ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫН ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДА
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Г.Ә. Сағынаева1, М.И. Оразханова2
1Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Павлодар қ. 2Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, ф.ғ.к., Павлодар қ.

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫН ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДА
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ


Мақалада жоғары оқу орнында поэзияны оқыту барысындағы тәжірибелік сабақтарда қолданылатын тиімді әдістер сөз болады. Авторлар еліміздегі Назарбаев университеті мен Кембридж универсиетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ынтымақтастық оқу тәсілдерін де негізге алады. Шағын топтардағы жұмыстар мен жұптық жұмытарға мысалдар келтіріледі. Поэзияны оқытуда әрі тәжірибешілік сабақтарда тиімді деген әдістер сипатталынып,талданады.

Кілтті сөздер: тәжірибешілік сабақ, әдіс, тәсіл, поэзия,топтық жұмыс, жұптық жұмыс.

Жоғары оқу орнында белсенді қолданылатын сабақ формасының бірі – семинар немесе практикалық сабақ. Латын тілінен аударғанда «семинар» сөзі тұқымнан өсіріп отырғызылатын көшет деген мағынада жұмсалған [1]. Егер білім беру үдерісінде лекция сабақтарындағы идеяларды тұқым беретін көшет ретінде семинар сабақтарында қондырар болса, жалпы бұл сөздің мағынасы бастапқысынан алшақтамаған деп түсінуге болады. Семинар сабақтар лекция сабақпен қатар жүре отырып, оқу материалының мазмұнын жан-жақты игеруге, студенттердің алған білімдерін өз тәжірибесінде қолдануына мүмкіндік жасайтын сабақ формасының бірі.
Бүгінгі білім беру жүйесінде білім алушының дербестігін, белсенділігін, өзіндік дамуға бағыттылығын қалыптастыру көп сөз болып жүр. Білімді тәжірибе үдерісінде қабылдау маңызды болуы себепті, бүгінде оқытудың топтық, ұжымдық нұсқасы тиімділік танытуда және насихатталуда. Қазақтың даналығында: «Көп болып көтерген жүк жеңіл» дейді. Ендеше, жұптық /топтық/ ұжымдық оқыту арқылы білім алу аса маңызды. Бұл туралы ғалымдардың пікірі көп. Ж.Пиаже, Д.Дьюи еңбектерінде ұжымдық жұмыс тиімділігі көрініс тапқан. Д.Дьюидің тәжірибесін сараптаған С.Фишман: «Керемет ойдың пайда болуы интеллектуалды дамудың көрсеткіші болды. Білім алушы өзіндік ойын құрып, сол ойды құрғаны үшін өзін жақсы сезінетіндей орта құру педагогиканың негізі болып табылды» дейді [2, 13].
Тәжірибешілік сабақтарды жүргізудің дәстүрлі түрлерінің тиімсіздігі айқындала түсуде.
Атап айтар болсақ, дәстүрлі оқыту жүйесінің мынадай тиімсіз жақтары байқалады:
• белгілі тақырып төңірегінде студенттерге ортақ тапсырмалар берілуі;
• семинар тапсырмаларын қабылдау формасы баяндама, реферат, мәлімдеме түрінде ғана болуы;
• көбіне оқытушының жеке студентпен ғана жұмыс жүргізуі;
• топтың басқа мүшелерінің белсенді болмауы;
• қарастырылатын мәселе төңірегінде сұрақтардың бір бағытты болуы (тек баяндамашыға бағытталуы)
• тапсырмаларды механикалық есте сақтау мен қайталау басым болуы т.б.
Оқытудың жаңа технологиялары оқытудың ынтымақтастық үлгісін ұсынады. Студенттер өз іс-әрекеттерін ортақ жоспарлай отырып, оқу үдерісінің әр қадамында пікір алмасады. Бірлесе жұмыс жасау арқылы ортақ келісімге келеді. Бірін-бірі толықтырады, жаңа ақпараттарды өңдейді және ортақ қорытынды жасайды, ынтымақтастықта жаңа нәтижелерге қол жеткізеді. Ынтымақтастықта оқыту топ жұмысының әлеуметтік, танымдық, эмоционалдық жағын қамтамасыз етеді. Оқытудің бұл үлгісін ұйымдастыру үшін топтық оқыту әдістемесін меңгеру аса маңызды. Жұптық оқыту, шағын және үлкен топтардағы жұмыс талаптарын қадағалау тікелей оқытушының көмегімен жүргізіледі. Бұл бірнеше қадамдық жұмыс үдерісін құрайды. Атап айтқанда: оқу-жұмыс тобын құру, оқу мазмұнын жоспарлау, оқу-танымдық жұмысты жүзеге асыру, топ жұмысының нәтижесін қорытындылау және бағалау әрекеттерінен құралады.
Қазақстан Республикасы педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасында (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бастамасымен Назарбаев университеті мен Кембридж универсиетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген) [2] педагогикадағы ынтымақтастық оқу тәсілдері сараланған. Бағдарламада білім алушының әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетілетінін, зияткерлік жаттығу кезінде ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғатынын, қатысушылар топтық әр мүшесінің көзқарасымен танысу арқылы тынымдық деңгейде жетіле түсетінін, оқудың ынтымақтастық ортасында олардың әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түсетінін, білім алушының мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құра бастайтынын, осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға сын көзімен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік болатынын атап көрсетеді [3, 46].
Топтық жұмысқа ұсынылатын тапсырмалардың мәні зор. Жұптық жұмыстарға шағын кестелер мен салыстырма материалдарды, ұсынған тиімді. Мысалы, екі өлең мәтінін ұсына отырып, мәтіндегі идеялық, тақырыптық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды саралатуға болады. Өлең мәтініндегі көркемдік тәсілдердің қолданысын талдатуды да жұптық жұмыс тапсырмасына ұсынуға болады.

Кеcте 1 – Жұптық жұмыстарға салыстырма кесте

Жаз кеші… (Н.Оразалин) Қаңтардың келуі (Е.Раушанов)
Жаз кеші…таудың етегі…
Беткейдің бәрі шалғын мол. Қыр жақтан дауыс жетеді,
Созылып өрге тарғыл жол. Ысқырығы ысқырып,
Ыспа қара бұлт мініп,
Желтоқсан мен қараша Жетегінде жұп құрып,
1 2
Сыбызғы кештер… Бала күн… Келеді қайдан құлаққа.
Желіндей қара даланың
Сыңсиды бір саз жырақта.

Күбірлеп ойдың құрағы,
Сұңқ етіп байғыз жылайды,Қытықтап үні жыраны,
Еңіске бұлақ құлайды.

Көктегі айдың көзі – мұң, Қиығын маған бұрғандай.
Алай да дүлей сезімім, Қатты келген қаңтар еді,
Бұ да кетті жөніне,
Әр тұсқа аппақ күрке тіктіріп. Есін жиды міскін бақ, Қар жауып тұр ұшқындап.
Осы екен ғой, тәйірі,
«Осал болса қыс – бұлғақ».
Қойды ырғалып қарағай «Қаңтардың күні қарға адым» деп мысқылдап. Шалыс мінез тарпаң ай, Күледі ол да шалқалай.
…Шаққа тұрған жаның бар екен,
Таққа міну не теңің еді, қаңтар-ай?.. [5,
Жұлмалап мені тұрғандай.

Жаз кеші…таудың етегі…
Беткейдің бәрі шалғын мол.
Диірменнің үні жетеді,
Бұлғайды қолын тарғыл жол. [4, 35 I том] 133]


Кеcте 2 – Жұптық жұмыстарға шағын кесте

Көркемдік қолданысындағы жаңа үлгілер тәсілдер Көркемдік тәсіл қолданысындағы
дәстүрлі үлгілер



«Тыңдап отырған үштік», «3-қадамдық сұхбат», «Жұптық әңгіме», «Ойлан –Жұптас – Бөліс» әдістерін де жұптық немесе үш адамнан құралған шағын топтарда қолдануға болады.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі бойынша студенттер үш-үштен жұптасады да, өзара «шешен», «тілші», «хатшы» рөлдерін алады. Шешен рөліндегі студент тілшінің сұрақтарына жауап берсе, хатшы сұрақ пен жауаптың ұтымды не әлсіз тұстарын жазып отырады да, соңында қорытынды жасайды. Бұл әдістің тиімділігінің бір қыры, аз уақытта көп мәлімет алуында болса, екіншіден, студент талданатын мәселеге сұрақ даярлау барысында тереңірек ойланады әрі сұрақ қою мен жауап беру дағдылары қалыптасады.
«Үш қадамдық сұхбат» әдісінде төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөлеміз: А және Ә, Б және В. Бірінші қадамда А Ә-ден, ал Б В-дан сұхбат алады. Екінші қадам бойынша керісінше Ә А-дан, ал В Б-дан сұхбат алады. Үшінші қадамда әр студент өз жұбынан алған ақпарат бойынша төрт адамдық топ ішінде бөліседі.
«Жұптық әңгімені» де сұрақ-жауапқа негіздей отырып жүргіземіз. Басты мақсат студенттер өздері сұрақ даярлай отырып, оған топтың басқа мүшесінің ой-пікірін анықтайды. Алған мәліметті топта талқылайды.
Аталған топтық жұмыс әдістемесінің бәрінде дерлік сұрақ-жауап әдісі белсенді қолданылады. Сұрақ-жауап бүгінгі білім беру саласында да белсенді әрі ең тиімді әдіс болып саналады. «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты еңбекте автор білім беру ұғымына қатысты қызықты аңызды мысал етеді: «…Сократ өз шәкірттерін үйретпеген, оның орнына оларға тек сұрақтар ғана қойып отырған (атақты майевтика тәсілі). Оның сұрақтарына жауап бере отырып, шәкірттері өз бойларында әу бастан қалыптасқан, бірақ ұмыт болып қалған білімді есіне түсіріп, бастарынан «суырып» алғандай болған. Бірде тіпті Сократ сұрақ қою арқылы қолөнер шеберінің сауатсыз, хат танымайтын 12-13 жасар көмекшісінің өздігімен Фалестің теоремасын («теңбүйірлі үшбұрыштың табанының бұрыштары бірдей болады») құрастыруына себепкер болған» [6, 13].
Олай болса, сұрақ қоя білу үлкен ғылымға жолашар, өнер деген ойға тұрақтаймыз. «Сұрақ қоя білу өнері сұрақты емес, сұрақтар жүйесі ретінде өзіңді таба білуден басталады.
Ал бұл жерде адамның тынысы неғұрлым кең болса, табар олжасы да мол әрі жарқын болады. Сұрақ қандай болса, білім алушы да сондай. Сыңаржақ сұрақтарға сана мен көңілге ұяламайтын сыңаржақ жауап аламыз» – деген ұтымды ой білдіреді әдіскер-ғалым И.Н.Ильин
[7, 228].
Шағын және үлкен топтарда «уақыт шеңбері», «джиксо» (мазайка), «ақылдының алты қалпағы», «сұрақтар шеңбері», «ыстық орындық» әдістерін қолданып қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесінен талқылау жүргізуге болады.
«Қазақ поэзиясының қалыптасуы мен даму кезеңдеріне» немесе «Жыраулық дәстүрге» қатысты методологиялық карта түзудің де маңызы бөлек. Бұл тапсырма бойынша студенттер өздігінен ізденеді. Метологиялық карта түзу үшін әдебиеттерден мәліметтер жинайды. Нәтижесінде жинақтаған мәліметтерін кестеге түсіреді.

Кеcте 3 – «Дәстүр жалғастығы» ұғымына жасалатын методологиялық карта.

Жыраулық дәстүр өкілдері Шығармалары Қазіргі өкілдері поэзия Шығармалары Дәстүр жалғастығы белгілері


Топтық және ынтымақтастық оқытуда кері байланыс пен бағалаудың рөлі зор. Кері байланысты шағын эссе, бестаған өлең немесе «екі жұлдыз, бір тілек» түрінде қабылдауға болады.
Тұжырымдап айтқанда, оқытудың белсенді формалары студенттердің тек тыңдарман рөлі шеңберінде қалып қоймай, белсенді білім алушы рөліне көтерілуін көздейді. Сондықтан лекция сабақтары мен семинарларда, өзіндік жұмыс кезеңінде студенттердің өзара ой бөлісе отырып шығармашылықпен ізденуін қамтамасыз етеді. Студенттердің шығармашылық белсенділігі мен кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жіті ойластырылған оқу үдерісі нәтижесінде жүзеге асырылады. Ынтымақтастықта оқу әдістері, оңтайлы, ұтымды, өнімді, амал-әрекеттер мен тәсілдер екенін есте тұтқан абзал.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Исаева З.А. Формиравание исследовательской культуры выпускника университета как педагогическая проблема // Формитование личности учителя: межвузовский сборник научних трудов. – Москва: Прометей, 1994. – С.85-97.
2 Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы /Тренерге арналған нұсқаулық/. – Алматы: ПШО, 2015. – 13 б.
3 Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби білім беру Бағдарламасы /Cтудентке арналған нұсқаулық/. – Алматы: ПШО, 2015. – 46 б.
4 Оразалин Н. Үш томдық таңдамалы туындылар. Т.1. – Алматы: Жазушы, 2006. – 368 б. 5 Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан. – Алматы: Раритет, 2006. – 384 б.
6 Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. – Алматы, 2009. – 328 б.
7 Педагогикалық ізденіс /Е.Н.Ильин. Тіл табыса білу өнері/. – Алматы: Рауан, 1990. – 574 б.
Есть много возможностей разнообразно эффективными методами обучения казахской поэзии провести практические занятия в высшей школе. На основе анализа лежат новые методы, которые внедряются в педагогику нашей страны в целом. Они обеспечивают творческий подход студента в процессе самостоятельной работы

There are many opportunities for variously effective methods of teaching Kazakh poetry to conduct practical classes in higher education. Based on the analysis, new methods lie that are being introduced into the pedagogy of our country as a whole. They provide the creative approach of the student in the process of independent work

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *