СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ САЯСИ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ТОЛҒАУЛАРЫ

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ САЯСИ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ТОЛҒАУЛАРЫ

Р.Б.Əбсаттаров –Р ҒА корр.-м%шесі, филос.ғ.д., Абай атындағы аз ПУ-ні саясаттану жəне əлеуметтік-философиялы!пəндер кафедасыны ме герушісі,
Т.Ж.Қалдыбаева– ə.ғ.д.,Абай атындағы аз ПУ-ні саясаттану жəне əлеуметтік-философиялы! пəндер кафедасыны профессоры

Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!

Осы бір айтылған ой оның авторының еліне деген шексіз сүйіспеншілігін, үлкен жүректі азаматтықты, отаныма барынша пайдам тисе екен деген кіршіксіз патриоттықты, оған қол жеткізу үшін өмір бəйтерегіне өрмелеп шықпай болмайтындығын жете түсінгендікті, асыл азаматтың ең жоғарғы арманын бейнелеп беріп тұр. Оның мəні Абайдың «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта, бар, қалан!» мəнімен пара-пар жəне ол Сұлтанмахмұттың өзінің тұлғалық қасиетін дəл басып бейнелейді. Білім мен тəрбие ғылымында«əлеуметтендіру» деген ұғым бар. Ол биологиялық құбылыс болып өмірге келген əрбір баланың тəрбие, білім алу арқылы əлеуметтік тұлғаға айналуы үдерісін бейнелейді. Қаншама ілім мен тұжырым жазылып,айтылғын оның төңірегінде. Бірақ Абай мен Сұлтанмахмұттай əлеуметтендірудің мəнін тап басып айтқан ғалымды кездестіре қоймайсыз. Ал екі ұлының тұжырымына қайта оралсақ, біріншісі жалпы өскелең жас ұрпаққа арналып айылса, екіншісі əр тұлғаның өзінің ішкі адами құбылысы мен əлеуметік мəнін ашып, жайып салды. Елі, халқы азаматының өмірінің мəнін алақанға салғандай етіп түсіндіріп тұр. Бұл ойды философиялық, саясаттанулық, əлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық, əлеуметтік антрополо-гиялық десек те болады.
Өзінің барлы-жоқты 27 жасында ұзақ өмір сүрген ғұлама ғалымға теңмұра қалдырған Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда (ескіше 15 қазан) Солтүстік Қазақстан облысының Ш.Уалиханов ауданында дүниеге келді. Оған əкесі Əубəкір баланың төртінші атасы болып табылатын Торайғыр фамилиясын берді. Сұлтанмахмұттың өзінен кейінгі інісі Байқоңыр (Бəшен) туғаннан кейін көп ұзамай анасы Зүлпен қайтыс болды. Балалар тəрбиесіне əжесі Монтай зор үлес қосты.
Əкесі Əубəкір(1856-1930), кейін «Шоқпыт» деп атанып кеткен адам, 1896-1897 жылдары балаларын алып ата қонысы Баянауылға көшіп келді. Үйленді. Балаларының хат танып, оқуға ынталы болуына əкесінің өзі ат салысып, бірінші қолдаушысы болды. Əліппені үйінде үйренген соң молдалар сабағын алды. Оқығаннын жатқа айтып, зеректік танытты, алайда ескі кітаптарды қайталап оқи беру оның көңілінен шыға қоймады, басқаша білім алсам деген көңілі алаң болды. Лепес молданың өзі өлең жазып жүретін жəне ол Сұлтанмахмұттың қабілетін байқап ақындыққа бағдарлайды.Молдалардың бірі оның оның өлеңмен əуестігін айыпқа санаса, енді бірі, керісінше, оның шығармашылық ісін құптап, одан əрі оқуға кеңес береді. Ұстаздары кеңесімен ол Троицк қаласына барып, медреседе дəріс алады. Қаладағы қоғамдық ұйымдардың ұйымдастырған мəдени, саяси шараларының ішінде болып, көріп-білуі, өзінің де қатынасуы оның өмірге қатынасына, көзқарасына өз ықпалын тигізді. Көкірегі ояу, ізденісі өрісті жігіт «Айқап» журналының редакциясында болып, оның төңірегіндегі азаматтарды да танып біле бастайды. Оның шығармашылық талабының ұштала түсуімен қатар мен қоғамдық қатынастарға қызығушылығы оянды, əлеуметтік еңсесі көтеріліп, алдағы арманы айқындала түсті. «Қазақ» газетінде де оның алғашқы мақалалары жарық көре бастады. Өкінішке орай, оның таудай талабы мен жойқын шығармашылық ағынының алдын ораған кесел де осы уақытта бас көтерді. Ол – өкпе ауруының біліне бастауы. Оған қоса, ашқан қадамын алға бастырмай, жан-дүниесін шырмаған, қолын байлап-матаған кедейшілік тағы бар.
Қаржы табу үшін қазақ ауылдарына бала оқытуға шығып тұруға тура келетін.Оның үстіне дарынды жəне талантты адамдарға тəн оның өзіндік мінезі, қайсарлығы мен алған бетінен қайтпайтыны, шыншылдығы мен əділетті сүйетіндігі, тік мінез, турашылдығы күнкөріс үшін, қолайлы тіршілік ахуалын тудыру мақсатында ешкімнің алдына тізе бүкірмеді, мен-менсіген қамқоршыларға жақындатпады. Оның сыншыл көзқарасы алғашқы қазақ баспаларында қызмет атқарған уақытында да оның кейбір ықпалды тұлғалары тарапынан қолдау таппады. 1814 жылы ол туған өлкесіне қайта оралып, қоғамдық істермен жəне бала оқыту ісімен айналысты. Өмірінің біразын Баянауыл – Семей-Катонқарағай өңірінде өткізді, жастығы мен шығармашылығы, кедейшілігі мен еңбек ақы табу тіршілігі, ізденісі мен қиналыстары араласып жатты. Айықпас науқас та оның соңынан қалмай, жағаласып, арманға созған қолын кедейшілік те қақпайлап, асау талабының жолын кесе берді. Бірақ тоқтата алмады. Сол кездегі билік пен білім, қала тіршілігі мен білімнің, ғылымның орыс тілілімен тығыз байланысты болуынан болса керек, ол орыс тілін жеттік меңгеруге соншама құмартты. Осы мақсат оны Томск қаласына да алып келді. Осында жүріп 1917 жылғы Патша өкіметін құлатқан ақпан революциясы туралы хабарды естіді. Барынша қуанды. «Қараңғылық тұманы сейіліп, ел өмірі тұтастай өзгеріске түскен заманда халқыммен бірге боламын» деп Семей қаласына қайта оралды. Семейде құрылған облыстық қырғыз (қазақ) комитетінің кіші хатшысы қызметін біраз уақыт атқарды. Орынбор қаласында 1917 жылы «Алаш» партиясының құрылғанынан, оның бүкілқазақстандық съезі өткенінен, қабылданған Ұлттық автономия құру туралы бағдарламадан жан-жақты хабардар болды. Мерейі артып, шығармашылық шабыты тасыды. Оның қуанышынан жаңа жəне əлеуметтіксаяси сипаттағы өлеңдер, поэмалар туындады.
Сұлтанмахмұт көзі тірісінде қазақтың бірқатар зиялыларымен (Қаныш Сатпаев, Мұхтар Əуезов, тб.) таныс болды, араласты. Олар да оның шығармашылығын жоғары бағалап,қол-қабістерін тигізген, денсаулығын түзеуіне, таза ауада, қымыз ішіп емделуіне де ықпалдары болған. Мұндай адамдардың арабайланысының өзі ерекше, ең алдымен шығармашылық қыры ерекшеленіп тұратыны белгілі. Жас ақын өз өмірінің əрбір сəтін өлең жазуға, шығармашылық сұранысын, қайнар көзден ағылған ойын қағазға үсіруге пайдаланды. Асықты. Науқасының сырын білгендіктен сүюденден, сүйіктісімен қосылудан да бас тартты. Жан-дүниесінің зарын, азабын тартты. Қоғамдық өмір өзгерістеріне қуанып, өлеңімен үн қосты. Саяси өзгерістерден əділдік, бостандық, білім мен ғылым күтті, əлеуметтік теңдік күтті, арманының орындалар шағын тосты. Ол белгілі бір дəрежеде К.Маркстің, В.Лениннің еңбектерімен таныс болды, социализм идеясынан халықты теңдікке жеткізер қуатты күшті көрді, оны жырына қосты. Оның іске асуына өзінің тікелей ат салысқысы келді. Еліне қызмет етудің бір жолы ретінде кезінде «Шоң серіктігі» деген атпен қоғамдық ұйым (1914) құрмақ болып əрекет жасаған болатын. Осындай ниетінен, өз жолымен елінің саяси-əлеуметтік дамуына үлес қосу ойынан ол көз жұмылғанша қайтқан жоқ. Тек денсаулығы ондай мүмкіндік бермеді.
Торайғыров Сұлтанмахмұтшығармалары мəні мен мағнасы жағынан көпжанрлы деуге болады. Онан сіз табиғат, махаббат лирикасымен қатар терең əлеуметтік, саяси, əлеуметтік-саяси, философиялық шығармашылықты – поэмалар мен романдарды табасыз. Бастысы, біздің пікірімізше, ақын шығармашылығындағы саяси жəне əлеуметтік ойлардың басымдығы. Осы ерекшелік оны зор қоғамдық тұлға етті. Ол – қазақ даласының көрнекті саяси қайраткері жəне ойшылы. Оның бірқатар белгілі қоғам қайраткерлерінен басты айырмашылығы – оның ойының, көзқарасының жəне ісінің оның ақындық жəне жазушылық шығармашылығында бейнеленуінде. Ол халқын өз шығармаларымен бостанық, еркіндік, теңдік, əділдік үшін күреске шақырды, алашын (əлеуметін) өлеңімен көтерді, жұмылдырды, бағдарлап бағыттады. Оның əрбір шығармасынан еліне деген сүйіспешілігі мен шексіз ұлтжандылығының (патриотизмінің) исі аңқып тұр. Əттең, өмір! 1920 жылы 21 мамырда, барды жоғы жиырма жеті-ақ жасында, ақын Баянауыл ауданында (Павлодар облысы) дүниеден өтті. Өмірдің қысқалығы да оның өнер мен өнегеге, ізденіс пен шабытқа, философиялық-əлеуметтік ой кернеген тұлғасынатосқауыл бола алмады.
ара ғылы!ты к0гіне, к%н болмағанда кім болам? МAздаған елді ж%регін, жылытуға мен кірермін…, ыздырып к%нні !арауы, наданды! те ізі тартылар, Орны ортайып к0герер, !ызығын жайлап ел к0рер*1
деп «Шəкірт ойы» өлеңінде жазылғанындай, осындай ой мен əлеуметтік сезім қазіргі əрбір ел азаматының жүрегінен орын тепсе, бұл зор қоғамдық бақыт емес пе?! Ақынның ойы да, өмірі де қазіргі ұрпақ үшін, ел азаматтар үшін үлкен сабақ, тағлым, əлеуметтік бағдар.
Сұлтанмахмұттың өз уақытындағы əлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайды талдап көрсетуге арналған шығармасының бірі – «Кім жазықты?» романы. Ой өзегіне арқау болған қоғамдық құбылыстар – байлық пен кедейлік, билік пен бағыныштылық, теңсіздік пен өктемдік, күні өткен көне дəстүр мен оның кесірінен тағдыры тəлкекке түскен жандар, бəсеке мен бақталастық, маххабат пен қиянат, табиғаттың қатал мəнезіне қарсы қамдануды ойламайтын қазақ қауымдастықтарының экономикалық күйзелісі, бодандық пен надандық…Ақын ойы мен көзқарасының мəні мен мағнасын түсінуге, саралауға мүмкіндік беретін, ол – ақын біздерге мұра етіп қалдырған шығармасы мəтіні. Автордың өз ойын өз қолымен жазып қалдырған құнды мұрасы. Оның жазғандары сол уақыттың əлеуметтік-тарихи жəне саяси-экономикалық шындығынан туындаған. Шынайылықтың ақындық ойда бейнеленуі жəне көкірегі ояу, əлеуметтік сезімталдығы жоғары тұлғаның көңіле салып, түйгенінің нəтижесі. Ғылым үшін баға жетпес уақыт шындығы.
Романда өзіне назар аудартпай қоймайтын құндылықтың бірі – қазақ даласының табиғатының байлығы, əсемдігін жəне қазақ əлеуметінің өзіне тəн арабайланыстары мен басқа қоғамдардан ерекше етіп тұрған адами қатынастардың əлеуметтік қырларының терең сезімділікпен бейнеленіп көрсетілгені. Оған дəлел ретінде төмендегідей үзінділер келтірейік:
н салды та ды ма!тап сансыз торғай, бас иіп, бəйек болып, жерге !онбай.
Най!алып та желіне тербетілді, к0к майса к0зі ілініп тAрған сондай… К0лбе деп к0кке !арай суды буы, айнадай анандайдан к0лді суы,
К%й билеп суда тAрған барлы! !амыс, əн салды домбырамен !Aсты шуы;
Ы ыранып !ой !отанда та ды к0ріп, к%н шы!са жайылыс!а кетпек 0ріп. Т0беттер %й алдына жа а жатты, т%н бойы !ой к%зеткен, Aй!ы б0ліп.*2

Жайлауға кеше !онған Тасболат бай, дарыған !ыдыр оған, дəулеті сай, А! орда сегіз !анат тігіп тастап, жат!аны !ор-!ор Aй!тап к0 ілі жай. Бей!исап ол жайлауда жерді ш0бі, к0рінбес кірсе ішінен малды 0зі,
Айдын к0л айналасы, ат шаршарлы!, к0ркейтіп к0зді жауын жерді 0 і.
…С%т тAрды сауған сайын малдан ағып, ешкім жо! азаптанған оны бағып.
«Ет, ет» деп, !ымыз ішіп, к0пірісіп, !аза!тар тек ж%рмекте сандал !ылып.
Тасболат жAрттан ас!ан малды кісі, сол %шін 0з табыны алды ғысы, «Болсада аузы !исы!, бай с0йлесін», дегендей о ға бас!ан əрбір ісі. …Iйінен к%ндіз-т%ні ат кетпеген, !она!!а, мырзалы!!а жан жепеген, аза! тAрсын, «начальник»,«т0релерде», !ағысып, «пожалуте» етпеттеген. Саудагер ж%рген-тAрған, !ожа молда, жем %шін, тAрымтайдай !онып !олға, аза!ша барып тAрған жуан тA!ым, %кімі ж%ріп тAрды о мен солға*3
Ақын əңгіме еткен саяси-əлеуметтік уақиға дəл осы Тасболат байдың іс-əрекетімен, қоғамдық ортадағы ұстанымы, түсінігімен байланысты өрбіген.Ол 15 жыл болыс болған, Меккеге де барған, көрмеген қызығы жоқ адам. Бірақ биліктен кеткісі, айрылғысы жоқ. Келесі болыс сайлауына қатынасуға орысшасы мен білімі талапқа сай келмей, көңілі қаламаса да, еріксіз ағасы Жақыптың білім алған ұлы Байболды сайлаттырды.Байбол билікке қызықпаған, керісінше білімін тереңдетуді қалаған жігіт, бірақ амалсыздан айналасының айтқанымен жүруге мəжбүр.Өз баласы Əжібай əлі жас болды əрі «Бай кісі бала оқытып пайда таба ма?» деген байлар салтынша оны оқытуға да бай əкенің құлқы болмаған. Билік үшін ұлды оқыту ойы болды, оқуға берді. Бірақ Жақып ағасының қайтыс болуымен байланысты оның жесір қалған əйелін не істемек? Ерке өскен, шолжаң, бірақ талаптан сырт қалмаған жас баланы əкесі оқытпай, ауылға қайтарды. Оның өзі жасы жағынан əлдеқайда үлкен, оқымаған қызға, Алтайды қоныс қылған бай Жұмағұлдың салдыр-салақ Жəмиласына атастырылып қойылған еді. Оның сыртында қайтыс болған ағасының атастырып қойған қызы да осының жесірі болып шықты. Дəстүрді бұзбас үшін Əжібайға Жанғабыл бидің жалғыз қызы Жаңылға да үйлену қажет болды. Алатын, неге десе жесірі бар, !аза!ты жесір деген кесірі бар, «Бар болса əме гері жесір кетпес» дейтAғын ескі ғAрып-кесімі бар…. Сымбатты !ара торы, орта бойлы, кеудесі жылдам сезгіш, ж%йрік ойлы, Осындай, əтте д%ние, зеректігін, о!ытпай наданды!!а байлап !ойды…. Бала айтты: «Алмаймын да, бармаймын» деп, кесі айтты:» барасы тая!ты жеп, ажы бардым, са!алды басым мынау, бата бAзған не сAмды!, сен с0йтті деп».
Берді деп ойлайсы ба малды бос!а, 0зіме тумай туған а!ыма!, шош!а Тілімді əлден мені !айтарасы , айтайын не бетімді дос пен !ас!а?
Ел айтты: «бізде тAрмыз намыстанып, кетеді елге %лгі боп мAндай !алып,
С%ймесе бір !атынды тағы аларсы , əйтеуір, осы ауылға келсейші алып»*4
Ата-ана мен қоршаған орта қарғысына қалмайын деп, Əжібай, еркінен тыс екі қызды да аулына келін етіп түсіріп берді. Бірақ отбасы бақытынан тысқары қалды. Көңілі ұнатып, жүрегі қаламаған қыздармен үйлесіп, үй бола алмады.Екі қыздың да əйелдік, тұрмыстық бейшаралығы басталды. Жабырқаған көңілдер мен ашылмаған қабақтар, кезі келгенде еркегінің таяғына жығылып, ұрыс-керістен көз ашылмайтын күдер мен айлар өтіп жатты. Əлі 18-ге толмаған Əжібайды əкесі əйелдерінің отауына күштеп кіргізетін сəттері де аз болмады. Екі əйел бір-бір балалы болды, бірақ бұл да отбасы үйлестігін бермеді. Екі əйел өз ашуларын балаларынан алды, ұрды, соқты, ұрысудан күн көрінбеді.
Тасболат бай күйеуі дүние салғаннан бері орнын қиып кете алмай жүргенімен, нəпсісін тежеу қиын іске айналғанағасының жесірін де енді Əжібайға тықпалай бастады. Жесіріңді бөтен жайға жіберме деп ақыл айтты.
Жəмилə келіншек болып т%скен к%ннен, жібай ма айынан алыс ж%рген, Онда да Тасболаттты т%рткісімен, жылына %ш-т0рт барып, 0мір с%рген. жібайдан Жа ылды да %лкен жасы, на! разы болып келмеген оны басы. Баласы жас болған со іші сенбей, ж%р еді !ысып Aстап !айын анасы….
«МAны да ал!-деп айтты жібайға, жіберме жесірі ді б0тен жайға, Алмаса , балам, сені ісі тентек, аға ны аруағымен бір !Aдайға. жібай деді: «Отырма оттап, %ріп! а!пасым, ж%рген жері бəрі б%лік!
Алма! т%гілі тастаймын екеуін де! Деді де кетіп !алды ат!а мініп…. жібайды к0нбесіне к0зі жетті, кетем деген жесірді енді нетті? Ағайыны Тасболатты Сады! деген, зорлы!пен соған !осып, е іретті*5
Əжібайдың əкесіне қарсы келіп, тілін алмай, үйден кетуі ешқандай таңданарлығы жоқ, жағдайдың өзі тудырған заңды құбылыс деп түюге болар. Ешбір өзіндігі қалмаған, айбынды, каһарлы əкенің ашса алақанында, жұмса жұдырығындағы бір жансыз зат, ойын ойнауға болатын қуыршағы сияқты. Оның жандүниесімен, ішкі сезімімен, ой-піікірімен санасып жатқан адам жоқ.Жанашыр болар жан əке өз байлығы мүддесі мен «абыройының» құлы, адам тағдарын тəлкек еткен дəстүрдің сенімді алыпбарушысы. Оны қауымдастық ортасы да қолдап шықты, қатып қалған ескі дəстүрдің бұзылуынан қорқады.Нəтижесінде қаншама жас пен тағдыр бақытсыздыққа ұрынды, адамдар арасындаадам тіршілігіне ұқсамайтынтірші-лік кешуге мəжбүр. Қолда бар байлық та адамның жан-дүниесі күйзелген жағдайда өз мəнінен айрылады. Қаншама бүркелегенмен шырқыраған жандар айқайы естілмей тұрмайды, көрінбей қоймайды.
Осылайша қазіргі уақыт өлшемімен кəмелетке енді жеткен, бірақ əйел затының ортасында болып, ер жігіттік қылықты халықтық жолмен ерте танып, əйел затына деген қатігездікке де бойы үйренген Əжібайдың өмірінің жаңа кезеңі басталды.
Астына семкерін мініп алып, %кі тағып, тымағын алшы салып,
Домбыра, сауы!-сайран, 0ле !Aнттап, !ызды !ызы! жиынға !алмай барып. Буынып мы!ынынан ырға басып, бой салмай шаруасына тиіп !ашып, Ма ында беті тəуір !ыздарменен, ж%руді ма!тан !ылды !ылжа!тасып…. жібай білді !Aрығы !айтпайтынын, к0п !ыздар теріс жауап айтпайтынын, К0ркем, пысы!, бір байды жалғыз Aлы, екенін !ыздардағы бай!айтAғын.
Осылай табылды ермек жібайға, %йдегі !атын !айда, шаруа !айда?
Айт!анына тез к0не !оймағанды, алдаушы еді «алам» деп етіп айла…
Жəмилə, Жа ылменен тірі жесір, жас 0мір сол !орлы!пен 0тті-ау есіл!
Шын жесір мAнандағы болған арты!, !аза!ты тағы %йткізбес ғAрпы кесір.*6
Əжібай соңғы кезде «Қызыл су» деген шағын қалаға барғыштайтын болып алды. Байлық пен мырзалық оның атын осында да жеткізген. Қалаға келгіштеп жүргенде Бейсен деген орта шаруалы адамның əдемі қызы Аппаққайға көңілі ауады. Бейсеннің ішкілікті тəуір көретін кіші баласымен арнайы жақындасып, қыз үйіне жиі барып тұру мүмкіндігіне ие болады. Алайда қыз оны жақтырмайды.Аппаққай да қазақ ғұрпына сай атастырылған еді. Бірақ ересейе келе болашақ күйеуін ұнатпай, жас жүрегі жан серігін іздеткізді. Есті жəне білімді болған үлкен ағасы көзі тірісінде қарындасын қаладағы жас фельдшерге таныстырған болатын. Ол жігіт ара тұра келіп, қызбен жүздесіп,бір-біріне ықласты екенін түсінген. Əжібай болса, не істеседе қызға жақпай-ақ қойды. Бірақ оны көрмей тұра да алмайтын шамаға жетті. Амал қанша, қыздан жауап таппаған соң, уайым қайғыға батып, үйіне қайтты. кесі сал!ан т%спен жаман !арап, шешесі жылап с0йледі к%йініп-а! «Біз болды!, !у жалғыз-ау, неден сорлы, Бейсенні !ызы болмай, пəле болды, …Бір !атыны кетті %йіне жаяу !ашып, 0лсе !айттік, боранда ол адасып?
Бесікте бала мынау, тастап кеткен, 0луге жа!ындады !арны ашып.
Бір !атыны ана %йде шашын жAлып, екі к0зі бAлаудай, отыр Aлып, Бесіктегі баланы уата алмай, отырмын əбден шаршап, ді кем !Aрып. кесі: «Сен болды –сорға берген, Aялтып бітірді ғой талай елден, Егер сенде ми, намыс болса, !ыз алам деп б%лінер ме е сондай жерден?
Бейсен кім? Бізге те бе, кедей жата!? ЖAртты !Aрт!ан !ызымен болды шата!, Ордалы, жа!сы, лайы! орын болса, бере бер, аямайын, малын матап»*7
Зар жылаған əке-шешенің əліде аузындағысы – байлығы бізге тең емес адамға қалай бізді жақындатуды ойладың? Жас жігіттің жүрек қалауын түсінер түрлері байқалмайды. Ал ашулы жігіт ішкі дертін қалай азайтуға жол таппайды, қолынан келеріəйелдерін қорлау, қамшының астына алу.
«Жəмилə анау %йден с0йлей еніп, жылады бірде е деп, е к-е к етіп, Манадан ашу !ысып тAрған жібай, жіберді ж%гіріп барып, теуіп-теуіп. Жəмилə сонда жығылып танды есінен, жібай тағы мыжыды тізесімен, Арашалаған шешесін !оса !абат, жы!ты итеріп ашумен кеудесімен. жібай ж%рсе %йде айғой-Aйғай, тынымсыз басылмайды салған ойбай.
К0зіне бəрін !ылған солардай боп, Aрушы еді ж%регі ішке симай*8.
Əбден қажыған, кеудесінде жаны болғанмен құр сүлдесі қалған, басында ақыл, бетінде ары қалмаған əкесі бір күні Əжібайға: «Тіл алмадың, айтқанның бəрін дұшпандыққа санайсың. Мазаны алмай, таңдашы сүйгеніңді!Əзер болса бір жылғы төлі малдың», – дейді. Алайда Əжібайдың жүрегі жаралы, енді махабатқа орын ешқашан табылмайтындай. Қызды ауылды жағалап қыдыруын жалғаструды жөн көрді.Қызды ауыл оны ұнатпайды, түрпідей жек көреді. Көзге «мырза» дегенімен Əжібай жүрісінің мəнінен шошиды.Əжібай мырза саудайылық қыла жүріп, ет жақын ағайынының бір қызымен көңіл қосты, ойнап күлді. Басқа бір жерге атастырған қыз ауыраяқ болып, оның алатын күйеуі оған үйленуден бас тартады. … Əжібай өз үйіне кетті. Мал кетпесін деген есеппен ауыраяқ қызды күйеуінің інісі алады. Алуын алғаны-мен отасып дұрыс үй бола алмай, үсті үстіне біреуін алып, екіншісін тастап, былықпай тіршілік кешілді. Бұл Əжібайдың ылайлаған бір ғана ортасы емес еді. Қаншама жазықсыздар жалын құшты, қаншама жас шаңырақ тозаққа айланды.
Ал билікқұмар, шіріген бай Тасболат болса, «ауру қалса да, əдет қалмайды» дегендей, көзінің тірісінде жалғыз ұл Əжібайды болыстыққа сайлатуды арман етті. Əжібайдың өз ішінде де осындай ой пісіп жетіліп жатты. Осы мақсатпен Байболмен араздасып, оған жала жауып, оның ортадағы ықпалын əлсіретуге кірісті.Оған əкесі қосылды. Болыс ісінде тура жолды ұстанған, əділ, жəбірсіз Байбол жақын ағайынның бұл ісіне қатты қынжылды. Ал болыс сайлауы болса жақындап қалды. Болыстықты Байболдан тартып алу ісі тұрды алда.Таболаттың көп дəулеті Байболдың жақтастарын азайтты, Əжібайды жақтаушылардыкөптеп молайтты. Байбол сенім артқан кешегі дос-жаран мен ауқатты топ оны тастап кетіп жатты. Жазықсыз жабылған жала мен сатқындықтар оның басына бұлт төнгізді.Жағдайды ақылына сала келе, Байбол Əжібайға өзінің орнын берді.
БAдан со Байбол келіп Тасболат!а, ағасын риза !ылды шапан, ат!а, Сайлауда «жібай болыс болды» деген естілді !Aла! т%рген жамағат!а. жібай шашсадағы неше мы ды, əйтеуір болыс болып,к0 ілі тынды.
осылып Байболменен шығын жинап, момынды əл іжеткен типыл !ылды, «Табайын, малым сатып…» дегенінше, Aрылып бейшараны жағы сынды.
…К0 ілін таппа!!а жібай енді, 0зіне та дай ж%ріп !алым берді.
Jзіндей !айыны да жуан тA!ым,жастанды !Aда болып бір бай жерді*9
Дүрілдеген той өтті, үйге Зылиқа атты қыз келін болып енді. Əжібай теңін тапқандай сезімде жүрді.
Бұл уақытта сүймейтін əйелдерден туған балалары да есейе бастаған. Балаларына деген көзқарасы да өзгеріп, əкелік мейрім кіргендей болы. Есейген балалар аналарының бұрынғысынша реніште жүруін қаламайтындықтарын да білдіріп қойды əкелеріне. Балалармен жақындық жас əйелдің олардың аналарына деген күндестігін қоздырды. Оның үстіне Əжібай бұрынғы желбастылылығынан да біражола бас тартпаған. Араға өсек кіріп, жас əйелдең еріне көңілі суып, басқа адаммен жасырын байланыс жасауға да барды. Оны күндесі Жаңыл оны біліп қойып, айналаға жариялап жібереді.АқырыƏжібай Зылиқаны айналып өтетінді шығарды. Басқа адамнан жүкті болып қалған Зықыштың халі мүшкіл, азапты күндер бастан өтіп жатты.
«Дегенмен мен байғAс!а енді жо! к%н», деп ойлап жас т0геді о!тын-о!тын, Ойламай 0кен к%нін Зы!ыш !айтсін, шамы жо!, жат!ан %йі !ара ғы т%н.
Ашамай баста жасты!, жабу –т0сек, ішінде зар е ірер тамам бо!ты .
Ол %йде Зыли!амен бірге !она!, байлаған !отыр бAзау, ары!-тAра!…. аша алмай, !апияда !алғандығы, сол %шін ол байғAсты жанғандығы. «Айырар бір !ара жер,сенен, !ал!ам!»- деп, мал беріп жібайды алғандығы. Басында сəжде еткен болып ж%ріп, с0зінен ж%ре-бара танғандығы; Сонысына ерегесіп суы! ж%ріп, 0зін-0зі !орлы!!а салғандығы….
Же ілер «ауруынан» уа!ыты болды, сAп-суы! !ара ғы %йге !атын толды.
Дауысы жас баланы шыр еткенде,%стіне жата !алды Зыли!а сорлы. атындар: «МAны не?» деп Aрсып еді, Зы!ыш айтты: «айғырма, сонысы о ды». Бір кемпір орап алып кетті шығып, аздан со !айтып келді !арға тығып…. Jн бойын суы! %йде шəншу алған, сау жер жо!, бейне !урай !атып !алған, …ТAрсада к0ріне алмай жAрт к0зіне, 0лімнен Aят к%шті д%ние жалған*10
Əжібайдың ендігі оған қатынасы айтпасада түсінікті. Ол бəрін білгенімен ешкімге сыр ашпады, бірақ бір күні есікті іштен жауып алып, Зықышты өлімші етіп ұрып, соққыға жықты.
Билік пен байлықты қолында ұстаған Əжібай тағы да қыз айттырмақ ойға келді. Өз үйіне келуден өзі шошитындай халге жетті.Айғайшы болып жүретін анасы қайтыс болды. Жайрап жатқан үй шаруасы…
Iйінен к0руші еді т%зді !ызы!, !ыз аулап, !ымыз ішіп, ж%рер !ызып,
Jз %йі жаPPанамдай к0рінуші еді, келсе азап тартушы еді !анын бAзып…. Жəмилə, Жа ылменен к0птен мə гі, мə гі емес Зыли!аны жайы да əлгі; рып, соғу, да -дA мен милары ашып, бастары болып кеткен ə кі-тə кі.
…Келмейді бAл !алыпты еш к0ргісі, !айтерін білмей !Aрыр əбден мысы, Сол %шін болыстығын сылтау !ылып, к0п уа!ыт %йде тAрмас жазы-!ысы. кесі с0зден !алған, жасы жеткен, о да ауру, Aй!тамай к%рк-к%рк еткен*11.
Балалары арасынан оған əкелеп жақын тартып тұратын есті бала Күлтай атты қызы еді. Ол Жаңылдан туған. Ақылы мен заты жағынан жасынан жұрт назарын жаулап алған жарасымды қыз болып өсіп келетін. Бұғанда Тасболатпен алыс-берісі бар бір бай баласына құда түсіп қойған еді. Жоғарыда айтылғандай, үнемі шешелерінің ұрып-соғу, ұрысының астында болып келген балалар өз шешелеріне де суық болатын. Тек Күлтай ғана анасын шешем дейтін.
Өзінің бастан өткізгенін ескерді ме, Əжібай Күлтайды ең болмамса 10 жастан ассын деп, қалың малын беруге асыққан құдалар жағын тоқтатып қойған. Ұлдарына да жастай қатын айтыруды ол құптай қоймады.
Деуші еді: «ыз те і іне с%йіп барсын, !атынды ер балалар 0здері алсын! Балаға жастай !атын айттыратын, іс емес, сол ғAрыптар от!а жансын!» Жетпеді жібай біра! бAл с0зіне, тағдырма жеткізбеген, əлде 0зі ме? жібай не себепті сертін бAзған, о!ушым, к0рсетейін ой-к0зі е *12
Сұлтанмахмұт романындада одан кейінгі мəн жайды баяндайды жəне Əжібайдың өз көзқарасын өзгертуіне алып келеген екі басты себепті атап көрсетеді. Оның біріншісі – əкесі Тасболаттың қайтыс болуына байланысты мал-байлығының есепсіз шашылып жұмсалуы оның бағының қайтуының басы болса, ауылына келген қысқы жұттан малдың қырылып қалуы оны жалғасыра түсті. Ақылшылар мен кеңес берушілері «Атаусыз атақты адам қалуы ұят, үлкен қып ас бер» деп бастап, малын шашудың басқа да амалдарын тауып берген. Бұл құбылыс қазақ даласы үшін үлкен бір уақиға, əлеуметтік, саяси, мəдени, психологиялық елеулі құбылыс қатарында болғандықтан, оның барысын ақынның өз сөзімен сипатталғанын жөн көрдік.
онған со ж%з %й тігіп Мар!ак0лге, !алдырмай сауын айтты ма дағы елге, «Асы бар Тасболатты , ат жарат» деп, с0йленді к0п к%н бAрын мəжілістерде.
Жиылды ас!а саулап Арғын, Найман, Керейге, !алма!!ада хабар жайған.
Шы ғыртып ас!а сойған жыл!ыларды , !андары бAла! болып а!ты сайдан.
Бəйгеге жіберілді %ш ж%здей ат, бəйгесі алды ғы атты –он жыл!ы на!,
Одан со ғы ж%з те ге бір топ шуға, !ой-!озы, арт!ылары ма!пал мен бəт.
Сойылған екіж%здей малды саны, балуан, бəйге…модалар жатыр əлі.*13..
Өкпелеушілер де, дау-дамай туғызушылар да аз болмады. Бұл уақиғадан соң Əжібайдың бұрынғы күш-қуаты мен ықпалы таяздай бастады. Оған келіп қысқы жұт қосылды. Келетін қысқа мал азығын даярлау əдетіне əлі кіре қоймаған көшпенді қазақ даласының тағдырында болып, қайталанып тұратын жағдай. Алайда əдет өзгеріп, тіршіліктің қамы бəрі бір жасала бермейді. Қазақ ауылдары үшін бұл елеулі экономикалық, əлеуметтік мəселелі құбылыс болып қала берген. Қарашада мұз жауып, қар бекіп, малы жерден шөп таппай қалған ауылдықтар жайын дəлдікпен суреттелген нақты көрінісін ақын былайша баяндаған:
Жазды к%н !аза! байғAс ш0п шаппаған, !ыдырып, !ымыз ішіп !ылжа!таған, Шапсада омбы !арда шартарап!а, !алғанда мал асырап ш0п таппаған.
Соғады %дей-адай боран !аптап, !ар к0мген !ара жерді !ылып аппа!. атайып !ысты арты барған сайын, к%йзелді шаруа жаман сас!ала!тап.
Шапсада тамыр-таныс орыстарға, шана ш0п отыз сомға табар зорға. Арбасы к%зді к%ні отыз тиын, не дерсі сона алмаған !аза! сорға?…
ШAбырып, тері ар!алап !алаларға, орыстан нан сAрады балаларға, Та!тайын Андрейлер былғады деп, шығарды желкеге Aрып, шара барма. К0п жыл!ы əлде!ашан ығып кеткен, !олынан жыл!ышыны шығып кеткен, БAйырмай тарамысы иесіне, жануар !ар астына сапар еткен…
ЖAтат!ан жAртыменен жібай !алды, %ш мы нан екі ж%здей жыл!ы !алды, алғаны да 0з !Aнын 0здері жеп, босатты а!ша салғансанды!тарды. ЖAтаған малды орны тырнап ішін, бAзылар ойлағанда сырт!ы пішін,
Орынын немен болсын толтыруға, жAмсады барлы! а!ыл, айла-к%шін*14
Əртүрлі айла-шарықпен, зорлық-зомбылық жолымен Əжібай жоғалтқанының орнын толтыруға кіріседі. Ұрылар да оның пайдалы адамына айналды. Бірақта бір баукеспе ұрыны «қытай асып кетті» деп жасырып қалғаныуезд бастығына белгілі болып қалып, ол осы қылмысы үшін болыстықтан босап қалады. Іс сотқа жетіп, оншақты орыс солдаттары оны ұстап, қамауға алады. «Ең мықты Əжібайға істеген осы болса, біздің күніміз не болады?» деп қорыққан, абыржып шошынған жұрттың жартысы Қытайға ауып кетіп те үлгереді. Бірақ патшалық биліктен бұйрық түсіп, ауған елді солдаттар қырып-жойып қайта айдап алып келеді. Осындай тарихи-əлеуметтік жəне саяси-экономикалық жағдайда Əжібай борышқа батты. Еріксіз жағдайда ол қызы Күлтайды бұрын өзі айнып жүрген Керейіне бермекші болып, малға сатты. Ауқаттана бастаған ол тағы да үш қызын малға сатты. Бай құдаларының қолдауымен қайтадан болыстыққа қолы жетті. Бес алты жыл өтпей-ақ қора малға, қойынға ақша толды.
Əжібай 17 жастағы Ырыстыға үйленді. Үш əйелдің ойбайы мен көз жастары оны тоқтатпады.Бұл қыз да əкесі мен ағаларының еркіне қарсы келе алмаған бейбақ.
Жаздың жадырағын күндерінде бара жатқан күйеуіне риза болмағанымен жəне жастығына қарамастан,Күлтай ұзатылды…
…ысыра! !ымыз ішіп жібайлар, к%мпиген к%пті тастап !Aлын-тайлар, К0ркіне табиғатты к0 іл босап, к0л !ылған к0з жастарын тере сайлар*15.
Бір ғана шығармада поэзия тілімен осыншама қоғамдық мəселенің бетін ашып, егжей-тегжейін жеткізе баяндап, өмір шындығын өз түрінде, өз мəніндеталдап баяндап беру жас дарынның əлеуметтік-саяси ой өрісінің жемісі. Автор «Кім жазықты?» деген сұрақты оқырман алдына ғана емес, қоғам алдына, қазақ əлеуметі алдына қойды. Жекелеген адамдардың бар игілікті қолына жинап, соның күшіменен айналадағы əлеуметті өзінің малымен тең көруіне кім кіналі?Өзінің ішінен шыққан қыз балаларды малға, мəртебеге сатып, арын аяққа басып, басқаның күңдігіне беруіне кім кінаəлі? Жасы жетпеген бозбаланы ол үшін жеккөрінішті бойжеткендерге зорлап қосып, оның адами жолдан таюына, талай-талай жастардың отбасын ойрандауынакім кінəлі? Білімсіз, қаблетсіз, тек байлық пен озбырлық арқасына билік басына келушілер үшін кім кінəлі? Əлеумет ортасының күні өтіп, тозығы жеткен дəстүрлерге жабысып, айрылмай, ақ пен қараны айырып алуға асықпай қала беруіне кім кінəлі? Қауымның өркениет жолын іздемей, бодандық пен таптық қанауға бас иіп, арқасын төсеп, аяққа таптатып отыра беруге кім кінəлі? Бір қарағанда бір Əжібай төңірегіндегі əңгімеге ұқсағанымен, автордың қозғап отырғаны тамыры терең саяси-əлеуметтік мəселелер. Сұлтанмахмұттың бір ғана еңбегінің бергені осыншама… (жалғасы бар)

1 Торайғыров СAлтанмахмAт. Екі томды! шығармалар жинағы. Бірінші том – Алматы: «Ғылым» 1993- б.121.
2 Торайғыров СAлтанмахмAт. Д%ние д0 гелегі айналады. Та дамалы. Халы!аралы! Абай клубы. Жидебай, 2009.- б.242.
3 Осында, бб. 243-244.
4 БAл да осында, б.249.
5 БAл да осында, бб. 249-250.
6 БAл да осында, бб.252-253.
7 БAл да осында, б. 258.
8 БAл да осында, б. 259.
9 БAл да осында, б. 265.
10 БAл да осында, бб. 268-269.
11 БAл да осында, б. 271.
12 БAл да осында, б. 272.
13 БAл да осында, б.273.
14 БAл да осында, бб.274-275.
15 БAл да осында, б. 289.

Резюме
Авторы статьи излагают сущность социальных и политических мыслей С.Торайгырова на основе его творческого труда.

Summary
The authorsset out thenature ofsocial and politicalthoughtS.Toraigyrovbased on hiscreative work.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *