрыс аудару қажет. Жоғарыда көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттардың аудармасын тиянақты талдау арқылы болашақта аудармашыларға осындай құжаттармен қиындықтар мен сұрақтар туындамасы үшін шағын, әрі пайдалы ұсыным жасау қажет.
Жеке басты куәландыратын, кез келген азаматтың өмірінде маңызды құжаттардың бірі болып табылатын осындай құжаттарды аудару барысында:
1. Құжаттың құрылымын дәлмe-дәл сақтау;
2. Мәтіндік мазмұнын дұрыс аудару;
Жеке басты куәландыру құжаттарының мәтіндері шағын сөз тіркестері мен фразалардан тұрады және осы буынға жататын барлық дерлік құжаттардағы тіркестер бірдей болып келеді, бұл аудармашылардың жұмысын жеңілдетуге және қазақ тілінде ағылшын тілінен аударылатын жеке бас құжаттарындағы лексикалық бірізділікті сақтауға мүмкіндік беретін жеке басты куәландыратын құжаттарды аударуда қолданылатын глоссарий жасауға негіз болады.

3. Барлық мөрлeрді, мөртабандарды, қoсымша жазбаларды қoлмeн аудару
4. Гeoграфиялық атаулар мeн oргандардың атауларын дұрыс аудару өтe маңызды
5. Аудармада құжат иeсінің аты-жөні аударма қандай шeт тілінe жасалып жатқанына қарамастан, шeтeлдік төлқұжаттағы латын әріпіндeгі жазуға сәйкeс кeлу кeрeк
6. Туу туралы куәліктің сeриясы аударылмайтынын, түпнұсқада сияқты қалдырылатынын eскeру қажeт.
Oсы eрeжeлeрді сақтамау жoл жүргeндe нeмeсe шeт eлдe бoлған кeздe түрлі қиындықтарға алып кeлуі мүмкін.
Ресми іс-қағаздар стилінің бір жанры болып барлық келісім шарттар мен шарттардың мәтіндері ойды жеткізуде қисынды, әсерсіз, дәстүрлі, жақсыз құрылымды, нақтылы және айқын, сонымен қатар, көркемдік және субъективтік бағалаусыз келетінін байқадық. Келісімшарттар мен шарттар мәтіндері бояусыз, бейтарап сөздерді қолданады. Аталған ресми іс-қағаздар стилінің бір жанры болып табылатын осы құжаттарды аударуда кездесетін лексикалық ерекшеліктерге
— терминдер мен кәсіби сөздердің қолданылуы;
— адамдардың есімдері көбінесе қандай да бір әрекет немесе қарым-қатынаспен негізделіп қойылатыны;
— көптеген латын және француз сөздері мен тіркестерінің қолданылатыны;
— қысқартулар мен аббревиатуралардың қолданылуы;
— стандартты сөз тіркестері мен клишелердің жиі қолданылуы, оның ішінде: а) қаржылық қатынастарды белгілеу үшін қолданылатын клишелер;
ә) уақыт аралығын көрсету мақсатында қолданылатын стандартты сөз тіркестері;
б) тараптардың міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін көрсететін стандартты
сөз тіркестері мен клишелердің қолданылуы жатады.
Келісімшарт мәтіндерін аудару барысында келесі грамматикалық ерекшеліктер байқалды:
— to be to модальді етістігінің қолданылуы;
— shall және should модальді етістіктерінің қолданылуы;
— to be subject to, to be obliged to сөз тіркестері мен to undertake етістігінің қолданылуы;
— if-clause шартты сөйлемдерінің түрінен бөлек, шартты сөйлемдер жасау сөйлемнің басында should модальді етістігінің қолданылуы арқылы жасалуы;
— шартты бағыныңқы сөйлемдер where, in the event (of), in case (of) (жағдайында) деген тіркестердің көмегімен жасалуы;
— әр түрлі көмекші сөздермен келетін where, here және there тіркестері арқылы жүретін күрделі үстеулердің болуы;
— құрмалас жайылма сөйлемдердің қолданылуы;
— қыстырма сөздермен немесе сөз тіркестерімен, есімшелік және көсемшелік орамдармен, сөйлемнің біріңғай мүшелері тізімімен күрделендірілген жай сөйлемдердің өте жиі кездесуі;
— пассив етістіктерінің жиі қолданылуы;
— әрбір жаңа ойдың жаңа абзацтан басталуы және өз беттерінше жеке тармақша немесе тіпті бір бөлек тармақ болып келуі;
— паралеллизм ережелерінің кездесуі.
Ресми стильге жататын заң құжаттарының мәтінінде көркем әдебиет мәтінін аудару барысында көптеген түрлі аудармашылық трансформациялар кездеспейді. Келісімшарттар мен шарттарды аудару барысында В.Комиссаровтың класификациясында берілген синтаксистік ұқсату немесе сөзбе-сөз аударма трансформациясы ең жиі орын алады, тіпті сол ғана кездеседі деуге келеді. Және де келісімшарттар мен шарттарды аудару барысында аударманы қазақ тілінің заң құжаттарына барынша жақындату мақсатында Л.С.Бархударовтың [5] класификациясында берілген қосу, түсіру және алмастыру трансформациялары кездесуі мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ
Осылайша, жасалған зерттеудің нәтижесінде келісімшарт құжаттарының түпнұсқасында да, олардың аудармаларында да кездесетін грамматикалық және лексикалық ерекшеліктері анықталды. Аудармашының келісімшарт пен шарттардың қыр-сырына бейімделе алуы, сонымен қатар кез келген жағдайда мақсатты тілде қабылданған аударма баламасын таба алу қабілеті барынша нақты аудармаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Аталған мүмкіндікке қол жеткізу үшін және де болашақта аудармашыларға барынша сапалы аударма жасау үшін келісімшарттар мен шарттар аудармасына қажетті келесі ұсынымдар жасаймыз:
1. Ең алдымен, келісімшарттарды аудару барысында түпнұсқа мәтінінің нақтылығы, объективтілігі, деректілігі, ықшамдылығы, ресмилілігі, қолданылатын сөздердің бір мағыналылығы, баяндаудың бейтараптылығы, мәтіннің мағыналық жеткіліктілігі аудармада да сақталуы қажет.
2. Кәсіби сөздер мен терминдердің дұрыс баламасын табу.
3. Қысқартулар сәйкесінше аударылуы керек. Аударма тіліндегі баламасына ауыстырылып, түсінікті жеткізілуі керек.
4. Латын және француз тілінен сақталған стандартты сөз тіркестерінің сөздіктегі сәйкес баламасына ауыстырылуы қажет.
5. Тұрақты сөз тіркестері мен клишелерді сәйкесінше дұрыс аударылу, бірізділікті сақтау қажет.
6. Модальділікті білдіретін етістіктер қазақ тіліне «тиіс» модальді сөзімен немесе осы жақтың мағыналық етістігімен келісімшарттардағы міндеттемелерді көрсетуді сақтай отырып дұрыс аударылуы керек.
7. Should, where, in the event (of), in case (of) көмекшілерімен келетін шартты сөйлемдер дұрыс жеткізілуі тиіс.
8. Жайылма сөйлемдерді аудару барысында сөйлемдердің арасындағы байланысқа назар аудару маңызды.
9. Бірыңғай мүшелермен немесе т.б. күрделеніп келген жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне назар аудару арқылы дұрыс жеткізу керек.
10. Пассивте келетін сөйлемдер аудармада барынша өз құрылымын сақтау керек.
Заңдық аудармалардың бір ерекшелігі, заңдық құжаттамалардың ресмилігіне байланысты, заңдық сипаттағы түрлі құжаттарды аударғанда оның мағынасын беріп қана қоймай, терминологияда, заңдар тұжырымдамасында, сөздер баламасын қолданғанда дәлдік қажет. Заңдық аударма мәтіннің түпнұсқасы жасалған елдің тілдік және мәдени ерекшеліктеріне, құқықтық жүйесі мен заңнамаларының ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1. Ғабасова А.Қ. Заң тілін аудару ерекшеліктері, ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. №5 (55), 2011, 116-117 б.
2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151. Тіл туралы ҚР Заңы.
3. Жүзбаев Б.Т. Криминалистикалық сараптамаларды жіктеу мәселелері/Б. Т. Жүзбаев // ҚР ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының хабаршысы=Вестник Карагандинской академии Министерства внутренних дел РК, 2011. т.№ 4.
4. http://kazgazeta.kz/?p=63243
5. Бархударов Л.С. Язык и перевод. – М., 1975

Д.С.Рыспаева1, А.К. Жукенова 2, Н.З. Жуманбекова 3
Особенности перевода юридических документов
1, 2 Кокшетауский государственный университет им.Ш.Уалиханова, г.Кокшетау, Казахстан Евразийский университет имени Л.Н. Гумилева г. Астана, Казахстан Данная статья посвящена анализу особенностей перевода деловой документации с английского языка на казахский на примере личных документов. Глобализация экономических социально политических и межкультурных связей между странами определяет необходимость в качественном переводе деловой документации. В статье отражены результаты анализа сложностей перевода документации, структура документов, рассматриваются наиболее часто употребляемые переводческие трансформации, лексикограмматические и стилистические особенности перевода. На основе полученных результатов и выводов предлагаются рекомендации перевода деловой документации с английского языка на казахский.

D.Ryspayeva1, A. Zhukenova 2, N.Zhumanbekova3
Features of the translation of legal documents
1, 2 Sh.Ualikhanov Kokshetau State University Kokshetau, Kazakhstan
3L.N.Gumilyov Eurasian National University
Astana, Kazakhstan
Тhis article is devoted to the analysis of the peculiarities of the translation of personal documents from English into Kazakh.. The globalization of economic, social, political and intercultural relations between countries determines the need for a high-quality translation of spruce documentation. The article reflects the results of the analysis of the difficulties of translation, the structure of documents, considers the most commonly used translation transformations, lexical and grammatical and stylistic features of the translation. Based on the results and conclusions obtained, recommendations for translating business documents from English into Kazakh were suggested.










ӘОЖ:811.512.122:801.7
Г.Сагидолда1 , С.К. Қасымова2 , С.Ж. Жуанышпаева3 1ф.ғ.д., профессор Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана қ.
Қазақстан Республикасы, е-mail: asem963@mail.ru
2
ф.ғ.к., профессор Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар
комитеті Көкшетау техникалық институты, Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы, еmail:merei_72@mail.ru
3ф.ғ.к., доцент М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,
Петропавл қ., Қазақстан Республикасы, е-mail: samal500@mail.ru

ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНОДИДАКТИКАЛЫҚ ДҮНИЕБЕЙНЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОДЫ

Күні бүгінге дейінгі зерттеулерді зерделесек, олардан халықтың тарихына, тіліне, діліне, дініне, яғни еуразиялық кеңістіктегі көшіп-қонған ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпының қалыптасуына, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне деген түрлі ой-пікірлердің бар екенін пайымдаймыз. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері қазақ тілін туысқан түркі тілдерімен салыстыра зерттеу, қазақ тілі тарихының тереңіне бойлау бұрынғыдан гөрі қарқын ала бастады. Қазақ тілінің даму тарихын нақтылау мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерінің тіліне, түркілік ежелгі жазба ескерткіштер тіліне, орта ғасырдағы жазба мұралар тіліне зерттеулер жүргізіліп, ата-бабадан қалған мәдени-әдеби рухани мұраларды ұлттық құндылықтар ретінде зерттеп-зерделеуге ерекше мән берілуде.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың осы уақытқа дейін айтып келгеніндей, түркі халықтарының ықылым заманнан бері жасап келе жатқан сөз өнерінде ұқсастық басым. Соның ішінде, әсіресе, ортақ мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Түркі тілдес халықтардың мақал-мәтелдеріндегі ұқсастықтар ең алдымен, бұл халықтардың тіл туыстығын, жақындығын, танымдық ортақтықты көрсетсе, екіншіден, мәдениет, салт-дәстүр саласындағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесі болса керек. Сонымен бірге түркі халықтарының идеологиялық өмірінің бірдей ұқсас келуі, мәселен, ғылымдағы, көркем әдебиеттегі және соның ішінде ауыз әдебиетіндегі паремиологиялық қордың бірбірімен пара – пар келуі бұл халықтардың тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындықтарын айқындайтын тілдік материал бола алады. Осыған қатысты түркі тілдерінде (қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, өзбек, түркімен, әзербайжан) кездесетін тақырыбы жағынан да тұлға жағынан да байырғы мақал-мәтелдердің тілара ортақтығын, ұқсастығын салыстыра таңдауға болады.

Түйін сөздер:халық тарихы, түркі тілдері, ортақ мақал-мәтелдер, құндылықтар, оқу процессі, тарих, этнос, ұлттық код, паремиология.

КІРІСПЕ
Ұлтымыздың қалыптасуы, ұлттық сананың бастаулары арғы түркі заманына, терең тарих қойнауына жетелейді. Сол себептен, осы түркі тілдес халықтардың туыстығы мен бірлігін айшықтайтын тарихи-мәдени ортақ жазба мұраларды бүгінгі күні бір арнада зерттепзерделеу қазіргі таңда өте өзекті. Қазіргі тарихымыз орта түркі дәуірінен кейін түркі тілдес халықтардың қалыптасу дәуірінде өз алдына жеке отау тігіп, жеке ұлт ретінде тарих сахнасына шыққаны белгілі. Сол себептен түркі халықтарына ортақ ауыз әдебиеті үлгілері мен тарихи жазба мұралар қазақ ұлтына да тиесілі болып саналады.
Түркілік мұраны зерттеудің маңызы туралы аз айтылып-жазылып жатқан жоқ. Өйткені оны зерттеп-зерделеу арқылы халық тарихын, жады мен ой-санасын, танымтүсінігін, этникалық ұқсас қауымдастықтардың белгілі бір тарихи-мәдени кеңістіктегі тұрмыс-тіршілігін, өркениетін анықтауға болады. Осылардың тағылымдық жағы да назар аударуды қажет етеді. Бұл бағыттағы ізденістер, әлі де болсын, ортақ арнасы мен шешімін күтуде.
Күні бүгінге дейінгі зерттеулерді зерделесек, олардан халықтың тарихына, тіліне, діліне, дініне, яғни еуразиялық кеңістіктегі көшіп-қонған ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпының қалыптасуына, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне деген түрлі ой-пікірлердің бар екенін пайымдаймыз. Бұрын батыс, орыс ғалымдарының еңбектері шешуші құжат, айқын дәйек ретінде қабылданып келді, қазір сол мұраларды зерттепзерделеуге әрі толықтыруға мүмкіншілік кеңінен ашылуда.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, өз алдына дербес мемлекет болғаннан бері қазақ тілін туысқан түркі тілдерімен салыстыра зерттеу, қазақ тілі тарихының тереңіне бойлау бұрынғыдан гөрі қарқын ала бастады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақ тілінің даму тарихын нақтылау мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерінің тіліне, түркілік ежелгі жазба ескерткіштер тіліне, орта ғасырдағы жазба мұралар тіліне зерттеулер жүргізіліп, ата-бабадан қалған мәдени-әдеби рухани мұраларды ұлттық құндылықтар ретінде зерттеп-зерделеуге ерекше мән берілуде. Түркі тілдес халықтардың мақалмәтелдеріндегі ұқсастықтар ең алдымен, бұл халықтардың тіл туыстығын, жақындығын, танымдық ортақтықты көрсетсе, екіншіден, мәдениет, салт-дәстүр саласындағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесі болса керек. Сонымен бірге түркі халықтарының идеологиялық өмірінің бірдей ұқсас келуі, мәселен, ғылымдағы, көркем әдебиеттегі және соның ішінде ауыз әдебиетіндегі паремиологиялық қордың бір-бірімен пара – пар келуі бұл халықтардың тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындықтарын айқындайтын тілдік материал бола алады. Осыған қатысты түркі тілдерінде (қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, өзбек, түркімен, әзербайжан) кездесетін тақырыбы жағынан да тұлға жағынан да байырғы мақал-мәтелдердің тілара ортақтығын, ұқсастығын салыстыра таңдауға болады.
Мәселен, жеті санының «молшылық, байлық, баршылық» мағынасын беретін тілдік фактілер бар. Атап айтсақ, түрік тілінде jedi ikilim dort buzak «барлық жерде» (тура мағынасында жеті түрлі ауа райы, төрт бұрыш), jedi maһаlle «бүкіл әлем, барлық жер» (тура мағынасында жеті шақырым), jedi kat «бірнеше мәрте», түркмен тілінде иуди йолуң үстүнде «бәрінің көз алдында» (тура мағынасы жеті жолдың үстінде), кабардин – балқар тілінде зети атадан бери (баяғыдан, бұрынғы заманнан (тура мағынасы жеті атадан бері), татар тілінде зиде төн уртаси йети төн уртаһи «қап-қараңғы түн» (тура мағынасында жеті түн ортасы), якут тілінде sättäbin jlturun «жетеуін де артып алдым».
Жалпы әлем халықтарының мақал-мәтелдеріндегі ортақ ойлау жүйесі «адамның саналы ғұмырының бергі кезеңде онымен біте қайнасып келе жатқан тілдің түпсаналық (подсознание) қатпарларында алуан түрлі мифтік дүниетаным қазыналары жасырынып жатқандығында болса керек» [1]. Себебі, адам санасының мифтік-танымдық қатпарларында архетиптер кез келген ұғымның қалыптасуына қатысып, таным процесіне әсер етеді.
Тіл тағдыры – ұлт тарихымен сабақтас. Халықтың салт-дәстүрі, ой –санасы, әлеуметтік жағдайы, мәдени деңгейі сол ұлттың тілінде бейнеленеді. Көп ұлттың ішіндегі түркі халықтарының тілінде де әр халықтың сана-сезімін, мәдени тұрмыс-тарихын бейнелейтін ерекше мақал-мәтелдер ұлт тілінің даму ерекшелігін және ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткішін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Түркі дүниесінің қақпалары айқара ашылып, түркі халықтары бір-бірінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін зерттей бастаған кезеңде түркі тілдеріне ортақ мақалмәтелдерді салыстыра қарастырып, ұлттық мәдени ерекшеліктерін айқындаудың, олардың семантикалық-құрылымдық табиғатын ашудың түркітану ғылымында теориялық та, практикалық та жағынан өз негізі бар деп айтуға болады.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың осы уақытқа дейін айтып келгеніндей, түркі халықтарының ықылым заманнан бері жасап келе жатқан сөз өнерінде ұқсастық басым. Соның ішінде, әсіресе, ортақ мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Түркі тілдес халықтардың мақал-мәтелдеріндегі ұқсастықтар ең алдымен, бұл халықтардың тіл туыстығын, жақындығын, танымдық ортақтықты көрсетсе, екіншіден, мәдениет, салт-дәстүр саласындағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесі болса керек.
Сонымен қатар бір халықтың паремиологиялық қорындағы мақал-мәтелдердің бәрі бірдей сол тілдің қолтумасы негізінде жасалмай, басқа тілден де үлес болып қосылып отырады. Көптеген мақал-мәтелдер жалпы түркі тілді халықтарға ортақ болғандықтан, олар сол туыстас халықтардың тілінде сақталып, бүгінгі күнге дейін өз мағынасында қолданылып келе жатыр. Мақал-мәтелдерді бір ғана тілдің асыл мұрасы деп айту қиын. Өйткені, бұлар түбі бір түркі жұртының көбінде бір мағынада қолданылады.
Паремиолог ғалымдар түркі тілдес халықтардың мақал-мәтелдерінің ұқсастығына әр түрлі жауап береді. Біреулері бұл ұқсастықты халықтың этникалық және тілдік туыстығы ретінде түсіндіреді. Екінші топ – шаруашылық, мәдени қарым-қатынас негізінде пайда болған десе, үшіншілері – тарихи тәжірибенің ортақтығымен және қоғамдық дамудың бірдей сатысындағы рухани бірліктің нәтижесі деп ұғындырады.
Сонымен бірге түркі халықтарының идеологиялық өмірінің бірдей ұқсас келуі, мәселен, ғылымдағы, көркем әдебиеттегі және соның ішінде ауыз әдебиетіндегі паремиологиялық қордың бір-бірімен пара – пар келуі бұл халықтардың тарихи даму жолындағы этностық және тілдік жақындықтарын айқындайтын тілдік материал бола алады. Осыған қатысты түркі тілдерінде (қазақ, қырғыз, татар, ұйғыр, өзбек, түркімен, әзербайжан) кездесетін тақырыбы жағынан да тұлға жағынан да байырғы мақалмәтелдердің тілара ортақтығын, ұқсастығын салыстыра таңдауға болады. Осы ретте біз мақаламызға арқау ретінде түркі тілдес халықтардағы сандарға негізделген мақалмәтелдердің ұлттық-мәдени негізін зерделеуді жөн көрдік.
Математика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққан, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте замандағы адамдардың айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен.
Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне «Сандар әлемді билейді»-, деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мәнмағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым — нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны — 13, бақытсыз саны — 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады . Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз — орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады [2]. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды.
Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады.
Қазақ тіліндегі сан есімдерді жан-жақты зерттеген ғалым Ә.Хасенов: «Түркі тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни, зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі. Екіншіден, белгілі бір құбылыстың өткен тарихын қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі формаларын зерттей отырып ашуға, тануға болады дейтін марксистік қағиданы басшылыққа алсақ, қазіргі тілдік фактілер, мәселен сандық семантикалық есімдер мен сөз тіркестері, түркі тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды»,- дейді [3,20].
Ал енді түркі тілдеріндегі Ежелгі түркі халықтары туралы айтар болсақ, түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санының сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған . Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.
Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты – шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақытты ұзақтығын өздерінің күнделікті тұрмыстарынан алған. Сондай-ақ баяғы замандарда түркі тайпалары жайлауда отырып, бірнеше түтіннен тұрған екен. Олар сол кезден-ақ санның орнына жанұя мүшелерін, ауыл санын әр үйден шыққан түтінге балаған. Сол кездегі ырым бойынша, жанұя мүшелерін қолмен санамаған, өйткені адамның шығыны болады деп түсінген. Ол кезде торғауыттар – 10 сан, қалмақтар – 40 сан, ноғайлықтар – 100 сан, қырым татарлары — 40 сан түтіннен тұрған екен. Мұндағы сан ұғымы ол кезде «мың» деген сандық ұғымды білдірген. Сонымен бірге, түркі халқы сан деген ұғымды өздерінің сөздік қорларында әртүрлі атаған. Мысалы: сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай дегендей, енді бірде жазықтықтарды — даладай, ат тебеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды — жарым, жарты деген. Сандарға негізделген мақал-мәтелдерді жан-жақты зерделей келе біздің көз жеткізгеніміз түркі тілдес халықтардың ішінде көбінесе қазақ және түркі тілдерінде сан компонентті мақал-мәтелдер көбірек кездеседі екен. Мәселен, түркі мақал-мәтелдері: Жетімге жан ашушы көп, бір үзім нан берері жоқ, Жүрегіңді пәк ұстасаң, қырық жыл дәрет алмай-ақ сайранда, Жалғыз бас қалма, жалғыз жатпа, Жүрек шишаға ұқсас:бір қираса жамалмас, Жүз қойлы атам қалғанша, құр алақан анам қалсын, Жондағы екі құстан, қолдағы бір құс артық, Үш тиындық есектің бес теңгелік қодығы болар, Үйде бір рет өлсең, түзде мың рет өл т.б. [4]. Сондай-ақ түркі тілді халықтардың ортағасырлық жұлдыздарының бірі – Махмуд Қашқари өзінің Орта Азиямен мен Қазастанға қатысты мәліметтерін теріп алып құрастырылған қысқартылған нұсқасы «Түбі бір түркі тілі» атты еңбегінде де көптеген сан компонентті мақал-мәтелдер кездеседі, мәселен, Бірін-бірін мың болур, тама-тама көл болур (Бір-бірлеп мың болар, тама-тама көл болар), Ікі қочқар башы бір әшәчта бышмас (Екі қошқардың басы бір қазанда піспес (қайнамас), Иалңус қаз өтмәс (Жалғыз қаздың үні шықпас), Бір түлку терісін ікілә соймас (Бір түлкінің терісін екі мәрте соймас), Сачратғудың қорқмыш қуш, қырқ йыл азры иығач узә қонмас (Атпатұзақтан (бір мәрте) қорыққан құс қырық жылға дейін аша ағашқа қонбас), Йеті башлық – иіл бөкә (Жеті басты – жалмауыз) [5].

ҚОРТЫНДЫ
Қортындылай келе, сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқутәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады және өскелең ұрпақтың азаматтығы мен отаншылдықты, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді. Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, ұлттық құндылықтарының негізі осы халық ауыз әдебиетінен яғни атадан балаға мирас болып ықылым заманнан бері келе жатқан сөз мәйегі мақал-мәтелдер деп санаймыз. Осы құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы болуымен қатар әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізі ғасырлар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен моралдық тұрғысындағы ұрпақтанұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір — салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сол сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп тәрбие мәселесінде пайдалану бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік деп білеміз және түркі дүниесінің қақпалары айқара ашылып, түркі халықтары бір-бірінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін зерттей бастаған кезеңде түркі тілдеріне ортақ мақалмәтелдерді салыстыра қарастырып, ұлттық мәдени ерекшеліктерін айқындай отыра, олардың семантикалық-құрылымдық табиғатын ашып және өскелең ұрпақ санасына түркілік руханият жалғастығын сіңірсек, түбі бір түркіліктің құндылықтарын паш етіп, түркітілдес халықтар үшін өткеніне үңіліп, төл тарихына терең зер салатын, мыңдаған жылдық туыстық жақындықты қайта жаңғыртып, түркі елдерінің рухани дәстүрлеріне негізделген ортақ түркілік құндылықтар жүйесін, ортақ мағлұматтар мен деректер қорын қалыптастырар едік.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Егеменді Қазақстан №184 (29165) 26.09.
2 Қасымова С.К. Дүниенің паремиологиялық бейнесінің сандық коды –Көкшетау, 2013.-188 б.
3 Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар:Канд.дисс. –Алматы, 2001.-416 б.]. Хасенов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. -Алматы. 1959, -20-б.
4 Әлімбаев М. Түркі халқының мақал-мәтелдері.- Алматы : «Өнер» баспасы, 2007. -152 б.
5 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы.1993,-192 б.

G.Sagidolda1, S.K. Kassymova2, S.Zh.Zhuanyshpaeva3
National code of ethnodidactic picture of the world of türks
1Professor L.N. Gumilyev Eurasian NationalUniversity,
Astana, Kazakhstan
2Kokshetau technical institute of CES MIA of the Republic of Kazakhstan,
Kokshetau, Kokshetau,
3University named after M. Kozybaev,
Petropavlovsk, Kazakhstan In this article, the similarity of the ideological life of the Turkic peoples, including the paramilitary fundamentals of oral literature, can be a linguistic material that defines ethnic and linguistic attitudes towards the historical development of these peoples, and in this regard, in the subject of the Turkish language, The common dilemma of indigenous paretoes is compared with the similarity.

Г.Сагидолда1 , С.К. Касымова2 , С.Ж. Жуанышпаева3
Национальный код этнодидактической картины мира тюрков
1 Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева,
г. Астана. Республика Казақстан
2 Кокшетауский технический институт КЧС МВД Республики Казахстан,
г.Көкшетау, Республика Казакстан
3Северо-Казахстанский государственный университет им. М.Козыбаева,
г.Петропавловск, Республика Казакстан В данной статье исследованы сходства идеологической жизни туркских народов, в том числе сходство их паремиологического фонда устной народной литературы, которыми может являтся языковым материалом при изучении этнических путей развития истории народов как сближение, сравнение языков и общностью тем в древних паремии.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *