ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ: ƏЛЕУМЕТТІК САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Т.Ж.Қалдыбаева – ə.ғ.д., Абай ат. аз ПУ-ды саясаттану жəне əлеуметтік-философиялы! пəндер кафедасыны профессоры

Əлихан Бөкейханов ХІХ жəне ХХ мыңжылдықтар қиылысында, күні өте бастаған ескі биліктер мен тебініп келе жатқан жаңа биліктер аралықтарында жан-жақты ширыққан саяси тай таластық жағдайлар қалыптасқан əлеуметтік-тарихи кезеңінде өмір сүріп, сол аумалы-төкпелі қоғамдық қатынастар қойнауында өзіндік саяси-əлеуметтік көзқарастарымен жəне соған сай іс-əрекеттерімен ерекшеленген ел азаматтың бірі. Оның қоғам қайраткері ретіндегі əлеуметтік мінезі мен іс-əрекеті сол тарихи тұста оны қазақ даласынан көтеріліп шыққан мемлекеттік деңгейдегі тұлға, батыл саяси күрескер жəне Алаш (əлеумет) ортасының лидері, жетекшісі етті. Оның жүріп өткен ерекше мəнді қоғамдық ғұмырын талдамас бұрын, негізінен, оның өмір-тіршілігінің хроникасын қарап шығуды жөн көрдік.
Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов, көрнекті саясаткер, қоғам жəне мемлекет қайраткері, ұлтазаттық Алашқозғалысының жетекшісі,алғаш құрылған «Алашордаавтономиялы үкіметінің» төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы 1866 жылыХІХ ғасырдың аяғындағыСемей облысы,Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында (бұл қазіргі Қарағанды облысыныңАқтоғай ауданындағы,90жылдарыдың аяғындағы Қаратал кеңшарының жері) туған.
ƏлиханОрта жүзханы Бөкейдің ұрпағы (Бөкей-Батыр-Мырзатай-Нұрмұхамед-Əлихан). Баласына «Бөкейхан» деп фамилия бергенНұрмұхамед зерек ұлы Əлиханды тоғыз жасында Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Талапты Əлиханды молдадан алған білім қанағаттандырмады. Ыбрай Алтынсариннің салып кеткен жолымен бұл қалада да қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп жұмыс істеп тұрған болатын.Ə.Бөкейханов Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған орыс-қазақ мектебінде оқыды. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Əлихан 1886-1890 жылдар аралығында Омбының техникалық училищесіне қабылдананып, білім алып шықты Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шəкірт ұстаздарының ризашылығына ие болды. Нəтижесінде ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом щəкіртақысы беріліп, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке оқуға жіберілді. Императорлық орман шаруашылығы иснтитутына түседі. 1890-1894 жылдары осы білім институтында оқи жүріп, күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, əдеби, экономикалық жəне тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласты. Қоғамдық қатынастар, оның болашағы туралы пікірталастардың арасында болып, саяси өмір жағдайларымен танысты. Сол тарихи жəне саяси кезеңде Ресей кеңістігінде, əсіресе оның батыс бөлігінде жасырын жолмен кең тарала бастаған марксистік теориямен, марксизм идеясымен, оның экономикалық қағидаларымен қаруланды, саяси астыртын күрестің түрлері мен əдістерін үйренді. Студенттік толқуларға да қатынаса бастауы оның қоғамдық қатынастарға қызығушылығының артқанын жəне қоғамдық саяси көзқарасының, ой-пікірінің қалыптаса бастағанын көрсетеді. Екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдырына ой жүгіртіп, талдау жасаған оның көңіліне толғаныс енді. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқының жағдайы алдыңғы қазақ даласының саясиойшылдары сияқты Əлиханның да қоғамдық санасының мазасын кетірді. Бұл жас саясаткер де білімсіз, ғылымсыз, мəдениетсіз ешбір мəселенің шешілмейтіндігін ұғынды. Алғашқы кезекте тұрған мəселе – əлеуметтің білімі мен мəдениетін көтеру, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеру деген тұжырымға келді, оны күрескерлік қызметінің басты мақсаты етіп қойды. Осылайша оның əлеуметтік-саяси іс-əрекеті басталды.
Жоғары білікті мамандық алып Омбығақайта оралысымен Əлиханқаланың саяси, əлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода(«Халық бостандығы» партиясыныңқатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырды.Жас маманның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, қоғамдық ортада белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері жəне қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы жəне көсемі ретінде қалыптасып, шынығып, күрескерлік бейнесінің бой көтеруіне Омбы қаласында өткен қызметі мен іс-əрекет тіршілігі зор роль атқарды.
Бөкейхановтың саяси күрестің үлкен жолына шыққандығын оның 1905жылыРесейлік конституциялық-демократиялық партиясына(кадеттер) мүше болып енуібайқата түседі. Ол аталған партияның қазақ бөлімшесін құру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды, осы мақсатта Орал жəне Семейөңірінде арнайы жиындар өткізді. Патшалық үкіметтің отарлық саясатына қарсы ұйымдастырушылық істері қарқындады. Оны Қарқаралыда болған уақытындаресми үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып қана қоюшы емес, 14500 адам қол қойған Қарқаралы Петициясын ұйымдастырушы-лардың бірі болғанынан анық байқауға болады. Петицияда халықтың ресми билікке қоятын талабы мен оның бағдарламалық қойылымдары баяндалды.
ХХ ғасырдың басы, Ресейлік державаның орталығын ғана қамтып қоймай, оның аймақтарына да кең тарала бастаған революциялық (бір жағынан буржуаязиялық қоғам үшін, екінші жағынан еңбекшілер қоғамы үшін) көңіл күй өрлеп тұрған жағдайында демократияландырудың бір өзіндік бетбұрысы ретінде заң шығарушы орган болуға тиісті Думаға сайлау өткізуге мүмкіндік беру келісілді. Өзінің ой-өрісі жəне іс-əрекетімен бұқара арасында танымал болып үлгерген Əлихан Бөкейханов1905жылы Семей облысықазақтарының атынан 1-шіМемлекеттік Думағадепутат болып сайланды. Бірақ 1-шіМемлекеттік думажұмысына қатысу сəті түспеді, дəл осы кезеңде Дала өлкесігенерал-губернаторыныңнегізсіз жарлығы-мен, соттың тергеуінсіз, Əлихан 3 айбойы Павлодарабақтысына отырғызылды. Ал абақтыдан шығыпСанкт-Петербургқажеткен уақытында елдің батысындағы таптық жəне саяси күрес пен қарамақайшы-лықтар өрши түскен. Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегіФинляндияныңВыборг қаласына жүріп кеткен еді. Ə.Н. Бөкейханов та солар-дың артынан жетіп, Выборг үндеуінеқол қойды. Сол əрекеті үшін тағы да айыпталып,СанктПетерборсот палатасының төтенше мəжілісінің шешімімен 3 айғаСемейтүрмесіне жабылды. Алайда Əлихан сияқты күрескерлерді ешқандай саяси айыптаулар мен қамаулар тоқтата алмайтыны тарихтан белгілі, себебі ол жеке басының немесе шағын топтың емес, халықтың, халқының мүддесі үшін күрес жолына біражола бел буып шыққандардың бірі болатын.
Тарихи мерзімнің қарама қайшылықты саяси-əлеуметтік күрестер мен пікірталастар, айтысулардың толассыз жүріп жатқан тарихи уақыт екеніне тағы бір дəлел – əртүрлі бағыттар мен бағдар ұстанған баспасөздердің көптеп бой көтеруі. Дəл осындай тартысты ахуалдың бел ортасында жүрген Əлихан 1906жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» жəне «Иртыш» газеттерінде,1908жылыСанктПетербордажарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» сияқты əлеуметтік-демократиялық сипаттағы газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Аталған тарихи фактілер оның белсенді қызметі мен ұстанған саяси бағытын дəлелдейтін айқын айғақтар. Тарихи фактілер оның кезінде «Большевик» жəне «Меньшевик» болып, ұстанған көзқарасына қарай іштей екіге бөлініп кеткен, Владимир Ленин бастап құрған (2005), революцияшыл Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясының екінші қырында, яғни, меньшевиктік қанатында болғанын куаландырады.
Күрескер қоғам қайраткері тек саяси күрес жолында ғана жүрген жоқ əрі білікті маман ретіндегі қызметін де жалғастырды. 1909-1917жылдар аралығында«Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеген.
Əріптесі Ахмет Байтұрсыновпен бірге 1913 жылы қазақ қауымдастығының алғашқы əлеуметтік-саяси сипаттағы «Қазақ» газеті ұйымдастырды, аяғынан тұрғызылып, қазақ зиялыларын өз төңірегіне топтастырды. Газет жалпы ұлттық деңгейдегі əлеуметтік-саяси үнге айналды.
Жалпыресейлік революцияшыл, реформашыл қозғлыстардың өріс алуы жағдайында қазақ даласы да буырқанып, ояна бастады. Жалпыресейлік сипаттағы əркелкі көзқарастар мен саяси бағыттарды ұстанған партиялар мен қозғалыстармен қатар Патшалық Ресейдің «бұратана» халықтары арасында да оның озық ойлы азаматтарын біріктірген қоғамдық қозғалыстар мен партиялар пайда бола бастады.Əлеуметтіктарихи зерттеушілер тұжырымдарынша ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі саяси ағым бой көтерген. Бірі –БұқарменТүркістан өлкесінбетке алған дəстүршіл, панисламшыл ағым. Екіншісі – негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Екінші ағымның басында Əлихан бастаған орыс мектептерінен тəлім тəрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың əлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді[1].
Студент кезінің өзінде-ақ жандармерияның (полицияның) тарапынан қара тізімге енгізілген Əлихан мен оның жергілікті əріптестерінің қозғалысы үнемі бақылау жағдайына қойылды. Олардың соңынан аңдушылық əрекеттер ойындағыдай толыққанды іс-əрекет жасауға мүмкіндік бермеді. «Жансыздар»(тыңшылар) көрсетулерімен ол тағыда түрмеге қамалады. Алдымен Семей түрмесіне қамалып, кейінСамарқаласына жер аударылды. Бақылаудағы тіршілік оны саяси сипаттағы іс-əрекеттен шектеп, тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға мəжбүр етті.
Жер аудару мерзімі 1916 жылы аяқталған соң ƏлиханОрынбор қаласына келді, өзі мүддесін көздеген əлеуметіне жақындады. Тағыдақоғамдық, саяси өмірге белсене араласу. Ол осы Орынбор қаласының қазақ тұрғындары атынан қалалық Думаға сайланды. Сайлану іс-əрекетінің аясын кеңейтіп, біршама батыл қозғалыстар жасау мүмкіндігін молайтты. Нəтижесінде саясаткер Ресей жергілікті жəне қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, мұсылман халықтары съезінің депутаты, IVМемлекеттік Думаныңмұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болып сайланды.
1917 жыл, Ақпан төңкерісі. Патшалық биліктің құлатылуы жəне буржуазиялық биліктің орнауы. Кадет партиясының мүшесі Əлихан Ақпан айы əкелген түбірлі өзгерістен зор үміт күтті. Оның аңсағаны – қазақ халқының еркіндік алуы жəне еркін, дербес ел болуы болатын. Бүкіл күрескерлік іс-əрекетінің түпкі мəні осыған саятын.
Бірақ ол үміті ақталмады.Тіршілігі сонша ұзаққа созылмаған, тек Қазан революциясына дейін ғана əрекет еткен Уақытша үкімет қазақ даласына автономия беруге қарсы болды. Қайраткердің жанына батқаны – өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдерінің де қазақ халқына автономия беруден бас тартуы.
Дау туғызған келесі мəселе – жер мəселесі болатын. Қоныстыанушылар Ресейдің еуропалық бөлігінен əлі де ағылып келіп, неғұрлым шарушылыққа қолайлы, шұрайлы жерлерді қолына алуы, жер мəселесінде жергілікті халықтың еш құқының болмауы оны ірі саяси мəселеге айналдырды. Жер мəселесі бойынша да өз партияластарынан қолдау таба алмаған Бөкейханов бұл партиядан шығып кетеді. Автономия алу жолын ойластыру ісін жалғастырады. Осы мақсаттаТомск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, қатынасты. Нəтижесінде болжамдалған болашақ«Сібір республикасының»құрамында Қазақ автономиясын құру үміті пайда болды.
Жоспарланған ойды іске асыру үшін қуатты ұйымдасқан саяси күш керек, оның ұйымдастырушы ісəрекеті қажет. Томск Құрылтайынан Орынборға оралысымен Əлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым«Алаш» партиясынұйымдастыруға кіріседі.
Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы əртүрлі пікірұсыныстар айтылып талқыланды.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мəселе қаралды. Солардың ішінде мемлекетті билеу түрі; қазақ облыстарының автономиялығы; жер мəселесі; оқу мəселесін ерекше атауға болады. Қазақ мемлекеті дербес құрылуы крек пе, əлде болашақ Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тəуелсіз ел бола ала ма, əлде тəуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ, съезд нақты пікірге келе алмады. Күн тəртібінде айрықша мəнге ие болған мəселенің келесі салалары дін, əйел мəселелері жəне сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс деген тұжырым жасалды. «Алаш» партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы «Ғылым-білім үйрету» тарауында оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы; жұртқа жалпы білім беру жайлы; бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту т.б. мəселелер атап көрсетілді[2].
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бұл сол кездегі ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығарумен де, көркем шығармашылық жұмыстарымен айналысып келген қазақ интеллигенциясы ойынан туындаған нəтиже болды.
1917жылы желтоқсан айында саяси партияның құрылу рəсімі бүкіл қазақтардың құрылтайындаұласады. Осы құрылтайда «Алаш автономиясы»жарияланды.Ə.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ респуб-ликасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланды. Ал бұл уақытта, 1917 жылдың қазан айында, Қос өкімет құлатылып, еңбекші жұмысшылар мен шаруалардың үкіметі – Совет өкіметі орнағаны жария-ланған болатын. Оның саяси жəне қоғамдық ұйымдастырушылары жəне басшылық жасаушылары Владимир Ленин бастаған большевиктік бағыттағы коммунистер партиясы болатын. Бұрынғы Ресейдің отарында болып келген халықтарға автономиялық (кейін келе «Республикалық») саяси-əкімшілік мəртебе берілуі жаңа мемлекеттік биліктің жоспарында бар құбылыс еді.
«Алаш» партиясы азаматтары кеңестік үкімет саясаты мен идеологиясымен келіспейтіндігіне қарамастан байсалдылық танытты. Партияның жаңа билікке, елдегі болып жатқан өзгерістері арнайы талқыланды. Алашордашылар жаңа билукпен компромиске келді.
Қазақ халқының жекеленгенавтономиясын құрмақшы болған «Алаш» партиясының өкілдері əрекетіне 1919жылы жаңа үкімет кешірім жасады. Жаңа мемлекеттік билік жағдайында қазақ автономияның құрылатынына үмітпен қараған бұрынғы алашордашылардың басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламалардыңжергілікі жерде іске асуына белсене қатынасты.Бөкейханов Əлихан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке, шығармашылық еңбекке арнады. Ол бұған дейін де ғалым ретіндегі қызметінен қандай қиындық жағдайында жүрмесін қол үзбеген. Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. 1896жылы ресейлік көрнекті ғалымдардың кепілдемесіменОрыс географиялық қоғамыныңБатыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Əлихан 1903 жылы жарық көрген «Россия. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ өлкесіне арналған 18- ші томына автор ретінде қатынасты. 1904жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын ғылыми-практикалық негіздеушілердің бірі Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. Қазақ даласының қонысының жер жағдайын зерттеген, яғни өкіметтің қазақтың «артық жерін» заң жүзінде негіздеу үшін құрылған Ф.А.Щербина экспедициясының құрамында болып, қазақты жерге орналастыру мəселесімен түбегейлі танысып, зерттейді.
1911-1914жылдары ол «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.Əлихан Бөкейханов – ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, əдебиеттанушы, аудармашы, əрі публицист ретінде қазақ халқының саяси əлеуметтік, мəдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға[3].
1924 жылы ССРО басшысы В.И.Ленин қайтыс бола салысымен бар билікті қолына жинап алған большевиктік коммунистік партияның бас хатшысы И.В. Сталиннің беделі күшейе түскен.Оның əмірімен Лениннің Сталинді дөрекі жəне қатал мінезіне байланысты ел басшылығына жіберудің орынсыз болатыны туралы өсет хаты жария етілмей қалды. Мемлекет басшысы қолшоқпарлары өз қарсыластарының көзін біртіндеп құрта бастады. Ел ішінде “қызыл террор” деп аталған аса қатерлі қозғалыс өршіді. Оппозиция жетекшілеріпартиядан қуылды, жер аударылды. Өкінішке орай, қызыл террордың қақпанына түскендер, негізінен, барлық ұлттардыңбетке ұстар талантты ұлдары, ғалымдар мен саясаткерлер болып шықты. Бастапқыда еңбекші халықтың үкіметі болып, ұлттық тілдер мен мəдениеттің дамуы жөнінде де дұрыс бағыт ұстанған жаңа биліктің кейін келе халықтар тағдыры үшін көптеген ауыр салдарлар əкелген қателіктерге бой алдыруының бір басты себебі де осында болар. «Ел ортасындағы саясаткерлерді жойып жіберу биліктің өзіндік ықпалын сақтап отыруға қажет болды десек те, неге озық ойлы ғалымдар мен мəдениет өкілдерінің көзі құрытылды? Интеллектуалдық ойды жойып жіберуге тырысушылық кімнің «ақылынан» шыққан бастама, оның түпкі көздегені не болған?- деген сұрақтың жауабы, меніңше, əлі де табыла қойған жоқ, өзінің жұмбақтығын сақтап қалып келеді. – Авт.)
Билікке қол жеткізген қарапайым халықтың қоғамдық ой-санасы мен мəдениеті бірден қалыптасып кете қоймады. «Бай» жəне «кедей» болып екіге жарылып, басқа түгілі ағайын туыстардың бірін-бірі, тіпті көңілінен шықпаған көршісін де көрсетіп, талай боздақтардың кінəсіз айдалып кетіп жатқан кезеңі туды.
Абайтанушы, философия ғылымдары докторы, профессор Е.И.Григорьев атап айтқандай, 1925 жылдан бастап Қазақстан Крайкомының басшылығына «сенімді сталиншіл», қатігез жəне саяси, адами барынша таяз адам, психологиялық ауытқушылықтары бұрын да революцияшыл əріптестері арасында белгілі болған, қандықол – Ф.Голощекиннің келуімен байланысты «Алаш-Орда» қайраткерлерінің мойнына ілінген арқан тағы да тартыла түсті. Голощекиннің изуверлік «дəуірі» 1933 жылға дейін созылды. Ол социализм теориясы мен практикасын теріс айналдырды, лениндік ұлттық қатынастар идеясын сталинше бұрмалааудың «озық» үлгісін көрсетті,ұлттың бетке ұстар азаматтарына «ұлтшыл», «антисоветшіл», «антикоммунист», «басқа елдің тыңшысы», «контрреволюционер» сияқты «таңба» салып, жалған жала жабудан алдына жан салмады. Оның қазақстандағы билігі кезінде «қазақ троицкистері», «неміс агенттері», «жапон шпионы» туралы, сатқындық, опасыздық туралы саяси айптаулармен қаралауларға толы үгіт-насихат жұмыстары баспасөз бетерінен, ақпарттың барлық түрлері аузынан түспеді, қарпайым адамдар санасына зор ықпал етті, сендірді. Оған қарсы тұру, жоққа шығару мүмкін болмады.
1926 жыл, Бүкілодақтық коммунистік партияның Қазкрайкомының партиялық конференциясында сөйлеген сөзінде Голощекиндерлік «Алаш-Орда» лидерлерінің «контрреволюциялық» қызметімен оларды қолдаушыларды əшкерелеу туралы компанияны бастап берді. Ол қазақ интеллигенциясынан өзінің есуастық идеясын – «Кіші Қазан» деп аталған қанды саясатын іске асыруына жасалатын бөгетті көрді» [4].
Бірқатар адал азаматтардың обалына қалып, өмірін қыйғызған əлеуметтік санадағы таяздық, жағымпаздық, намыссыздық пен қолшоқпарлық, кері тартпалық психология талай зиялылардың өмірін қиды. Бұл жағдай Əлихандыда айналып өтпеді. Сондай «белсенділердің» көсетуімен ол1926жылыекі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Оның халық арасындағы зор беделі мен ықпалынан жасқанған үкімет белсенділері Ə.Бөкейхановты Мəскеугежер аударды.
1927 жылдың 1 қазанынан бастап Əлихан Бөкейханов Мəскеуде ОГПУ органдарының бақылауы астында тұруға тиіс болды. Сол себепті Мəскеуде қызмет ету мүмкін болмағандықтан Қазақстанға қайтып оралды. 1928 жылы Ə.Бөкейханов Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздық қызметін бастады. Алайда 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысының қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай Мəскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтіледі. Оған “1921 жылы Орынборда контрреволюциялық ұйым құрды, ортаазиялық пантүрікшіл ұйымның басшысы Валидовпен байланыста болды» деген айып тағылды[5].
Мақсат – оныҚазақстанғажолатпау, алыста ұстау болатын. Мəскеуде он жыл бойы үй қамауында отырған Əлихан1937жылдың тамызында, қызыл террордың нағыз қызып тұрған уақытында, қайта түрмеге жабылды.
Түрмеге жабылғаннан бір ай өткенде жалған жаламен 67 жасында Мəскеу қаласында ату жазасына кесілді, атылды.
Алаш қозғалысы мен «Алаш-Орда» үкіметімен байланыста болғандарды қудалау жұмысы сталиндік диктатура аяқталғанша тоқтамаған. Тек Сталин өмірден өткен соң, 1956 жылы Кеңес одағы коммунистік партиясының ХХсъезінде сталиндік жекебасқа табынушылық кезіндегі «идеология саласындағы керібұрмалаушылықтар мен оның салдарлары жойылып, шығармашылық сипаттағы макстік-лениндік ілімнің қайта қалпына келтірілетіні» жария етілді. «Хрущевтің жылылығы» кезеңі басталды. Халық ұлттық рухани қалпына келтіру басталды деп сенді. Алайда көп нəрсе өзгере қойған жоқ.
Арада 52 жыл салып, Советтік социалистік республикалар Одағы тарихында М.Горбачевтың басшылығы кезінде 1985 жылдың сəуір айынан басталған «Қайтақұру жəне жариялылық» деп аталған кезеңде, 1989жылы14 мамырдамемлекеттің Жоғарғы сотының қаулысы бойынша Əлихан Бөкейханов «əрекетінде қылмыс құрамы жоқ» болғандықтан, ақталды. Бірақ өкініш қала берді. Əлихан көзі тірісінде ССРО құрамында «Қазақстан советтік республикасының» құрылғанын көрді, бірақ оның дамуына қоғам қайраткері ретінде де, ғалым ретінде де қалауынша тікелей өз үлесін қоса алмады. Ал оның басты арманы орындалмай қала берді. Ол – қазақ елінің дербес, тəуелсіз мемлекет болып құрылуы еді.

Əлихан Бөкейхановтың Ресей елі қойнауындағы қарама-қайшылықты саяси жағдайда жүріп өткен күрескерлік жолы, бір-біріне қайшы келіп жатқан өмір шындықтары, оның өмір-тіршілігі жөніндегі дебір жерден шыға бермейтін пікірлер оның өмір сүген кезеңін əлеуметтік-тарихи тұрғыда тағы бір шолыпшығуды талап етіп тұр. Ондай қажеттілік тəуелсіз Қазақстан жылдарындағы тарихың жазылуындағы пікірлер алалығымен де байланысты.
Патшалық Ресей державасының отарлаушы саясаты, одан кейінгі Мəскеу Орталығының ұзақ жылдар бойғы орыстандыру саясатты мен оның салдарларының көптеген ұлт зиялыларының, азаматтардыңіштен тынған ашу-ызасын тудырып келгені рас. Қазақ жерін жойқын қару-жарақтың сынағы аймағына айлануы; қалалардың дерлік слаян тектес халықтардың мекеніне, ауылдың негізінен қазақтар тіршілік ететін территориялық кеңістік болып қалуы; ғылым мен білімнің орыстілділігі; шұрайлы жəн кенді аймақтарға республика сыртынан келіп жатқан жаңа қоныстанушылардың орналасуының жалғасуы; қазақ даласының ерікті жəне еріксіз жолмен əртүрлі этностар «лабораториясына» айналуы т.б. Бұрқ еткен 1986 жылғы Желтоқсан уақиғасынан, Семей полигонын жапқызуға себеп болған «Невада-Семипалатинск» қозғалыстарынан кейінде бұл жағдай дерлік бұрынғысынша жалғасын тауып жатты. 1991жыджың 10-шы желтоқсанынан кейін Тəуелсіздік келіп, жаңа жас Қазақстан өзінің мемлекетілігін қолына алған уақытта іштегі «запыран» сыртқа шықты, айтылмай келгенді, ашық жазуға болмайтынды айтуға, жазуға мүмкіндігі туды. Осы толқында бірқатар авторлар өткеннің бəрін қаралап, ашу-ызамен талқандап, ақ пен қараның аражігін жоғалтты. Басқаны қойып, өткенді қаралау кейбір ғылым мен баспасөз өкілдері үшін «мода» болып алды. Салиқалы талдаудың орнына есі кеткенше өткен тарихты қаралау кешегі кейбір кеше ғана өзін нағыз «коммунист» санайтын, нағыз «марксист» деп кеуде ұрған азаматтарға да тəн құбылыс. Осындайлардың қаламынан шыққанды оқыған тəуелсіз елдің жас толқыны түсінігінде де өткенге деген жеккөрініштілік, «тоталитаризм» деген ұғыммен бəрін жоққа шығарушылық, аға ұрпақ өскен уақытқа күдікпен қараушылық көңіл-күй пайда болды. Бұл жағдай ересек ұрпақ пен жəне жас буынның əлеуметтік арабайланысына идеологиялық сызат түсірмей қоймады. Өздері де кешегі солақай саясатының құралына айналған көптегенэтностық топтарға жаға əлеуметтік-саяси жағдайға бейімделуге тура келді. Жалпы алғанда көпэтносты қазақстандық қоғамның ынтымағын сақтап қалу аса маңызды мемлекеттік жəне азаматтық міндетке айналды. Өткен тарих та өз тарихымыз. Өткенімізге тағы бір көз тастап шығуға итермелейтін фактордың бірі де осы – өз тарихымызға байсалдылықпен, шынайылықпен, сабырлықпен қарау қажеттілігі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың алғашқы екі онжылдығы адамзат тарихындағы ең бір қоғамдық ойдың өрістеген,ескі қоғамдық қатынастарға наразылықтың азғана зиялылар арасынан шығып бұқара арасына еніп, халық арасының да саяси тыныс-тіршілікке ден қоя бастаған кезеңі. 1848 жылдардан еуропаның іргелі елдерінде бой көрсете бастаған буржуазиялық қанауға қарсы революциялық сипаттағы толқулар толқыны əлі күнге феодалдық қоғам қойнауынан шығып кете алмай отырған Ресей державасына да жете бастады. Ол уақытта Батыс капитализмі өндірісті дамытудың ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалана отырып өзінің дамуының неғұрлым жоғары даму деңгейіне (империализм) жетіп, өткен ғасырдарда жаулап алған отарларында емін еркін билігін жүргізіп, табысын табыстап, «Жоғары дамыған Батыс» деген атқа иеленіп алған. Алайда таптық қанауға қарсы күресуге, еңбекшілер мүддесін қорғауға бағыт алған ғылыми жəне саяси қозғалыс қарқындай түсті. «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» ұранымен кең қанат жая бастаған марксиситік қоғамдық қозғалыс негізінде саяси партияларқұрылып, оған ниет қойған оқығандар көбейіп, халық арасындағы идеялық-саяси жұмыстар өріс алды. Максистер мен қатар бірқатар саяси қозғалыстар мен партиялар да жұмысы қарқынын арттырып, тозығы жеткен қоғамдық қатынаспен күреке белсене аралысып кетіп жатты. Қаншалықты қарсы тұрғанымен мұндай қарқынды қозғалысты тежеуге Патшалық биліктің мұршасы жете бермеді. Батыс капитализмі жоғары белесіне көтерілген жағдайда Ресей əлі əлдеқайда күні өткен қоғам қойнауында қалып жатты. Сол себепті Ресейдегі революцияшыл күштер алдындағы міндеттер де қабаттасып жатты. Бірі буржуазиялық (капиталистік) қоғам орнату үшін, екіншілері – еңбекшілерді қанауға жол беретін қоғам, яғни, капиталистік қоғамдық қатынасқа да қарсы күресе отырып, социалистік қоғам құру үшін күресті. Ал бұл уақытта қазақ даласы əлі күнге білімсіз, ғылымсыз, дамуы жағынан артта қалып қойған халықтар қатарында тіршілік етті.Сондықтан да оны əлеуметтік-саяси, мəдени-білімдік ояту, қоғамдық санасына қозғау салу Дала ойшылдары мен саясаткерлерінің ең басты міндеті болып қала берді.
1905 жылдың басындағы Ресейдегі алғашқы революциялық сипаттағы ірі қозғалыс қанды уақиғаға айналып, бүкіл елді дүр сілкіндірді. Тарихта ол Патша билігінің іргесін шайқалтқан қарсылық деп саналды. Буржуазияшыл билік үшін саяси күрескерлер мен пролетариат (жұмысшы табы) билігі үшін күресушілер іс-əрекеттері бір елде, оны орталығы мен аймақтарында қатарласа жүріп жатты жəне олардың арасындағы қарама-қарсылықтар да қыза түскен. Осындай қабат-қабат идеялар, идеологиялар, мақсат пен мүдделер толқынында саяси көрегендік, айқын жолды анықтап алу саяси күрес жолына бел буып шыққан азаматтар үшін де оңай бола қоймады.
Еңбекші халықтың, қалық бұқараның ХХ ғасырдың басында таптық қанаусыз, əлеуметтік теңдік пен адами бостандық əкелетін қоғам идеясын өзіне бəрінен жақын санап, сол идеяны алыпбарушы керескерлердің соңынан еруінің ешбір оғаштығы, қателігі болған жоқ деп санаймыз. Мəселе ұсталған саясиəлеуметтік бағыттың қалай іске асырылғандығында.
Бүкіл адамзат өз тарихында əлеуметтік еркіндікті, теңдікті, əлеуметтік-саяси теңдік негізінде адамдарды бір-біріне жақындататын əділ қоғамды аңсап келгені белгілі. Ондай əлеуметтік арман халық аңыздарында, ертегілерінде, «утопистер» деп аталып кеткен ғалымдардың идеяларында, еңбектерінде өзінің бейнеленуін тапқан. Кейін келе бұл түсінік «социализм» (əлеуметтік əділдік қоғамы), оның неғұрлым жоғары сатысы – «коммунизм» деген ұғымдармен байланыстырылды. Біздіңше, оның қалай аталатынымымен байланыссыз, барлық азаматттар үшін əлеуметтік теңдік пен қолайлылық туғызатын қоғам ХХІ ғасырда да өзінің өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, жаһандану жағдайындағы трансұлттық экономика мен бизнестің дамытылуы жағдайында барлық елдердің мемлекеттерінің алдында өз еңбекшілерін жаһандық қанаудан бірігіп қорғау міндеті өзекті бола түсуде.Əлеуметтік əділдік қоғамын, қазіргі тəуелсіз Қазақстан Республикасы жағдайында, біз Мемлекет Конституциясында жазылып қойылған «Əлеуметтік қоғам» болшағымен байланыстырудамыз.
Сонымен, 1917 жыл, еңбекшілер билігі орнатылды, 1991 жылға дейін халқымыз «Социалистік» деп аталған қоғам қойнауында өмір сүрді, еңбек етті. Тарихи салыстырулар мен талдаулар оның позитивтік қырлары мен қатар негативтік қырларының аз болмағанын көрсетеді. Оның осы екі аспектісіне де қысқаша шолу жасап көрелік.
Бірінші, позитивтісі: қарапайым еңбекші халықтың саяси билікке қол жеткізуі; бірлесіп, коперативтік ұйымдар түрлеріне біріге отырып, ел үшін, отбасылары үшін бірлесіп ұйымдастырылған еңбек түрлеріне қол жеткізуі,ұжым алдындағы əлеуметтік жауаптылық мəдениеті; сауатсыздықтың жаппай жойылуы, кез келген отбасы баласының тегін орта жəне жоғары білім алуы мүмкіндігі; білімнің қолжетімділігі нəтижесінде ұлттық интеллигенцияның қалыптасқаны; мектептердегі, басқа оқу орындарындағы жастардың азаматтық, қоғамдық көзқарасы мен əлеуметтік тəжірибеленуі мектебі болған балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарының тиімді қызметтері; қалалардың, ірі индустриялық өндірістердің дамуы жəне Қазақстан республикасының индустриялық-аграрлық даму деңгейіне көтерілуі; тегін медициналық қызмет жəне жергілікі жерлердегі медициналық қызмет жүйесінің елеулі дамуы; мəдениеттің, өнердің салаларының дамытылуы жəне жергілікті халыққа мəдени қызмет көрсету жүйесінің де елеулі дамытылуы; ғылым академиясының, əртүрлі зерттеу институттарының дамытылуы; қыздар мен əйелдердің əлеуметтік теңдігіне қол жеткізу. Нəтижесінде 1989 жылы қазақстандық жоғары білімділердің 51 пайызы қазақстандық əйелдер үлесіне тиді; өндіріс орындары басшылығының еңбек ұжымы алдындағы əлеуметтік жауаптылығы;əлем халықтары теңдігі мен көптеген үшінші дұние мемлекеттерінің отаршылдық жағдайынан шығуы мəселесінің, мемелекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мəселесініңССРО тарапынанхалықаралық деңгейде көтеріліп, талап етіліп тұратыны; ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Ресейдегі еңбекшілер үкіметінің орнауы батыстық дамыған елдер елдер үшін елеулі əлеуметтік-саяси сабақ болды, буржуазия мен жұмысшылар арақатынасын реттеудің эволюциялық əдістерідамытылды т.б.
Екінші, негативтісі: қоғам өмірінің, əлеуметтік қатынастардың шектен тыс идеяландырылып, бір ғана билік партиясының ұстанымына қатаң бағындырылуы; одақ республикалары мен олардың өңірлік экономикалық-мəдени дамуы арасындағы елеулі айырмашылықтардың сақталуы; қазақстандық қалалардың дамуы үшін, ондағы өндірістердің дамуына қажетті білікті мамандардың негізінен елдің еуропалық өңірлері мен қалаларынан жаппай тасымалдануы. Соның салдарынан жергілікті еңбек ресурсы дер кезінде білікті еңбекке даярланып, шешуші өндірістердің қатысушылары бола алмады. Нəтижесінде 1990 жылға дейін қазақ халқының 70 пайызы ауылдықтар болып, ғылыми-техникалық жабдықталуы жағынан артта қалған аграрлық саланың еңбеккерлері болып қала берді; 50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап білім саласының орыстандыруының жоғары қарқын алуы. Қазақ мектептерінің жаппай жабылуы, кəсіби оқу орындарының орыс тілділігіне байланысты (тек педагогикалық институттарда ған қазақ бөлімдері болған) жаппай орыстілділкке бетбұрыстың тереңдей түсуі; экономикалық маңызды қазақстандық индустриялық өндірістердің тікелей Мəскеу Орталығына бағындырылуы. Бұл өндірістер қазақстанды орыстандырудың, экономикалық жəне саяси бағынышты етудің басты тірегіне айналды. 1990 жылғы ғылыми зерттеулер көрсеткендей, қазақстандық орыстардың 80 пайызы (басқа славянтектестерді қоспағанда) қалаларды қоныс етті. Соған сай қалалық тіршіліктің басында да осы əлеумет ортасы өкілдерінің ықпалы басым болып қала берді. Əрине, комсомолдық, партиялық бастамамен, моральдық жəне материалдық ынталандырумен келіп жатқан халықтың жазығы да жоқ. Дəл осылайша қазақстандық тың көтерілді, мыңдаған жігерлі, ынталы жастар мен мамандар Ресей, Украин, Белорусиядан мемелекет ісін атқаруға ағылып келіп жатты, республиканың құнарылы, өндірісті өңірлеріне келіп қоныс тепті. Нəтижесінде 1989 жылы Қазақстан халқының 42 пайызын қазақстандық орыстар, 38 пайызын қазақтар құрады. Республикадағы қазақтар саны диаспоралық деңгейге төмендеді; сөзсіз, халықтан жасырын жасақталған атом, тағы басқа қару-жарақтарды сынау полигоны, оның талай гендік жүйеге тарап кеткен салдарлары мен азаматтардыңқалпына келмес денсаулығы;капиталистік жəне социалистік елдер жүйесі арасындағы тартыс пен бəсекелестіктің жаппай қарулануға алып келуі мен екі жүйе арасында мəдени, ғылыми байланыстардың үзіліп қалуы т.б. (Айта кетерлігі – əлемдік бақталастықтың себебін бірқатар қоғамдық орталар екі саяси жүйенің болуымен байланстырып келген. Бірақта социалистік елдер жүйесі ыдырағаннан кейінгі, қазіргі жаһандану заманында да əлем алпауыттарының бақталастығы азаймады, керісінше, ақпараттық технология көмегімен, жаппайпсихологияландыру көмегімен ықпал ету аймағы үшін күрестің қыза түскендігі, əлем аймақтарындағы идеологияға негізделген қақтығыстардың өрши түскендігі).
Сөзсіз атап айтылған негативтер «Совет Одағы» деп аталған державаны іштей ірітті, ұлттық аймақтар наразылығы жалғасты, біртұтас ел жағдайындағы еңбек бөлінісі жекелеген республикалар экономикасының қуаттылығы мен тұрақтылығына нұқсан келтірді. Дəл осындай еңбек бөлінісі бұрынғы Одақтың орнында жас дербес мемлекеттер бой көтерген уақыттағы дерлік 8-9 жылға созылған алапат экономикалық дағдарыстың негізін салды.
Тарих үшін азғана жылдардағы бірнеше қайталанған, əркелкі бағыттағы қоғамдық, саяси, əлеуметтікэкономикалық өзгерістер əлемде бұрын соңды кездесе қоймаған уақиғалар. Оның əсіресе рухани сала, қоғамдық сана үшін салдарларыда, салмағы да əркелкі. Тек саяси емес əрі рухани бостандығын алған жас мемлекет əлеуметінің əліде бұл салада ұрынып –соғынып, ізденіс жағдайында жүріп жатқан жайы бар.Адастырушылар да адасушылар да баршылық. Осындай транзиттік тарихи кезеңде ғылым да, мəдениет те өзінің солқылдақтығын байқатып алды. Дегенмен ұстанған бағыт түзу, ол – Қазақстанның тəуелсіздігін жан-жақты бекіте түсу, халық ғасырлар бойы аңсаған, армандаған саяси, экономикалық, рухани еркіндікті қолдан шығарып алмау. Сондай арман мен сол армандардың шынайылығын жақындату үшін жан-дүние-сімен, біліктіліктілікпен күрескендердің алдыңғы қатарында қазақ даласы ойшылдары, Алаш қайраткер-лері тұр.
Əлеуметтану ғылымы, негізінен шынайы əлеуметтік фактілерге сүйенетін ғылым. Осы тұрғыда, Алаш көшбашыларын көзімен көрген, араласқан, ниеттес болған азаматтардың ой-пікірінің танымдық маңызы ерекше. Соның бірі – қазақ ойшысы, əлеуметтік əділеттік үшін күрескер, Даланың ұлы ақыны Сұлтамахмұт Торайғыров. Ол өзінің 1918 жазылған «Таныстыру» деген өлеңінде қара қазақ пен оқыған қазақты айтыстыра отырып өз ойындағысын төмендегідей білдірді. Қара қазақ:
Туғанда құдай иіп мұндай заман, сұрайтын бір сөзім бар сенен, балам, Тап біздің Семей облысының көшбасшы адамдарын айтшы маған.
Біз-дағы жоспарлайық өзімізше, деседе түк білмейтін қазақ надан.
Оқыған:
Ешкімнің Əлиханда бар ма сөзі, демейді қандай қазақ оны оң көзі, Семей түрсын, жеті облыс бар қазақтан, талассыз жеке дара тұр ғой өзі. Елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген, Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде, зарығып алаш үшін бейнет көрген.
Үймеге жарқылдаған алданбаған, басқадай бір бас үшін алданбаған, Көркейер қайткенде де алаш деген ойдан, басқа ойды өмірінде малданбаған.
Заманда бастан аяқ кейін кеткен, жасымай алашына қызмет еткен, Болса да қалың тұман, қараңғы түн, туатын бақ жұлдызына көзі жеткен. Қара қазақ:
Басында ол қарағым тұр ғой дайын, тек ұзақ өмір берсін бір құдайым, Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов, білемін бұл үш ердің айтпай жайын.
Кешегі қара күнде болмаппа еді, бірі күн, бірі шолпан, бірі айым, Солардан басқа кеше кім бар еді, қазақ үшін шам қылған жүрек майын. Қазаққа кеше заман қандай еді, ашылмас сорға батқан маңдай еді, Керек күні сойып жеп сату үшін, шөп беріп асыраған малдай еді. Жастан да, кəріден де үміт сөніп, астында жұдырықтың жүрдік көніп, Амалдап əркім жасап өз басы үшін, кімге кім қарап еді көңіл бөліп.
«Күн не?» десе «пристав», «уезд» дедік,
«Жер не?» десе – «болыстық» демеп пе едік,
«Саясат, ілім, өнер не?» дегенде, «соларға үйір бол»деп жауап бердік[6], – деп, кешегі мен бүгінгі қазақ əлеуметінің жайын-жай күнін салыстыра отырып, жаңа өмірге сеніммен қарайтынын айтады.
Осы өлеңінде Сұлтанмахмұт оқырмандарын басқа да алашордашыларды танысыруды мақсат еткен. Олар Əлиханның жақын достары жəне сенімді əрптестері Ермекұлы Əлихан, Ғаббасұлы Халел, Поштайұлы Мұқыш, Ақбайұлы Жақып, Құлжанова Назипа, тағы басқалары.
Əлімхан, Халел, Назипа –жастар жағы,
Сайлаңдар кім лайық болса соны, Биік мақсат, идея, шын сүйгіштік, Əм жəн мінсіз таза көңіл ағы…
Аяныш жұмсақ жүрек мейірбанды, ренжіткісі келмейтін тірі жанды, Қайткенмен он облыс бар қазақта, əзір шыққан əйел жоқ сонан мəнді.
…Зорлықта күң есебі жүріп едің, күнің туып қатарға кірші сен де, Əйелді шалға беру, малға сату, болмасын мұнан былай ешбір жерде[7].
Келтірілген өлең шумақтары тек Торайғыровтың ғана емес, социализммен, еңбекшілер үкіметімен өздерінің əлеуметтік үмітін байланыстырған сол кездегі бірқарат көзі ашық алаш (қазақ əлеуметі) азаматтарының көңіл күйін бейнелейді. Дегенмен, өмірден алынған фактілер Алашорда (Батыстық жəне Шығыстық) жетекшілерінің мемлекеттілік үшін күресінің кеңестік үкіметтің келуінен кейін де тоқталмағанын көрсетеді.
1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында «Қазақ мемелекеті туралы Екінші жалпықазақ съезі өтті. Ə.Бөкейхановтың «Кеңестік билікке қатынас» баяндамасы тыңдалды. 25 орынна тұратын үкімет – «Ұлт кеңесі» құрылып, оның төрағасы болып Бөкейханов сайланды. «Алаш автономиясы» жариялады, оның тұңғыш президенті болып Бөкейханов сайланды.
1917 жылы 28 қарашада Қоқан қаласында Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі болып, Түркістан өлкесін «Түркістан автономиясы» деп жариялады. 12 орыннан тұратын уақытша үкімет бекітілді. Оның тұңғыш төрағасы М.Тынышпаев, кейін оны Мұстафа Шоқай ауыстырды[8].
Əлихан Бөкейханов бастаған Алаш заматтарының алға қойған мақсаты қазақ əлеуетін императорлық қанау мен отарлықтан босату, феодалдық артта қалушылық құрсауынан алып шығу жəне тəуелсіз, экономикалық жəне мəдени еркін қазақ елін орнату болатын[9].
Алаш лидерлері Қос үкімет кезінде буржуазиялық үкіметке үміт артты. Ал елде «ақтар» мен «қызылдар» арасында қызған азамат соғысы жүріп жатқан уақытта ақгвардияшыларды (кеңес үкіметіне қарсыларды) қолдады,ақгвардиялар жеңісі қазақ автономиясын береді деп сенді.
1919 жылы Қызыл Армия жеңіске жетті. Ə.Бөкейхановың ендігі ұстанған бағыты оның 1937 жылғы атылар алдында айтқан соңғы сөзінде бейнеленді: «Кеңес үкіметін жақсы көрмеймін, бірақ мойындаймын».Алаш қозғалысының көшбасшылары кеңес үкіметімен компромиске келу жолын дұрыс деп тапты. Бірақ өз көзқарастарын билік иелерінің назарына ұсынды. Ахмет Байтұрсыновтың В.Ленинге жазған хатында халықты күштеп көндіру жолы емес, еңбекші қазақ халқының сеніміне ие болу жолы ұсынылды[10].
Ресей ұлт істері жөніндегі комиссариатының баспа органы болып табылған «Жизнь национальностей» апталығыда 1919 жылы білім, ағарту саласының қызметкері қызметіндегі Ахмет Байтұрсыновтың «Революция жəне қазақтар» атты мақаласы жарияланып, онда автор Алаш қоғалысы мақсаты мен істері жөнінде жан-жақты негіздеулер мен талдау берді. Мақалада Ресейдің басқа аймақтарына қарағанда қазақтар арасында таптық, топтық жіктелудің, меншік заттары мəселесінде де басқа орталардағыдай меженің болмағанын айтып, таптық қайшылыққа негізделген революцияның қазақтар үшін соншалықты қажеттілік болмағанын негіздеуге тырысты. Осы аталған апталықта (1921 жыл 3-қараша, №20) Тер-ПогосАсетисовтың алаштықтар туралы мақаласы жарияланып, онда автор «1918-1920 жылдары «Алашорда» атты ұлттық мемелекет құрылып, кейін оның екіге (батыстық жəне шығыстық) бөлінуінің себебін бірінбірі түсінбеушілік емес, қазақ ерінің кеңдігінен болды» деп жазған. Осы мақалада Батыс Алашорданың Орал мен Орынбор қазақтары жəне башқұрттарымен бірігіп, кеңес үкіметіне қарсы күрескені жəне мобилизация жариялап, əскер құрғаны жайлы мəліметтер бар[11].
Қазан революциясына дейін де, кейін де қазақ даласында Алаш азаматтарының ұйымдастыруымен, тікелей қатынасуларымен өткізілген ондаған Қазақ съездері, сөзсіз, даланың оянуына, саяси, əлеуметтік, мəдени ой-өрістің дамуына зор ықпал еткен уақиғалар. Ондай жиындар барлық облыстар мен уезд орталықтарында өткізілді. Басқаша айтқанда үлт-азаттық қозғалыс тек жалғастырылып қана қойған жоқ, неғұрлым терең мəнге толды, нақты міндеттер айқындалды, жасалуы керек өзгерістердің бағыт-бағдарлары айқындала түсті, озық əлеуметтік-саяси ой қалың бұқара арасына жақындатыла түсті.
Алашордашылардың екі бағытының пайда болуы, біздіңше, тек қазақ жерінің кеңдігімен ғана байланысты емес. Оның көшбасшыларының саяси жəне идеологиялық ұстанымдарында. Бірінің негізгі əлеуметтік базасы жалпы қазақ əлеуметі, қойған мақсаты – Ресей демократиялық-федеративтік республикасы құрамына өз билігі өзінде Қазақ мемлекетінің автономия ретінде енуі, зиялы, зайылы қайта құрулармен мемлекеттің өзінің шұғылдануы мүмкіндік алуы болды. Білім мен ғылым, ағарту жолы, оны қамтамасыз ету ісіне зор мəн беру. Ождан бостандығы да назардан тыс қалған жоқ. Дəл сол тарихи кезеңде қазақ мемлекетінің біражола дербес ел болып бөлініп шығып, баянды болып кетуіне сенім беретін негіздердің жоқтығы есепке алынды.
Екіншісі – мұсылман қауымын негізгі тірек етті. Мұсылмндық көңіл күй мен психологиясы басым оңтүстік жəне оңтүстік-батыс аймақтарға ден қойылуы да кездейсоқтық емес.
Жалпы алғанда, Ə.Бөкейханов бас болған, əлеуметінің оқыған, білімді, зиялы ұлдары бірге болған қоғамдық қозғалыс, партиялық қызмет қазақ даласының отарлаушы патшалық билікке, қандайда болмасын əлеуметтік жəне саяси теңсіздікке қарсы қойылған ұлттық-азаттық қозғалыстың ең жоғарғы деңгейі болғаны айқын. Неге бұлар «мемлекеттілік» пен «автономияны» қатар қойды деген сұрақ та жоқ емес. Дəл сол тарихи кезеңде, біріншіден, державалық сипаттағы ел қойнауынан біражола бөлініп шығу мүмкін емес еді. Екіншіден, неше ғасыр бойы еңсесі басылып, еркі жаншылып, қараңғылықтыңтұманына батып отырған əлеумет (алаш) ортасы ондай əлеуметтік-саяси жəне дербес экономикалық, мəдени секіріске даяр да емес болатын. Дербес мемлекеттілік қаншалықты көкейкесті мəселе болып тұрғанымен шығыстық алаш азаматтары əлеуметтік сезімталдық, шыдыққа тура қарай білушілік, шындықпен санасушылық танытты.
Əрине, көкейкесті «қазақ мемлекеттілігі» ойға да, шынайылық шеңберіне де сия бермей, мазаны алды, басты мақсат болып, сананы жаулап, алға сүйреп, күрестің басты бағдары болып тұрып алды. Жарияланды, тіпті оның құрамыда, алғашқы президенті де сайланды. Алайда əлеуметтік уақыт пен шындық басқа еді.
Кеңес үкіметі жеңісін қарапайым халық зор рухани өрлеумен қарсы алғаны да тəлеуметтік-тарихи шындық. Еңбеккер халық жаңа, əлеуметтік теңдікке, еңбекке бағытталған қоғам үшін жан аямай еңбек етті. Айналаны қоршағаған буржуазиялық қоғамдық қатынастағы мемлекеттер ортасында осындай жаңа бағыттағы елдің пайда болу, даму, сақталып қалу оңай мəселе болмады. Бірақ мемлекеттіліктің негізі əлеуметтік базасы болып келген халық рухы мықты болды. Өндірістер, қалалар дамыды, білім мен ғылым дамып, жаңа сападағы халық ортасынан шыққа интеллигенция қалыптасты. Халық бірлігі мен рухының мықтылығы фашистік Германия бастаған Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткізді. Халық соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмысында ерлікпен атқарып шықты. Осының бəрін жоққа шығару өз тарихыңа жала жабу болып шыққан болар еді.
Алайда жоғарыда атап көрсетілгендей, позитивті көріністермен қатар негативті құбылыстар қатарласты. Аталып өтілген негативті қоғамдық құбылыстар кеңес одағын іштей əлсіретті. Одақты құрап отырған 15 республиканың əрқайсысының еркіндікке қол жеткізу мақсаты өзекті бола түсті. Мұндай қоғамдық қозғалыс əсіресе Одаққа екінші дүниежізілік соғыстан кейін қосылған Прибалтика республикаларында ерекшеленді. Қалғандарының да іштей тынып, қолайлы жағдайды күтіп отырғанының бұлжыпас дəлелі 1986 жылғы Қазақстандағы бой көрсеткен жағдай. Ол тарихқа «Желтоқсан уақиғасы», немесе «Желтоқсан көтрілісі» деген атпен жазылды. Ашық бас көтеруге мүмкіндігі болмай, бірақ іштей буырқанып, бұлқынған, тəуелсіздікті мақсат еткен əлеуметтік-саяси ой қазақ зиялылары арасында өзінің жоғарғы «температурасына» жетіп тұрды. Одақтың бұрынғысынша өмір сүре алмайтыны белгілі болды. 1991 жылы наурыз айында біртұтас Одақты сақтау немесе сақтамау мəселесі бүкілхалықтық референдумға шығарылды. Халықтың көпшілігі «сақтау» пайдасына дауыс берді. Алайда өзгерістің керектігі айқындала түсті. Жоғарыдан оны ендігі жерде одақты суверенді республикалардың конфедеративті одағы етіп қайта құру жоспарланды. Бұл жоспар 1991 жылдың 22 желтоқсанында бұрынғы Одақтың (1924ж.) құрылған күнінде іске асырылуы тиіс еді. Алайда жекелеген республикалардың бұл күнді күтіп отырғысы келмеді əрі «суверенділік» жаңа мазмұн ала бастады. Осындай жағдайда Қазақ советттік социалистік республикасы 1990 жылдың 25 қазанында«Тəуелсіздік туралы Декларациясын» жарияланды. Державалық елдің жоғарғы эшолонындағы саяси дағдарыс шиленісе түсті. ССРО құрамындағы 15 республиканың дербес мемлекеттілік күнінің жақындай түскені айқындалды. 1991 жылдың 9-нан 10-на қараған түнгі славяндық үш республиканың (Ресей, Украина, Белорусия) бірінші басшыларының Белобеж орманында өткен жасырын келісімі «Кеңес Одағы» тіршілігіне нүкте қойды. Сол мезгіле болашағы бұлынғыр болғанымен үштік құрған «Славян одағы» кеңестік державаның ыдырауының жариялануы болды. Бұл хабарды республикалардың байырғы халықтарының зор қуанышпен, рухани өрлеумен қарсы алуы тəуелсіздіктің іштей күтілген, жүрек қалауы түкпірінде келген құбылыс екенін дəлелдеді. Алаш лидерлерінің əлеуметтік-саяси ойының, жоспарының дұрыстығы, негізділігі де тарихи дəлелденді. Олардың ой-пікірінше қазақ мемлекеттілігініңдербес тəуелсіз болып құрылуы үшін алғышарттардың қалыптасқаны, əсіресе қоғамдық сананың пісіп-жетілуі қажет еді.
Ендігі жерде дербес, тəуелсіз мемлекеттігін алған мемлекетті орнату, шекарасын бекіту, елдігін өз азаматтарының қолымен жасау «тауқіметі» тұрды. Өткен уақыттағы экономикалық еңбек бөлінісінің жəне экономиканы басқарудың қалдырған салдары ретінде жаңа жас қоғамдарды жайлап алған жанжақты экономикалық дағдарыс, одан шығу жұмысы дерлік 10 жылдай уақытты алды, талай əлеуметтікэкономикалық күйзеліс əкелді. Алайда дер кезінде ес жиып, болашақты бағдарлап, қазіргі заман үрдісінде жаңа түбірлі экономикалық өзгерістер жасап, жас қазақ мемлекетін аяғынан тұрғызып қана қоймай, əлемдік қоғамдастыққа танытып, алпауыттармен əріптетікке шығару мүмкін болды.
Сонымен, қазақ елінің, Қазақстан Республикасының тəуелсіз мемлекеттілігіне 22 жыл толды! Азғана тарихи кезеңде ғасыларға тəн қоғамдық қозғалыс, жаңару, жасампаздық жасалды. Қиындығы да аз болмады. Бүгінгі əлемге танымал Қазақстанның тəуелсіздікпен қатар өскен өскелең ұрпағы қоғамдық əлеуметтік қатынас ортасына еніп те үлгерді.Бірақ та «Тəуелсіз елдікті, мемлекеттілікті біражола бекітіп алу үшін не жетпей тұр?» деген сұрақ күн тəртібінен түскен жоқ.
Осы орайда қазақ даласы ойшылдары мен Алаш қайраткерлері тағы да ойға келеді. Шоқанның, Ыбрайдың, Абайдың, Сұлтанмахмұттың, Ахметтің, Əлиханның, тағы басқа ұлт азаматтаррының алдарына қойған басты мақсаты не еді? Қазақ мемелекеттілігін олар негізінен үш нəрсемен байланыстырды. Олар – білім, ғылым жəне əлеумет санасы! Бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Соңғысы алдыңғы екеуінен негіз алса, соңғысы ғана білім мен ғылымды əлеуметигілігіне асыруға бағдарлай алады. Бүгінгі таңда қоғамдық сана қолдағы бар білім сертификаттарының, дипломдарының санымен емес, оның жоғары сапасымен, жастардың, жас жəне тəжірибелі мамандардың өз еңбегін қоғамдық мүддемен, оның стратегиялық мақсат-мүддесімен үйлестіріп, жоғары адами ұйымдасқандығымен айқындалады. Əсіресе мемелекет зор үміт артқан іскер орта мен ресми билік арасындағы тиімді əлеуметтік əріптестіктің тек экономикадығы емес, қоғамдық санадағы орны ерекше. Ғылымның əлеуметтік міндеті – қоғамдық өркениеті дамудың сара жолын салып отыру десек, бұл сала да əлі іштей проблемалық жағдайда. Оны өз тарапымыздан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының əлеуметтік тапсырысы бойынша жүргізген əлеуметтанулық зерттеулер нəтижелері де байқатты[12;13].Айталық кең байтақ қазақстандық территорияның əлеуметтік-географиялық, əлеуметтік-территориялық тұрғыдан ғылыми зерттелмегендігінен оның табиғи, экономикалық ресурстарының тиімсіз пайдалынылып отырғандығы; жеңіл өнеркəсіп жəне тамақ өндірісінің жаңа технологиялық негізде дамытылуының артта қалуынанорасан көлемді аграрлық сала шикізатының өңделмей, ұқсатылмай, халық пайдасына асырылмауы; экономика саласын дамытушы басты субъект болып табылатын отандық іскер ортаның əлі күнге жеке басы пайдасы мен мемелекеттік, қоғамдық мүддені тиімді ұштастыруға əлеуметтік мəдениетінің жетіспей жатқандығы; отандық ғылым мен оны коммерцияландырушы инвестициялық қабілетті ортаның арасындағы байланыстың əліде тым алшақ жатуы; ресми билік субъектілері мен экономика субъектілері арасындағы əлеуметтік əріптестік арабайланыстың əлі күнге жоғары қоғамдық сана деңгейінде жете қоймағандығы; əлеуметтің елеулі бөлігінің демократияны, рухани бостандықтыəлеуметтік жауапсыздықпен шатастырып алатыны, тағы басқалар. Қортыдылап айтатын болсақ, сана мəдениеті, қоғамдыық сана, азаматтық сана, білім мен ғылым мəселесі бүгінде, тəуелсіз Қазақстан Республикасы үшін де ең басты мəселе болып қала беруде. Əлеуметтік сана мəселесі жаһанданушы əлемнің əкеліп отырған сындары мен салдарлары жағдайында өзекілігін арттыра түсуде.
Əлеуметтік сана – трансформацияланушы жəне қалыптасқан жаңа қазақстандық қоғамның ең өзекті мəселесі.

1 www.Alash arystary.kz.
2 www.Alash arystary.kz.
3 аза!станны !азіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектепті 9-сыныбына арналған окулы!. 2басылымы, 0 делген. Жалпы редакциясын бас!арған тарих ғылымыны докторы, профессор Б.Ғ. Аяған. — Алматы: АтамAра, 2009.
4 Григорьев Е.И. Почто, мой друг, почто слеза катится: научно-популярныя историко-философские очерки. К 90 летию великого подвига алашской интеллигенции. Книга из диалогии «Пледа, ушедшая в вечность.-ВКГТУ, – Усть-Каменогорск, 2008.- с.57-59.
5 аза!стан лтты! Энциклопедиясы. Том-2. – Алматы, 1999. – Б. 76.
6 Торайғыров С. Таныстыру. Екі томды! шығармалар жинағы. Бірінші том. – Алматы: «Ғылым»,1993. – б.146-147.
7 БAл да осында, б.154-158.
8 «аза!» газеті, №23-24, 7-14 маусым 2013 жыл. Б. 5.
9 Койгельдиев М. Алихан всего Алашаю www.baiterek.kz 10 БAл да осында.
11 аза!» газеті, №23-24, 7-14 маусым 2013 жыл. Б. 5.
12 Калдыбаева Т. Социальный аудит социально-экономических и культурно-образовательных программ с участием НПО.-Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2009.-28 с.
13 алдыбаева Т. Іскерлікті əлеуметтік мəдениеті. леуметтік аудит: отанды! іскерлікті əлеуметтік мəдениеті – !оғамды! сана мəселесі. Iкіметтік емес Aйымны !атынасуымен жасалған əлеуметтанулы! талдау. – Jскемен: «ЛИБРИУС» баспасы, 2010. – 187 б.

Түйін
Т.Ж. Қалдыбаеваның мақаласында Əлихан Бөкейхановтың қоғамдық қызметі мен əлеуметтік-саяси ұстанымдары ашып көрсетілген.

Резюме
В статье Т.Ж. Калдыбаевой рассмотрены и изложены общественная деятельность и социально-политические взгляды.

Summary
In the article ofPublic activity and socio-political looks are consideredand expounded.

***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *